Ұлан ауданының әкімі Б. С.Үйсімбаевтың 2009 жылда атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы



Дата23.02.2016
өлшемі251.26 Kb.
#5317
Ұлан ауданының әкімі Б.С.Үйсімбаевтың 2009 жылда

атқарылған жұмыстар туралы тұрғындар алдындағы есебі және ауданның 2010 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуы
1. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Ауданның агроөнеркәсіп кешені 1195 ауылшаруашылық құрылымын біріктіреді, оның ішінде 1171 шаруа қожалықтары, 5 коммандиттік серіктестік, 16 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 2 өндіруші кооператив, 1 акционерлік қоғам.

Ұлан ауданының аумағы 962481 гектар жерді құрайды, ауыл шаруашылығына арналған жерлер 527877 гектар, оның ішінде: жайылымдар-323708 га, шабындықтар-35042 га, егістік-115551 га және 24686 гектар тыңайған жерлер.

2009 жылы 106 мың гектар айналымындағы егістіктің ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 96894 гектарды құрады, ол 2008 жылмен салыстырғанда 7400 гектарға немесе 8,3% артық.

44369 гектарға астық дақылдары, 27252,8 гектарға күнбағыс, 1002 гектарға картоп, 244 гектарға көкөніс, 2014 гектарға азықтық жүгері, 22010 гектарға бір жылдық және көп жылдық шөп егілді.

Астық дақылдары барлық аумағында кондициялық және аудандастырылған тұқымдармен себілді, оның ішінде 1-2 класты тұқым 80 пайызды құрайды.

Аудан шаруашылықтарын жоғары сапалы және аудандастырылған тұқымдармен қамтамасыз ету үшін ауданда I, II және III репродукциялық тұқымдарын өндіретін 4 тұқым шаруашылықтары және 1 элиталық тұқым шаруашылығы жұмыс істеуде. Тұқым өндіретін шаруашылықтарда 2009 жылғы астықтан 4700 тонна бидайдың, 760 тонна күнбағыстың және 30 тонна көпжылдық шөптердің тұқымдары сатуға дайындалды. 2009 жылғы желтоқсан айында «АгроБам» ШҚ күнбағыс және дәнді дақылдардың тұқымдарын өндіретін элиталық тұқым шаруашылығының мәртебесіне ие болды.

2008 жылы ылғал үнемдеу технологиясы бойынша 20 мың гектарға ауыл шаруашылық дақылдары себілсе, 2009 жылы 35 мың гетарға себілді немесе тапсырма 100% орындалды. Ауданда жоғарыда аталған технологияны қолданатын шаруашылықтар: «Изумруд» ЖШС, «КХ Багратион ВВГ» ЖШС, «Калантаевский» ШҚ, «АгроБам» ШҚ, «Багратион» ШҚ, «Багратион –2» ШҚ, «Иртыш» ЖШС, «Украинское» ЖШС, «Степное» ШҚ, «Кзыл-суАгро» ЖШС және т.б.

2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін ауданның шаруашылықтарына республикалық бюджеттен 131,9 млн. теңге субсидия бөлініп игерілді. Сондай ақ, күнбағыстың егістік алаңы артқандықтан қосымша 19,6 млн. теңге субсидия игерілді.

Ағымдағы жылы минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандатуға арналған бағдарлама бойынша барлығы 92 тонна минералдық тыңайтқыш сатып алынды.

2009 жылы 60,2 млн.теңгеге 8 дана ауыл шаруашылық техникасы алынды және картоп егісін молайту үшін «Екимбаев» шаруа қожалығы екінші шетелдік жаңбырлатқыш қондырғысын 20 млн. теңгеге сатып алды.

2009 жылы дәнді дақылдардың жалпы түсімі 65 мың тонна, 1 гектардан орташа алынған өнім 15 центнерді құрады, немесе 2008 жылмен салыстырғанда 6 есеге артық. Күнбағыстың жалпы түсімі 21 мың тонна, картоп 18 мың тонна және көкөніс 2 мың тонна.

Мал қыстатуға 230 мың тонна шөп дайындалды немесе тапсырма 148% орындалды, 6,3 мың тонна пішендеме, 49,3 мың тонна азықтық жүгері және 31,2 мың тонна сабан дайындалды.

Ұлан ауданының мал шаруашылығы көп салалы болып келеді. Сүтті, етті ірі қара шаруашылығы, қылшықты және жартылай қылшықты қой шаруашылығы, өнімді жылқы шаруашылығы, шошқа, құс, марал, түйе және ара өсіру шаруашылықтары ілгері дамыған. 2009 жылғы 1 желтоқсанға ауданда ірі қара мал- 45524 басты, қой және ешкі- 104654 басты, жылқы -13106 басты, шошқа- 7498 басты және құс- 912641 басты құрады. Қой және ешкі, жылқы малдарының саны 6,6 және 13,7 пайызға өсуі байқалады.

2009 жылғы 1 желтоқсанға 19777,7 тонна ет, 47355,6 тонна сүт, 15663,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Сүт өндіру 1,4 пайызға өскендігі байқалады.

2008 жылы ауданда 11 асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық болған, ал 2009 жылы осындай мәртебеге тағы 5 шаруашылық ие болды, оның ішінде марал шаруашылығы «Багратион» ШҚ. Ауданда «Симменталь», «қазақтың ақ бас» ірі қара малы, «Еділбай» және «Байыс» тұқымды қой, «Жәбе» тұқымды жылқы және шошқаның «Ірі ақ» тұқымы тараған.

Асыл тұқымды мал басының үлесі барлық ірі қара малдың 7,8 пайызын, қойдың 11,1 пайызын, жылқының 12,1 пайызын және шошқаның 14,3 пайызын құрайды.

Асыл тұқымды шаруашылықтар 2009 жылы 265 бас ірі қара, 144 бас жылқы, 2748 бас қой және шошқадан 43 бас асыл тұқымды мал сатылған. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға 33,1 млн теңге субсидия бөлініп игерілді.

Бүгінгі күні ауданда ірі қара малды бордақылайтын 23 алаңшалар жұмыс істеп тұр. Соның ішінде бордақылаудағы мал саны 3993 бас. 3345 бас шошқа бордақылайтын 5 алаңша жұмыс істеуде. Осы құрылымдарда 613,3 тонна ірі қара малдың еті ; 205,9 тонна шошқа еті, барлығы 819,2 тонна ет өндірілді.

«Өскемен құс фабрикасы» акционерлік қоғамы республика бойынша ең ірі құс етін өндіруші. 2009 жылдың 11 айында 8265,1 тонна құс еті өндірілді. Өндірген ет үшін тиісті субсидия көлемі 574,8 млн. теңгені құрады.

Ауданда 1974 бас сауын сиыры бар 7 тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеуде. Өткен жылдың 11 айында 3958,1 тонна сүт өткізілді. Субсидия көлемі 42,8 млн теңгені құрады.

Ірі қара малдардың өнімділік сапасын көтеру мақсатында ауданда 12 малды қолдан ұрықтандыру пункті құрылып, жұмыс істеуде.

Ауданда қазіргі уақытта 5 мал сою пункті жұмыс істейді, оның ішінде 2009 жылы маусым айында «Өскемен құс фабрикасы» АҚ негізінде қуаттылығы сағатына 4000 басты соятын құс сою зауыты іске қосылды.

2009 жылдың желтоқсан айында «Айтказина» ШҚ-ның негізінде мал сою цехі іске қосылды, ол үшін облыстық бюджеттен 10,0 млн. теңге несие бөлінді. 2010 жылдың 1 қаңтарына ауылдық округтерде есептік нөмірлері алынып, 10 мал сою алаңы іске қосылды. 4 мал сою алаңы дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Құнсыздану үрдістерін тежеу мақсатында және Өскемен қаласы мен Ұлан ауданы әкімдіктерінің ет жеткізу жөніндегі қол қойылған меморандумы негізінде, ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары күнделікті «Жәрдем» базарының 8 сату орындарында және апта сайын өткізілетін жәрмеңкелерде ірі қара мал мен қой етін өткізеді. Бекітілген квота бойынша ауылшаруашылық малдарының еті Өскемен қаласының басқа да базарларына тапсырылады. 2009 жылы «Жәрдем», «Дина», «Арзан» және «Шығыс Таңы» базарларына 413 тонна ірі қара еті, 205,9 тонна шошқа еті, 14,25 тонна қой еті және 1,57 тонна жылқы еті өткізілді.

Ауданда 2 МТС жұмыс істейді: Айыртау ауылдық округінде «Колос» шаруа қожалығының негізінде құрылған «Уланская МТС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «ШҚ Ауыл шаруашылық колледжі» негізінде құрылған «УланАгросервис» машина технологиялық станциясы қызмет етеді.

Ұлан ауданында азық-түлік өнімдерін қайта өңдейтін 59 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 1 ірі және 2 орта.

Ауданның 23 елді мекендерінде 31 орталықтандырылған сүт жинау пункттері құрылды. Қазіргі уақытта 3 кенттен басқа барлық ауылдық округтерде сүт қабылданады.

Сүт өңдеу кәсіпорындарында өндірілген барлық өнім Шығыс Қазақстан облы-сының қалалары мен ауылдарындағы дүкендер жүйесінде және одан тыс жерлерде сатылады.

Ағымдағы 2010 жылы ауданның агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында жоспарланған :

- асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылық құру: ірі қара малдан-Аблакет, Бозанбай,Каменка; жылқыдан- Бозанбай,Каменка ауылдық округтерінде;

- Саратовка ауылдық округінде және Асубұлақ кентінде мал өлекселерін сақтайтын орын салу;

- Аблакет,Бозанбай ауылдық округтерінде ауыл шаруашылық өнімдерін дайындау-өткізу кооперативін құру;

- Төлеген Тоқтаров ауылдық округінде су тұтынушылар кооперативін құру;

- Аблакет, Алмасай, Бозанбай және Егінсу ауылдық округтерінде жылыжай салу;

- 2010 жылы егістік алаңдарын қосым-ша 10% ұлғайту жоспарлануда;

- 2010 жылы «Екимбаев» ШҚ картоп тұқымын өндіретін элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесін алуға әзірлік жұмыстарды аяқтау;

- суармалы жерлер аумағын 450-500 гектарға ұлғайту;

- Егінсу, Гагарин ауылдық округтерінде наубайхана салу.

2. КӘСІПКЕРЛІК

2009 жылғы 4 ақпанда Ұлан ауданы әкімінің орынбасарымен «Ұлан ауданының кәсіпкерлігін дамыту және қолдаудың 2009-2011 жылдарға арнал-ған іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Аталған іс-шаралар жоспары бес бағыттан тұрады, ол: шағын кәсіпкерлік қызметінің құқықтық шарттарын жетілдіру, кәсіпкерлікті дамытудағы кедергілерді жою; шағын кәсіпкерлікті қаржы-кредиттік және инвестициялық қолдау; индустриялық-инновациялық бағыттағы шағын кәсіпкерлікті дамыту, бәсекеге қабілеттілігін арттыру; шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын дамыту; шағын кәсіпкерлікке оқыту, ақпараттық қамтамасыз ету және насихаттау.

2010 жылдың 1 қаңтарына салық басқармасының мәліметінің негізінде аудан бойынша 2085 шағын кәсіпкер субъектісі тіркелген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 3 % артық.

Тіркелген 2085 шағын кәсіпкерлік субъектісінің 97-і заңды тұлғалар, 817-і жеке кәсіпкер, 1171-і шаруа қожалықтары.

2009 жылы 30 жаңа кәсіпкерлік субъектісін ашу жоспарланып, бүгінгі күні 44 субъекті ашылды. Олар: 12 дүкен, 6 кафе, 10 шаштараз, 4 аяқ киім жөндеу пункті, 1 шағын наубайхана, 3 шиномонтаждық пункт, 2 фото ателье, тұрмыстық техника жөндеу пункті, асфальт шығаратын зауыт, гранитті қайта өңдеу цехы, құрылыс материалдарын өндіру цехы, кондитерлік цех, ветеринарлық аптека, екі демалу базасы.

Ауданға 83,4 млн.теңге инвестиция тартылды. Кіші кәсіпкерлік субъектілерінде 97 жұмыс орны ашылды. Барлығы жаңа құрылған кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салық 1108,7 мың теңгені құрады. Ауданда кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын «Ұлан ауданының кәсіпкерлер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі құрылып, жұмыс істей бастады.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерді қаржылай қолдау мақсатында несиелеу жұмыстары «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры және жергілікті несиелеу ұйымдары арқылы жүргізілуі жоспарланған. Олар: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «Көмек» ШНҰ, «НС Айыртау несие» ЖШС.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бүгінгі күнге мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға немесе сенімді басқаруға беру жөніндегі және жер учаскелерін беру жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

2009 жылдың 1 қарашасына кәсіпкер-лерге 3 ғимарат комиссия шешімімен өтіп, ШҚО қаржы басқармасына жіберілді. Және барлығы 35 га жер учаскелері берілді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен айналысатындардың қа-тысуымен облыстық және аудан-дық деңгейде жәрмеңкелер, көр-мелер өткізіледі. Ауданымызда ауылшаруашылық өнімдерінің баға-ларын тұрақтандыру мақсатында әр сенбіде демалыс күн жәрмеңкесі ұйымдастырылып, барлығы 49 рет өткізілді.

Осы жәрмеңкелерде ет 450-500 теңгеден, сүт 50 теңгеден, сәбіз 35 теңгеден, қырыққабат 35 теңгеден, картоп 30 теңгеден, бал 800 теңгеден, өсімдік майы 140 теңгеден және әр түрлі жармалар төменгі бағамен сатылды.

Жыл басынан өткізілген демалыс жәрмеңкелерінде 34,2 тонна сиыр еті, 7,0 тонна қой еті, 2,5 тонна жылқы еті, 18,3 тонна картоп, 2,3 тонна сәбіз, 1,8 тонна қырыққабат, 4,6 тонна өсімдік майы, 1,8 тонна сүт және 1,5 тоннадан артық әртүрлі жармалар сатылды.

Аудандық әкімшілік және «Шығыс өнімдері» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Нәтижесінде «Шығыс өнімдері» ЖШС сауда павильонын орнатты, онда аудан шаруашылықтарының өнімдері 5-7 % ғана үстеме ақымен сатылады.

Нан өнімдерінің инфляциялық процестерін тежеп, наубайханаларды қолдау үшін 2009 жылдың қаңтарынан бастап облыстық тұрақтандыру қорынан 40 тонна 1 сортты ұн бөлініп берілді.

Ауданда «Казагромаркетинг» АҚ филиалы құрылып, АШКО маман-кеңесшісі агроөнеркәсіп кешенінің субъектілеріне консультативтік қызмет көрсетеді.

Сонымен қатар шағын кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау туралы сұрақтар бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануда.

Кәсіпкерлікпен айналысамын деген азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы оқыту жүргізіледі. 2009 жылдың 1 қарашасына барлығы 79 адам оқуға жіберілді. Олар: 50-трактор-машинист, 6-газбендәнекерлеушілер, 9-шаштараз, 7-1С бухгалтер маманы, 3 аспаз маманы, 2 - сылақшы-сырлаушы, 1 - хатшы-референт мамандықтарына оқытылады. Сонымен қатар 2009 жылғы 13 қазанда Шығыс Қазақстан облысының әкімі және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арасында «Бизнес кеңесші» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша меморандум жасалды. Аталған бағдарлама Ұлан ауданында 2009 жылдың 19-20 қарашасында Мәдениет үйінде тегін екі күндік тренинг–оқыту арқылы жүргізілді. Тренинг–оқытудың мақсаты халыққа кәсіпкерлікпен айналысу жолдарын көрсету және оны тиімді дамыту әдістерін үйрету болып отыр.

2010 жылы шағын және орта бизнес субъектілері бойынша өндіріс орындары, зауыттар, цехтардың ашылуы жоспарланып отыр.

«АЛТАЙ TREVEL ТУР» ЖШС жобалық құны 50,0 млн. теңгені құрайтын керамзит зауытын ашуды жоспарлауда.

«Өскемен полиэтилен трубаларын шығаратын зауыты» диаметрі 500мм. полиэтилен трубаларын шығару зауытының үшінші линиясын іске қосуды жоспарлауда инвестиция жоба құны 50,0 млн. теңгені құрайтын.

«Остметал ЛТД » ЖШС жобалық құны 30,0 млн. теңгені кұрайтын металлопрокат цехы мен құю алаңын іске қосады.

«Украинка » ШҚ жобалық құны 905,0 млн. теңгені құрайтын 1000 басқа арнал-ған тауарлы-сүт фермасы салынады.

Құс етін өндіруді жылына 20000 тоннаға жеткізу үшін өндірісті кеңейту, жобалық құны 2455,0 млн. теңге «Өскемен құс фабрикасы » АҚ.

Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру үшін бүгінгі күнге мемлекеттік меншіктегі пайдаланылмайтын объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүлікті жалға алуға немесе сенімді басқаруға беруді және жер учаскелері берілуін ұлғайту.

3. БЮДЖЕТ

Ұлан ауданының 2009 жылғы бюджеті меншікті кірісінің түсімі бойынша 104,0 пайызға орындалды. Меншікті кіріс түсімі болжамдағы сомадан 18134,8 мың теңге артық түсті.

2008 жылмен салыстырғанда меншікті кіріс түсімі 10531,0 мың теңгеге артық түсіп, өсім 2,3 пайызды құрады.

Салықтық және салықтық емес түсімдердің есептелген түсімдері 100%-ға орындалуы қамтамасыз етілді.

2010 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджетке төленетін мезгілінде төленбеген салық бойынша берешек жоқ.

2010 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шығыс бөлігі 99,5 пайызға орындалды. Игеру сомасы 2127127,9 мың теңгені құрады.

2009 жылғы 1 қаңтарға аудандық бюджеттің шотында 25748,3 мың теңге қалдық қалды. Оның ішінде: 18134,8 мың теңге-меншікті кіріс түсімнің асыра орындалуынан; 1618,5 мың теңге- коммуналдық меншікті сатудан түсетін болжамнан артық түскен түсімдер; 11007,0 мың теңгеге бюджеттік қаражаттың игерілмеуі, оның 1000,0 мың теңгесі ауданның жергілікті атқарушы орган резервінің сұратылмаған сомасы, 5012,0 мың теңге 80 пәтерлік үйдің құрылысына облыстық бюджеттен бөлінген трансферт, ТСС- ны қайта есептесуден‚ құрылыс бөлімінде Ұлан ауылында су ќұбырын ќайта жаңарту сметалық жоба ќұжаттамасының болмауынан 646,0 мың теңге, білім беру бөлімінде Бозанбай ауылындағы орта мектепті жөндеуге ЖСҚ-на мемлекеттік сатып алуды кеш өткізгендіктен 3940,0 мың теңгесі.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары толық қөлемде төленді.



4. БІЛІМ БЕРУ

Ауданда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өсуіне қол жеткізілді. Қазіргі уақытта 28 шағын орталық жұмыс істейді, соның ішінде 3-уі 2009 жылы ашылды.

Ауданда 35 білім беру мекемелері жұмыс атқаруда, мұнда 4647 оқушы білім алады, соның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - 57.

Білім беру мекемелерінде оңтайлан-дыру жұмысы жүргізілді, Бетқұдық ауылындағы шағын комплектілі мектеп жабылды. Электрлік жылытуға 3 мектеп ауыстырылды. Осы шаралардан күтілетін үнемдеу 2,6 млн теңгені құрайды.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 11-сыныптың 457 түлегінің 355-і қатысты. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша орташа балл 71,3 құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 5,6 балға жоғары (65,7). Ең жоғары балды Молодежный орта мектебінің оқушысы Аубакирова Нұржамал және екі оқушы үздік аттестат Асубұлақ орта мектебі - Аубакирова Қымбат және Сигаева Ғалиябану алды.

Жоғары оқу орындары мен колледждерге тегін оқытуға 164 түлек түсті, бұл 2008 жылға қарағанда 54 оқушыға көп. Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға 15 түлек жіберілді.

1-4 сынып оқушылары мен аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды ыстық тамақпен қамту мәселесі толығымен шешілді. Ыстық тамақпен қамтуға 2009 жылы 17795,0 мың. теңге бөлінді.

Бүгінгі күні 12-жылдық оқытуға көшу жұмыстары жүргізіліп жатыр, 3248,0 мың теңгеге мектеп жиһаздары алынды.

Ауданның 35 мектебі интернет жүйесіне қосылған (100%). 9 мектептің спутниктік жүйесі бар, бұған 2009 жылы 3850,0 мың теңге бөлінген.

Жыл сайын жаз уақытында оқушылар қала сыртындағы жалға алынатын лагерлерде демалады, биылғы жылы 210 бала демалды. Жалпыға білім беру қорынан 2100,0 мың теңге бөлінді.

Төменгі Тайынтыдағы қала сыртындағы «Царская долина» лагерінің мәселесі шешілді. Осы жылы стационарлық балалар лагері ғимаратын сатып алу жоспарлануда, осы мақсатқа аудандық бюджеттен 40,0 млн. теңге бөлу қарастырылған.

2009 жылы білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатымен:

- 7 объектінің күрделі жөндеу жұмыстарына 17, 9 млн. теңге бөлінді;

- 4 мектептің жылыту жүйелері жөнделді, 1 мектептің төбесі жөнделді;

- материалдық-техникалық базасын нығайтуға – 42,7 млн. теңге. Балаларды мектепке жеткізуге арналған 4 арнайы автокөлік, пәндік және мультимедиялық кабинеттер, жасына сәйкес мектеп жиһаздары, интерактивтік жабдықтар, асханаларға технологиялық жабдықтар және шағын орталықтарға арналған жабдықтар алынды.

Оқулықтар алуға бюджеттен 15,2 млн. теңге жұмсалды.

Аудан бойынша білім беру бюджетінің жалпы көлемінен бала бақшалар бюджеті - 3,3 % құрайды.

Педагогтарды әлеуметтік қорғау Бағдарламасы жұмыс істеуде: ауылды жерлерде бюджеттік педагог қызметкерлерге 25 % қосымша үстемеақы төленеді, жыл сайын жергілікті бюджеттен білім беру мекемелерінің мамандарына көмір сатып алу үшін жылына - 1168,0 теңге көлемінде жәрдемақы төлеу қарастырылған,

2009 жылы бір лауазымдық еңбек ақы мөлшерінде еңбек демалысына сауықтыру жәрдемақысы төленді, бұл 36,7 млн теңгені құрады.

Аудан мектептеріне 29 жас маман келді, оның ішінде 15-іне 70 АЕК көлемінде көтерме ақы төленді.

1 мұғалімге Привольный ауылында пәтер бөлінді.

712 педагог тегін медициналық қараудан өтті.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргі-зуге 49806,0 мың теңге қарастырылған, соның ішінде республикалық бюджеттен - 35189,0 мың теңге және жергілікті бюджеттен - 14617,0 мың. теңге.

Оның 49803,2 мың теңге игерілді, үнемдеу 2,8 мың теңгені құрайды.

Ауданның 17 мектебінде 24 түрлі жұмыстар жүргізілді.

124 жұмыс орындары ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту мекемесінің жолдамасы бойынша 108 адам жұмыспен қамтылды. Жұмысшылардың орташа еңбекақысы 28000 мың теңгеден 35000 теңгеге дейін өсті.



5. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2009 жылы «Аудандық медициналық бірлестігі» жұмыс істеуде, оның құрамына орталық аудандық аурухана, 2 ауылдық аурухана және 11 дәрігерлік емхана кірді.

Қаржыландыру бойынша бюджеттен 317400,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді.

Жыл көлемінде Ұлан ауылының дәрігерлік емханасы күрделі жөндеуден өтті, жалпы сомасы 10000,0 мың теңгеге және «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 25000,0 мың теңгеге 11 объектіде ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ республикалық трансферттер қаражаты есебінен 1400,0 мың теңге сомасына 65 жұмсақ және қатты мүлік топтамасы сатып алынды. Әрқайсысы 500,0 мың теңге 2 электрокардиограф, Асубұлақ ауылдық ауруханасына құны 1000,0 мың теңге құрайтын хирургиялық үстел және орталық аудандық аурухананың балалар бөлімшесіне 1500,0 мың теңге тұратын кювьез сатып алынды. Аудандық бюджеттің қаражаты есебінен Герасимовка ауылының дәрігеріне баспана сатып алынды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша 3 дәрігер мамандандырудан өтті.

2010 жылы Молодежный және Асу-бұлақ кенттерінің жедел жәрдем пункттеріне медициналық автокөліктерін сатып алу жоспарлануда.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша орталық аудандық ауруханада өрт дабылын жөндеу және Ізғұтты Айттықов ауылы-ның медпунктін ағымды жөндеуден өткізу, Жоғарғы Тайынты ауылындағы медпунктте электржылытқышын орнату жоспарланған.



6. ӘЛЕУМЕТТІК САЛА, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Қазақстан Республикасының әлеу-меттік саясатында ең бір басымдық мақсаттардың ішінде кедейшілікті азайту, халықтың әл-ауқатын арттыру, аз қамтылған және әлжуаз азаматтарды әлеуметтік қолдау болып саналады.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздар саны 175 адамды құрады.

2010 жылдың 1 қаңтарына жұмыс-сыздар үлесі 0,7 пайызды құрады.

Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 446 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған, 1140 адам жұмыспен қамтылды, яғни жылдық жоспар 250 пайызға орындалды.

505 жұмыс орнын ашу көзделген болса, нақты 607 жұмыс орны ашылды. Бағдарлама 120 пайызға орындалды.

Жұмыспен қамтылмаған халықты кәсіптік қайта даярлау аудандық жұмыспен қамту бөлімі жұмысының негізгі бағыты болып табылады.

2009 жылы жұмыспен қамту аумақтық бағдарламасы бойынша 79 жұмыссыз оқуға жіберілді.

Жыл көлемінде «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасының аясында 11 адамды жұмысқа жіберу жоспарланған, нақты 15 адам жұмыс істеді (136%).

2009 жылы «Әлеуметтік жұмыс орындары» бағдарламасы бойынша 15 адам жұмыс істеді, бағдарлама 100 пайызға орындалды.

Өткен жылы «Жол картасы» бағдарла-масы бойынша 217 адам оқуға және қайта даярлауға жіберілді. «Жастар іс тәжірибесі» бағдарламасы бойынша 26 адам жұмысқа жіберілді, «Әлеуметтік жұмыс орындарына» 51 адам жұмысқа жіберілді.

2009 жылы жұмыспен қамту бағдарла-масына сәйкес ақылы қоғамдық жұмыс-қа 630 адамды қатыстыру жоспарланған, нақты 644 адам жіберілді, яғни жылдық жоспар 102 пайызға орындалды.

Саратовка, Бозанбай ауылдық округтерінде және Молодежный кентінде 2009 жылы ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары және жеке кәсіпкерлердің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ай сайын «Виртуалды» бос орын жәрмеңкесі өткізілді.

Материалдық көмек бөлу және төлеу арнайы аудандық комиссияның шешімі бойынша барлығы жыл басынан өте мұқтаж және аз қамтылған азаматтарға материалдық көмек көрсетуге 6391,0 мың теңге көмек көрсетілді.

2009 жылы Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 17 шілдедегі № 24/388-III «Азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек» туралы шешімі бойынша берілетін көмектен 231 адамға 10124,0 мың теңге төленді. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің жалпы білім беретін мектептердің аз қамтылған отбасыларынан шыққан түлектердің, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқу ақысына 10258,0 мың теңге төленді.

8-Наурыз - Халықаралық әйелдер күніне және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне қарсы 442 көп балалы аналарға 10 мың теңгеден ақша төленді, барлығы 4420,0 мың теңге.

Атаулы әлеуметтік көмекке 235 отбасы ұсыныс берді, 805 алушы санына 13428,0 мың теңге төленді, оның ішінде 5309,0 мың теңге - республикалық бюджеттен.

2009 жылы тұрғын үй көмегі 1341 отбасына 20412, 0 мың теңге мөлшерінде төленді.

«Үйде тәрбиеленіп, оқып жүрген мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 20 мүгедек балаға 1183,0 мың теңге материалдық көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға төленетін мемлекеттік жәрдемақы 974 отбасыға 24060,0 мың теңге мөлшерінде төленді, оның ішінде 6600,0 мың теңге - республика бюджетінен.

2009 жылы облыстық жұмыспен қам-ту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаментінен мүгедектерге арналған 16 арба бөлініп, жеке оңалту бағдарламасы бойынша 16 мүгедекке берілді.

32 әлеуметтік жұмыскер 32 мүгедекке және 150 жалғыз басты зейнеткерлерге үйде әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Аудандық бюджет есебінен тегін газетке жазылу ұйымдастырылған.

Жеңіс күніне арналған аудандық іс-шараларды өткізу жоспарына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:

-барлық соғыс ардагерлеріне 5000 теңге көлемінде материалдық көмек пен азық-түлік жиыны берілді.

Барлық ауылдық округтер мен кенттерде салтанатты митингтер, мерекелік шерулер, мерекелік құттықтау концерті,обелиск және ескерткіштерге гүл шоқтары қойылды, “көгілдір от” өткізілді.

Балалар күніне қарсы Молодежный кентінде 98 мүгедек балаларға арнап концерттік бағдарлама және 2000 теңге мөлшерінде, барлығы 196,0 мың теңгенің материалдық көмегі көрсетілді.

Барлық ауылдық округтер мен кенттерде Қарттар күніне мерекелік шаралар, «көгілдір оттар», концерттер өтті. Сол шаралар шаруа қожалықтарының, жеке кәсіпкерлердің, аудан тұрғындарының қайырымдылық көмегі есебінен өткізілді.

Жаңа жыл қарсаңында ауылдық округтер мен кенттерде мүгедек балалармен мерекелік шаралар, концерттер, сайыстар өткізіліп, сыйлықтар берілді.

Жаңа жылдық іс шараларды өткізуге мүгедек, жетім және аз қамтылған отбасыларынан шыққан 330 балаға жергілікті бюджеттен 825,0 мың теңге бөлінді, солардың ішінен 70 бала аудан әкімінің шыршасына қатысты.

2010 жылға әлеуметтік бағдарла-маларға 161521,0 мың теңге қаржы жоспарланып отыр, оның ішінде:

- жұмыспен қамту бағдарламасына - 39396,0 мың теңге;

-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек-ке – 22809,0 мың теңге;

-18 жасқа толмаған балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы -27497,0 мың теңге;

- ауылдық жерлерде тұратын ден-саулық сақтау, білім беру, әлеуметтік, мәдениет мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмекке -6680,0 мың теңге (5,0 мың теңге мөлшерінде 1336 алушыға) бөлінді.



7. ЖОЛ КАРТАСЫ

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауданда 55 объектіде 527 жаңа жұмыс орны ашылды. Осы бағдарлама бойынша барлығы 292,0 млн. теңге игерілді.

Білім беру жүйесінде 18 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, автомобиль жолдарын ағымды жөндеуден - 23 жоба (403 шаршы метр), әлеуметтік жобалар – 12 жоба, денсаулық сақтау саласында – 2 жоба (барлық ауылдық дәрігерлік емханаларда ағымды жөндеу жұмыстары өтті).

8. ҚҰРЫЛЫС

2009 жылы аумағы 12994,05 шаршы метр құрайтын тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл былтырғы жылдан 2,6 есеге көп, сондай-ақ, Молодежный кентінде спорттық модуль және 80-пәтерлі тұрғын үй, жол бойындағы дәмхана, төрт дүкен, дәріхана, ветеринарлық дәріхана, Привольное ауылында жабық спорттық кешен, тоғыз жаздық үй, жаздық демалу базасы, жеті пошта бөлімшесі, Айыртау ауылында жем шығару цехы, «Өскемен құс фабрикасы» АҚ негізінде қуаттылығы сағатына 4000 бас құс соятын зауыты тоңазытқышымен және мал сою цехы пайдалануға берілді.

Жыл басынан жоспарланған 31 сәулеттік тапсырмалар берілді, 17 жобаланған құжаттар келісілді.

2009 жылы ауданның елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру, көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыруға бюджеттен 18852,0 мың теңге бөлінген, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 11,2 пайызға көп .

2010 жылы бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 38892,0 мың теңге қаржы қарастырылуда. Соның ішінде: елді мекендерді санитарлық тазалауға – 3710,0 мың теңге, көркейту мен көгалдандыруға – 23610,0 мың теңге, көшелерді жарықтандыруға – 11572,0 мың теңге бөлінді.

9. АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Ұлан ауданы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 707 шақырым. Соның ішінде республикалық маңызы бар жолдар 152 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар 92 шақырым, жергілікті маңызы бар жолдар 463 шақырымды құрайды.

2009 жылы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде ұстау-ға 11000,0 мың. теңге, көшелерді қардан тазалауға 4475,0 мың теңге бөлінді.

“Жол картасы” шеңберінде жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 403 шақырымына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтама-сыз ету мақсатында 2009 жылы 1200,0 мың теңге бөлініп, аудан бойынша 58 жол белгілері және ақпараттық көрсеткіштер орнатылды.

Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын жақсарту және ұстау бойынша құрылған Ұлан ауданы әкімдігінің «Ұлан жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жарғы капиталын өсіру үшін 4500,0 мың теңге қаражат бөлінді. Осы қаржыға К-700 тракторы және роторлы шөп отағыш сатып алынды.

Ұлан ауданының 16 елді мекендері орталықтандырылған сумен қамтылған, бұл аудан тұрғындарының 47,36 пайызын құрайды. Қалған елді мекендер суды жеке скважиналар мен құдықтардан алады.

Су құбырлары жүйесінің жалпы ұзындығы 61 шақырымды құрайды. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген барлық елді мекендерде су құбырлар жүйелері мен ғимараттарына қайта жаңарту қажет, себебі су құбырларының басым бөлігі апаттық жағдайда. Аудан бойынша орта есеппен сумен жабдықтау құбырларының тозу дәрежесі 90 пайыз.

2009 жылы ауданның сумен қамту және су жүйелерінің қызмет етуіне 12025,0 мың теңге бөлінді. Бөлінген қаражатқа ауданның елді мекендерінде қоғамдық скважиналарды бұрғылау және ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде Молодежный кентінде су құбырлары және канализация жүйелерін ағымды жөндеуге - 6870,0 мың теңге, Баяш, Борсақ, Манат ауылдарындағы мектептерге скважина бұрғылауға – 1270,0 мың теңге жұмсалды. Айыртау ауылында су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге – 595,0 мың теңге, Асубұлақ кентінде және Макеевка ауылында қоғамдық скважиналарды бұрғылауға – 870,0 мың теңге, Каменка және Азовое ауылдарына насос алуға – 330,0 мың теңге, Таврия, Привольное, Восточное ауылдарындағы су құбырлар жүйелерін ағымды жөндеуге – 1390,0 мың теңге және Огневка кентіне – 500,0 мың теңге бөлінді.

Молодежный кентінің жылу жүйелерін ағымды жөндеуге 7285,0 мың теңге және «Молодежный» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның шығындарын өтеуге 5000,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Молодежный кенті бойынша 460 метр жылу жүйесі және 212 метр су құбыры ауыстырылды.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша жергілікті маңызды автомобиль жолдарын ағымды жөндеуге 155572,0 мың теңге бөлінген (республикалық бюджеттен – 110140,0 мың теңге және аудандық бюджеттен – 45432,0 мың теңге). 100 пайыз игерілді.

403 км жол ағымды жөндеуден өткізілді, осы жұмыстарға 124 адам тартылды, оның ішінде жұмыссыздар 96 адам.

Барлығы 22 объект бойынша 14 ауылдық округтер мен кенттердің жолдары жөнделді. Жұмысшылардың орташа еңбек ақысы 37489 теңгені құрады.

10. МӘДЕНИЕТ

Аудандық клуб мекемелерінің жүйесіне 3 Мәдениет үйі, 18 селолық клубтар және 9 кітапхана кіреді.

2009 жылы клуб мекемелеріне 54679,0 мың теңге бөлінген. Оның ішінде:

- материалдық базасын нығайтуға - 3584,0 мың теңге;

- баспасөзге жазылуға - 42,0 мың теңге;

- мәдени-көпшілік шараларды жақсар-туға - 2300,0 мың теңге.

2009 жылы «Жол картасы» бағдар-ламасы аясында Айыртау ауылындағы ауылдық клуб ғимаратының шатырын жөндеуге 3150,0 мың теңге бөлінді. Оның 2879,0 мың теңгесі респуб-ликалық бюджеттен, 271,0 мың теңгесі жергілікті бюджеттен. Сонымен қатар Таврия ауылдық клубының витражы мен жылу қазандығына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті бюджеттен 1300,0 мың теңге қаржы бөлінді. Аталған жұмыстар уақытында аяқталды.

Аудандық Мәдениет үйінің жертөлесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 клуб ғимаратына 79,6 мың теңгеге өрт сөндіру құралдары сатып алынды. 169,0 мың теңгеге сахна ағымды жөндеуден өткізілді.

Клуб мекемелерінің жұмысын жақсарту мақсатында Таврия ауылдық Мәдениет үйіне 2009 жылдың ақпан айында 402,5 мың теңгеге музыкалық аппаратура, сондай-ақ аудандық Мәдениет үйіне 200,0 мың теңгеге музыкамен жарықтандыру құралы сатып алынды.

1015,0 мың теңгеге ауылдық клубтарға музыкалық аппаратура сатып алынды.

Аудандық Мәдениет үйінде «Жігер» тігін цехы ашылды, осыған 100,0 мың теңге бөлінген. Сонымен қатар музыкалық аспаптар жасайтын «Мұрагер» шеберханасын ашуға 100,0 мың теңге бөлінген. Бүгінгі таңда аудан көлеміндегі клуб мекемелеріне өз шеберханамыздан 8 домбыра жасалып, таратылды. Аудандық Мәдениет үйіндегі ұлт-аспаптар оркестрі мен «Бескөл» халықтық-фольклорлық ансамбліне арнап 1608,0 мың теңгеге сахналық киімдер тігілді.

2009 жылы 1747 мәдени шаралар өткізілді. Олар: кештер, кездесулер, тақырыптық концерттер, жастар кештері, балаларды сауықтыру іс-шаралары 87350 көрерменді қамтыды.

2010 жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша іске асырылатын жобалар тізіміне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін мәдениет мекемелерінің 2 ғимараты енгізіліп, тиісті құжаттары жасалды.

11. ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ

Аудан бойынша 2009 жылы спортпен айналысуға тұрғындар үшін 40 спорт зал, 36 баскетбол, волейбол алаңдары, 7 хоккей қорабы, 25 футбол алаңы қызмет көрсетті.

Спорттың материалдық-техникалық базасы тұрақты жақсаруда.

Привольное ауылында 2008 жылы спорт кешені пайдалануға берілді. 2009 жылы Молодежный кентінде «Модуль» спорт кешені, аумағы 90х60 м футбол алаңы пайдалануға берілді.

Ауданда 57 дене шынықтыру және спорт ұжымдары жұмыс істейді, оларда 7053 адам спортпен шұғылданады, бұл барлық аудан тұрғындарының 17% құрайды. Бүгінгі күнде 10 жасөсіпірімдер спорт клубтарында 300 бала спортпен айналысады.

Ауданда бір балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және дзюдо, қазақша күрес, еркін күрес, бокс, тоғызқұмалақ, қол күресінен филиалдар Бозанбай, Айыртау, Ұлан, Саратовка, Сағыр ауылдарында, Молодежный, Асубұлақ кентерінде жұмыс істейді.

Спорттың он түрінен спортшыларымыз облыстық және республикалық дәрежедегі құрамаға кіреді, оның ішінде қазақша күрес, самбо, дзюдо, тоғызқұмалақ, қол күресі, гір спорты, көкпар, аударыспақ, жорға жарыс, 25 шақырымға бәйге.

Аудан бойынша халықтық спорт ойындары ең көп қатысушыларды қамтитын шара болып табылады. Халықтық спорт ойындарына 3000 ұландықтар қатысады, 1000 аса адам финалға шығады.

Облыс әкімінің жүлдесіне арналған ХІІІ облыстық халықтық спорт ойындарында аудан құрама командасы екінші орынды иеленді. Мемлекеттік қызметкерлердің арасында облыстық жарыста 2009 жылы ауданның құрама командасы жалпы есепте бірінші орынды иемденді.

«Президенттік жүгіріс – денсулыққа жол», «Денсаулық күні», «Спорт күні», «Көңілді старттар» аудан бойынша жыл сайын ұйымдастырылады. Сонымен қатар «Спорт нашақорлыққа қарсы», «Өз балаңды қолда-түрлі спорт секцияларына қатыссын» атты акциялар өткізіледі. Аудан бойынша облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шаралар дәстүрлі түрде өткізіледі. 2009 жылы ауданда 110 шақырымға VІ халықаралық велоспортшылар жарысы өтті.

Ауданда қысқы спорт түріне үлкен көңіл бөлінуде. Шайбалы хоккеймен шұғылданатын 8 командада 260 жас хоккейшілерден құралған.

Қазіргі уақытта жалпы білім беру мектептерінде 7 хоккей қорабы және 9 мұз айдыны шайбалы хоккей ойындарына пайдаланылуда.

2010 жылы спорт құралдарын алуға аудан бюджетінде 864,0 мың теңге қарастырылған.

12. ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АХУАЛ

Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы, ақпараттық-насихат жұмыстар, азаматтық қоғам институттарымен бірлескен өзара іс-қимыл қоғамдық-саяси тұрақтылықтың нығаюына, аудан халқының әлеуметтік ахуалын тұрақты сақтауға және билік орындарына деген сенімнің артуына әсерін тигізуде.

Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институтының 2009 жылдың қыркүйек айында Шығыс Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдай туралы жүргізген сауалнамасында респонденттердің 92,3 пайызының атқарушы билік қызметін қолдайтындығы біздерге жауапкершілік жүктеп, дағдарысқа қарсы жасалған іс-қимылдарымызды дәйектілікпен жүзеге асыруға күш береді.

Өткен бір жыл ішінде қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ел бірлігін сақтауда, Қазақстан Республикасы Президентінің дәстүрге айналған жыл сайынғы Қазақ-стан халқына Жолдауын түсіндіруде, насихаттауда, қоғамдық маңызы бар әр түрлі іс-шаралар жүргізуде бірқатар жұмыстар атқарылды.

Аудан тұрғындары Елбасының, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдерінің жүргізіп отырған саясатынан хабардар болу мақсатында, 2010 жылдың бірінші жартыжылдық басылымдарына жазылуда белсенділік көрсетіп, 13 мыңнан аса газет-журналдарға жазылды. Ауданның тынысы мен жетістіктерін, рухани-мәдени өмірін, игі істерін елге жеткізетін «Ұлан таңы» газетіне де 4 мың адам жазылды.

Жаңа ақпараттық көзқарасты қалыптастыру мақсатында «Мемлекеттік орындардың интернет-сайттарында орналастырылған ақпараттың сапасы мен қоғамдық маңызды мәселелерін жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп, негізгі бағыттар белгіленді.

Аудан әкімшілігі өз қызметін үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста болуға, олар арқылы қордаланған мәселелердің түйінін шешуге бағыттап отыр.

Нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында «Ұлан жастары» қоғамдық ұйымымен бірлесе «Жастар біздің болашағымыз» атты облыстық семинар өткізілді. 2009 жылдың желтоқсан айында барлық ауылдық округтер мен кенттердегі жастар көшбасшыларының, жоғары сынып оқушыларының, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен семинар-тренинг ұйымдастырылып, «Жастар арасындағы құқық бұзушылық және оның салдары» атты тақырып кеңінен талқыланды.

Қазіргі таңда халқымыз ғасырлар бойы тірнектеп жинаған имандылық, адамгершілік пен адалдыққа негізделген рухани мұраны сақтауда, діни бірлестіктермен тығыз байланыс қалыптасып, өзара түсі-ністік төңірегінде жұмыстар жүргізілуде. Аудан аумағында орналасқан 9 мешіт, 5 шіркеу мен мінажат үйлері дінге бет бұрған, имандылық жолын ту еткен азаматтар мен азаматшаларға қызмет етуде.

Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі кеңес, конфессияаралық келісімді нығайту бағытында кешенді ақпараттық-насихат шараларын жүргізіп, мешіт, шіркеу, мінажат қызметкерлерімен, аудандық округтер мен кенттер әкімдерімен бірлесе Құрбан айт, Рождество мерекелерін халықтық мейрам ретінде өткізуге ықпал жасалды.

Құрбан айт күндері 857 адам айт дастарханынан дәм татып, 4 ірі қара, 144 қой құрбандыққа шалынып, 1056 отбасыларға еті таратылды. Рождество күні Таврия, Герасимовка ауылдарындағы, Асубұлақ кентіндегі шіркеулер мен мінажаттарда мерекелік жиын өткізіліп, қайырымдылық дастархандары жайылды.

Осындай діни бағыттағы мейрам күндері қайырымдылықтың көрсетілуі, басқаларға жанашырлықтың танытылуы, әлемдік дағдарыс тұсында қол ұшының берілуі рухани байлығы зор, ар-ожданы жоғары, иманды да инабатты азаматтарымыздың ортамызда бар екендігінің куәсі.

Ауданда құрылған 32 ақпараттық-насихат топ өткен жылы 322 кездесулер, 70-тен аса дөңгелек үстел түріндегі кездесулер мен семинарлар өткізді.

Елбасының «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан бастап, «Қазақстандық патриотизімді нығайту», «Кәсіпкерлікті дамытуға несие беру», «Ұлтаралық келісім мен дінаралық татулық», «Әлемдік дағдарыстың алдын алу», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» және т.б. тақырыптар талқыланып, насихаттауда бірқатар жұмыстар атқарылды.

Ақпараттық-насихат бағытындағы жұ-мыстарымызға республикалық, облыс-тық АНТ мүшелері де тұрғындармен кездесіп, өз үлестерін қосып келеді.

Дегенмен де бұл бағыттағы жұмы-сымызда кемшіліктер де жоқ емес. Ақпараттық-насихат топтарының мүшелерімен кездесулерге тұрғындар аз келеді.

Ішкі саясат бөліміне, ақпараттық-насихат топ мүшелері құрамын қайтадан қарап, оларға қажетті мағлұматтар мен тақырыпқа негізделген кітапшалар берілуін, АНТ мүшелерімен оқулар өткізуді тапсырамын.

Аудан аумағында тұрғындар арасында көрнекі насихат құралдарын пайдалану арқылы жұмыстар жүргізуде біраз іс атқарылғанымен, көңілді қанағаттандырмайды.

Қойылған баннерлер мен кергіштердің өңі тозып, өзінің мазмұны мен құндылығын жоғалтқан. Әрине, бұларды жиі ауыстырып, сынғандарын ретке келтіруге қаражат керек болар. Дегенмен де мұнымен айналысатын кез келді.

Үстіміздегі жыл тарихта қомақты орны, қоғамдық -саяси мәні бар оқиғалар жылы болмақ.

Ол - Қазақстанның Европадағы ынты-мақтастық және қауіпсіздік ұйымына төрағалық етуі, бұл Қазақстанның демократиялық қоғам және либералдық нарықтық экономика құру саласындағы, этноаралық және конфессияаралық келісімді, саяси тұрақтылықты қамтама-сыз етудегі орасан жетістіктері.

Ол – Қазақстан Республикасы Консти-туциясының республикалық референдумда қабылданғанына 15 жыл толуы.

Ол-Қазақстан Республикасы Тәуел-сіздігінің 20 жылдығы қарсаңындағы ауқымды жұмыстар атқарылатын кезең.

Ол - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы.

Ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске біз ерекше дайындықпен баруымыз қажет.

Сондықтан, биылғы жылда әрбір мемлекеттік қызметшілердің, әрбір басшының, әрбір тұрғынның жауапкершілігі арта түсуі керек.



Ақпараттық-насихат топ мүшелері елді мекендерге жиі шығып, еңбек ұжымдарымен, халықпен жиі кездесіп, қарапайым адамдардың көмекшісі, кеңесшілері болуға тиіс.

Мемлекет, облыс, аудан көлемінде қолға алынып жатқан шараларды түсіндіріп, адамдарды біріктіру, оларды проблемаларды шешуге жұмылдыру бағытында жұмыстар атқару қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет