Курсы: 3-курс



бет1/6
Дата19.04.2023
өлшемі3.67 Mb.
#472427
  1   2   3   4   5   6
Камал слайдка (1)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қожа Ахмет Ясауи атындаға Халықаралық қазақ-түрік университеті




6В014 – «Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалары тобы арасында «Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша ХV Республикалық пәндік олимпиадасы


Тақырыбы: Түркістан қаласындағы жаөспірімдер мен балалар арасындағы баскетбол спортын дамыту

Орындағандар: Аяпов Камал, Бексұлтан Мағжан, Джалиев Руслан
Курсы: 3-курс
Ғылыми жетекшісі, PhD., доцент м.а.: Ермаханов Бағлан Өмірзақұлы

Түркістан – 2023 ж.
Мазмұны

Кіріспе............................................................................................................. 3


Зерттеу тақырыбының өзектілігі.................................................................. 5
Зерттеудің мақсаты........................................................................................ 5
Зерттеу міндеттері.......................................................................................... 6
Зерттеу әдістері…………………………......……......................................... 6
Зерттеуді ұйымдастыру және жүргізу……………….................................. 6
Зерттеу нәтижелері және оларды талқылау…………………..................... 7
Қорытынды .................................................................................................... 9
Практикалық ұсыныстар.............................................................................. 10
Пайдаланылған дереккөздердің тізімі........................................................ 11
Қосымшалар.................................................................................................. 12

Кіріспе
Тәуелсіздік алғалы бері республикамызда өзіндік дене шынықтыру жүйесі қалыптасқандықтан, дене тәрбиесін жақсарту мәселелері шешімін тауып, халықаралық деңгейде үлкен жетістіктерге жетіп келеміз. Қазақстандық жүйенің тиімділігі көптеген факторлар арқылы анықталады. Олардың арасында спортшы тұлғасының іргетасы қаланатын жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үдерісін құру және оның мазмұнын жақсарту маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде дене шынықтыру бойынша оқушы немесе сыныптың қозғалыстары мен қимылдарының сыртқы сипатын ғана емес, ойын шарттарын негізге ала отырып, оқу материалдарының бастысы мен қосалқы деңгейін анықтауға деген жаңа көзқарастарды негіздеу талпыныстары бар [1]. Спорттық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерде оқушыларды жалпы білім беретін мектептерде оқытудың шарттары, құралдары мен әдістері ұсынылған. Басты назар дене жаттығуларының түрлері, соның ішінде баскетбол бойынша оқу материалын (бағдарламасын) топтастыруға аударылып келеді.
Жан-жақты дамыған, ізгілікті тұрғыдан таза және рухани бай адам қалыптастыру әрбір мемлекеттің бірінші кезектегі міндеті болып табылады. Сонымен қатар рухани бай адамның спорттық ойындарға қызығушылығы жоғары болатындығын негіздеген [2]. Оқушы жастардың дене бітімі жағдайына, дене даярлығына республикамыздың саяси, экономикалық және идеологиялық болашағы тәуелді болып келеді. Сондықтан да, жастардың дене бітімінің дамуы, дене даярлығы және салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызды мәселелері мемлекетіміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Үкіметіміз бен қоғам өкілдерінің тұрақты қамқорлығы аясынан табылады.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша соңғы жылдары аса маңызды құжаттар қабылданған: «Білім туралы», «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстанның Республикасының Заңдары, Қазақстан Республикасында Дене шынықтыру және спортты дамытудың бағдарламалары және басқа да құжаттарда дене бітімінің дамуы, дене дайындығы және салауатты өмір салтын қалыптастыру, бұқаралық спорттв жетілдіру мемлекеттік маңыздылыққа ие мәселелер екені атап көрсетілген.
A.O. Акинпелу, Ф.А. Маруф Б.О. сынды Түркиялық ғалымдар дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің (оңтайландырудың) маңызды шарттарының бірі оқушылардың типтік-ерекшелік және дара ерекшеліктерін ескеру арқылы оқу-тәрбие үдерісін дараландыру екендігі айтқан болатын [3].
Спорттық ойындардың бір түрі — баскетбол. Аталмыш спорт бүкіл әлемге тараған ойындардың бірі. Баскетбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан тұрады (жүгіру, жүру, секіру және лақтыру) [4]. Бұл ойынды тоғыз-он жасар баладан бастап қай жаста болсын, бәрі ойнай береді. Сондықтан да баскетбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді және ағзаға пайдалы болып табылады. Баскетбол ойыны адамның көңілін шаттандырып, іскерлігін арттырады.
Азербайжандық ғалымдар С. Эсер, Г. Байдыр, Г. Саатлы, И. Мехринса қазіргі баскетбол ойынының даму деңгейі өзінің ең жоғарғы нүктесіне жетті деуге болады, себебі ойынның бүгінгідей жылдамдығы бұрын - соңды болып көрген жоқ. Әлем чемпионаттары мен халықаралық жарыстарда көріп жүргеніміздей, баскетболшылардың ойын алаңындағы жылдамдығы жоғары екендіктерін жазды [5]. Шынында да ойыншының қозғалысы, жүгіру жылдамдығы секіру және лақтыру, кілт тоқтауы. Міне, мұның барлығы жалпы дамыту жылдамдығын, ойыншылардың дайындық деңгейін көрсетеді.
Балқан Халықаралық Бұқаралық Спорт Федерациясының Президенті Ердал Зорба баскетбол ойынында ұл балалар мен қыз балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сабақтан тыс уақытта секциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі керек және оларды спорттық клубтарға ақылы негізде болса да қатыстыру оқушының баскетболға деген ынтасын арттыратынын айтқан болатын [6].
Баскетбол ұжымдық ойын. Ойын мақсаты – қарсылас шығыршығына көп мөлшерде доп салу. Ойын 28х15м көлемдегі алаңда, 5 адамдық командалар арасында 40 минут барысында 10 минуттық үзіліспен ойналады [7].
Баскетбол ойынындағы соңғы нәтиже өте айрықша.

  • соңғы нәтижеде үлкен сандық көрсеткіш (орта есеппен бір ойында 80-85 ұпай);

  • аралық нәтижелердің өзгеру жиілігі (орта есеппен әрбір 30 секундта есеп өзгеріп отырады);

  • тең нәтижесінің болмауы, яғни сайыстың тең шешілуі мүмкін емес [8].

Табысқа жету үшін барлық команда мүшелерінің әрекетінің үйлесімділігі, өз әрекеттерін ортақ мақсатқа жұмылдырулары қажет.
Командадағы әрбір ойыншының әрекеті олардың алатын орнына қарай нақты бағытта жүргізіледі:

  • орталық ойыншы – бойы ұзын, дене бітімі шымыр, төзімді және серпінді болуы тиіс;

  • шеткі шабуылшы – бұл ең алдымен ұзын бой, шапшаңдық, секіргіштік, уақыт пен кеңістікті сезінуінің жақсы дамуы, мергендік қабілет ойын барысын бағалай білу мен батыл және шешімтал шабуылдай білу;

  • қорғаушы өте шапшаң, қозғалғыш және төзімді, танығыш әрі мұқият зейінді болуы тиіс [9].

Ойыншыларды қызметі бойынша бөлу – ойын әрекетінің негізгі қағидаларының бірі. Ойыншыларды ойын амалдары мен алаңдағы орналасуына қарай ғана емес, сондай-ақ оларды психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай да ажыратады [10].
Ойындағы баскетболшының әрекеті тек жекелеген қорғау мен шабуыл амалдарының қосындысы ғана емес, ол біріккен қарқынды жүйеге ортақ мақсатты біріктіретін қимылдардың қосындысы [11]. Команда ойыншыларының дұрыс өзара әрекеті ұжымдық қимылдардың негізі болып табылады. Сондай-ақ, команданың ортақ мүддесіне жетуге бағытталып, әрбір ойыншының бастамасы мен шығармашылық белсенділігіне сүйенуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет