ТӘелсіздік шежіресі мақсаты



Дата26.02.2016
өлшемі49.6 Kb.
#26366
Қарағанды облысы ,Сәтбаев қаласы

Абай атындағы №4 мектеп лицейі

Бастауыш сынып мұғалімі

Назарбекова Аяжан Тлеукабыловна



ТӘЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Мақсаты: Желтоқсан оқиғасы, оның шығу себептері жайында

түсінік беру. Тәуелсіздік бастауы- ызғарлы Желтоқсан

оқиғасы екенін жете түсіну, жас ұрпақ бойында еліне

жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімін қалыптастыру.


Көрнекілік: суреттер, қанатты сөздер

Барысы:

Жоспар:

1.Желтоқсан жаңғырығы

2. Желтоқсан алауы-Тәуелсіздік бастауы

3. Қазақстан кең байтақ – Отаным.



I Кіріспе

1.Тарих беттерін парақтасақ , қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғынды, зорлық зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.Соның бірі Алматыда болған жастар көтерілісі. Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес.Бұл қазақ халқы үшін ұлы күн, әрі қайғылы, әрі бақытты күн. Қазақстан егемендігін ту еткелі 20 жыл.

Міне, біз бүгін тәрбие сағатымызды желтоқсан оқиғасына байланысты ой толғап, желтоқсан оқиғасына өз үлесімізді қоспақпыз. Тәуелсіздікке арналған іс- шаралар мектебімізде де жалғасып жатса «Тәуелсіздік шежіресі» атты тәрбие сағатымызды көруге шақырамыз.

Азаттық дейтін ұғымның

Желтоқсан тұр басында.

Азаттық. Теңдік.Тәуелсіздік: Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.!?

1986ж 16 желтоқсанда таңертең сағат 10-да бар жоғы 18 минутта 26 жыл Қазақстанды басқарып келген Д:А.Қонаев орнынан түсіріліп, орнына Г.В.Колбин ешкімнің пікірінсіз тағайындалған еді. Бұл шешімге наразылығын білдірген жастар алаңға шықты.
1. Сол күндерді есіме мен көп алам

Желтоқсанның он жетісі.Топ. Алаң

Тоғышардың түсіне де кірмеген

Басталды бір сұмдық у-шу зобалаң.

2 Тұтқиылдан түскен суық мәлімет

Тарап елге дейді күштеп қабыл ет.

Жаңа алаңға қалың жастар қаптады,

Қайды- қайда жариялылық, әділет.

3. Аяз қысып, төкті қыс та қаһарын,

Сиретпеді жастар бірақ қатарын.

Қайдан білсін милиция- қорғаны

Ұрып- соғып, сумен атарын.

4 Жалған емес, бұл шындық дастан өнім,

Бодандықтың ол бұзды тас қамалын.

Қайрат, Ербол, Сәбира, Ләззаттың,

Қыршынынан кім қиды жас қанатын?

Қазақ халқын дүнижүзіне танытқан бұл оқиғаның алғашқы құрбандары Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанов Е.Спатаев. 1986жылдың желтоқсаны бүкіл ұлтымыздың жанын жаралап, жүрегіне ызғар шашып кетті, бостандық үшін өрімдей жап-жас қыз – жігіттер құрбан болды.

Көрініс

Иә, бұл жазықсыз құрбан болған қазақ азаматы Қайраттың соңғы үні еді.Лүп-лүп соққан балаң жүректің, өмірге құштар ыстық жүректің, соңғы лүпілі.Жан сыры,соңғы үміт.Өкініш пен өтініш.

5 Жауыздықты жасқаған да- Желтоқсан,

Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан.

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастаған да- Желтоқсан

6 Намысымның шырағы да- Желтоқсан,

Сұрқай өмір сынағы да –Желтоқсан.

Жігіттердің ұраны да –Желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да- Желтоқсан.



«Желтоқсан желі» әні

II Желтоқсан алауы- Тәуелсіздік бастауы

2.Ғасырлар бойы бабаларым армандаған тәуелсіздіктің туын тігуге Желтоқсан оқиғасы Ақ жол, нұрлы бастау болды. Тәуелсіздік- халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі. Л.Асанова , Е.Сыпатаев, Қ.Рысқұлбековтың аңсаған армандары мен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты.Қазақ елі өзінің тәуелсіздігін алды. Көк жүзімен астасқан қасиетті көк Туымыз асқақ желбіреп тұр.Төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман- тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атқанына 20 жыл болды. Еліміздің мемлекеттік тәуелсіздігі 1991 жылдың 16 желтоқсанында жер- жаһанға жария етті.

7. Тәуелсіздік, тәуелсіздік жыр-әнім,

Ел іргесі берік болсын- ұраным.

Тәуелсіздік- өзіңді еркін сезіну.

Салт-дәстүрім- қолдан түспес құралым.

Тәуелсіздік!

Не деп оны түсіндік?

Тәуелсіздік, ар- ожданың кісілік

Адамға адам жолдас, бауыр туыс боп,

Ел жұртыңның алма құнын түсіріп!

8. Тәуелсіздік ! Менің байтақ Отаным,

Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным.

Тәуелсіздік сәбилердің шаттығы,

Тәуелсіздік, ақ батасы атаның,

Тәуелсіздік, Тәуелсіздік, жыр әнім,

Көк байрағым, Елтаңба,Әнұраным,

Атыңнан айналайын, Тәуелсіздік,

Қолда елімді қасиетті Құраным.

9. Өзіңдікі- Елің де, 10 Тәуелсіздік –бұл менің парасатым,

Өзіңдікі- жерің де Күншілмен де тіл тауып жарасатын.

Өзіңдікі өзің еккен бақ Қорғайтын елдігіңді ерлігімен

Тәуелсіздік төрінде Қазақтың шығаратын Алаш атын.

Асқар тау да сенікі,

Бау- бақша да сенікі

Қалтқысыз доспенен

Қатал жау да сенікі.

3. Тәуелсіздік алғаннан кейін әрбір жыл мемлекетімізге өзіндік өзгеріс

енгізді. Олай болса , жылнамалар легіне кезек берейік.

1991ж тәуелсіздігін алды.

1992жылы ел рәмізі бекітілді.

1993 жылы төл теңгелер айналымға түсті.

1995 жылы еліміздің Ата Заңы- Конституция қабылданды.

III Қазақстан- кең байтақ Отаным !

Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,

Болашақтың қасиетті көзіміз.Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, - дегендей Қазақстанда бейбітшілік, елімізде тыныштық болып, егеменді еліміз ұзағынан болсын деп тілей отырып, сендер бүгінгі оқушылар, ертеңгі Қазақстанның болашағысыңдар.

11. Кеңсің, дала- Төсің сүтт

Туған ана, Бауырың құтты,

Көйлеің кең, көк ала. Сен- тіршілік анасы.

Жан беретін , Жібек жасыл,

Тан беретін Анық асыл,

Мейірімді ана- сен ғана. Кестесі гүл киімің.

Төсіңді емген, Көркем ана,

Саған сенген Сенде ғана

Жан- жануар баласы. Тіршіліктің түйіні

12. Әуелгі Отан-ана алды, оттың басы,

Ауыл алды, аунаған шөптің қасы.

Сағынғанда тым ыстық көрінеді

Жаста ойнаған үйшік қып сайдың тасы.


Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау,орман, тоғай, көлімізді.



IY Қорытынды

Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтың жүрегінде мәңгілікке орын алып, қазақ жұртының өшпес тарихына айналып қалары сөзсіз. Біздің мақтанышымыз елі үшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз, желтоқсан құрбандары. Олар да ел жадында мәңгі сақталмақ.. Тәуелсіздік таңы арайлай атып, егемендігіміз еңселі бола берсін. Туған жер деген киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенімізді ұмытпайық.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет