Ұлан ауданының 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата24.02.2016
өлшемі35.66 Kb.
#16115


Ұлан ауданының 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
2011 жылда жалпы өндіріс саласының өнім көлемі (тауарлар және көрсетілетін қызметтер) 10689,0 млн.теңгені, физикалық көлем индексі 100,3% құрады, соның ішінде тау-кен өндірісі мен карьер жұмыстары - 1910,2 млн.теңге (ФКИ -106,9%), өңдеу өндірісі – 7849,2 млн.теңге (ФКИ - 98%).

2010 жылмен салыстырғанда есепті кезеңде сүт өнімдерін және жарма өнімдерін өндіру азайғандығы байқалады.



Ауыл шаруашылығы. 2011 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 100% құрады немесе салыстырмалы бағамен алғанда 15523,0 млн.теңге.

Сонымен қатар, ет өндіру 23497,6 тонна немесе 100,3%, сауылған сиыр сүті – 49457,5 тонна немесе 100%, алынған тауық жұмыртқасы – 15859,4 мың дана немесе 92,3% ғана орындалды.

Жұмыртқа өндiру көлемінің орындалмауына «Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамының ескі жабдықтарды жетілдіру және жаңасымен ауыстыруы себеп болды.

2011 жыл бойынша ірі қара малдың басы 42749 бас немесе 100%, ұсақ малдың басы 95305 бас немесе 97,9%, шошқаның басы 7921 бас немесе 100,1%, жылқының басы 14492 бас немесе 108%, құстардың басы 1244844 бас немесе 125% құрады.

Ұсақ малдың басы төмендеуі себебі, ауданнан тысқары жерлерге 7827 ұсақ мал сатылған, малдың бруцеллез ауруына шалдығуына байланысты, өндірістік қайта өңдеуге 555 ұсақ мал жіберілді. Барлығы ұсақ мал 8382 басқа кеміді.

Ауданда мал бастарын қайта есептеу жұмыстары жүргізілді.

Алдын ала есеп бойынша ауданда есептен тыс қосымша 100 ден аса ірі қара, 300 ден аса жылқы, 200 ден аса қой, 150 шошқа, екі ауылда 4500 құсқа 2 ферма анықталды.

Инвестициялық қызмет. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция көлемі 2779,6 млн. теңгені немесе 141,2% құрап, 2010 жылдың осы кезеңдегісімен салыстырғанда 937,9 млн.теңгеге өскен.

Аудан халқы пайдалануға енгізген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 4505 шаршы метрді немесе 2010 жылмен салыстырғанда 112,7% құрады.



Құрылыс жұмыстарының көлемі 2011 жылда 1668,1 млн. теңгені немесе 108,5% құрады.

Шағын бизнес. Ауданда 100 кәсіпорын тіркелген, оның 64 жұмыс істеп тұр, белсенді кәсіпорындар – 57.

2011 жыл басынан бері Ұлан ауданы бойынша 9 кәсіпорын тіркелген, олар – «KazEcosistem» ЖШС, «Saganak» ЖШС (құрылыс компаниялары), «НовоДонское» ЖШС (мал шаруашылығы), «Алтай» ауыл шаруашылығы кәсіпорыны» ЖШС (ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу), «Белеу» ЖШС; «ЕртісАгропродукт», ЖШС, сонымен бірге, «Багдаулет несие», «Бастау» және «Сұр» атты 3 кредиттік серіктестік.



Еңбек нарығы және әлеуметтік қорғау. 2012 жылдың 1 қаңтарға жұмыссыздар ретінде 155 адам тіркелген, жұмыссыздар үлесі 0,7 %, деңгейі 4,5% құрады.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 455 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп, есепті кезеңде 899 адам жұмысқа орналастырылды (бағдарлама 2 есе орындалды), 515 жаңа жұмыс орын құру, нақты 581 орын құрылды, 630 жұмыссыздарды ақылы жұмысқа жолдау жоспарланған, бүгінгі таңда оның 745 адамы жұмысқа жолданды.

2011 жылы 77 адам оқуға жіберілді, 67 оқұды бітірді, 53 жұмысқа орналастырылды.

Халықты жұмыспен қамтудың өңірлік бағдарламасымен «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 11 адамды жұмысқа жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 19 адам жұмысқа жіберілді, сондай-ақ, жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 15 әлеуметтік жұмыс орны қарастырылды және ол толықтай орындалды.

2011 жылдың 11 айындағы орташа айлық жалақы көлемі - 61050 теңге, ең төменгі күнкөріс мөлшері 16545 теңгені құрады.

Білім беру. Ауданда 41 білім беру мекемелері мен ұйымдары жұмыс істейді.

Жалпы білім беретін мектептер - 35, оқу жылының басында оқушылар саны 4381 баланы құрады.

Аудандағы 4 балабақшамен 408 бала қамтылған, сондай-ақ мектептер жанында 31 шағын орталық жұмыс істейді және онда 943 бала қамтылған. Балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту 109,1% құрады.

2011 жылдың жоспарына сәйкес, 35 спорт жарыстары өткізілді, оның 12-і «XY Халықтар ойындары» бағдарламасы бойынша. «Сәулетай» VIII облыстық балалар ойындарында Ұлан ауданының оқушылары 1-ші орынды иеленді. 2011 жылда волейбол, шахмат, футбол, үстел теннисі ойындары бойынша мемлекеттік қызметкерлер арасында жарыстар өткізілді. Сонымен бірге, күзгі және қысқы каникул кезінде оқушылар арасында волейбол, футбол, тоғыз құмалақ, шахмат, компьютер ойындары бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Тұрақты түрде спортпен шұғылданатындар саны 12500 адамды құрады. Тұрғындардың жалпы санынан тұрақты түрде спортпен шұғылданатындардың қамтуы 31% құрайды.

Денсаулық сақтау. Ұлан ауданының медициналық бірлестігінде 2 ауылдық аурухана, 7 дәрігерлік амбулатория және 1 жекеменшік иелігіндегі стоматология бар.

Аудан халқына 25 медициналық пункт және 4 ФАП дәрігерге дейінгі көмек көрсетеді.

2011 жылдың 11 айында 526 сәби дүниеге келді, 2010 жылдың осы кезеңінде туған балалар саны – 552, ағымдағы кезеңде қайтыс болған балалар саны – 16, 2010 жылы – 17. Аналық өлімі тіркелмеген.

Аудан бойынша туберкулезбен ауырғандар саны 2010 жылғы 47 санынан 2011 жылы 42 санына төмендеген. Туберкулезiмен ауру-сырқаулары деңгейі 89,3% құрады.



Қылмыстық деңгейі. 2011 жылдың 11 айында Ұлан ауданының аумағында 418 жалпықылмыстық қылмыстар тіркелген немесе 124%.

Қылмыстың ашылуы 78% құрады. Сонымен қатар, ерекше ауыр және кісі өлтiру қылмыстың ашылуы 100%, орташа ауыр 55,8%, ұрлықтар 51,7%, шағын сипаттағы қылмыстар 71,4% құрайды.



Бюджет. 2011 жылдың қорытындысы бойынша бюджеттің табыс бөлігі 105,7% орындалған, соның ішінде меншікті табыстардың түсу болжамы 104% орындалды. Болжам 656,3 млн. теңге болғанда, түскені 682,4 млн. теңге түсті немесе болжам 26,1 млн. теңгеге асыра орындалды. Бюджеттің меншікті табысының өсу қарқыны 2010 жылмен салыстырғанда 123,7% құрады. Мемлекеттік бюджетке түсетін салық және салықтық емес түсімдер көлемінің өсу қарқыны 2010 жылмен салыстырғанда 117,5% құрады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет