Күркелі ауылдық округінің әкімі Төлеутаев Дүйсенбек Байронұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесудегі баяндамасының тезисі құрметті ауыл тұрғындары!



Дата23.02.2016
өлшемі40.79 Kb.
#4442
Күркелі ауылдық округінің әкімі Төлеутаев Дүйсенбек Байронұлының ауыл тұрғындарымен есептік кездесудегі баяндамасының

ТЕЗИСІ
Құрметті ауыл тұрғындары!
2014 жыл 17 қаңтардағы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауымен басталды. Елбасымыз жоспарлаған стратегиялық жобаларды талқылай отырып, өңірімізде атқаратын жұмыстарға бағдар алдық. Осындағы тапсырмаларды атқару бәрімізге ортақ, ел дамуы жолында мәні зор.

Күркелі ауылдық округінде 5 елді мекен бар: Күркелі – орталық, Шоманкөл, Жарылғап, Қойтас, Желтау. Халық саны – 1132. Округімізде 1 орта, 2 бастауыш мектеп, 1 ФАП, 3 МП, 1 ауылдық Мәдениет үйі, 4 ауылдық кітапхана, телефон байланысы бөлімшесі, 1 шағын футбол алаңы, 7 сауда орталығы, 1 шаштараз жұмыс істейді. 1 Мешіт бар. Округіміздің негізгі қызметінің бағыты – мал шаруашылығы. Мал басы санын атап айтсақ:



  1. Ірі қара – 5117, оның ішінде аналық – 2235 бас;

  2. Жылқы – 2094;

  3. Қой, ешкі – 10397;

  4. Құс – 1328.

Елбасы 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол» Жолдауында «...ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламамыз жалғаса береді» деп атап айтқандай, өңірімізде де табысты жұмыс істеуге мүмкіндіктер жасала береді.

Округіміздің басты бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, осы жылы біршама жұмыстар жасалды: малдың басын көбейтіп, тұқымын асылдандыруда 14 шаруа қожалығы 17 асыл тұқымды бұқа сатып алып субсидия алуда. «Сыбаға» бағдарламасымен ірі қара мал санын арттырса, биылғы жылы бірінші болып жылқы малын көбейту үшін «Құлан» бағдарламасымен жеңілдетілген кең көлемді несие алынып жатыр. Лизингпен МТЗ-82 тракторы алынды. Округімізде мақтанышпен айтатын, ол алғаш болып ірі қараны асылдандыру жұмысын жандандыру бағытында «Анет» шаруа қожалығы асыл тұқымды статусын алып отыр. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша «Шалқаркөл» шаруа қожалығы 2 вагон алып, жайлауға әкелінді.

Күркелі ауылдық округі әкімі аппараты ауыл тұрғындарына, несие, субсидия алушы шаруа қожалықтарына «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтамаларын» белгіленген регламентке сай сапалы, уақтылы мемлекеттік қызмет көрсетуде.

Денсаулық сақтау. Округ бойынша 1 ФАП (фельдшерлік акушерлік пункт), 3 медпункт бар, 1 жедел жәрдем автокөлігімен жабдықталған. 7 (жеті) медицина қызметкері жұмыс атқарады. Жыл сайын облыстық денсаулық департаментінен «Флюкар автокөлігі» ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде. Түрлі аурудың алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарына Екібастұз қаласының 3-емханасы және аудандық емханасы жылына екі рет скрининг зерттеу жүргізеді. Әр ауылда дәрі-дәрмек пункті бар, бірақ тегін дәрі-дәрмекпен аудандық емханасынан ҰОС ардагерлері, І, ІІ топ мүгедектері, 5 жасқа дейінгі жас балалар, 18 жасқа дейінгі Д есепте тұрған жасөспірімдер, жүкті әйелдер қамтылады. Округімізде демографиялық көрсеткіш жақсы, жыл басынан 18 бала туса, өкінішке орай 11 адам қайтыс болды.

Білім беру. Қ.Кемеңгеров атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2014 оқу жылында 131 оқушы бар. 30 бала шағын орталықта оқиды. Еліміздің «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен қажетті пән мұғалімдері жұмысқа келіп, мектеп ұжымы 5 жас маманмен толықты. Биылғы оқу жылында 11-сыныпта 11 оқушы бар, бүгінгі күні ҰБТ-ға дайындалуда. Мектепке биылғы оқу жылында жаңа дизель қондырғысы алынып орнатылды. Жарылғап ауылының бастауыш мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, сыртқы қабырғасының құлаған кірпіштері қайта қаланды.

Әлеуметтік сала. Күркелі ауылдық округінде мемлекеттік атаулы

әлеуметтік көмекті алушы 1 отбасы бар. 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы алушы 7 отбасы бар. «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының 2-бағыты бойынша және Елбасының кезекті Жолдауындағы шағын және орта бизнесті қолдау жұмысын жалғастыру мақсатында округімізде шаштараз ашылып, әрі қарай дамуына 2015 жылы несие беріледі. Осы бағдарламаның 3-бағытымен 15 адам жұмысқа орналасса, уәкілетті органда тіркелген жұмыссыздардың ішінде 7 адам жұмыспен қамтылды, жалпы 22 адам тұрақты жұмысқа орналасты.



Мәдениет және спорт. Мәдениет үйінің ұжымы ауыл жастары, мектеп оқушылары, ұстаздарымен тығыз байланыста жұмыс атқарып, мерекелік іс-шаралар ұйымдастырып, кешкі ойын-сауықтар өткзіліп тұрады.

Округімізде 4 кітапхана халыққа қызмет көрсетуде. Жаңа кітаптармен толық жабдықталған. Биылғы жылы Қойтас ауылдық кітапханасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалды. Шоманкөл ауылдық кітапханасын мектеп ғимаратынан жеке ғимаратқа көшірілді. 2015 жылы осы ғимаратты ауылдық Мәдениет үйі ретінде іске қосып, жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарлануда. Шоманкөл ауылына Мәдениет үйі қажет екендігін өткен жылғы әкімнің есептік кездесуінде ауыл тұрғындары атынан Сәрсенбаев Есбулат өтініш білдірген. Келешекте Жарылғап ауылына Мәдениет үйін салу мәселесі қарастырылуда.



Инфрақұрылым. Елбасының «Нұрлы жол» Жолдауында әлеуметтік

инфрақұрылымдарды дамыту тапсырмасы берілген. Осы бағыттағы жұмыстарды атап айтсақ, Күркелі ауылындағы бос тұрған 2 қабатты ғимаратқа мәдени-сауықтыру орындарын ашса деген ауыл тұрғыны зейнеткер Төкенова Күләштің өткен жылғы әкімнің есептік кездесуіндегі ұсынысы бойынша ғимараттың иесіз екендігі туралы кесім Әділет басқармасына тапсырылды. 1 жыл уақыттан кейін құзырлы мекеме иесіз деп таныған соң құжаттары рәсімделіп, әлеуметтік нысандарды орналастыру мүмкіншілігі қарастырылады. 2015 жылы Күркелі ауылының орталығына балалар алаңы мен демалыс орнын салуға 3,5 млн. теңге қаржы бөлініп отыр.

2014 жылы ауылдың ішкі жолдарына кішігірім жөндеу жұмыстары жүргізіліп шұңқырлары тегістелді. Күркелі-Қаражар тас жолындағы көпірінің арасы ашылып жолаушыларға қауіп төндірді, сол себепті жөндеу жұмыстары 2015 жылға жоспарлануда. Осы жылы Ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі Күркелі-Қаражар жолы қиылысына жол көрсеткіш тақтайшасын орнатты. Округімізде аудан орталығымен жолаушыларды 2 КАВЗ автокөлігі тасымалдайды.

Округ бойынша ауыз су мәселесі әлі де толығымен шешілмеген. Бүгінгі күні Жарылғап ауылының ауыз су мәселесі 2017 жылдың «Ақбұлақ» бағдарламасына енгізілді. 2012 жылғы есептік кездесуде тұрғындар ауылдағы ескі құдықты тереңдетіп немесе жаңа құдық қазып беруін сұраған.



Ауылымызда Қазтелеком бөлімшесінің қызметінде 1 оператор қызметкері жұмыс жасайды. Халықтың 97 %-ы телефонмен қамтылған. Қазіргі күндері телефонды тегін орнатуға акциялар жүргізіліп, осы жылы біршама тұрғынға телефон орнатылды. Бүгінгі күні округіміз Интернет желісімен қамтылмаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет