Л. О. Жандарбекова Қазақ тілі оқУ Әдістемелік қҰрал қарағанды 2008ж



бет8/9
Дата09.06.2016
өлшемі0.49 Mb.
#126127
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Анықтауыш.Төле би


Сөйлемдегі заттық мағынасы бір мүшелердің сапасы мен белгісін айқындайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.

Анықтауыштың сұрақтары мыналар: қандай? қай? қайсы? (қайсысы?) қайдағы? кімнің? ненің? қанша? неше? қашанғы?

Анықтауыш, негізінде есім сөздерден болған сөйлем мүшелерін анықтайды.
Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың жаны – терең сай,

Тасыған өзен күрілдеп.

Қандай түнде?Желсіз (анықтауыш). Қандай ай?Жарық (анықтауыш). Қандай сай?Терең (анықтауыш). Қандай (немесе қайткен) өзен? тасыған (анықтауыш).
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Көшіріп, анықтауыштардың астын сызыңыздар. Олардың қай сөзді анықтап тұрғандығын айтыңыздар. Анықтауыштарға сұрақ қойыңыздар.

1. Кіршіксіз аппақ қардың беті гауһардай құлпырады. 2. Әңгіменің қызығына түсіп, қара кер атты жай жүргізіп келемін. 3. Мен бұл іске кірісе алмаймын. 4. Қашқан үш еліктің соңғысы құлап түсті. 5. Төртінші сыныпта оқушылардың бес минуттық жиыны болып жатыр. 6. Бірер минут өткен кезде, тамызықтап, сіркіреме жаңбыр жауа бастады.


Төле би

(1663-1756)
Төле би – қазақ халқының қоғам қайраткері, атақты шешен. Төле би Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Төле би 15 жасында билікке араласып, әділдігімен, шешендігімен елге танылады. Қазақ қауымын біріктіріп, оларды жоңғар езгісінен азат етуде ол Қабанбай батыр, Бөгенбай батыр, Жәнібек батырлармен халық майданын құрып, оны басқарды. Абылайды бүкіл қазаққа хан етіп сайлауда көп қызмет етті.

Орта жүздің аға Қазыбек, Кіші жүздің биі Әйтекемен бірге Әз Тәуке ханның кеңесшісі болып, “Жеті жарғы” әдет заңын шығарды. Тәукенің Түркістан қаласын орталық етіп, қазақ, қарақалпақ, қырғыз, өзбек халықтарынан жауынгер құрып, жоңғар – ойрат шапқыншылығына қарсы тұру ға істеген шараларына көмектесті. Халық оны көзі тірісінде “Қарлығаш әулие” деп атаған.

Төле би Ресей мен Ұлы жүз арасындағы қарым – қатынастарды қалып тастыруға және оны нығайтуға көп еңбек сіңірді.

Ел аузында Төле би туралы тарихи аңыздар сақталған. Оның атымен байланысты толып жатқан нақыл, мәтел сөздер, билік кесімдер халық арасында кең тараған. Төле би өзі билік еткенде Шымкент, Түркістан және Ташкент қалаларына ғимараттар салу ісіне араласқан. Төле бидің есімі үш жүздің ірі-ірі тарихи оқиғаларымен байланысты болған.

Төле бидің денесі өзі 12 жыл билеген Ташкент қаласында жерленген. Онда Төле биге үлкен ескерткіш орнатылған. Алматыда оның атында көше бар және Астанада оған ескерткіш орнатылған.

Сөздік

Би – бий, представитель власти, судья


Билік айту - разрешать споры

Қайраткер – деятель

Ұдайы – постоянно, всегда

Жауласу – враждовать

Езгі - иго

Азат ету - освобождать

Майдан - фронт

Жауынгер – воин

Шапқыншылық- нашествие

Шаралар- меры

Әулие- святой

Тағайындау- назначать

Ел аузында- на устах народа

Нақыл сөз- слова назидания

Кесім- приговор

Тарау- распространяться

Едәуір ықпал- значительное влияние

Басқыншылық- захватничество

Тұтқын- плен

Белсене- активно

Қайрат- мощь, сила

Елші- посол

Ант ету- поклясться

Бағыну- подчиняться

Дау- жанжал- спор

Үлес қосу- вносить вклад

Ат салысу- поддерживать, помогать

Толғау- стихотворение, размышление



Пысықтауыш. Ыбырай Алтынсарин


Сөйлемде іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, мақсатын, себебін, сипатын білдіретін тұрлаусыз мүшені пысықтауыш дейміз.

Пысықтауыштың сұрақтары мыналар: қашан? қайда? қалай? қалай қарай? қайтіп? не себепті? не үшін? неліктен? қайдан? не істеуге? не мақсатпен? не арқылы? (кім арқылы?)

Мысалы: Түнде жаңбыр жауды. Қашан жауды?Түнде (пысықтауыш). Су жылжып ақты. Қалай ақты?Жылжып (пысықтауыш). Мен саған жолыққалы келіп едім. Не үшін келіп едім? – Жолыққалы (пысықтауыш). Ол ілгері қарай жүріп кетті. Қалай қарай жүріп кетті?Ілгері қарай (пысықтауыш).

Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Сөйлемдерді көшіріп, пысықтауыштардың астын сызыңдар. Пысықтауышқа қандай сұрақ қоюға болатынын айтыңдар.

1. Бұл маңайда өзі білмейтін жер бар ма? 2. Келген сайын ол елден бір үлкен жаңалық хабар әкелетін. 3. Ол – дос үшін жанын қиятын батыр жігіт. 4. Наурыз Толқынды көргелі әдейі келген. 5. Мені отын жаруға әлім келеді. 6. Үйім алыста болғандықтан, осында қалдым. 7. Хатты Оспан арқылы жіберді.




Ыбырай Алтынсарин

(1841-1889)


Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Оның әкесі ерте қайтыс болды. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеледі. 1850 жылы Балғожа өзінің немересін қазақ балаларына арнап ашылған мектепке оқуға береді. Мектепте ол алғаш татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ыбырай жеті жылдық мектепті бітірген соң, туған халқы үшін қызмет етеді. Ең алдымен тілмаш, кейін мектепте мұғалім болып істейді. Ол қазақ балалары үшін мектептер ашып, жаңа мектептер салдырды. Ол қыздар үшін де мектептер ашты. Мектептерге арнап көп жұмыс атқарды.

Дарынды педагог 1879 жылы мектеп оқушыларына арнап “Қазақ хрестоматиясы” мен “Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы” деген екі кітап жазып бастырды. Ыбырай бар еңбегін жастарды тәрбиелеуге жұмсады. Ол балаларға арнап көптеген өлең, әңгімелер жазды. Ыбырай Алтынсарин И. А. Крыловтың, Л. Н. Толстойдың, К. Д. Ушинскийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.

Ыбырай Алтынсариннің қай шығармасын алсаң да, балаларды білімге, еңбекке, адалдыққа, іскерлікке шақырады.

Сөздік


жеті жылдық мектеп – школа-семилетка

тілмаш – переводчик

салу – строить

атқару – исполнять

дарынды – талантливый

құрал – средство

еңбегін жұмсады – направил свою работу

жастар – молодежь

адалдық – честность

іскерлік – мастерство

әрқашан – всегда

жалпы және арнаулы орта оқу орындары – общие и специальные учебные заведения

ғылыми-зерттеу – научно-исследовательский

сүю – любить


Кәсіби тіл дамыту сабағы. Тіс тасы.

Тісті үнемі щеткамен тазартып отырмаса, тамақтанған соң ауыз қуысын шаймаса, тістердің айналасына бактериялар жиналады. Ол бара-бара қатайып, тіс тасына айналады. Тіс тасының пайда болуына, сондай-ақ тістердің дұрыс орналаспауы, пломбаның дұрыс қойылмауы,ортопедиялық конструкцияның нашарлығы және тамақ құрамының дұрыс болмауы әсер етеді. Тіс тасы ересектердің барлығында әр түрлі дәрежеде түзіледі. Ал балаларда ол сирек кездеседі. Тіс тасы екі түрлі болады: 1) қызыл иек үстіндегі тіс тасы; 2) қызыл иек астындағы тіс тасы.

Қызыл иек астындағы тіс тасы күлгін сары түсті болады. Бұл тіс тасы иекті тітіркендіріп, қабынуға әкеледі. Кейде ол үлкейіп, қызыл иекті тітіркендіріп, қабынуға әкеледі. Кейде ол үлкейіп, қызыл иекті ығыстырып, қыса бастайды. Осылай сол жердегі тіндерді жарақаттайды. Тіпті тістің қуысын да зақымдайды. Егер бұл процесс ұзаққа срзылса, тіс альвеолалары өзгеріске ұшырап, тіс босап, түсіп қалады.

Қызыл иек асты тіс тасы жасыл түстен қара түске дейін өзгеріп отырады. Бұл тіс тасы өте тығыз болады. Қызыл иек асты тіс тасынан болған қабыну біртіндеп тереңге бойлайды да, эпителий жасушаларын эрозияға ұшыратады, қызыл иекті іріңдетеді.

Тіс тасындағы әр түрлі микробтар тек сол жерді қабылдап қоймай, бүкіл ағзаны уландыруы, зақымдауы мүмкін. Сондықтан тіс пайда болысымен тіс дәрігеріне қаралып, емделу қажет.
Сөздік

айналасы – вокруг бара-бара – со временем

қатаю - затвердеть түзілу – образование

күлгін - фиолетовый тітіркендіру – раздражать

ығыстыру – теснить, вытеснение қысу – теснить;давить

өзгеріске ұшырау – изменение тығыз – плотно

(трансформация) жасуша - клетка

тереңге бойлау - углубляться тін – ткань

Тапсырма. Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Тіс тасы қалай пайда болды?

  2. Тіс тасының пайда болуына тағы не себеп болды?

  3. Тіс тасы нешеге бөлінеді? Қалай аталады?

  4. Қызыл иек үстіндегі тіс тасы қандай болады?Оның қандай зияны бар?

  5. Қызыл иек астындағы тіс тасы қандай болады?

  6. Қызыл иек асты тіс тасынан болған қабынудың қандай зияны бар?

  7. Тіс тасының ағзаға қандай қаупі бар?


Сөйлемнің бірыңғай мүшелері. Қазыбек би

Сөйлемдегі қызметі бірдей, бір ғана сұраққа жауап беретін мүшелерді бірыңғай мүшелер дейміз.

Мысалы: 1. Ормандағы қарағай, терек, қайың гүлдене бастады. 2. ол дәптерін, қаламын, кітабын алып, мектепке келді.

Бірінші сөйлемдегі қарағай, терек, қайың деген сөздер нелер гүлдене бастады? деген сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бірыңғай юастауыштары болып тұр. Екінші сөйлемде дәптерін, қаламын, кітабын деген сөздер нелерін алып? деген бір сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бірыңғай толықтауыштары болып тұр.

Сөйлемде баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш та бірыңғай мүше бола алады.
Тақырып бойынша жаттығу жұмысы. Оқып шығып, бірыңғай мүшелерді тауып, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын айтыңдар.

1.Туған жеріңді, еліңді, мектебіңді, оқытушыңды, партаңды сүй.2. Мынау тастар Жезқазған, Алтай, Алатау, Қаратау кендерінен табылан.3. Бұғыбай – көрікті, ашық, ақ жарған, ақ көңіл жігіт.4. Көл бетінде су құстары: үйрек, қаз, аққу, бірқазандар жүр. 5. Халық болған соң, өзіндік тарихы, тілі, мәдениеті, дәстүрі болуы шарт. 6. Болат Алматыда көргенін әрі мазмұнды, әрі қызықты етіп айтып берді. 7. Көктемде ауылдың жанындағы көлге үйрек, қаз және аққу ұшып келеді.


Қазыбек би

(1667-1764)


Қазыбек би Келдібекұлы – XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақтың атақты биі.Руы-Арғын ішіндегі Қаракесек.Орта жүзге Қазыбек биді Тәуке хан тағайындаған.Ол “Жеті жарғыны” жасауға қатысқан. Қазыбек би қазақ хандарының ішкі және сыртқы саясатына едәуір ықпал жасап отырған.Ол жоңғар басқыншылығына қарсы халық күресін ұйымдастырушылардың бірі болды.Қазыбек би ел арасында “Қаз дауысты Қазыбек би” атанған.

XVIII ғасырдың 40-шы жылдарында Абылай хан жоңғарлардың тұтқынына түскенде, оны босатып алуға белсене араласты.Цин империясы Қазыбек биді өз жағына тарту мақсатымен елшілермен бірге көп сыйлықтар жіберген, бірақ ол Қытай қоластына бағынуға қарсылық білдірді. Абылай ханды Цин империясымен тығыз қарым-қатынас жасамауға кеңес берді.

Сонымен, Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын; екіншіден, ел басқарған, дау-жанжалды әділ шешкен әділ қазы; үшіншіден,ол – халықаралық дәрежедегі дипломат, қоғам қайраткері.

Міне, сондықтан халқымыз оған ескерткіш тұрғызып, оның атына көшелер беруде.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет