Kz $$$umkd name$Қаржы нарығы және делдалдары $$$umkd avtors$ Г. М. Шакаримова, И. С. Жұртыбаева



бет11/14
Дата13.06.2016
өлшемі1.86 Mb.
#131252
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

4. Жинақтаушы зейнетақы қорлары қандай үйымдық-құқықтық формасында қүрылады?

5.Шет елдердегі ЖЗҚ ерекшеліктері?

&&&
$$$002-009-000$3.2.9 Дәріс №9. Қаржы делдалдары және қаржылық делдалдықтар
1. Қаржы делдалдығы туралы түсінік
2. Қаржылық делдалдардың негізгі санаттары
&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 Қаржы делдалдығы туралы түсінік

І бөлімде толық қарастырылғандай, кез келген мемлекеттің қаржы жүйесі қаржы ресурстарын шоғырландырады және орналастырады. Олар бұл функцияны неғұрлым тиімді орындаса, әркімнің өз жоспарын соғұрлым жүзеге асыратын нақты мүмкіндігі болады. Осылайша қоғамның әл-ауқатына және өндірістің жоғары деңгейіне қол жеткізе аламыз.

Қаржы нарығының тауарын сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқыққа ие болуы керек.

Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы қиындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.

Қаржылық делдалдар көптеген артықшылықтарға ие. Ең алдымен, олар өз ісін жетік білуіне қарай мәміллерді ауқымының тиімділігі есебінен үнемге қол жеткізуге болатын мөлшерде жүзеге асырады. Екіншіден, қаржылық делдалдар трансакциялық шығындарды оңвй азайтады. Үшіншіден, олар ақпаратқа қол жеткізетін көптеген мүмкіндіктерге ие және олар оның шынайылғын оңай анықтай алады.

Қаржылық делдалдарға уақытша бос ақша қаражаттары бар (несие берушілер) экономикалық субъектілер де, ақша қаражаттарына мұқтаж (қарыз алушылар) субъектілер де мүдделік танытады өйткені олар қаржылық делдалдардан нақты артықшылықтары мен пайдасы бар қаржы өнімдерін алады.

Төртіншіден, делдалдар несие нарығының қауіпін азайтуға септігін тигізетіндіктен, олар уақытқа қарай немесе басқаша жолмен бірлестірілген несиені беру барысында несие берушілерге салым ақшаны қаржылық құралдардың түрлері бойынша бөлу арқылы қауіпті әртараптандырады. Қаржы делдалдары болмаса, несие қауіпі жоғарылап кетеді. Тек делдалдар ғана қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеретін жүйені жасайды және өз қызметін тарататын жүйені ұйымдастырады, оның бұл әрекеті де несие қауіпі мен несиелеу шығынын кемітеді.

Бесіншіден, қаржы институттары өз клиенттерінің өтімділік деңгейінің тұрақты болуын және қолма-қол ақшаны алудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді, өйткені қаржы институттарының өздері қолма-қол ақша формасында өз активтерінің белгілі бір үлесін ұстау мүмкіндігіне ие. Екінші жағынан, мемлекет кейбір қаржы институттары үшін өтімділікті реттейтін заң нормаларын белгілейді. Мәселен, коммерциялық банктер үшін резервтеудің нормативтері арқылы орталық банктіқ және кассаның шоттарында ақша қаражаттарының ең аз шамасындағы қалдығын қолдау заңмен қамтамасыз етіледі.

Делдалдандырылған қаржыландырудың сызбаларын жүзеге асырудың нәтижесінде несие беруші де, қарыз алушы да өз пайдаларын алады:



  • қаржы делдалдары қолайды жағдайда қарызды дайын күйінде беретін несие берушілерді іздестірудің мәселесін оңайлатады;

  • экономикалық жағдай қалыпты болатын болса, қарыз алушының несие мөлшерлемесі қаржы делдалдарының көмегінен әдетте төмен болады, өйткені олар салымшының несиелік тәуекелділігін кемітеді және қаражатты тарту үшін ең төмен мөлшерлеменің белгіленуіне себепші болады. Делдалдың шығынымен бірге мөлшерлеменің бұл сомасы орналастырудың мөлшерлемесін тікелей несиелеу кезiндегi мөлшерлемеден жоғары белгілеудің кажеттілігің
    тудыратындай үлкен болмайды;

  • қаржы делдалдары барлық салымшылардың ез салым
    ақшаларын бiр мезгiлде талап етпейтiндiктен және дел-
    далга қаражаттың түсуі уақытқа қарай бөлiнетіндiктен
    орын алуы мүмкін несие берушінің өтiмдiлiгiне артық-
    шылық берудің жене карыз алушының ұзақ мерзiмдi
    ссудасына артықшылық берудің арасындағы қарама-
    қайшылықты толықтырады;


  • қаржы институттары несиеге клиенттерден жинакталған
    қаражаттың есебінен ipi соманы бере алады.



&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2. Қаржылық делдалдардың негізгі санаттары

Тәжірибеде қаржылық делдалдардың мынадай топтары

бөлiп көрсетiледi:

  • депозит типiндегi қаржы мекемелері;

  • жинак мекемелерi;

  • инвестициялық қорлар;

  • баска да қаржы ұйымдары.

Осылардьң iшiнде депозит типіндегі қаржы мекемелері
кеңінен тараған. Тартылған қаражат банктiк, тұтынушылық
және ипотекалық несиелердi беру үшiн пайдаланылады, Бұл
топтьң негiзгi институтына коммерциялық банктер, жинақ


институттары және несиелiк одақтар жатады. .

Қаржы нарығында бос ақша қаражатгарды уақытша тарту
және әр түрлi несиелерді беру бойынша көптеген қызмет түрлерiн
ұсына алатын коммерциялық банктер маңызды рөл атқарады.
Елдің акша-несие жүйесінде маңызды орын алатындықтан
оларды мемлекет қатаң бақылап отырады.


Сондай -ақ қаржы нарығында ұсақ жинақтар мен табыстарды

шоғырландыратын жинақ мекемелері де маңызды орын алады:
жинақ банктері мен кассалары, өзара жинақ банктері (AҚШ-
тағы әр түрлi кооперативтiк банк мекемелерi), сенім-жинақ,
банктері (Ұлыбритания), ссудалык-жинак қауымдастықтары
(АҚШ), несие кооперативтерi (одақтар, қауымдастықтар).


Жинақ банкi - бұл кассалық есеп айырысу кызметі
бойынша жұмысты ұйымдастыратьн, бағалы қағаздар мен опера-
цияларды, еркін айырбасталатын валютаны сатуды және сатып
алуды жүзеге асыратын, азаматтарды несиелейтін, шағын сомаға
салым ақшаны кабылдайтын мемлекеттің несие мекемесі.


Келiсiмшарт негiзiнде әрекет ететің жинақ, мекемелеріне
сақтандыру компанияларын және зейнетақы қорларын жаткы-
зуға болады. Олар сақтандыру полисі иелерiнен және зейнетақы
қорында шоты бар азаматтардан қаржыны тұрақты алуымен,
яғни тұракты қаржы агынына ие болуымен сипатталады және
каражатты табысы жоғары болатын ұзақ, мерзiмдi қаржылық құралдарға инвестициялайалады.


Инвестициялық қорлар өздерінің бағалы кағаздарын
(акцияларын, инвестициялық пайларын) инвесторға сатады
және алынған қаражатты тiкелей қаржы міндеттемесін сатып
алу үшiн найдаланады. Олардың негiзгi түріне өз пайын инвес-
торға сататын және түскен қаражатқа көбiнесе акциялар мен
облигацияларды сатып алатын пай (өзара) қорлары жатады.
Пайдың құны өзгерiп отырады (әдетте, өседi) және бұл
инвесторға, егер ол пайды пай қорына сататын болса, табыс


алуына мүмкіндік бередi. .

Экономикасы дамыған елдердің қаржы нарығында пай
қорларының маңызы жоғары. Мәселен, AҚШ-тa ең серпiндi
дамып келе жатқан инвестициялық қорга алғаш рет 1972 жылы
пайда болған ақша нарығының пай қорлары жатады. Олардың
айырмашылығы мынада: оларды номинал құны 1 млн доллар
және одан жоғары болатын және төлемсiздiк тәуекелi төмен
қысқа мерзiмдi бағалы қагаздарға инвестициялайды. Көптеген
инвесторлар мұндай бағалы кагаздарга олардьщ құнының жоғары
болуына байланысты қол жеткiзе алмайды. Ақша нарығының
пай қорлары ұсақ инвесторларға нарықтың пайыз мөлшерлемесi
бойынша өз салымынан табыс алуына мүмкiндiк бередi және
мұнда қаражаттың кайтарылмай қалу тәуекелi аз болады.


Қаржы делдалдарының соңғы тобына әр түрлі типтегі
қаржылық
комnанuялар жатады. Олар ақша қаражаттарының
негiзгi бөлiгiн қысқа мерзiмдi мiндеттемелердi коммерциялық
қағаз түрiнде сатудан алады. Бұл компаниялардың қызметі
заңдық және атқарушы үкімет органдарының нормативтiк актi-.
лерiмен реттеледi:

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстанда баяу және қиын болса да нарыкққа өту процессі жүріп жатыр, жаңа экономиқалық, қатынастар қалыптасып, салық және заң шығарушы базалар жақсарып, нарық инфрақұрылымы қалыптасуда және осы процестерді логакалық аяқталуы ретінде қаржылық нарық қалыптасуда. Қаржы нарығын құру және қызмет ету процестерін реттеу механизмін тиімді ұйымдастыру және оның дамуындағы негізгі шарттардың бірін, яғни дәлме-дәл құқықтық қамтамасыз етуді орындау — реформаның маңызды және бірінші кезектегі міндеті болып отыр. Мұндай жағдайда нарықтық экономиканың дамуына бірнеше мемлекеттік ведомстволардың қатысуы елдің қаржы нарығына қатысты стратегиялыкқ немесе жедел басқару шешімдерінің барлық оң және тepic жақтарын қарастыруға мүмкіндік береді.


&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Қаржы делдалдығының артықшылығы неде?

2.Қаржы делдалдарының негізгі санаттары неде?

3.Депозиттік мекемелердің ерекшелігі неде?

4.Жинақ мекемелерінің ерекшелігі неде?

5.Қаржы делдалдарын мамандандырудың артықшылығы неде?
&&&

$$$002-010-000$3.2.10 Дәріс №10.Коммерциялық банктердің қаржы нарығындағы қызметі



  1. Банктердің функциялары мен түрлері

  2. Коммерциялық банктердің делдалдық операциялары

&&&


$$$002-010-001$3.2.10.1.Банктердің функциялары мен түрлері

Бүгінгі таңдағы коммерциялық банктер – бұл ҚР заңдарына сәйкес депозиттік, ссудалық және басқа да операцияларды жүзеге асыратын коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғалар.

Банктердің қаржы нарығының субъектісі ретіндегі екі негізігі белгісі болады:

● қарыздық міндеттемелерінің қосарланған айырбасы, яғни олар өздерінің қарыздық міндеттемесін ( депозиттерін, жинақ сертификаттарын және т.б. ) орналастырады. Ал осының негізінде жұмылдырылған қаражатты басқалар шығарған қарыздық міндеттемеге, бағалы қағаздарға орналастырады.

● заңды және жеке тұлғалардың алдында борыштың тіркелген сомасымен шартсыз міндеттемені өз мойнына алу.

Банктердің өзіндік ерекшеліктеріне қарай оларды екі негізгі түрге бөлуге болады: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін шығаруына айрықша құқығы бар орталық банк. Ол Қазақстанда ҚР Ұлттық банкі деген атауға ие. Оның басты міндеттеріне айналымға ақша шығару, банктердің арасында ақшалай тауардың саудасын жүргізу, банк жүйесінің эмиссиялық несие және есеп айрысу қызметін басқару жатады. Ол еліміздегі банктік жүйенің жоғарғы деңгейін құрайды.

Ұлттық банктің негізгі функцияларына мыналар жатады:

● Эмиссиялық – бұл орталық банктің ең маңызды функцияларының бірі. Қазіргі заманда қолма-қол ақшасызға қарағанда қолма-қол ақшаның маңызы артық болса да, банкнот эмиссиясы өз мәнін жоғалтпайды. Өйткені қолма-қол ақша төлемдерінің көп бөлігі үшін және борыштық міндеттемені түпкілікті өтеуге қаражатты қажет ететін несие жүйесінің өтімділігін қамтамасыз ету үшін бұрынғыша қажетті болып қала береді.

● Коммерциялық банктердің кассалық резервтерін шоғырландыру және сақтау функциясы. Оның мәні мынада: ұлттық несие жүйесіне мүше болып табылатын әрбір коммерциялық банк Ұлттық банктің резепвтік шотында оның салым ақша мөлшеріне арақатынасымен анықталған соманы сақтап қоюға міндетті.

● Елдің ресми алтын валюта резервін сақтайтын дәстүрлі функциясы.

● Үкімет органдарына несие беру және олардың есеп айырысу операциясын орындау. Мемлекеттік бюджеттерге жартысына дейін және одан да көп елдің ЖІӨ шоғырланады. Сол себепті Ұлттық банк үкіметтік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті үкімет органдарының шотын жүргізеді, осы шотқа олардың қаражатын шоғырландырады және оның төлемін жүзеге асырады.

● Мемлекеттік бағалы қағаздармен операцияларды жүзеге асырады.

● Мемлекетке қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді тікелей ссуда формасында немесе мемлекеттік облигацияларда сатып алудың формасында несие береді.

● Үкіметтік органдардың тапсырмасы бойынша алтынмен және шетелдік валюталармен операцияларды жүзеге асырады.

● Ақша саясатының (ол ең алдымен ақша массасының өзгерісін реттейді) және несие саясатының ( несие мөлшерін, пайыздық мөлшерлеменің деңгейін және ссудалық капитал нарығының басқа көрсеткіштерін реттейді) шаралар жиынтығын білдіретін ақша-несие саясатын жүзеге асырады.

Коммерциялық банктер көбінесе өздері салым түрінде алатын ақшалай капиталдың есебінен өнеркәсіп, сауда және басқа да кәсіпорындарды несиелеу бойынша әмбебап оперцияларды орындайтын жеке және мемлекеттік бактерді білдіреді.

Коммерциялық банктердің функциялары:

◦ мерзімсіз депозиттерді шоғырландыру ( ағымдағы шоттарды жүргізу ) және осы банктің атына жазылған чектерді төлеу;

◦ кәсіпкерлерге несеи беру;

◦ барлық ұлттық шаруашылықтың ауқымында төлем айналымын ұйымдастыру әрі есеп айырысуларды жүзеге асыру және т.б.

Орындалатын функциялардың санына қарай коммерциялық банктерді әмбебап банк және мамандандырылған банк днп бөлуге болады.



Әмбебап коммерциялық банк – бұл көптеген қарржылық операциялар мен қызмет көрсетулерді орындайтын несие мекемесі.

Мамандандырылған банк – бір немесе бірнеше функцияны орындайтын, сонымен бірге нақты экономика саласында өз қызметін жүзеге асыратын несие мекемесі.

Банкті функциялық мамандауына қарай инвестициялық, инновациялық, ипотекалық банктерге бөлуге болады.



Инвестициялық және инновациялық банктер – облигациялық займдарды, акцияларды және басқа да бағалы қағаздарды шығару әрі ұзақ мерзімді ссудаларды ұсыну арқылы ақша қаражаттарын ұзақ мерзімге шоғырландыруға маманданады. Инновациялық банктер де инвестициялық болып табылады. Алайда олар тек технологиялық жаңа енгізулерді ( инновацияның ) әзірленуін және игерілуін несиелейді.

Ипотекалық банктер жердің және жылжымайтын мүліктің кепілімен қаражатты ұзақ мерзімге тарту және орналастыру бойынша несие операцияларын жүзеге асырады.

...


&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 Коммерциялық банктердің делдалдық операциялары

Банктер қаржы делдалы ретінде мынадай операцияларды орындайды:


  1. несиедегі делдалдық;

  2. есеп айырысудағы делдалдық;

  3. кастодиандық делдалдық;

  4. брокер-дилерлік делдалдық қызмет және т.б.

Банктер биржалардың міндетті қатысушысы болып табылады. Олар биржалық операцияларды дербес ұйымдастыра алады, әрі бағалы қағаздар саудасы бойынша операцияларды да дербес орындай алады.

Коммерциялық банктер өз клиенттеріне әр түрлі депозит түрінде ақша сақтаудың қолайлы формаларын ұсынады, бұл өтімділікте клиенттің қажеттілігін қанағаттандыра отырып, олардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Банк бұдан басқа мына қызметтерді жүзеге асырады:


  • пассивті операцияларды;

  • активті операцияларды;

  • меншікті операцияларды.

Пассивті операциялар өзіңдік қаражаттың, тартылған және эмиссиялған қаражаттардың есебінен банк ресурстарын қалыптастырумен байланысты болады.

Меншікті қаражатқа акционерлік, резервтік капитал және бөлінбеген пайда жатады. Олар бұл жерде өте маңызды рөл атқарады, себебі өзіңдік капиталдың кемуі кейде банкті банкротқа ұшыратады. Коммерциялық банктің активті операциясының негізгі көзіне тартылған қаражат жатады.

Тартылған қаражат коммерциялық банк ресурстарының негігі бөлігін құрайды. Бұлар депозиттер, сонымен бірге контокорренттік және корреспонденттік шоттар.

Депозиттер талап етілгенге дейінгі, мерзімді және жинақ салымдарына бөлінеді.

Контокоррент – біріңғай шот. Ол арқылы банк пен клиент арасындағы барлық есеп айырысулар мен несие операциялары жүргізіледі.

Активтік операциялар банк ресурстарын орналастырумен байланысты. Оған ең алдымен несие оперциялары жатады. Несие берудің мерзімі белгілі бір мезгілге берілетін мерзімді несие және банктің алғашқы талап етуі бойынша қайтарылуы тиіс онкольдық несие деп бөлінеді.

Ссудамен қамтамасыз ету тұрғысынан вексельдік, тауарлық, қор және банктік операциялар бөліп көрсетіледі.



Вексельдік операциялар вексель есебі бойынша операцияға және вексель кепілімен берілетін несие операциясына бөлінеді.

Банктің маңызды активтік операцияларының түріне тауарлық несие жатады. Ол тауардың және варрант ( тауардың сақталуы үшін қоймаға алынғаны туралы күәлік ), темір жол жүк құжаты, коносамент ( жүкті кемеге қабылдау туралы пороход қоғамының күәлігі ), жүкті тиеу туралы жүк құжат секілді тауарға ілеспе құжаттардың кепілімен берілетін қарыз болып табылады.

Банктің активтік операциясының тағы бір түріне қор операциясы жатады. Оның объектілері - әр түрлі бағалы қағаздар. Бұл операция бағалы қағаздармен қамтамасыз етілетін және банк өз есебінен сатып алатын несие түрінде болады.

Бактің аса маңызды делдалдық операцияларына инкассалық, аккредитивтік, аударымдық және комиссиялық сауда операциялары жатады.



Инкассалық операция аты айтып тұрғандай операция болып табылады. Ол арқылы банк өз клиентінің табыс етуі бойынша ақшалай және тауарлық есеп айырысу құжаттарымен ақшаны алады. Инкассаға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар, шетелдік валюта және т.б. қабылданады.

Аккредитив – бұл аккредитивтік хатта көрсетілген шарттарда орындағанда компанияға немесе тұлғаға белгілі бір соманы төлеу туралы тапсырма.

Аударым операциясы банкке енгізілген алушының ақшасын басқа орында жүрген оған аударуды білдіреді.

Банктер жеке тұлғалар үшін мынадай сенімді (трастық) операцияларды орындайды:

1.мүліктік құқықтан уақытша айырылған тұлғалардың ( жетім-жесірлер, кәмелетке толмағандар ) мүліктерін уақытша басқару;

2.мұрагердің мүддесі үшін қайтыс болған тұлғаның мүлігін басқару;

3.капиталды көп пайда алу мақсатында басқару( акцияға, жылжымайтын мүлікке ақша салу );

4.құндылықтарды сйфтерде сақтау және т.б.

Банк операциясының бір түріне – лизингтік операция жатады. Банктер немесе лизингтік компаниялар өнеркәсіп, көлік және басқа да кәсіпорындарға машиналарды, құрал-жабдықтарды, өзге де негізгі қорларды ұзақ мерзімді пайдалануға белгілі бір жалдау ақысын белгілеумен береді. Банктер немесе лизингтік компаниялар жалға берілген мүліктің меншік иелері болып қалады.

Факторинг – бұл төлемдерді өндіріп алу бойынша және клиенттің табыстауымен бухгалтерлік есепті жүргізу операциясы.

2003-2015 жылдарға арналған ҚР Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес, екінші деңгейлі банктерге тәуекелділікті корпоративтік тұрғыдан басқару жүйесін енгізу жоспарында банк секторын одан ары дамытумен қатар белгілі бір банк қызметін көрсету бойынша мамандандыоылған банктерді құру жөнінде шаралар қабылданатын болады.
&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1.Банк дегеніміз не?

2.Банктің негізгі түрлері?

3.ҚР банктің қандай түрлері бар?

4.Коммерциялық банктер жүзеге асыратын делдалдық қызметтің мағынасы неде?

5. Коммерциялық банктердің негізгі пассивтік және активтік операциялары?
&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Инвестициялық компаниялар және қорлар.    



1. Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

2.Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

&&&


$$$002-011-001$3.2.11.1 Инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асырудың негіздері

«Инвестиция» үғымы кең мағынасында ел экономикасын қажетті қаражатпен қамтамасыз етудің механизмін білдіреді. Бүл мөселені шешу үшін тиісті қаржы институттары қүрылады, онын ішінде инвестицшшық қорларды бөлін көрсетуге болады,

Ол қаржы нарығында инвесторлардың мүддесін қорғау мақсатында және ақша қаражаттарын тартудың есебінен әрі осы ақша қаражатгарын әртараптандыруды ескере отырып, бағалы қағаздарға кейін инвестициялаудың есебінен қауіпті азайту мақсатында жүмыс істейді. Бүл қорлардың маңызы жоғары, өйткені ол өз қолына түпкі есебінде өндірістің дамуына жүмсалатын үсақ салымшылардың қаражатын шоғырландырады, сондай-ақ бүл қорлар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың кездері болып табылады. Оны олар кәсіпорынның акциясына, облигациясына тікелей бағыттай алады, банк депозиітеріне салады және т.б.

Инвестициялық қор өзіндік акцияларды шығару әрі ашық орналастыру жолымен жөне тартылған қаражагтың есебіне бағалы қағаздардың инвестициялық портфелін қалыптастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту бойынша қызметті жүзеге асыратын занды түлғаны білдіреді. Казақстанда ол акционерлік қоғам формасында қүрылады, кез келген заңцы және жеке түлға оның акционері бола алады.

Бүл қорлардың барлық қызметі әр түрлі бағалы қағаздарға инвестициялық салымдарды тартуға және тиісті табыс алу мақсатында портфельді қалыптастыруға негізделеді. Олар бүдан өзге қызмет түрлерімен айналыспайды.

Инвестициялық компания - бүл осы қордың қүрьштай-шылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бір-неше занды және жеке түлғалардың қаражатын тартатын жабық инвестициялық қор| Өз акционерлерінің айналысқа шығарған акцияларын сатып алуға міндетті болмайды, ал оның жарғылық капиталы жалпы акционерлер жиналысының шешімінсіз қосым-ша акцияларды шығару арқылы кобейгілмейді немесе акциялар-дың бір болігін өтеу арқъшы кемітілмейді. ЯЛнвестициялық компаниянын акциялары қор биржаларында аиналысқа түседі. Компанияның күн сайын акция бағасын белгілейтін міндетгемесі болмайды, артықшылыгы бар акцияны шығаруға күқығы бар.

Үлестік (шартты) және акционерлік (корпорациялық) инвестициялық қорлары бөліп көрсетіледі.



Үлестік инвестициялық қор (шартты) бьшайша бәлінеді:

  • ашық - пайды 2 аптада ең аз дегенде 1 мәрте сатып алады;

  • жабық - жарнашының (пайшы) пайда (үлесті) сатып алуға қүқығы болмайды;

  • интервалды - пайды жылына ең аз дегенде 1 мәрте сатып алуы керек.

Оның жарғылық капиталы қүрылтайшылардың (үлескер-лердің) салым қаражатының үлестерінен қүралады. Оның басқа қызмет түрлерін атқаруға қүқығы болмайды, бағалы қағаздар үйымдастырылған нарыққа түспейді.

Сонымен қатар акционерлік қор акцияларды айналысқа шығару жолымен жарғылық қорды қалыптастырад

Инвесторлық қордың акционерлік формасының артықшы-лығы мынада: нарықта пайға қарағанда акцияны сату оңай, қордың акционері жай АҚ-дағы секілді акцияны сатып алуды талап ете шіадьқ Акционерлік инвестициялық қордың негізгі сипаттамасы мынада: ол басқа қызмет түрлерін жүзеге асыр-майды және жай акциядан езге қаржылық қүраладарды шығар-майды. Қордың бағалы қағаздары үйымдастырылған нарықта айналысқа түспейді, ал жарғылық қор акциялардан қүралады.

Инвестициялық стратегиясының сипатына қарай шарт-ты түрде мына санаттарға бөлінуі мүмкін:

1. Бағамдарының тәуекелі шектеулі бағалы қағаздарға капн-талды инвестициялаушы.

2. Бағалы қағаздар бағамының тәуекелі шектеулі жоғары болған жағдайда табыстың өсіміне бағдарланушы.

3. Қаржылық активтерді әртараптандырушы.

4. Ақша нарығының пайыздық молшерлеіуіесін капиталдандыруға маманданушы.

Бірінші санатқа кебінесе жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік инвестициясын жөне тәуекелі төмен багалы қағаз-дарға жатқызылган мемлекеттік емес облигацшіларды сатып алатын үжымдық инвестиция мекемесі жатады.

Екінші топқа үзақ мерзімді инвестицияларды жүзеге асыра-тын қорлар кіреді. Олар акцияның базасында пайда болған бағалы қағаздарды, айырбасталатын облигацияны және акцияны сатып алады. Мүндай компанияның клиенттеріне қауіпі жоғары болатынына қарамастан өз акцияларының ең аз дегенде бір бөлігін орналастыруға келісімін берген түлғалар жатады.

Үшіншісіне әр түрлі бағалы қағаздарға үзақ мерзімді қаражат салымдарын диверсификациялайтын қорлар жатады, ейткені бүл капиталдан айырылып қалудың қауіпін азайтатын сенімді әдіс болып табылады. Мүндай инвестициялық стратегияны жүргізу үшін үлкен капиталға ие болу керек.

Төртінші топ ақша нарығының пайыздық мөлшерлемесін капиталдандыруға маманданған қорларды қамтиды. Олар өте қысқа мерзімді инвестицияларды жүзеге асырады, тіпті бір күн-дік мәмілелермен де айналысады. Сол себепті де капиталдан айы7 рылыи қалудың қауігіі аз болады. Портфельдік инвестицияның қүрылымы мен мүндай инвестициялық қорлардың клиентурасы әр түрлі - банк депозиті бойынша табыспен салыстырғанда өз ақшаларына ең жоғары пайызды алғысы келетін жеқе түлғалар мен фирмалар.

Әрбір елдегі инвестициялық қорлардың қызметі қор нары-ғының ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болады. Көптеген елдердің портфельдік инвестициясының қүрамында акциялар емес, облигациялар мен қысқа мерзімді бағалы қағаздар басымдылықтарға ие.

Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде көбінесе акция, мемлекеттік облигация, қысқа мерзімді бағалы қагаздар және т.б. секілді акцияның белгілі бір типтерін басқаратын маманданған инвестиці-шлық қорлар көптеп кездеседі. Мысалы,

Қор негізінен ұсақ, жеке инвесторлардың есебінен акция-ларды айналымға шығару арқылы ақша қаражатгарын тартады. Қор түскен қаражатқа кәсіпорындар мен банктердің бағалы қағаздарын сатьш алады және өз салымшыларын акция бойынша белгілі бір табыспен қамтамасыз етеді.

Инвестициялық қор өз қызметіиде нақты қагидаларды басшылыққа алады:



  • инвестициялық салымдарды әртараптандыру;

  • бағалы қағаздармен аса қауіпті операцияларды жүзеге асыруға тыйым салу;

  • бағалы қағаздарды сатып алуда кәсіби тәсілдемені қолдану;

• жеке инвесторға қарағанда мол қаржыға ие болуД) Инвестициялық қор өндіріспен және сауда-саттықпен

айналыспайды (бағалы қағаздар мен қаржылық қүралдардан езге), кез келген кепілдік түрін бермейді, басқа инвестициялық қорлардың, сондай-ақ кастодианның, тіркеушінің және бірлес-кен түлғалардың эмиссиялық емес бағалы қағаздарын, акция-ларын сатып алмайды; 6 айдан көп болмайтын мерзімге банк-терден қарыз қаражатын тартады, бағалы қағаздармен кепілдікті мәмілелерді орындайды, қарызды кез келген төсілмен береді, сонымен бірге опциондықжәне фьючерстік шарт мәмілелерімен, маржа, «ықшамдап сату» мәмілелерімен айналысады.

Инвестициялық қордың үйымдық қүрылымын былайша корхетуге болады: акционерлердің жалпы жиналысы -» басқарма —> инвестициялық қордың басқарушысы.

Кез келген АҚ акционерлерінің жалпы жиналысының қүзы-ретгілігіндегі негізгі мәселелерден басқа инвестициялық қорда олар мынадай мәселелерді шешеді:



  • инвестициялық қордың типін қайта қүру (өзгерту) туралы;

  • инвестициялық деюіарацияға өзгертулер меи толық-тыруларды енгізу туралы;

бағалы қағаздар портфелінің басқарушысымен, сондай-ақ тіркеушілері және кастодиандармен келісімшартқа отыру (бекіту) туралы.

Қордың атқарушы органына басқарма жатадьіі Басқар-маның заңца қарастырылған қүзыреттілігінен озге де өз қүзырет­тілігі болады, мысалы, ол бүқаралық ақпарат қүралдарында басқарушының қызмет нәтижесін және қордың қызметі мен. қаржылық жағдайына қатысты нәтижелерді үдайы жариялап отырады. Басқарманың мүшелері лауазымды түлғалардың, осы қорды басқаратын басқарушының, брокердің функцияларымен айналыспайды (тыйым салынған).

Инвестицгылық қордың басқарушысы - бағалы қағаздардың портфелін басқару бойынша кәсіби қызметті орындайтын және инвестициялық қормен бекітілгеи келісімшарітың негізінде әрекет ететін занды түлғаі Мүндағы міндетті шарт - тиісті лицензі-шның болуы. Басідрушы бағалы қағаздардың портфелін басқару жөніндегі келісімшарзты бір мезгілде бір немесе бірнеше инвестициялық қормен бекіте алады," алайда бүл арада инвестициялық декларацияның мазмүны әр түрлі болуы керек.

Инвестициялық қордың қызметі Қазақстан Республикасы-ның қолданысындағы зандар жиі бүрмаланған жағдайда, басқа-рушының лицензиясы қайтарылып алынған жағдайда және қорлар озіндік акцияларды өзара сатып алуға қабілетсіз болғанда тоқгатылады
&&&

$$$002-011-002$3.2.11.2 Инвестициялық қорлардың негізгі түрлері мен типтері

Казақстан Ресітубликасының заңдары инвестициялық қорлардың белгілі бір типтерін анықтап береді.

Екі негізгі тииі: өзара қор және инвестициялық компания бөліп көрсетіеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет