Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы «18» қазандағы
№ 361 бұйрығымен
бекітілген
Лак және бояу жасау өндірісінің
өнеркәсіптік қауіпсіздік
талаптарына
қосымша
Лак және бояу жасау өндірісі технологиялық блоктарының
жарылыс қауіптілігінің сандық бағасының жалпы принциптері
Лак және бояу жасау өндірісі технологиялық блоктарының
жарылыс қауіптілігінің сандық бағасына негіздеме
1. Лак және бояу жасау өндірісі технологиялық блоктарының жарылыс қауіптілігінің сандық бағасы кезінде жарылыс өрт қауіпті химиялық, мұнай химиялық және мұнай өңдеу өндірістеріне арналған жарылыс қауіптіліктің жалпы ережелерінде келтірілген бағалаудың жалпы талаптары негізге алынды.
2. Лак және бояу жасау өндірісі технологиялық блоктарының жалпы энергетикалық потенциалы технологияның келесі ерекшеліктерін есепке алумен анықталады:
технологиялық процесстердің кезеңділігі, шикізат пен дайын өнімді тиеу және түсіру операциясын өндірістік персоналдың тікелей бақылауымен жүргізу және түсіру немесе босату операциясы аяқталған соң технологиялық блокты араластан сөндірумен;
кез келген аппаратты технологиялық жүйеден белгіленген уақытта аралас аппаратурада аварияның туындауына соқтыратын, тәртіптің қандай да бір қауіпті өзгерісінсіз ажырату мүмкіндігі;
Р>0,07 МПа және PV>0,02 МПам3 кезінде жүзеге асырылатын технологиялық процесстердің болмауы;
Газды фаза немесе сұйытылған газды пайдаланумен жүргізілген процесстердің болмауымен.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |