Курстық жұмыс Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар Орындаған



Дата16.06.2016
өлшемі179 Kb.
#139656
Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі

Астана қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ

Экономикалық Университеті

Экономика және Қаржы Институты
«Экономика» кафедрасы


Курстық жұмыс

Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар

Орындаған: Даулетбекова А.Е.

1-курс 106 топ студенті.



Тексерген: _________________

Астана 2006 жыл.

Жоспар.

Кіріспе.


1. Шығындар теориясы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 5

1.1 Шығындар туралы негізгі концепциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 7

1.2 Шығындар және оның түрлері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 9

1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 16

2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 21

2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 23

2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 25

2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26

3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _28
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 30

Пайдаланылған әдебйеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31




Кіріспе.

Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.

Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің мынадай түрлері ажыратылып жүр:

а) ресурстық (факторлық) тиімділік, бұнда нәтиже өндіріс факторларының бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі, қор қайтымы, материал қайтымы) қатынасады (соотношения);

ә) жалпы тиімділік, бұнда нәтиже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасады (рентабельность).

Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны (издержки) да ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәмілелері (сделки) сериясы болып табылады, олардың жүзеге асырылуы трансакциялық шығынмен байланысты.

Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы, спецификациясымен және меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші болады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі институттар көмегімен жүзеге асырылады.

Институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара әрекеттесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат – трансакциялық шығындарды минимумға жеткізу болып табылады.

Институттар жасалуында мемлекеттің рөлі зор. Рыноктық экономикадағы мемлекеттің басты міндеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды шаруашылық жағдайлар тудыру. «Институционалдық» деген ұғым отандық ғылыми айналымда салыстырмалы түрде аз пайдаланылады. Өкінішке орай, халықтың экономикалық ой-толғамдарында одан да төмен қабылданып жүр. Ықтималды ұзақ уақыт тұратын құбылыспен байланысты әрекеттер «институт» ұғымын тудырады. Американдық экономист У.Гамильтонның айтуы бойынша, «институттар – қоғамдық әдет-ғұрыптар тобын дұрыс сипаттаудың ауызша символы, олар белгілі бір әлеуметтік топ үшін дағдыға немесе әрекетті және тұрақты әдісті білдіреді».

Институционалдық емес халық – нарықтық емес құрылымдарға бағдарланбаған, еңбекке қабілетті халықтың бөлігі.

Институционалдық халық – нарықтық емес құрылымдарға, яғни әскерге, полицияға, мемлекеттік аппаратқа бағдарланған, еңбекке қабілетті халықтың бөлігі.

Институционализм – экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына балама ретінде ХХ ғ. 20-30 жж. Қалыптасқан, осы замандағы экономикалық ой пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік-экономикалық факторлардың (институттардың) барлық жинақтарын осылар бір-бірімен өзара байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі керек деген идея тұжырымдайды.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «Шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелдеді.
1. Шығындар теориясы.

Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К. Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs) мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық, қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген ұғым енгізді.Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар «трансакциондық шығындар» деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген. Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:



  • нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;

  • келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты шығындар;

  • тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттаржүйесін жасауға, фирманың белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;

  • заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар;

  • нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған шығындар.

Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті пайдалылық теориясының өкілдері трансакциондық шығындардың енгізілуінен көп бұрын, бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді деушілікке суйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған. Қазіргі замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары қолданылады. Бұған тікелей шығындардан басқа, сауда және әкімшілік шығындары жатады. Бухгалтерлік шығындар мен «әдеттегі кәсіпкерлік пайда» бірігіп толық бәсекелік пайданы құрайды.

Айналыс сферасындағы шығындарды теория жағынан дәлелдеу, өндіріс заңдары мен бөлу заңдарының арақатыстық мәселелерін шешу болып табылады – олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе, біріншілер екіншілерге тәуелді болады. Егер өндіріс процесі бөлу процесінен тәуелді емес десек, онда трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде трансакциондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс процесіне бөлу нарықтық механизм арқылы тікелей әсер етеді.

Осы әсердің дәрежесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың теоремаларымен танысайық.

А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы бойынша, еркін айырбас екі жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда, еңбек бөлінісіне негізделген маманданудың нәтижесінде туған рационалдық кәсіпкерлік іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі және айырбастың масштабы өседі. Таурларды өткізу (айырбастау) сферасының кеңейуі трансакциондық шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада қайшылық процесс туады. Бір жақтан , маманданудың арқасында шығындар жалпы төмендейді, басқа жақтан , нарықтық қатынастардың территориялық деңгейінің кеңейуінің арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының нәтижесінде еңбек бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың өсуінің салдарынан жоққа айналуы мүмкін. Бұдан мынадай тұжырым туады: еңбек бөлінісінің пайдасы мен трансакциондық шығындар салыстырылып отырылатын, нарықтық қатынастар шекарасы, осы нарықтық қатынастар субъектерінің шекарасы болып табылады.



1.1 Шығындар туралы негізгі концепциялар.

Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы шығындар теориясының авторы. «шығындар» деген терминді олар, бірлікке жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те дәлелденеді. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталистке тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне (тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К. Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып зерттейді. XI ғасыр соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер, Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. Австриялық теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды барынша төмендету (минимизация) теориялары пайда болды. Бұған еңбек амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және өзгермелі) сомасы дейді. Соңғы жылдары неоинститутционалистік трансакциондық шғындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық жағдайды ұстап тұру үшін т.б.) Трансакциондық шығындар деген түсінікті американдық экономист Р. Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді. Неоинститутционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу тенденциясы жатады дейді.

Д. Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі типтерін бөліп көрсетеді:

1) ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі бір бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;

2) айырбас шарты, келісім-шарт пен мәмілені толтыруды анықтау үшін келісімдер жүргізу шығындары;

3) сапаның қатеден болатын шығынын, стандарттар жүйесін дайындау мен оларды бақылау шығынын, фирмалық белгілер мен сауда маркаларын қорғау шығынын өлшеу мен анықтау шығындары;

4) меншік құқығын анық анықтау мен қорғау шығындары, қоғамда әрекет етуші меншік құқығын бөлудің әділдігіне қатысты бәтуаластық (консенсустық) идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құқықтық режимді тікелей қорғау шығындары;

5) аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар.

Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде болып табылады. Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы ретінде оның ақпаратқа айырбастауда әр қатысушының шығындарын төмендету тенденциясы жүреді.

1.2 Шығындар және оның түрлері.

Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Құрал-саймандардың кіруіне байланысты шығындар сыртқы және ішкі шығындарға бөлінеді (айқын және айқын емес).

Сыртқы шығындар – фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып алуға кеткен ақшалай шығындары.

Ішкі шығындар - өзі өндірген және дербес қолданылатын ресурсына төленбейтін шығындар. Мысалы, өсірген бидайдың бір бөлігін фирма өзінің егіс алқаптарына себуге пайдаланады. Бұл бидайды фирма өзінің ішкі мұқтаждықтарына жұмсайды және төлемейді. Фирма шығаруға мүмкіндігі бар өнімнің максималдығын анықтау мақсатында шекті шығындар есептеледі.

Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.

Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады.Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді.

Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нқты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) эконмикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын (ақшалай) немесе айқын емес (имплициттік) шығындарға бөлінеді.

Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты. Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу т.б.

Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын (шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.

Өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері болады (1.1 кесте).

Өндіріс шығындарының классификациясы

Классификациялау белгілері

Шығындардың бөлімшелері

Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық

Элементтері

Өзіндік құнның баптары Калькуляцияның өзіндік құнның

Баптары


Технологиялық процеске Негізгілер, үстемелер

Қатынасы


Құрамы Бір элементтік, кешендік тікелей,

Жанама


Өнімнің өзіндік құнына Тікелей, жанама

жатқызу тәсілі

Өндіріс процесіндегі рөлі Өндірістік, өндірістен тыс

Шығын жасаудың мақсатқа

сай келетіндігі Өнімділік, өнімділік емес

Жоспарға енгізу мүмкіндігі Жоспарланған, жоспарланбаған

Өндіріс көлеміне қатынасы тұрақты, өзгермелі



Пайда болуының дүркінділігі Ағымды, біржолғылық

Дайын өнімге қатынасы Аяқталмаған өндіріс шығындары,



Дайын өнім шығындары
Практикада көбінесе шығындарда тұрақтыға және өзгермеліге бөледі. Тұрақты шығындарға (fixed costs FC) – осы мерзімдеөндіріс пен өткізудің көлемі мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді. Әдетте тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.

Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады.

Өзгермелі шығындарға (veriable costs –VC ) осы берілген мерзімде өнімді өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап, басқара алады.

Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкүн:

1.Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең болса.

2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.

3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың өсуі, өндірістің көлемінен артық болса.

Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі.

TC=FC+VC

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отыр. Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың шамасын белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа, негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа, табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.

Өзгермелі шығыстардың жауап ретінде коэффициенті өндіріс көлемін өсіру немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілейтін шығыстар деп атайды. Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді. Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін бір апта болса, онда жалақыға жұмсалатын шығындар жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін бір апта бойы тұрақты болады. Қызметкерлер үшін бұл мерзім 6 жұма, 3 ай және одан артық. Егер уақыт мерзімін бір жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем шығындарының барлығы өзгермелі болады.

Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалады. Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға үшін жұмсалған шығындар, яғни орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шығындар АТС – бұл шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:

ATC=TC/Q

Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі. Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру мәселелері құрады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі бүындарының қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді, өндірістің тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді. Дағдарыс кезеңінде, бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары болады.

Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет қосымша шығындар.

MC=TC/Q


Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – U тәрізді форма алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты – еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына қолданылады. Егер қалыптасқан нарықтық бағаны P фирма берілген деп және соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont, оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады. Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS ортша шығындардың ең төмен дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді беттеседі. Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;

- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары;

- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады. Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы, сақтандыру жарналары және т.б.

Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы, еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы айырмашылықтың елеулі маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда, өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін. Шығындар экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік немесе өзінен - өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді: жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін кәсіпорын ресми төлемейді.

Жиынтық шығындар – осы уақыт мерзімінде ЖҰӨ алу үшін экономикалық қатынастар субьектерінің шығындарының сомасы.

Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін альтернативті әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.


1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған. Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды (нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен (зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады. Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде – өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды. Өндірістің нәтижелерін, оларды жасауға жұмсалған шығындармен салыстырғанда, өндіріс тиімділігі айқындалады.

Өнімділік – осы жүйенің берілген уақыт мерзімінде өндірген өнімдерінің сол мерзімде жасалған, немесе өндірілген өнімдер үшін тұтынылған ресурстардың санына арақатынасы.

Егер ресурстардың аталған бір түрінің (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) өнімділігін есептеу қажет болса, онда бұл есеп өнімділіктің жеке көрсеткіші болып табылады. Мысалы:

ЕӨ = Өнім көлемі/Тірі еңбек шығындары.

Басқа көп түсініктер сияқты, өнімділік тиімділіктің көрсеткіштер жүйесін құруымен бірге көптеген сан көрсеткіштермен белгіленеді. Өнімділіктің шағын және кең мағынасы болады. Өнімділіктің шағын мағынасы деп, өндірістің негізгі мақсатына көзқарас бағытынан өндірістік процестен тыс өткізілуге тағайындалған өнімдермен және бір немесе бірнеше негізгі ресурстардың арасалмағы түрін алады.

Өнімділікті өлшеудің негізгі екі тобы бар.

Біріншіге өнімділіктің статикалық коэффициенттері жатады. Бұл жабайы тілмен айтсақ, белгілі уақыт мерзімінде жасалған шығындардың өлшеміне бөлінген өнімнің өлшемі.

Екіншіге өнімділіктің динамикалық индексі жатады. Бұл өткен мерзімдегі өнімділіктіңстатикалық коэффициентіне бөлінген, белгілі мерзімдегі өнімділіктің статикалық коэффициенті.

Топтардың әрқайсысының ішінде өнімділіктің өлшеуіштерінің үш типі болады: жеке, факторлық, көпфакторлық және жиынтық факторлық, немесе өнімділіктің жалпы көрсеткіштері. Өлшеуіштердің әрқайсысы өнімнің шығындарға қатынасын сипаттайды, бірақ олар бөлгіште есепке алынатын шығындардың элементтерінің саны немесе ресурстардың түрлері жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл келесі 1.2. кестеде көрсетілген.




Шығындар




Ағымдағы




Қолданылған

Осы уақыт мерзімінде Өндіріске тартылған

пайдаланған ресурстар ресурстар көлемін



көлемін көрсетеді көрсетеді

Ресурстардың бір түрі




еңбек өнімділігінің жеке көрсеткіштері




Ресурстардың бірнеше түрі




Еңбек өнімділігінің көпфакторлы көрсеткіштері




Ресурстардың барлық түрлері




Еңбек өнімділігінің жалпы көрсеткіштері

Егер әңгіме ресурстардың бір түрі туралы болса (еңбек, капитал, қуат, информация, материалдар) – бұл өнімділіктің жеке көрсеткіші (немесе ішінара өнімділіктің көрсеткіші). Еңбек өнімділігінің жеке көрсеткішінің формуласы. ЕӨ =Өнімнің көлемі/Жанды еңбек шығындары

Бұның көп тараған формалары:


  • еңбектің бір сағатында немесе ақы төленген бір сағатта шығарылған өнім;

  • еңбек еткен бір адамның шығарғаны.

Ө = -өндірілген өнім құны салыстырмалы бағамен (мың тенге) / Жұмыс -керлердің жұмыс істеген уақыты, адам –күндер =25000 мың тенге/10мың адамдар –күндер/=2500тенге/адам-күн

Өнімділіктің жеке көрсеткіштері өндіріс процесінің тиімділігне жалпы сипаттама береді, бірақ қөбінесе әр түрлі бағытталған тиімділігіне жалпы сипаттама береді, бірақ көбінесе әр түрлі бағытталған болмаса да, сонда да динамикасы ұқсамайтын. Мысалы, капитал қайтарымы төмендейді, ал материал қайтарымы өседі:

Капитал қайтарымы = Өнім көлемі / Негізгі капитал шығындары;

Материал қайтарымы = -Өнім көлемі / Ағымдағы материалдық шығындар

Бұлардың қозғалыс бағыттарының ұқсамайтындығына сәйкес, капитал салымын бағалауда қайшылықтар тудырады . Сондықтан шаруашылық шешімдерге жалпы баға беру үшін, біріне-бірі алмаса алатын ресурстарды қолдану туралы балама шешімдер қабылдау мүмкіндігі бар болғанда, шығындар бөлімінде өндірістік процестің барлық негізгі материалдық факторлары болатын көрсеткіштер қажет. Осымен бірге, өнімділіктің көпфакторлы көрсеткіштерін есептеудің қажеттігі мынамен туындайды: кәсіпорындарының бір жұмыскердің өндірімінің өсуі тек өндірісті жақсы ұйымдастыру арқылы емес, ол жанды еңбектің техникалық жарақтандырылуын жоғарлату арқылы да жүреді.

Өнімділікті жоғарылату басқару процесіне және өнімді, немесе, еңбекті өзгерту (қайта жасау) процестеріне кірісудің нәтижесі болып табылады. Төменде аталған жағдайлардың (шарттардың) жеке біреуі (қандайы болмасын) орын алса, онда өнімділік өседі:



  1. Өнім көбейеді, шығындар азаяды.

  2. Өнім көбейеді, шығындар өзгермейді.

  3. Өнім көбейеді, шығындар өседі, бірақ өсу қарқыны төмен болады.

  4. Өнім көлемі өзгермейді, шығындар төмендейді.

  5. Өнім азаяды, шығындар төмендейді, бірақ мұның төмендеу қарқыны жоғары болады.

Өнімділіктің көрсеткіштері жүйесінде фирманың іс-әрекеттерінің барлық жағдайлары қамтылады.

Еңбек өнімділігінің өсуінің негізі басқарушылық құралдары 1.3. кестеде көрсетілген.

Өндірістің техникалық Кешендік механизация және автоматизация

Дәрежесін көтеру Прогрессивті технология енгізіу

Өнімнің конструкциясын, техникалық

сипаттамаларын т.б. жетілдіру

Еңбек заттарының пайдаланылуын жақсарту

немесе оларды басқалармен алмастыру

Басқаруда еңбекпен Басқару құрылымын Басқарудағы еңбекті

өндірістің ұйымдас – механизациялау және рационалдау ЕҒҰ

тырылуын жетілдіру (НОТ) енгізу Еңбекті мөлшерлеу

Өндіріс құрылымын- Еңбек сыйымдылығының дәрежесі әр түрлі

дағы өзгерістерге сәе- болатын жеке өнімдер түрлерінің үлес

кес еңбек шығында- салмағын өсіру немесе төмендету

рының өзгерістері

Адам факторы Білім дәрежесінің өсуі, өндірістік квалифи –

Кацияның өсуі, адамдардың еңбекке

қатынасы


Фирма дәрежесінде, бір жақта, тиімділіктің негізгі факторларын басқару мүмкіндігі болады, екіншіде – оған (тиімділікке) тыс жағдайлар тудыратын болжамсыздық зор әсер етеді. Кейбір салаларда өндіріс шығындарының айырмашылықтары табиғи, жаратылыс жағдайларымен байланысты болады (мысалы, ауыл шаруашылығы, кен өндіретін салалар). Бұған мысал болатын – біздің елде осыдан бұрын «маусымдық» немесе аймақтық бағалардың болғаны. Басқа салаларда шығындардың айырмашылығын дүниеге әкелетін жағдайлар – жаңа бұйымдарды, технологияларды енгізу, ұйымдық формаларды құруға, өндіруге, дамытуға және сапалық жетілдіруге бағытталған жағдайлар енгізу, еңбек ресурстарының сапасы мен квалификациясы және т.б. жағдайлар. Өндіріс шығындарының құрылымында ресурстардың қандай түрі басым болуына бацланысты салалар мына түрлерге бөлінеді: еңбек сіңіргіш, материал сіңіргіш, қуат сіңіргіш. Әдетте, материалдық шығындардыңүлес салмағының өсуі өндірістің мамандануымен, онда көбінесе кешендік бұйымдарды пайдаланумен байланысты болады. Бүгінгі заманда, салалар масштабында, шығындардың динамикасын екі қарама – қарсы тенденциялардың сайысы белгілейді.

Біріншісі, өндіріс шығындарын өсіреді. Осы жағдайға әкелетін факторлар:

- тұтынудың, сондықтан өндірістің жекеленуін (индивидуалдық болуын) көздеу;

- шығарылымдардың (шығарылатын өнімнің) ассортиментінің жиі-жиі өзгертіліп тұруын, алмасуының қажеттігі;

- НИОКР шығындарының өсуі, қызметкерлердің білім дәрежесін жоғарылату, жарнама т.б.

Екіншісі, тенденция жаңа технологиялардың алдымен ресурстарды үнемдеуді көздейтінімен байланысты. Қазіргі заманда, ілгері дамыған елдерде, көп өнімдер бойынша өндіріс дәрежесінің сонша, тіпті оны одан әрі өсіру тиімді емес болып отыр. Бұл жағдайларда өндірісті сапа жағынан жетілдіру мақсатталады. Жаңа өнімдердің сапасының жоғарылауы, көбінесе, олардың бағасының өсуіне емес, кемуіне, проценттеп емес, еселеп, әкеліп соғады. Ассортименттің күрделі алмасып жаңаруы әр 5-10 жылда, жаңа технологияға көшу - әр 3 жылда жүріп отырады. Осымен қатар, бүгінгі кәсіпорындарының шығындарының өзгерістері, автоматтанған өндірістер санының өсуімен де байланысты.



2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік.

Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, ақшалай түріндегі шығындар және т.б. төлемдер. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары айқын емес сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді. Жерді, ғимараттарды олардың жеке еңбектері және тағы басқалар үшін кәсіпорын ресми төлемейді. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілген шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен өндірілетін барлық элементтердегі жай ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды және жұмыс күштерін қамтамасыз ету.

Өндірістік шығындардың жіктелуі:


  1. экономикалық элементтер бойынша шығындардың экономикалық элементтері бойынша бөлшектенуі.

  2. өзіндік құнның стадиялары бойынша калкуляциялау.

  3. технологиялық процестерге қатыстылығы бойынша негізгі және қосымша шығындар.

  4. құрамы бойынша. Бір элементтілік және кешенділік.

  5. өнімнің өзіндік құнына қатысудың тәсілі бойынша. Тікелей және жанама.

  6. өндірістік процестегі рөлі бойынша. Өндірісік және өндірістен тыс.

  7. мақсатқа сәйкес жұмсалуы бойынша. Өндірістік өндірістік емес.

  8. жоспарға қатысу мүмкіншілігі бойынша. Жоспарлы және жоспарсыз.

  9. өнімнің көлеміне қатыуы бойынша. Тұрақты және айнымалы.

  10. шығу мерзімділігі бойынша. Күнделікті және бір жолғы.

  11. дайын өнімге қатысуы бойынша. Аяқталмаған өнімге кететін шығындар және дайын өнімнің шығындары.

Тәжірибеде ең маңызды тұрақты және ауыспалы шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне құрылымына тікелей тәуелді болмайды, ал айнымалы шығындар тәуелді болады.

Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Бұл топқа әскери жабдықтау, тас жолдар құрылысы және мемлекеттік қызметкерлердің еңбек – ақысы жатады. Мұнда трансфертті төлемдер, яғни әлеуметтік сақтандыруға арналған төлемдер және басқа да ақылар кірмейді. Бұл төлемдер қайтарылмайтын болғандықтан, олар ЖҰӨ құрамына енгізілмейді.

Ішкі шығын – кәсіпорынның өзі жұмсайтын (қаржыландыратын) өндіріс шығыны. Ол шаруашылық жүргізуші субьектінің өзінің шығынында тікелей есептеледі.

Сыртқы шығын – кәсіпорын басқа ұйымдарға (фирмаларға, кәсіпорындарға) немесе жалпы қоғамға аударатын өндіріс шығыны. Бұл, мысалы, табиғатқа, халықтың денсаулығына келтіретін зиянның орнын толтырумен байланысты қоғамдық шығын, сондай-ақ күші даярлауға, іргелі зерттеулерді орындауға байланысты шығын, қоғам мойнына алуға мәжбүр болатын басқа да шығындар.



2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы.

Сыртқы әсерлер немесе экстенциялар (externatity) дегеніміз бір экономикалықконтрагенттің екінші контрагентке іс әрекетінің нәтижесінде тура әсерлер немесе берілген игіліктің нарығына кірмеген үшінші тұлғаға әсерін тигізуі. Үшінші тұлға сатушы да, сатып алушыда болмайды. Сыртқы әсерлер деген бағада көрсетілмеген нарықтық келісім шарттардан алған пайда немесе шығын. Олардың сыртқы деген себебі экономикалық агенттердің берілген операцияда қатыспаған үшінші тұлғаға әсері тиуі. Олар әсерлер тек қана өндіріс нәтижесінде ғана емес тауарлар мен қызметтер нәтижесінде де болады. Сыртқы әсерлер оң және теріс болып келеді. Сыртқы әсерлердің теріс әсері қоршаған ортаны ластау болып келеді. Ал оң әсері білім сапасының өсуі өнеркәсіп және тұрғын үйлер ғимаратының дизайны болып келеді. Сыртқы әсерлер әлеуметтік шығындармен жеке шығындар (әлеуметтік пайда жеке пайдалар) арасындағы айырма.

MSC = MPC + MEC.

MSC – шеті қоғамдық шығындар.


MPC – шекті жеке шығындар.

MEC – шекті сыртқы шығындар.

Теріс сыртқы әсерлер – бір экономикалық агенттің іс әрекеті басқаларды шығынға ұшыратқан жағдайда пайда болады.

Р.Коуздың теоремасының мәні былай сипаттауға болады: егер меншік құқы нақты белгіленген болса, онда ынталы жақтар ұнамды, немесе, ұнамсыз нәтижелерді мемлекеттің кірісуінсіз шешуі мүмкін. Бұл теорема мынадай жағдайға негізделеді: меншікті қолдану процесінде пайда болатын трансакциондық шығындар екіге – меншіктің өзінің әрекет етуімен байланысты шығындарға және мемлекеттің ынталы жақтардың арасында меншіктің бөлінуін реттеп отыруға жұмсайтын қосымша шығындарға бөлінеді. Бұл мынадай жағдайға әкеліп соғады: нарықтық қатынастардың шекарасының кеңейуі қос кедергі тудырады. Біріншісі жеке меншік әсер ететін сфераны кеңейтумен байланысты шығындар, (жеке меншік тәртібінің анклавы). Екіншісі мемлекеттің бөлуді реттеу арқылы көрсеткен көмегіне байланысты шығындар. Бұл жағдайда шығындар күрт өсіп кетеді де нарықтық қатынастар деңгейі төмендейді. Реттеу жүргізумен байланысты қосымша шығындарды болдырмауды көздеп, ынталы жақтар өздерінің мәселелерін жасырын (жария емес) келісім арқылы шешеді және осы арқылы олар өздерінің іс-әрекет ететін денгейін кеңейтуге мүмкіндік алады.

Шығындар - өндірістің сатып алынған факторларының төлемі. Бұл даусыз ақиқатты әр түрлі экономистер әр түрлі мақсатпен және әр түрлі тұрғыдан қарастырады.

К. Маркс шығындарды талдауды құнда, сосын шығындарда көрінетін жалдама еңбекті пайдалану ерекшеліктерін зерттеуге ұмтылумен байланыстырды. Ол үшін тауарды өндіру үшін қоғам құрал-жабдық, шикізат, отын т.б. құнында бейнеленген заттанған еңбекпен қатар тірі еңбекті де пайдалану керек. Бұл еңбек шығындары, ол қоғамдық еңбек шығындары деп атаған тауар құнын жасайды. Тауарды өткізген соң капиталист ақшалай табыспен құрал-жабдыққа, шикізатқа, отынға, энергияға және қажетті еңбек төлемін жабады. Демек, капиталист шеккен шығындар, яғни оның өндіріс шығындары төленбеген қосымша еңбек шамасына қоғамдық шығындардан (тауар құнынан) аз.



2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері.

Сыртқы шығындардың экономикаға әсеріне кәсіпорындардың қоршаған ортаға тигізетін әсері, табиғатты ластауы, қалдықтарын тастауы және т.б. тигізетін зияндары жатады. Теріс сыртқы әсер – бір экономикалық агенттің іс әрекеті басқаларды шығынға ұшыратқан жағдайда пайда болады.

Оны мысалы ретінде қарастыратын болсақ: Целилозды қағаз комбинаты өзенге тазаланбаған суды төгеді делік. Сол төгілетін су көлемі өндіріс көлеміне пропорционалды делік. Бұл деген өндіріс көлемі өскен сайын қоршаған ортаның ластануы өсе түседі. Комбинат суды толық тазалағаннан шекті жеке шығыны шекті қоғамдық шығыннан төмен болады. Өйткенікомбинат тазарту құралдары, қосымша жүйесінің құруына шығын қоспайды. Бұл өндіріс көлемі тиімді өнім шығаруынан көп болуына әкеліп соқтырады. Комбинат P1 бағасымен Q1 өнім көлемін тазарту құралынсыз шығарады. Нарықтық тепе-теңдік E1 нүктеде орналасқан. Бұл нүктеде MPC тең болған ұсыныс MCB тең болады сұраныс қиылысады MSC орындалса MSC = MPC + MEC шарты орындалғандықтан сыртқы шығындарды ішкі шығынға айналдырғандатиімді өнім көлемі Q1- ден , Q2 – ге қысқарып P1-ден, P2-ге өседі. S2 нүктесінде шекті қоғамдық пайда MSB шекті қоғамдық пайда шекті қоғамдық шығынға тең болып отыр. A,E1,E2 үшбұрыш ауданы шекті қоғамдық шығында шекті жеке шығындарданжағдайдағы жоғалтылған зиян көрсетеді. Сыртқы теріс әсері кезінде тиімді өнімге қарағанда экономикалық игілік көбірек атылады және сатылып алынады. Бұл деген теріс сыртқы әсер кезінде тауарлармен қызметтердің нарықта артықшылығы болады.

Сыртқы шығындар (әсерлер) дегеніміз бір экономикалық контрагенттің екінші контрагентке іс әрекетінің нәтижесінде тура немесе жанама әсерлер арқасында шығынға ұшырауы, немесе берілген игіліктің нарығына кірмеген үшінші тұлғаға әсерін тигізуі. Үшінші тұлға сатушы, сатып алушыда болмайды. Пигу салығы немесе реттейтін салық қоғамдық шығындардың деңгейін реттейді.



2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы.

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыздан тысқары алатынымыз (біздің пайдамыз) қандай ара қатынаста болуы керек?

Кез келген өндірістік единица (фирма) өз қызметінен мүмкіндігінше мол пайда көргісі келеді. Пайда мөлшері екі фактормен анықталады:


  • сұраным мен ұсыным нәтижесінде жинақталынатын тауарлардың немесе қызметтердің бағаларымен, бұл фактор көбіне-көп экономикалық конъюнктуралық сыртқы жағдайға тәуелді;

  • фирманың өндіріс ресурстарын тиімді пайдалануына байланысты болатын өндіріс шығындарымен.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан фирманың барлық шығындарын: айқын және айқын емес деп екі топқа бөлуге болады.

1. Айқын шығындар – ол өндіріс факторларын және аралық бұйымдарды жеткізушілерге (сырттан келетін жартылай дайын өнімдер) ақшалай төлемнің формасын қабылдайтын баламалы шығындар.

Мысалы:


    1. жұмысшыларға еңбекақы;

    2. сатып алынатын немесе жалға алыгған: станок, машина, құрал, ғимарат, құрылыс шығындары мен төлемдері;

    3. көлік шығындарына төлеу;

    4. коммуналдық төлемдер;

    5. банктердің, сақтандыру компаниялардың қызметтеріне төлеу;

    6. материалдық ресурстарды (шикізат, жартылай дайын өнімдер, жабдықтағыш бөлшектер) төлеу.

2. Айқын емес шығындар (имплиценттік шығындар) – ол ресурстарды пайдаланудағы фирманың өзіне қарасты баламалы шығындар яғни ешкімге ештеңе төлемейтін шығындары.

2.1. өзіне қарасты ресурстарды тиімді пайдаланған жағдайда ала алатын немесе «айырылып қалған мүмкіндіктерінің» (алынбай қалған пайдасының) ақшалай төлемі.

Айырылып қалған мүмкіндіктер шығындарының мөлшері – ол ресурстарды пайдаланудың барша баламалы тәсілдерінің ең қолайлысынан түсетін ақшалай түсім. Мысалы, ЖОО оқытушысы өзінің жұмысын тастап, «қапшықтап сату бизнесіне» өтті делік, ондай жағдайда ол өз бизнесінің шығынына өзінің жоғалтқан оқытушылық жалақысын да қосуы керек.

Тағы бір мысал келтіруге болады. Кәсіпорын ешкімге ештеңе төлеместен (сөйтіп экономика жағынан өзінің меншік иесі құқығын жүзеге асыра отырып) өзіне қарасты ғимаратты пайдаланды делік, бұл ретте ол бұл ғимаратты біреуге жалға беріп, одан алынатын ақшалай төлем мүмкіндігінен бас тартады. Бұл шығындар айқын төлем үшін міндетті болып контрактыда көрсетілмеген, сондықтан да ол алынбай қала береді.

Айырылып қалған мүмкіндіктерді есепке алу – нарықтық экономиканың маңызды ерекшелігі.

2.2. жақсы табыс-кәсіпкерді өзі таңдаған сала қызметіне құлшындыратын шағын марапат тәрізді.

Мысалы, кәсіпкер станок шығара отырып, жұмсалған капиталына 15 пайыз пайда алса, онда ол дұрыс деп саналады. Бірақ егер рынокта станок өндірушілер көбейіп кетсе, сұраным азаяды да, түсер пайда 7-9 пайыз болады да кәсіпкер бұл саладан кетуге бел байлайды. Пайдасыз саладан (егер сұраным тұрақты болса) «капиталдардың қашуы» өз кезегінде оның пайда табуын дұрыс деңгейге дейін көтереді.

Сонымен әдеттегіден тыс пайда беретін капиталдың салаға құйылуы сол саладағы өнімдерге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында табыстылықтың құлдырауына жеткізеді және, керісінше, әдеттегіден төмен пайда беретін капиталдың саладан қашуы сол саладағы өнімге деген өзгеріссіз сұраным жағдайында пайдалықтың жақсы деңгейіне дейін көтерілуіне септік етеді.


3. Өндірістік шығындарды негізгі төмендету жолдары.

Шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына төмендегі негізгі бағыттарын айтуға болады:


  • ғылыми – техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық процестерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл бір жағынан өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық процестерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізіудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырыпнемесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігін неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станокпен технологиялық процестердің түсімін өсіруге, шығындарынбұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, біріншіден, негізгі өндіріс қорлардың пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндіріс қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелігін жақсартудың есебінен арттыру.

Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс ысырапты қысқарту есебімен шығындарды үнемдеумен қатар барлығыда тәжірибе жүзіндегідей болады, яғни нақты еңбектің шығынын үнемдеу. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: америкалық және жапондық. Бұл өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оламды экономикалық жағынан ынталандыру және т.б. көптеген жүйелер. Өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-техникалық прогресс жөніндегі бағдарламаларымен мемлекеттік стандарттар елеулі орын алады.

Өнімнің өзіндік құнын арзандату – еңбек өнімділігін арттырудың шартқа айналған объективті бейнесі, экономикалық заң әтекетінің нақты нысаны, осыған сәйкес өндірістік шығынүнемі кеміп, жанды еңбек үнемі өнімдірек болып отырады. Өзіндік құнның арзандау көрсеткіштері өндіргіш күштердің дамуына сәйкес өткен және қазінгі еңбектің үнемделу дәрежесін бейнелейді.

Өзіндік құнды кемітудің басты факторлары:



  • өндірістің техникалық деңгейін көтеру;

  • өндірістің материал, отын, энергия және еңбек сыйымдылықтарын төмендету;

  • басқару және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • технологиялық процестерді қуаттылықпен негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, т.б.


Қорытынды

Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері шикізаттар төлемдері, материалдар, отын, еңбекақы, ақшалай түріндегі шығындар және т.б. төлемдер. Бұл топтағы шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары айқын емес сипаттамада болады. Олар кәсіпорын иелерінің қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді. Жерді, ғимараттарды олардың жеке еңбектері және тағы басқалар үшін кәсіпорын ресми төлемейді. Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік құны. Бұл өндіруге және оны сатудағы ақшалай нысанында көрсетілген шығындардың жиынтығы.

Өндіріс шығыны – бұл кәсіпорынныңөндіруге және өнімді сатуға кеткен барлық шығындардың сомасы, яғни өнімді өндіруге кеткен еңбек шығындарының (нақты еңбек, өткендегі еңбек) жиынтығы.

Кез келген экономикалық шешімнің негізінде қойылған сұраққа қайтарылар жауап жатады: біздің мына бір немесе басқа жобаға (біздің шығынымыз) жұмсағанымыз және жобаны жүзеге асыру нәтижесінде өз шығынымыз пайда болады. Мемлекеттік шығындар - өкімет тарапынан сатып алынатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің жалпы құны. Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мән жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалады.


Пайдаланылған әдебйеттер тізімі.
1. Әкімбеков С, А.С.Баймұқаметова У.А.Жанайдаров Экономикалық теория. Оқу құралы. Жалпы редакция С. Әкімбековтікі. – Астана: 2002. – 464 б.

2. ӘубәкіровЯ.Ә, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табаев. Экономикалық теория.


3. ӘубәкіровЯ, К.Нәрібаев, М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев, Е.Байжұмаев, С.Досқалиев, Ж.Жәйшібаев. Экономикалық теория негіздері.
4. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет. Пікір жазғандар: э.ғ.д., профессор А. Б. Молдашев; э.ғ.д., профессор Ш. Көпешев.
5. Мамыров Н.Қ, Есенғалиев Қ.С., Тілеужанова М.Ә. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004.

6. Институциональная экономика: учебник/под общ. Ред. А. Олейника – М.: ИНФА-М, 2005.


7. Предпринимательство. Под редакцией. Профессора В.Я. Горфинкеля. Академик Г.Б. Поляка, Профессора В.А. Жандара.
8. Осипова. Е.М. Экономикалық теория, Алматы, 2002 ж.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет