Л.Н.Гумилев атындағы
Eуразия ұлттық университетінің
баспасөз-қызметі
Қазақстан Республикасы
Астана қ.Мирзоян көш. 2
тел: 8 (7172) 70-95-48)
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жұмыс орындарының жәрменкесі
2013 жылғы 30 сәуірде сағ. 10.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Жұмыс орындарының жәрменкесі-2013» атты 9 дәстүрлі жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңке мақсаты жұмыс беруші мен жұмыс іздеп жүрген түлектердің қызығушылықтарын түйістіру. Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі болып табылатын жұмысқа орналасу мәселелерін шешу бойынша ЕҰУ мен жұмыс берушілер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенттері түрлі ұсыныстарды бағалап, жас мамандарға арналған түрлі бағдарламалармен танысуларына мүмкіндік беріледі.
Жәрмеңкеге көптеген мекемелердің, департаменттер мен түрлі ұйымдардың, дипломатиялык өкілдіктен, "Цеснабанк" Акционерлік қоғамынан, «Биомедпрепарат» ғылыми-зертханалық орталығынан, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамынан, "Ромат" фармацевтикалық компаниясынан, "Build Investments Group" холдингінен, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінен, ҚР Ұлттық биотехнология орталығынан және т.б көптеген компаниялардың өкілдері шақырылған.
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ 2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болғаны бәрімізге мәлім.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті барлық талаптарға сай. 2012 жылы Тәуелсіз қазақстандық агенттіктің бас рейтингісінде ЕҰУ 1-орынға ие болып, халықаралық рейтингте 17 000 жоғары оқу орнының арасында 400 жетекші университеттері қатарына енді. Бір жылда 69 сатыға жоғары көтеріліп, 369-шы орынды иелендік. Бұл бізге ТМД елдерінің бес үздік университетінің қатарына кіруге мүмкіндік берді. Олардың ішінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (116-орын), Санкт-Петербор мемлекеттік университеті (253-орын), Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (352-орын) және Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты (367-орын) бар. WEBOMETRICS халықаралық сайттар рейтингісінде ЕҰУ 20 745 университеттің арасында 2 318-ші орынға тұрақтады, бұл да Қазақстан жоғары оқу орындарының арасындағы үздік көрсеткіш болып табылады.
Бүгінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өз қызметін 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы мен 2012-2015 жж. арналған Стратегиялық жоспардың негізінде жүзеге асырады.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізгі қызметі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. Олар 12 факультетте және 65 кафедрада үш деңгеймен жүргізіледі: бакалавриатта – 61 мамандық (11 834 студент), магистратурада – 65 бағыт (1315 магистрант), докторантурада – 30 мамандық (195 докторант) бойынша жүзеге асырылады..
ЕҰУ еліміздің бүкіл өңірінен дарынды жастарды тартады - 74% мемлекеттік грант иегерлері, олардың арасында «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары бар.
Биылғы жылы магистранттардың 46%-да бакалаврдың «қызыл» дипломы бар.
Университет түлектерін жұмысқа орналастыру жұмыс беруші өкілдерінің қатысуымен жүзеге асады. Мысалы 2011-2012 оқу жылдары 2062 студент бітірсе оның 1664 жұмысқа орналастырылды, нақтырақ айтқанда 80,6% пайызы.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің түлектері тәуелсіз Қазақстанның болашағын қалыптастыруда.
Ұйымдастырушылар: Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университеті
Өткізу күні: 2013 жыл 30 сәуір,сағ.10-00
Өткізу орны: Л.Н. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ,
Бас әкімшілік ғимарат. Мирзоян көш.2
Өткізу уақыты: 10:00
Байланыс телефондары:709-548,8(7172)70-95-00
( ішкі 31-118, 31-116),
Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист +7-701-742-88-24
asel.sarsenbinova@mail.ru,
Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05,
lyaka-tompi@mail.ru
Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі,
+7-701-366-35-99, zann_e22@mail.ru
Достарыңызбен бөлісу: |