Курстық жұмыстын міндеттері


Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізу



бет7/10
Дата06.07.2022
өлшемі232.5 Kb.
#459618
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kur -bastauysh-synyp-oqushylaryna-adamgershilik-tarbiesin-qalyptastyru

Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында тәрбие сабақтарын өткізу.
Әрбір тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі — балалардың қатынас өрісіне ену, олардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қатынас мәдениетіне баулу. Бұл қатынас мәселелері адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Бұл арада тәрбиеші жалпы адамзаттық құндылықтарды негізге алады.
Ең биік құндылықтардың бірі - адамның өмірі. Оған озбырлық жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі саған өмір сыйлаған, дүниеге әкелген анаңның алдында бас ию. Туған жер, отбасы - бұл құндылықтардан адамның ары, абыройы нәр алып, қоректенеді, оның еркіндікке талпынысы, патриоттық, азматтық қасиеттері қалыптасады. Өзінен басқа адамның да өзіңдік ерекшелікке, өзіндік пікірге құқылы екендігін мойындайды. Егер осы қасиет бала кезінен қалыптасса, ол сонда ғана басқа адамдардың қоғамның дамуына мүмкіндік бере алады.
Бұлардың барлығын бірден түсіну, әрине, өте қиын. Бірақ оларды күнделікті өмірде балалар ұжымының даму бағыттары ретінде алып отырса, олар адамдардың қылықтарын, араларындағы қатынастарды реттеп отыратын ережелерге айналатыны сөзсіз. «Балаларды қорғаушы тұрғысынан алатын болсақ окқ өрісіндегі сәттілікке жетелеудегі тәрбиешінің жұмыс бағыттары ерекше қырынан көрінеді. Әрбір тәрбиешінің басты назарында – оқушы – Адам, оқушы – тұлға, әр оқушының ерекше қасиеттері, оларды қоргау, дамыту міндеттері тұрады.
Тәрбие сағаттары – мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру міндетін мұғалімнің ойдағыдай шешуіне мүмкіндік туғызатын сыныптан тыс жұмыстардың қызықты бір формасы. Төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін, олардың алуан түрлі істермен әуестенуге ұмтылысын, тұрақты сараланған қызықты істерінің жоқтығын, сондай-ақ балалардың бір жақты жетілуін болғызбау қажеттігін ескере отырып, тәрбие сағаттыран ескеруіміз керек.
Тәрбие сағаттарын өткізу барысында мұғалімніғ позициясы өзгеріп отырады. Егер сабақ үстінде мұғалім оқу-тәрбис процесін бірден-бір ұйымдастырушы болса, тәрбие сағаттар жүйесінде ол бәрінен де тәжірибесі мол, жасы үлкен, ақылды жолдас, балалардың барлық істері мен ойын-сауықтарындағы кенесшісі болады.
Бастауыш мектеп оқушылары мектеп табалдырығында көрген өнегесі өміріне арқау болу үшін әр тәрбие сағатының осы тәрбие процесінде алатын орнын нақты анықтап, онын тақырып, ұйымдастыру формаларын алдын-ала анықтап, даярлауға, өткізуге оқушылар мен ата-аналарын тарту қажет. Ата-аналар кеңесінің төрағасы, кеңесшілері, мектеп ұстаздары тәрбие сағатына үлгілі еңбек қайраткерлерін, ақылгөй қарттарды мәртебелі ағалар мен аналарды шақырып, кездесулер өткізудің кішкентай баланың сана-сезіміне тигізетін әсері мол екенін ескерген жөн.
Барлық тәрбие сағаттары күнтізбелік күндер, жыл мезгілі, халықаралық мерекелерді есепке алып, қоғам өміріндегі маңызды мәселелерді ескере отырып жоспарланады. Сонда олардың бала санасына тиігзетін әсері жоғарылайды. Олар уақыт пен кеңістік, әлеуметтік орга заңдылықтарына сай өмір суретініне түсініп, ұғымдық қоры қалыптасады.
Тәрбие сағаттардында балалар бір-бірін жақсы біледі, өзара достық байланыстар басталады, бірге дайындалу, қимыл әрекет жасау, еңбек ету қажеттігі туады.
Тәрбие сағаттары әр түрлі тақырыпта, әр түрлі мазмұнда, әр түрлі формада өткізілелі, яғни оның бағыты мұғалімнің біліміне, шеберлігіне, оқушылардың өмір тәжірибесі мен қызығушылықтарына байланысты.
Неғұрлым жоғары кең үлгідегі әрбір тәрбие сағаты балалардың нағыз
мерекесіне айналады.
Тәрбие сағаттары барысында ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде, ұлттық этикет нормалары негезінде тәрбие беру мүмкіндіктері мол. Қазақ халқының ұлттық мінез-құлқына тән негізгі қасиеттері: мейірімділік, кеңпейілділігі, сөзге беріктігі әңгімелесу арқылы осы қасиеттерді бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, адалдық, имандылық, әділеттілікті билік ұстау сияқты әдет пен ғұрып қағидаларын үйрету дұрыс.
Имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелеу бағытындағы тәрбие сағаттарының кейбір төмендегідей тақырыптарын ұсынамыз:

  1. Кең болсаң - кем болмарсың.

  2. Адалдық - қастерлі мінез.

  3. Сөзі райлының- жүзі шырайлы.

  4. Сыпайылық - адамды қоректендіреді.

  5. Көптің мүлкін көргенсіз алар.

  6. Үлкеге - құрмет, кішіге - ізет.

  7. Ұл - ұятымен, қыз - кылығымен көрікті.

  8. Қатыгездік қайдан шығады (пікірталас).

  9. Арынды жастан сақта.

  10. Имандылық бастауы не? (пікірталас).

  11. Сәлем- сөздің анасы.

  1. Достық - өмір кілті.

  2. Иман және инабат. т.б.

Біз енді төменде кейбір тәрбие сағаттарын өткізуді ұсынамыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет