Курстық ЖҰмыс тақырыбы: Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру Орындаған: Орынбаева К. С тексерген: Түгелбаева С. Ж атырау 2024 Жоспары



бет1/7
Дата16.03.2024
өлшемі45.47 Kb.
#495820
  1   2   3   4   5   6   7
МАТЫН БАСТАУЫШ


Колледж Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын қалыптастыру


Орындаған:Орынбаева К.С


Тексерген:Түгелбаева С.Ж

Атырау 2024


Жоспары:
Кіріспе
I .тарау Бастауыш мектеп оқушыларын мәтін құрастырудағы дағдысын үйрету
1.1 Мәтінге берілетін сипаттама мен анықтама
1.2 Мәтіннің мазмұндық құрылымы мен түрлері
ІІ.тарау Оқушылардың мәтінмен жұмыс жасаудың дағдыларын қалыптастыру
2.1 Мәтінмен жұмыс істеу әдістері
2.2 Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті:Қазіргі қазақ тіл білімінде мәтін мәселесіне айрықша көңіл бөлінуде. Сондықтан қазіргі мәтін туралы білім негізін беру мектеп бағдарламасында қарала бастады. Яғни, мәтіннің құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктер туралы мәліметтер беріле бастады. Демек, мәтін туралы мәселе қазіргі тіл білімінде маңызды мәселе болып табылатындықтан, өзекті тақырыпқа арналған.
Жұмыстың мақсаты: - "Бастауыш сыныптарда мәтін құрастыруға дағдыландыру".
Осы мақсатқа сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
1. Мәтіннің сипаттамасы.
2. Мәтін, оның құрылымын анықтау.
3. Бастауыш сыныптарда мәтінмен жұмыс істеу.
4. Сөздік қорды бастауыш сыныптарда дамыту ерекшеліктері.
Курстық жұмысын жазуда мына төмендегі зерттеу әдістері пайдаланылды: тиісті әдебиеттерді талдау, салыстыру, жинақтау, бақылау, қорыту.
Курстық жұмысының зерттелу объектісі әдебиеттерді талдау барысында мәтіннің анықтамасы туралы бір тұрақты пікір қалыптаспағандығы анықталды.Біздің елімізде XX ғасырдың 2-ші жартысынан бастап лингвистердің, әдіскер-ғалымдардың назарын аудара бастады.Мәселен, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, А.Айғабылов, Х.Арғынов, Б.Шалабаев, Т.Қордабаев, А.Жаппаров сынды ғалымдар еңбегін ерекше атауға болады. Яғни, мәтіннің кейбір мәселелері өз шешімін тапқан деп айта аламыз.Әйтсе де, мәтін синтаксисіндегі оның құрылымдық, мазмұндық ерекшеліктері туралы мәліметтер қазақ тіл білімінде әлі де маңызды мәселе болып табылатындықтан курстық жұмысының зерттелу объектісіне арналған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет