Күні: 10.12.2021
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу іс – әрекетінің қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Сабақтың тақырыбы: Маған ұнайтын жыл мезгілі. Оқиғаның ретін белгілеймін.
Сабақтың мақсаты: Уақыт туралы түсінікті білу: бүгін,ертең,кеше,бүрсігүні;тәулік бөліктері.
Білімділік: Балаларға жыл мезгілдері туралы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.
Тәрбиелік: Табиғаттың әсем көрінісін қызықтай білуге, қоршаған ортаны сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға жыл мезгілдері жайлы мағлұмат бере отырып дүниетанымын, ой – өрісін, сөздік қорларын дамыту.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, жұптық, жеке жұмыстар, сұрақ – жауап
Сабақтың көрнекілігі: үлгі суреттер, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Іс – әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс әрекеті
Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Балаларды шеңбер жасауға шақырады:
Шаттық шеңберін орындау:
Сәлеметсіңбе Алтын күн,
Сәлеметсіңбе Көк аспан.
Сәлеметсіңбе Жер ана,
Сәлеметсіңбе достарым.
Топқа бөліну 1,2,3,4 реттік санау арқылы.
«Мозайка құрастыру» арқылы топтың атын анықтау.
І – топ Күз, ІІ – топ Қыс, ІІІ – топ Көктем, IV – топ Жаз.
Топ ережесімен таныстыру.
Әдемі көтеріңкі көңіл күй.
Тыныштық сақтау.
Бірлесе жұмыс жасау.
Уақыттан аспаймыз.
Ұйымдастыру — ізденушілік
ІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
«Суреттер сөйлейді» .
-Балалар аққала жасап, шанамен сырғанау үстінде. Бұл- қыс-зима.
-Балалар құстарға ұя жасап жатыр, ағаш отырғызуда. Бұл – көктем-весна.
-Күн шығып тұр. Айнала жап-жасыл. Балалар суға шомылуда. Бұл-жаз-лето.
-Жаңбыр жауып тұр. Дала сары түске боялған. Бұл-күз-осень.
-Дұрыс айтасыңдар балалар, қыс, көктем, жаз, күз мезгілдерін бір сөзбен қалай айтатынын білесіңдер ме?
-Өте жақсы, олай болса бүгінгі сабағымыз жыл мезгілдеріне байланысты екен.
— Сабағымыздың тақырыбы «Маған ұнайтын жыл мезгілі.Оқиғаның ретін белгілеймін» деп аталады.
Әліппе – дәптерімен жұмыс
«Елші әдісі» топпен жұмыс.
1-тапсырма. Жыл мезгілін ата.Жыл мезгілін сәйкес суретпен сызып қос.
Сергіту сәті.
Ішік,пима,қолғаптар
Арада жоқ тоңғақтар
Баста қалың малақай
Біз тоңбаймыз алақай !
2-тапсырма . Бастырып сыз және боя. Өз беттерінше орындайды.
«Ойлан тап» дидактикалық ойыны:
Ойын барысы: Барлық ойыншыларға жыл мезгілдеріне сәйкес киінген балалардың суретін көрсете отырып осы маусым бойынша сәйкес келетін заттарды таңдап біріктір.
3-тапсырма. Жыл мезгіліне сәйкес заттарды таңда.Сызып қос.
Қорытынды:
«Серпілген сауал әдісі» арқылы доппен лақтырып допты тосып алған балалар өз ойларын айтады сабақта не үйрендік, не білдік, не ұнады.
Достарыңызбен бөлісу: |