Күш және салмақ
7 сынып
Оқу мақсаты:
7.2.2.10 – масса, салмақ және ауырлық күші ұғымдарын ажырату
Массасы 2 кг қалбыр ыдыстың ұзындығы 40 см, ені 25 см және биіктігі 60 см. Осы қалбыр ыдыстың 3 тен 1 бөлігін дүкенші шақпақ қантпен толтырып, таразыға тартқанда салмағы қандай болады? ρ шақпақ қант = 1600 кг/м3. g= 10H/кг.
Қалбыр ыдыстың көлемін тап
А) 60 м3
В) 0.6 м3
С) 0.06 м3
D) 0.012 м3
Е) 0.02 м3
Түсіндірме:
V= a*b*c
a= 40см= 0,4 м
в= 25 см= 0.25 м
с=60 см= 0.6 м
V= 0,4*0.6*0.25= 0.06 м3
Жауабы: В.
Қалбыр ыдыстың қант салынған бөлігінің көлемі қандай?
А) 60 м3
В) 0.2 м3
С) 0.06 м3
D) 0.02 м3
Е) 0.02 м3
Түсіндірме:_m=_ρ_*V_m=_1600*0,02=32кг_Жауабы'>Түсіндірме:
Vы. : 3= 0.06:3= 0.02 м3
Жауабы: D.
Қанттың массасын тап
А) 32кг
В) 21кг
С) 33кг
D) 34кг
Е) 30кг
Түсіндірме:
m= ρ *V
m= 1600*0,02=32кг
Жауабы: А.
Шақпақ қант салынған ыдыс салмағын тап
А) 320Н
В) 340Н
С) 300Н
D) 344Н
Е) 30Н
Түсіндірме:
P= m*g
P= (m ыдыс + m қант) * g = (32+2) *10= 340Н
Жауабы: 340Н
Гидростатикалық қысым
7-сынып
Оқу мақсаты:
7.3.1.5 – сұйықтардағы гидростатикалық қысымның формуласын шығару және оны есептер шығаруда қолдану
Ыдысқа суретте көрсетілгендей әртүрлі биіктікке дейін сұйықтар құйылған. (ρмұз=900кг/м3, ρсу=1000кг/м3, ρмұнай=800кг/м3, ρбензин=710кг/м3, g=10м/с2)
Судың ыдыс түбіне түсіретін қысымы
А) 2 к Па
В) 2,5 кПа
С) 3 кПа
Д) 1,8 кПа
Е) 4 кПа
Түсіндірме._Жауабы'>Түсіндірме.
Жауабы: Е) 4 кПа
Мұнай қабатының суға түсіретін қысымы
А) 1,6 кПа
В) 2 кПа
С) 4 кПа
Д) 3 кПа
Е) 2,5 кПа
Түсіндірме._____Жауабы'>Түсіндірме.
Жауабы: А) 1,6 кПа
Биіктігі 50 см сұйық бағанының ыдыс түбіне түсіретін қысымы
А) 4,8 кПа
В) 2,2 кПа
С) 6,3 кПа
Д) 3,1 кПа
Е) 5,8 кПа
Түсіндірме.
Жауабы: А) 4,8 кПа
Ыдыс түбіне түсірілген жалпы қысым 7930 Па болса, ыдысқа құйылған бензиннің биіктігі
А) ≈ 20 см
В) ≈ 19 см
С) ≈ 33 см
Д) ≈ 27 см
Е) ≈ 36 см
Түсіндірме.
Жауабы: С) ≈ 33 см
Егер суға әр қырының ұзындығы 4 см текше пішіндес мұз кесегін салсақ, онда мұздың суда батқан бөлігінің биіктігі
А) 3,6 см
В) 20 см
С) 10 см
Д) 2 см
Е) 4 см
Түсіндірме. 4см=0,04м
V=64*10-6м3
=3,6см
Жауабы: А) 3,6 см
Салдың қозғалысы
7-сынып
Оқу мақсаты:
7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану
7.3.1.14 – дененің сұйықта жүзу шарттарын зерттеу;
Қайықшы ағаш бөренелерден жасалған салды (сурет) пайдаланып өзен арқылы жүк тасиды. Сал жасаған ағаштың тығыздығы 400 кг/м3, бір бөрененің массасы 20 кг.
Салдың ауадағы салмағы (g=10м/с2)
А) 3 кН
В) 1 кН
С) 5 кН
Д) 2 кН
Е) 4 кН
Түсіндірме.
Жауабы: В) 1 кН
Суда тыныштықта тұрған салға әсер ететін қорытқы күш
А) 1 кН
В) 0
С) 2 кН
Д) 20 кН
Е) 10 кН
Түсіндірме.
Жауабы: В) 0
Жүгі жоқ салды толығымен суға батыру үшін қажет болатын күштің ең кіші мәні (g=10м/с2, ρ=103кг/м3)
А) 1,5 кН
В) 5 кН
С) 3 кН
Д) 2,5 кН
Е) 2 кН
Түсіндірме.
Жауабы: А) 1,5 кН
Салға жүк тиеген кезде Архимед күші 2 кН-ға жеткен болса, жүктің массасы
А) 400 кг
В) 500 кг
С) 100 кг
Д) 300 кг
Е) 200 кг
Түсіндірме.
Жауабы: С) 100 кг
Сал көтере алатын жүк массасының ең үлкен мәні
А) 150 кг
В) 2800 кг
С) 3900 кг
Д) 430 кг
Е) 6400 кг
Түсіндірме.
Жауабы: А) 150 кг
Адам энергиясы
8 сынып
Оқу мақсаты:
8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
Адам температурасы 220С болатын мұхит суына түскенде 4 минут ішінде 100 кал энергия жоғалтады. Бұл энергия адамның ауада осы температурада бір сағат ішінде жоғалтатын энергиясына тең. Адамның массасы 70 кг, денесінің меншікті жылу сыйымдылығы 3000 Дж/кг0С. (1 кал = 4,2 Дж)
4 сағат ауада болған адамның жоғалтатын жылу мөлшері
А) 1260 Дж
В) 1420 Дж
С) 1680 Дж
Д) 1840 Дж
Е) 1960 Дж
Түсіндірме. 1 сағ =100 кал
100 кал = 420 Дж
4 сағ*420 Дж= 1680Дж Жауабы: С) 1680 Дж
Мұхит суына түскен адамның 4 минутта жоғалтатын жылу мөлшері
А) 420 Дж
В) 340 Дж
С) 210 Дж
Д) 170 Дж
Е) 100 Дж
Түсіндірме. 4 мин =100 кал
100 кал = 420 Дж
Жауабы: А) 420 Дж
Адамның мұхит суында болу уақытын екі есе арттырса, оның жоғалтатын энергиясы
А) 210 Дж
В) 420 Дж
С) 840 Дж
Д) 1050 Дж
Е) 1260 Дж
Түсіндірме. 4 мин =100 кал
1 мин = 25 кал
4 мин *2=8 мин
8*25 кал = 200 кал = 840 Дж
Жауабы: С) 840 Дж
Мұхит суында 4 минут болған адамның дене температурасының өзгерісі
А) 0,001 0С
В) 0,002 0С
С) 0,003 0С
Д) 0,004 0С
Е) 0,005 0С
Түсіндірме. Q =100 кал = 420 Дж
Жауабы: В) 0,002 0С
Адамның мұхит суында болу уақытын екі есе арттырса, осы уақыт ішінде адам денесінің температурасының өзгерісі
А) 0,002 0С
В) 0,003 0С
С) 0,004 0С
Д) 0,006 0С
Е) 0,008 0С
Түсіндірме.
Жауабы: С) 0,004 0С
Мұздың еруі
8 сынып
Оқу мақсаты:
8.3.2.10 – балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруға қолдану;
8.3.2.11 – заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдау
Суды мұздатқыш камерасында қатырып, пайда болған 5кг мұзды оқушы бірнеше ұсақ бөліктерге бөлді. Мұз бөліктерін ішінде термометрі бар стақанға салып, біраз уақыт бақылау жұмыстарын жүргізді. Термометр көрсетуінің уақытқа байланысты өзгерісіне сәйкес төмендегідей график алды. ( )
Мұздың кристалдық торы бұзылатын график бөлігі
А) АВ
В) ВС
С) СД
D) ДЕ
Е) FG
Жауабы: В) ВС
Суды қыздыруға сәйкес келетін графиктің бөлігі
А) АВ
В) ВС
С) СД
D) ДЕ
Е) FG
Жауабы: С) СД
Мұзды балқытуға қажет жылу мөлшері
А) 1700 кДж
В) 2500 кДж
С) 1850 кДж
D) 2120 кДж
Е) 2365 кДж
Түсіндірме.
кДж
Жауабы: А) 1700 кДж
Энергия жұтумен қатар жүретін процестерге сәйкес келетін график бөліктері
А) АВ, ВС,СD
В) ВС, СD, DЕ
С) СD, DЕ , EF
D) DE, EF, FG
Е) BC, EF, FG
Жауабы: А) АВ, ВС,СD
Мұзды қыздыруға және толығымен ерітуге жұмсалған энергия
А) 472,5 кДж
В) 1752,5 кДж
С) 1861,5 кДж
D) 2172,5 кДж
Е) 235,5 кДж
Түсіндірме.
кДж
Жауабы: В) 1752,5 кДж
Мұз салу керек пе?
8 сынып
Оқу мақсаты:
8.3.2.3 – техникада және тұрмыста жылу беру түрлерінің қолданылуына мысалдар келтіру
8.3.2.9 – жылулық тепе-теңдік теңдеуін есептер шығаруда қолдану
Жаздыкүні Айсұлу інісінің туған күніне арнап қарбыздан «суық десерт» жасамақшы болды. Ол интернет желісінен суық десерт жасаудың үлгісін тауып, қарбыздың температурасы 10 0С-тан аспауы керек екенін білді. Алайда, тоңазытқыш туған күнге арналған басқа да тағамдарға толы болғандықтан температурасы 25 0С бөлмеде тұрған 10 кг қарбыз тоңазытқышқа сыймады. Қарбызды суытудың басқа жолын іздеген Айсұлуға бір ой келді. Ол қарбызды кәстрөлге салып, үстінен 30 л суық су құйды. Краннан ағып жатқан суық судың температурасы 7 0С екенін білген Айсұлуда «Кәстрөлге қосымша мұз салу керек пе?» деген сұрақ туады. Ол физика оқулығынан және интернет желісінен судың тығыздығы 1000 кг/м3, мұздың меншікті жылусыйымдылықтары сәйкесінше 4200 Дж/(кг 0С), 2100 Дж/(кг 0С) екенін анықтады.
Мұз сақтайтын тоңазытқыш мұздатқышының температурасынада назар аударып, оның -200С-қа тең екенін көрді. Кішігірім есептеуден кейін кәстрөлге қосымша мұз салу керек екенін түсінген Айсұлу мұздатқыштан керек мөлшерде мұз алып, салқын десертке арналған қарбызды суыта алды. (судың кәстрөлмен және қоршаған ортамен жылу алмасуы ескерілмейді)
Мәтіндегі қарбыз, су және мұз арасындағы жылу алмасу түрі
А) конвекция
В) жылуөткізгіштік
С) сәуле шығару
Д) жылуөткізгіштік және сәуле шығару
Е) конвекция және сәуле шығару
Жауабы: B) жылуөткізгіштік
Қарбызды тезірек суыту үшін температуралары бірдей суық ауа мен суық судың тиімдісі және оның себебі
А) ауа, себебі ауаның жылусыйымдылығы суға қарағанда азырақ
В) су, себебі судың тығыздығы ауаға қарағанда көбірек
С) ауа, себебі ауаның тығыздығы суға қарағанда азырақ
Д) су, себебі судың жылусыйымдылығы ауаға қарағанда көбірек
Е) тиімділігі бірдей, себебі жылусыйымдылығына байланысты емес
Жауабы: Д) су, себебі судың жылусыйымдылығы ауаға қарағанда көбірек
Егер Айсұлу мұз салмаса, кәстрөлде орнығатын температура
А) 8 0С
В) 15 0С
С) 13 0С
Д) 11 0С
Е) 9 0С
Достарыңызбен бөлісу: |