Kz ресми сайтына орналастыру үшін 2011 жылдың 4 тоқсанына ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі24.91 Kb.
#4561
www.akimvko.gov.kz.

ресми сайтына орналастыру үшін

2011 жылдың 4 тоқсанына ақпарат
1. Мекеме атауы: «Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

  1. Жұмыс қорытындысы:

2012 жылдың 1 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының аумағы 28322,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде:

- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 9 944,1 мың гектар (облыс жер қорының 35,1 %);

- елді мекендер жрлері – 2972,6 мың гектар (10,5 %);

- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 178,1 мың гектар (0,6 %);

- ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру мақсатындағы, рекрециялық және тарихи-мәдени мақсатындағы жерлер - 1504,4 мың гектар (5,3 %);

- орман қорының жерлері - 2140,9 мың гектар (7,6 %);

- су қорының жерлері 572,7 мың гектар (2,0 %);

- босалқы жерлер - 11034 мың гектар (38,9 %).



2011 жылдың 1 қаңтарға Шығыс Қазақстан

облысының жер қоры

2012 жылғы 1 қаңтарға облыс бойынша 7932,9 мың га жер көлемінде 17372 шаруа қожалықтары, 1645,7 мың га жер көлемінде – 476 ауыл шаруашылық өнімін өндірушілер (АҚ, ЖШС, ӨК), 168,3 мың га жер көлемінде – 153 мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындары қалыптасты.

2012 жылғы 1 қаңтарға жеке меншікке жалпы көлемі 56283,4 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы 409 жер учаскелері жалпы сомасы 314693,7 мың теңгеге сатылды, оның ішінде: жеке тұлғаларға жалпы көлемі – 37659,0 га 344 жер учаскелері жалпы сомасы 214738,8 мың теңгеге және заңды тұлғаларға жалпы көлемі – 18463,7 га 45 учаскелер жалпы сомасы – 98350,0 мың теңгеге сатылды.

Жалпы облыс бойынша жер реформасы басталғаннан бері жеке меншікке көлемі 13164,4 га 5716213,6 мың теңге сомаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес 47627 жер учаскелері; жалдау құқығы жалпы көлемі 2169 га 1137 жер учаскелеріне 290571,2 мың теңге сомаға сатылған.

Облыстың қалалары мен аудандарының жер қатынастары бөлімдері ұсынатын мәліметтерге сәйкес, Шығыс Қазақстан облысында 2005 жылғы 1 қаңтардан 2011 жылғы 1 қарашаға дейінгі кезеңде жеке тұрғын үй құрылысы үшін 20257 өтініш берілген. Ең көп берілген өтініштер саны Өскемен қаласында – 12 115.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін азаматтарға 11 585 жер учаскелері бөлініп берілді.



2011 жылдың 4-тоқсанында жер учаскелерін беру және алып қою бойынша ұсыныстарды дайындау бөлімімен жер учаскелерін табыстау және рұқсат беру туралы 12 қаулылар қабылданған, жерлерді қорғау және пайдалану бойынша 9 сараптық қорытындылар берілген, 13 жерге орналастыру жобалары бекітілді және 15 сәйкестендіру құжаттары берілген.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет