Курс: 2 Мамандағы: пмно 205-1 Орындаған



бет1/2
Дата11.11.2022
өлшемі0.78 Mb.
#464545
  1   2
Гылыми зерттеу сож


ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті
Педагогикака және психология институты


№1 СӨЖ
Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары



Курс:2
Мамандағы:ПМНО 205-1
Орындаған:Мұзафар Н.М
Қабылдаған: Набуова Р. А.

Алматы 2021



Мақсаты:Ғылыми зерттеу жұмыстары теориялық негіздері мен ұғымдарын анықтау, өзіндік анықтама беру, теориялық зерттеу түрлерін жіктеу, ғалымдардың ой-пікірлерін талдау, аналитикалық талдау жасау және кері байланыс жасай алу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырма:

  1. Зерттеу тақырыбын таңдау, таңдаған ғылыми зерттеу тақырыпты «Қос жазба күнделігі» әдісі арқылы талдау жасау

Таңдаған тақырыбыңыз

Сипаттамалықжазба

Өзіндік ой-пікір

Тақырыпты таңдауға не түрткі болды?



Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай – ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр.

Зерттеуге негізделген оқу барысында оқушылар, қажет болған жағдайда мұғалімнің көмегімен, идеяларды түсіндіру, талқылау, оларға қарсы шығу және өз ойларын қайта қарау арқылы пікірталасқа араласа отырып, белсенді рөл атқарады.

Жаңартылған білім беру бағдарламасына қатысты тұстары бар ма? Дәлелдеңіз..



Бастауыш сыныпқа арналған жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушыларды шынайы проблемаларды анықтап зерттеуді, қарым-қатынас жасау дағдылары: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, проблемаларды шешу және анықтамалық материалдарды зерделеумен байланысты дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Оқушылар бастауыш сыныпта оқытылатын әр пәндік саланы түсінетіндігін көрсете отырып, алдағы уақытта осы білімдерін басқа жағдайларда қолдана білулері қажет. Сондықтан оқушыларды өз білімдерін кез келген жағдайда қалай бейімдеу керектігін біліп, болашақта кездесуі мүмкін кез келген күрделі тапсырмаларды шешуге икемді болуға баулу маңызды болып табылады.

Таңдаған тақырып қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатын тұстары бар ма? Дәлелдеңіз..



Зерттеушілікке оқыту – оқушының қоршаған ортасын өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған тәсіл. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты – оқушының өз бетімен шығармашылық жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге дайындығы мен қабілет қалыптастыру. Оқушыны ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып табылады.

Зерттеушілік дағды деп – біз өзіндік таңдаумен, оқушыларға қолжетімді материалмен зерттеудің амалдары және әдістерін қолданумен шартталған зияткерлік және практикалық дағдыларды білеміз.













  1. Айқындалған зерттеу тақырыпты «Идеал» әдісі арқылы талдау жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет