пропорциональды түрде өзгеруі мүмкін,
яғни акция консолидациясы
принципінде компания активіндегі акционерлердің әрбірінің үлесіне әсер
етпейді. Бірақ бір жалпы теріс әсері бар –жаңа құнды қағаздар шығаруға
қосымша шығын кетеді.
Акцияны сатып алу әдісі
Негізгі себеп – компанияның баланстағы
құндылығы оншама көріне
бермейтін активтерді көрсету арқылы активтерінің жалпы шамасын көбейтіп
көрсетуден жалтару ниеті.
5
сурет. Дивиденд төлеу формалары.
Қазақстанда үлеспайда төлеулер
Қазақстандық
көптеген АҚ-дың капиталы
шоғырландырылған, яғни
оларда мажоритарлы акционерлер көп болып келеді деген сөз, үлеспайда төлеу
мен олардың мөлшері туралы шешім-көбіне осы мажоритарлы акционерлер
мүддесі үшін қабылданатын шешімдер туралы айтуға болады. Бұл жағдай
Қазақстанда клиентура теориясы жұмыс істейді
деген ойға алып келеді
(жоғарыны қараңыз). Көбіне алынған табысты қайта инвестициялау туралы
шешім қабылданады.Яғни миноритарлы акционерлер ештеңе алмайды немесе аз
алады. Осы нақтылықты түсіне отырып, мажоритарлы акционерлер үлеспайда
басқа қоғамнан пайда алудың тәсілін біледі. Біздің мажоритарлы акционерлер
меншікпен бөлісуге дайын емес, экономикадағы ақшаның көптігінен және шетел
несиесіне қол жеткізудің жеңілдігінен соңғы кезге
дейін әлеуетті инвесторлар
мен миноритарлы акционерлер үшін имидж жасау қиын емес еді. Сондықтан
олар үлеспайда төлемеді. Ағымдағы қаржылық дағдарыс жағдайында бұл жайт
өзгеруі мүмкін.
Дивидендті төлеу
әдісі
Ақшамен
Жарияланған
ақшамен
Жарияланған
облигациямен
135
Үлеспайда саясатын анықтауда нақты практиканы сараптау үшін біз
Қазақстан компанияларының нақты үлеспайда саясатын қараған дұрыс деп
шештік. Үлеспайда саясаты акционерлер не әлеуетті инвесторлар үшін
жазылатынын ескеріп, біз үлеспайда саясаты Интернетте болуы тиіс деп шештік.
Дегенмен біз тек екі үлеспайда саясатын таптық.
Бұл деген , Қазақстан
компанияларының үлеспайда саясаты Интернетте жоқ деген сөз емес,
бірақ
оларды табу да оңай болмады. Тек бірқатар компаниялардың корпоративті
тәртібі кодексінде үлеспайда саясатына сілтеме табылды. Үлеспайда саясаты
табылған екі компания Қазақстан Қаржы Биржасының листингінде бар, бұл ол
компаниялардың акциясын кез келген инвестор ала алады деген сөз. Ал
компания инвестор тартуға құлықты.
Қарау үшін бірінші АҚ «Разведка Добыча «КазМунайГаз» компаниясының
үлеспайда саясатын алдық. Компания сайтында төмендегі мәтін жарияланған:
Достарыңызбен бөлісу: