$$$UMKD_LANG$KZ
$$$UMKD_NAME$ЭПОӘК атауы Жалпы психология
$$$UMKD_AVTORS$ЭПОӘК авторлар псх.ғ.к. Джумажанова Г.К., Аманова А.К.
$$$UMKD_YEAR$2012
@@@
###000-001#
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ
БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПӘННІҢ ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Тәрбиешінің шеберлігі және кәсіби іс әрекеті»
5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы үшін Құрастырған:
псх.ғ.к. Джумажанова Г.К.
Семей 2013 &&&&
Мазмұны:
-
Глоссарий
-
Жұмыс бағдарламасы
-
Дәріс сабақтарының мазмұны
-
Семинар (практикалық) сабақтарының мазмұны
-
Оқытушы жетекшілігімен орындалатын
студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
-
Студенттің өздік жұмыстарына әдістемелік нұсқаулар
7. Бақылау құралдары
ГЛОССАРИЙ
Педагогикалық шеберлік деструкциясы – бұл тұлғаның психологиялық құрылымда пайда болатын бұзылыс, өзгеріс немесе деформация болып табылады. Педагогикалық шеберлік деструкциясының пайда болуы және дамуы іс- әрекетті орындау өнімділігін төмендетеді, мотивация мен педагогикалық позицияға негативтьі әсер етеді. Педагогикалық шеберлік деструкциясының дамуын детерминациялайтын факторлардың көп болуын объективті және субъективті деп бөлуге болады.
Педагогикалық технология шеберлігі – білімдарлық үрдісті көтеру, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ету, оқушылардың жұүмыс істеу ерекшеліктерінеп , әдістемелік тәжірибесіне, жаңашыл әдістерін кеңінен пайдалануға үлкуен мән беру болып табылады.
Шеберлік – ол өте көп мағынада қолданылады. Мысалы: қстамдылық, іскерлік, өнерпаз, іскер, ұста, білімпаз т.б. Шебердің қолы ортақ деуге болады.
Сөз – белгілі бір мағынаға ие, заттар мен құбылыстардың атауын білдіретін тілдің негізгі формасы. Мысалы: сөзі мірдің оғындай, сөзі бір жерден шықты, сөзінің жаны бар.
Тәрбиеші –сабақ беретін оқытушы, ұстаз. Ол педагогикалық қабілеттілігі, психикалық ерекшеліктері, сөйлеу шешендігі, жүйке жүйесінің мықтылығы сияқты сипаттардан басқа, балалармен тіл табыса алу қабілетімен де ерекешеленеді.
Педагогикалық қабілеттілік – педагогикалық жүйенің талаптарын сезіне отырып, осы талаптардың оқушыларда бейнелену ерекшеліктьерін аңғару және қажетті нәтижеге жету үшін оқушыларға әсер етудің мүмкін болатын әдіс- тәсілдерін орынды қолдана білі қабілеттілігі болып табылады. Педагогикалық қабілеттілігі бар студент педагогикалық іс- әрекетті тез меңгеріп кетеді. Болашақ шебер педагогтың кәсіби қалыптасуы, оның педагогикалық қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады.
Педагогикалық техника- өз- өзін басқара білу және педагогикалық мәселелерді шешу процесі барысында өзара әрекеттестік жасай алу қабілеттіктерінен тұратын, мұғалімнің жүріс- тұрысының ұйымдастырылуының ерекше формасын көрсететін педагогикалық шеберліктиің элементі.
Педагогикалық біліктілік – ол іс- әрекетке деген дайындық және іс- әрекеттің көзі. Мұғалімнің педагоги калық біліктілігі бірлесе педагогикалық шеберлікті айқындайды. Мұғалімнің педагогикалық біліктілігі оның мамандығына, дипломына , сапасына сәйкес анықталады.
Педагогикалық шебер мұғалім – педагогтың берілген уақыт аралығында тиімді нәтижеге жетуінде көрінетін, балаларды үнемі түсінетін, ұғатын, өзгелердің пікірін тыңдайтын, өзгелерді сыйлайтын шебер адам. Педагогикалық шебер мұғалім болу өте қиын. Ол үшін аянбай тер төгіп, еңбек ету керек.
Педагогикалық эмпатия – ол гректің «empatheia» , әсерленулерге ортақтасу, жаңашырлық, адамның әсерленуіне ортақтасу барысында сол адамның ішкі әлеміне еніп кету болып табылады. Эмпатия ұғымдарына түсініктемелер берген ғалымдаро қатарына В.Дильти, К.Юнг, У.Е.Мелибруда, Х.Хекхаузен т.б.
Тактикалық шеберлік – ол қандай да бір мақсатқа жетудің жолдары немесе әдістері, міндеттер жүйесі болып табылады. Мысалы, тәрбиелеу және оқушыларды еңбекке баулу мәселелері жөнінде педагогикалық шебер мұғалім мынадай тактикалық міндеттерді іске асыру тиіс:
-
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өмірге, түрлі іс- әрекеттеріне көзқарасын, белсенділігін, ынтасын арттыру;
-
Педагогикалық шебер мұғалімнің сынып құжаттарында оқушылардың әлеуметтік пікірін қалыптастыруы;
-
Педагогикалық шебер мұғалімнің оқушылардың өзіндік басқаруының ролін көтеруге тырысуы т.б.
Педагогикалық қарым- қатынас шеберлігі – педагогикалық шебер мұғалім кім- кіммен болса да жақсы қарым- қатынас жасай білуі тиіс. Қарым- қатынас адамдармен , ұжыммен, топпен, жекелей түрде де болуы мүмкін.
Аффект- «жан толқуы» деген латын сөзі. Бұл адамның психологиялық күйініш, сүйініш сезімдері үстіндегі көңіл күйінің айқын көрінісі (сезімі мен эмоциясы) Мәселен қайғырып жылау немесе шаттық сезімі билеген адамның қарқылдап ішегі түйілгенше күлуі сияқты әралуан аффектік жағдайлар.
Әрекет- белгілі мақсатты орындауға бағытталған оңашаланған қимыл. Ол қимыл қозғалыс арқылы орындалатын сыртқы және ақыл оймен орындалатын ішкі әрекет болуы мүмкін.
Бағдарлау реакциясы-жағдайдың өзгеруіне орай организмнің өте күрделі әрі арнайы тітіркендіргіштерге
Эвристика-грек сөзі, қазақша табамын деген мағына береді.
Пластика-гректің пластикосдеген сөзі, мәнер қалдыру деген мағына береді.
Ассоциация-ассоциатио-латын сөзі, амал деген мағына береді.
Мнемоника-грек сөзі. Жаттау өнері дген мағына береді.
Реминисценция-латынның реминицентиа деген сөзі, еске түсіру деген мағына береді.
Ретроактив- латын сөзі, кері әсер етуші деген мағына береді.
Проактивтік- латын сөзі, ілгері әсер етуші деген мағына береді
Психастения- 1) психикалық элсіздік; 2) ақыл- ойы кем, ақыл- ой мешеулігі.
Психика- (грек рзусһікоз - ішкі сезім, көңіл күй) - объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті.
Психикалық ахуал - ( Психическое состояние) - психикалық процестің динамикалық керінісін жэне индивид психикасының белгілі бір қалыптасқан шартты кезі мен көрінісін айқындайтын үғым.
Психикалық детерминизм -(Психический детерминизм) - барлық
психикалық актілер мен көріністердің өзіндік себебі мен мағынасы бар және олар бұрынғы нәрселердің күйіне тэуелді дейтін біржақты көзқарас.
Психикалық процестер - (Психические процесы)- адамның миында болатын және сезімде, қабылдауда, қиялда, зердеде, ойлауда, сөйлеуде үнемі жэне өзгермелі түрғыдан бейнеленетін ішкі өмірлік қызмет процестері.
Психикалық энергия -(Психическая энергия) -психикалық аппарат пен психикалық көріністің негізін өлшеуге лайықты энергия түрі.
«Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» пәнінің жұмыс бағдарламасы
Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгенрістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің (біліктілігінің) жоғары деңгейде болуын талап етеді. Тәрбиешінің жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі - өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын дербес білімді маман болуы керек. «Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» курсы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі педагогикалық пәндердің (оқулықтардың бірі болып табылады, әрі студенттер бойында психологиялық сауаттылықттың, компитенттіліктің, жалпы мәдениет пен педагогикалық қабілеттерінің дамуына үлес қосады) ықпал етеді.
Курстың мазмұны
«Тәрбиешінің педагогикалық іс-әрекетін ұйымдастыру» курсы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша студенттерді дайындаудың жалпы педагогикалық жүйесіндегі орталық модулдердің бірі ретінде оқытудың обьектісі болып табылады.
Курсты оқыту студенттің ойлау іс-әрекетін арттырудың түрлі әдістері: проблемалық жағдай материалды баяндаудың диалогтық әдісі, мнемосхеманы пайдалану т.б. әдстері қолданылатын елкция, семинар және лаборатория сабақтары арқылы жүзеге асады. СӨЖ формалары: педагогикалық әдебиеттерді аннотациялау мен конспектілеу, педагогикалық сөздікті енгізу, лицензиялау, педагогикалық сөздік жасау, педагогикалық тренинг.
Курстың мақсаты:
Негізгі мақсат – болашақ тәрбиеші маман ретінде студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. «Мектепке дейінгі педагогика», «Балалар психологиясы», «Педагогиканың жалпы негіздері», «Педагогикалық процесс тәрбиешінің іс-әрекетінің объектісі ретінде», «Жоғары мектептегі тәрбие жұмысының методикасы», «Педагогикалық шеберлік», «Даму психологиясы», «Педагогикалық психология», «Әлеуметтік психология» курсын игеруге ықпал етеді. Жоғары кәсіптік білім беруде Мемлекеттік стандартқа сай.
Курс міндеті:
Тәрбиешінің педагогикалық біліктілік іс-әрекеттің барлық түрін тұлғаның әлеуметтік іс-әрекетіндегі қажеттілікке, дүниетанымы мен қабілеттерін қалыптастыруға, жан-жақты дамуы мен жетілуіне бағыттау мен белсенділігін арттырудағы мамандық шеберлік. Қазіргі педагогикалық білім беру концепциясы болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, терең ғылыми кәсіптік-педагогикалық дайындыққа қол жеткізу үшін алғы шарт жасауды ұсынады.
Студент білуі қажет:
-
әлемдік тарихи педагогикалық ой дамудың негізгі кезендерін сипатта алуы;
-
Қазақстандағы мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық ой дамудың негізгі кезеңдерін сипатта алуы;
-
Жекелеген халықтар мен өркениетердің мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық дамуына қосқан үлесін талдай алуы;
-
өткеннің тербие мен білім беру тәжірбиесін қазақ оқу-тәрбие мәселелерін шешуде қолдану мүмкіндіктеріне талдау жасай білу;
-
Мектепке дейінгі ұйымдар және педагогикалық сының сол не өзге кезендегі әлемдік тарихи жағдайларда педагогикалық процестегі орының айқындай алуы;
-
Тарихи педагогикалық әдебиетпен жұмыс істей алуы, бұл білімдерді нақты тарихи жағдайларда қолдана алуы тиіс.
Курс мазмұны
№
|
Тақырып атаулары
|
Дәріс
|
Тәжірибе
|
ОСӨЖ
|
СӨЖ
|
1.
|
Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы
|
2
|
|
1,5
|
|
2
|
Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің қызметінің құрылымы
|
|
2
|
|
4
|
3
|
Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.
|
2
|
|
|
4
|
4
|
Тәрбиешінің жеке тұлғасына қойылатын психо-педагогикалық талаптар.
|
|
2
|
|
4
|
5
|
Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі
|
3
|
|
4,5
|
|
6
|
Педагогикалық техника тәрбиешінің - еңбек құралы
|
2
|
|
1
|
8
|
7
|
Тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті
|
|
2
|
1,5
|
|
8
|
Педагогикалық қарым-қатынас стилі
|
3
|
|
|
8
|
9
|
Педагогикалық этикет.
|
|
3
|
1,5
|
|
10
|
Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы
|
2
|
|
|
8
|
11
|
Отбасы және балабақша арасындағы байланыс
|
2
|
|
|
6
|
12
|
Тәрбиеші және бала
|
2
|
|
1
|
4
|
13
|
Тәрбиешінің жеке тұлғалық маңызды сапалары
|
|
2
|
4,5
|
|
14
|
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
|
4
|
|
1
|
4
|
15
|
Тәрбиеленушілермен жекелей жұмыс түрлері
|
|
2
|
1,5
|
2
|
16
|
Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелері
|
2
|
|
|
6
|
17
|
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар
|
4
|
|
|
6
|
18
|
Педагогикалық ынталандыру (стимулирование)
|
|
2
|
|
2
|
19
|
Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі
|
2
|
|
4,5
|
1,5
|
|
Барлығы: 135 сағат
|
30
|
15
|
22,5
|
67,5
|
Негізгі әдебиеттер:
-
Буре Р.С., Островская Воспитатель и дети. – М., 1979
-
Глебова С.В. Детский сад – семья: аспекты взаимодействия. – Воронеж, 2005
-
Зверева О.Л. Кротова Т.В. Общение педагога с родителями в ДОУ. – М., 2005
-
Козлова А.В., Дешеулина Р.П. Работа ДОУ с семьей. – М., 2004
-
Белая К.Ю. Методическая работа в ДОУ. – М., 2006
-
Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Работа с родителями в ДОУ. – М., 2005
-
Микляева Н.В. Создание условий эффективного взаимодействия с семьей. М.,2006
-
Гиппенрейтер Ю.Б. Общаться с ребенком. Как? – М., 1997
-
Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Учимся общаться с ребенком. - М., 1993
-
Белая К.Ю. Инновационная деятельность в ДОУ. - М., 2006
-
Корепанова М.В. Липчанская И.А. Аттестация педагогических и руководящих работников ДОУ. - М., 2006
-
Тонкова-Ямпольская Р.В., Черток Т. Я. Воспитателю о ребенке дошкольного возраста. - М., 1987
-
Детский сад / под ред. Тарасовой Л.П. – М., 1997
-
Денякина Л.М. Новые подходы к управленческой деятельности в дошкольном образовательном учреждении. – М., 1997
-
Психология воспитания / под ред. Петровского В.А. – М., 1995
-
Панько Е.А. Психология деятельности воспитателя детского сада. – Минск, 1986
-
Микляева Н.В., Микляева Ю.В Работа педагога-психолога в ДОУ. – М., 2005
-
Чиркова Т.И. Психологическая служба в детском саду. – М., 1998
-
Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигиене общения. – М., 1987, стр. 173-178.
-
Кан- Калик В.А. Учителю о педагогическом общении. М., 1987., стр. 46-62, 96-110.
-
Глушкова Г. Диагностический проект как форма тематической проверки // Дошкольное воспитание. 2003. №3. С.43-46.
-
Фридман Л.М. Пушкина Т. А. Каплунович И.Я.Изучение личности учащегося и ученических коллективов.- М., 1988., стр. 15-17.
-
Царегородцева Е.Оценочная деятельность студентов. // Дошкольное воспитание. 2006. №5. С.111-113.
-
Горлова Н. Раннее обучение иностранным языкам: проблемы и пути развития // Дошкольное воспитание. 2001. №5.
-
Арнаутова Е. Самоанализ опыта общения с родителями. // Дошкольное воспитание. 2002. №4. С.47-56.
Қосымша әдебиеттер
-
Эльконин Д.Б. Психология игры. – М., 1985
-
Эльконин Д.Б. Психическое развитие в детских возрастах. – М., 1996
-
Мухина В.С. Детская психология. – М., 1989
-
Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 1968.
-
Карабанова О.А. Игра в коррекции психического развития ребенка - М., 1997
-
Петровский В.А., Виноградова А.М., Кларина Л.М. Воспитателю о личностном общении. – М., 1992
-
Фалькович Т.А., Толстоухова Н.С., Обухова Л.А. Нетрадиционные формы работы с родителями. – М., 2005
-
Методика оценки и измерения качества освоения и усвоения детьми базового содержания дошкольных образовательных программ. Алматы., 2004
Дәріс сабақтарының тақырыптары және жоспары
Тәрбиешінің кәсіби іс-әрекеті және тұлғасы
-
Тәрбиешінің тұлғасы туралы тусінік .Тәрбиешіге қойылатын талаптар. Кәсіби іс-әркет мазмұны, әдістер мен формалары. Тәрбиешінің шеберлігін арттыру пәніннін басқа педагогикалық пәндермен сабақтастығы, мақсаты және міндеттерін ашу.
-
Қазіргі қоғамдағы тәрбиешінің рөлі.
Тәрбиешінің қазіргі қоғамдағы алатын орны. Тәрбиешінің кәсіби іс- әрекетін жетілдіру жолдары. Тәрбиешінің біліктілігі. Тәрбиешінің қызметіндегі нормалардың сипаттамалыры, олардың мақсаты, мазмұны, қажеттігі.
Тәрбиешінің оқу-таным әрекетін ұйымдастыру шеберлігі
Оқу-таным іс-әрекетін жоспарлау қызметі.Оқу таным іс-әрекетінің ақпараттық қызметі. Оқу-таным іс-әрекетінің бақылау және бағалау қызметі. Тәрбиеші міндетіне сәйкес тәрбиеші тұлғасының маңызды қасиеттері.
Педагогикалық техника тәрбиешінің еңбек құралы
Жаңа технологиялар және оның құрамды бөліктері.Білім берудегі инновациялық технологиялар.Жас тәрбиешілердің ұстаздық техникасында жиі кездесетін кемшіліктер. Білім беру мен тәрбиелеудік озық тәжірбиелерімен таныстыру. Қазіргі білім сапасын арттыру бағыттары.
Педагогикалық қарым-қатынас стилі
Қарым-қатынас стилдерінің түрлері. Қарым-қатынас деңгейлері және қалыптасу кезеңдері. Қарым-қатынас стилін оқу –тәрбие процесінде дұрыс қолдана білу
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдары. Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктері. Жас кезеңдер. Жас кезеңдерге сай даму ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуында кездесетін қиыншылықтар. Балабақшадағы алғашқы күндер. Еркелік. Гиперактивтілік, гиперопека
Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелері
Мектеп жасына дейінгі диагностикалау әдістемелер түрлері.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін диагностикалау әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің даму деңгейіне сипаттама.Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін зерттеу ерекшеліктері. Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдау ерекшеліктері, зейінін диагностикалау әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ес процесі және қиялының даму деңгейін зерттеу әдістері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлері, тілінің дамуын зерттеу ерекшеліктері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлері, тілінің дамуын зерттеу ерекшеліктері.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау түрлерін зерттеу ерекшеліктері.Қолдану әдістері. Қорытынды жасау
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар
Мектепке дейінгі мекемедегі нормативтік құжаттар түсінігімен танысу. Мектепке дейінгі мекемелердегі құжаттың түрлері. Мемлекеттік стандарт. Бағдарлама. Типтік ережелер. Білім беру заңы. Бала құқығы туралы заң. Отбасы және жанұя туралы заң. Оқыту мен білім берудің жұмыс бағдарламалары.
Тәрбиеші тұлғасының өзін-өзі кәсіптік жетілдіруі
Тәрбиеші тұлғасы ұғымының ғылыми талдауы. Тәрбиешінің жеке тұлғалық мәнді сапалары туралы жалпы түсініктер. Тұлға құрылымы, маман түсінігі, Тұлғаның сыртқы белгілерін бақылауы, олардың адам даму процесіндегі ролі. Тәрбиеші тұлғасының дамуына әсер етуші факторлар. Біліктілігін арттыру түрлері.
Тәрбиешінің ата-аналармен қарым-қатынасы
Тәрбиеші және ата-ана. Ата-аналармен қарым-қатынас түрлері. Тәрбиеші және бала. Ата –ана, бала, тәрбиеші. Отбасы және балабақша арасындағы байланыс. Тәрбие отбасынан басталады. Бала тәрбиесіндегі тәрбиешінің ролі.Отбасы және балабақша арасындағы байланысты нығайту шаралары. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру түрлері. Ата-аналарға арналған кеңестерді құру. Қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру. Тәрбиеші және бала. «Балабақшада тәрбиелеу бағдарламасында» ерте жастағы бірінші кіші топтан бастап, балаларға қолжетімді пайдалы әдеттерді және мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыруға үлкен назар аударылған. Мұндайда жетістіктер педагог ата-аналармен жақын байланыс орната алуына, балаларға бірыңғай талаптар қоя алатындығына және бұл талаптардың отбасыда және балабақшада орындалуының жүйелілігімен қамтамасыз ете алуына байланысты болады. Тәрбиелеушілер, мысалы, баланың тамақ ішер алдында қол жуып немесе жатар кезде өз киімін ұқыпты жинап салуға үйренуіне қаншалықты күш салса да, бұл әдет оны үйде сақтап тұрмаса, қалыптанбайды.
Ата-аналармен жұмыс істеудің түрлері алуан түрлі болу мүмкін: бұл кездесулер, ата-аналар жиналыстары, ойлау конференциялары, тәрбиелеу мәселелері туралы тақырыптық пікірталастар, «дөңгелек үстелдер», ең үздік отбасы тәжірибесін ұсыну, ата-аналар лекторийлері, ата-аналар қатынас клубтары, балалардың шеберліктерін көрсететін фотокөрмелер, ата-аналардың балабақшадағы сабаққа қатысуы, сонымен қатар тәрбиелеушілердің өз тәрбиеленушілерінің отбасыларына баруы. Осындай жұмыс түрлерінің жемісті болуының басты шарты – еріктілік және өзара қызығушылық.
Әр топтың ата-аналарымен әңгімелескенде осы жаста негізі салынатын және барынша көп назар аударылуы керек дағдылар мен әдеттер туралы ғана айтпай, балалар одан бұрын ие болуы керек дағдылар мен әдеттер туралы айтып беру керек, яғни осы не басқа жастағы балаға қажетті ептіліктердің барлық кешенін баяндау керек. Тәрбиелеуші әңгімелесуді өз тобының баларының өмірінен алынған мысалдармен толтырып, жақын уақыттағы тапсырмалар туралы баяндайды.
Еліміздің болашақ азаматының жеке басының көптеген бағалы қасиеттерін, оның мінез-құлқын, әрекеттерін қалыптастырудың құрамына балада мектепке дейінгі жаста қажетті дағдылар мен әдеттерді: адамгершілік мінез-құлық, мәдени-гигиеналық және тағы көптеген басқа әдеттерді құру кіреді.
Ата-аналармен әңгімелескенде тәрбиелеуші әдеп сақтауы керек. Басқа балаларға тән емес жағымсыз әдеттерге қатысты кейбір жағдайларда әкемен, анамен не апасымен оңашада сөйлескен пайдалы. Әрбір отбасы біртума, кез келген адамның бейнесі де біртума, әр отбасыда дәстүр, салттары, тұрмыс салты бөлек. Сондықтан да тәрбиелеушінің ата-ананы баланың мектепке дейінгі жасқа ие болатын барлық дағдылар мен әдеттерімен таныстыру әрекеті нәтижесіз болар еді. Дегенмен ең маңызды дағдылар мен әдеттерді қалыптандыру туралы, оларды қалыптастырудың негізгі жағдайлары туралы әңгімелесу орынды болар.
Мінез-құлық мәдениеті туралы, сыпайылылық туралы айтқан кезде, мәселе этикетке қатысты емес екендігін, мәдени мінез-құлықтың мәдени-гигиеналық дағдылар мен әдеттері алаламайтын ережелерден артығырақ нәрсе екендігін баса айтқан жөн. Басқалары сияқты осы дағдылар мен әдеттер баланың өзін қоршаған болмысқа деген саналы қатынасына және сезіміне негізделеді. Бала өседі, және біздің көмекшілеріміз болып оның сезімдері ғана емес, сонымен қатар оған неліктен жақсы істеу керек, ал жаман істемеу керектігін түсіндіре алу мүмкіндігі де болады. Ол біз оны сөзбен және өз мысалымен үйреткендей әрекет етуге дағдыланады да, ақырында осыны қажетсінеді.
Жеке әдеттер жалпылау әдеттердің қалыптасуына әкеледі, ал осы соңғылар сенушілікпен, өзін-өзі ұстаудың әдеттегі жолдың көпшілікпен қабылданған нормаларға сәйкес келуін түсінумен толықтырылады, және міне, әдет мінез-құлық белгісіне айналады.
Мәдени-гигиеналық дағдылар қалыптасып, одан кейін қайталанумен орнығады. Балалардың бай қиялына байланысты дағдылар, жаттығулар кейде қызық ойынға айналып кетеді. Мұндай ойын сабын көбігін Аяз Атаның сақалына ұқсас деп табатын баланың өз бастамасымен, не балдырғанға қуыршақтың қолын жуу туралы еске салатын үлкен адамның бастамасымен жүреді.
Баланы осы не басқа мәдени-гигиеналық дағдыларға үйретеді. Әрине, талаптарға бағындыруға болады. Бірақ бұл қажет пе? Баланың өзі ең орынды шешім тауып, оны қажет болса өзі пайдалануы анағұрлым маңызды. Тағы бір әдет – болмысқа дербес қарау – дәл осыдан басталмай ма?
Баланы дені сау және ақылды, ұқыпты және кішіпейіл, ұжданды және сыпайы, еңбек сүйгіш және епті етіп тәрбиелеу, оның бойына ең жақсы қасиеттерді сіңдіру – бұл балабақшаның және отбасының ортақ қамы.
Балабақша мен отбасының талаптарының бірлігі ғана балаға рухани және физикалық күшінің толыққанды дамуы үшін жағдай жасауға, баланың өмірін пайдалы істермен және жақсы әрекеттермен толтыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |