Лариса Парфентьева қаламгерлер клубы


«Мотивация», «өмірлік жол», «Өмір қалай



Pdf көрінісі
бет3/59
Дата05.09.2024
өлшемі0.92 Mb.
#503389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Өміріңді өзгертетін 100 әдіс

«Мотивация», «өмірлік жол», «Өмір қалай
құрылған?», «Мақсатқа деген қадам» 
атты бөлімдері бар.
Олардың əрқайсысы бірнеше кіші бөлімдерден тұрады. Осылайша кез
келген беттен оқуды бастай аласыз.
Кітап – өмірін жақсартып, бақытты болғысы келетіндерге таптырмас
сыйлық. Кітап оқуға кем дегенде бір сағат уақытын бөлген адамның
өмірін өзгертетініне сенімдімін.
Оқыңыз.
Армандаңыз.
Əрекет етіңіз.
Шабыт алыңыз.
Өз өміріңізді өзгертіңіз!
Сіздің қолыңыздан бəрі келеді!


Мотивация
Өзіңе ұнамайтын жұмыстан қалай бас тартып,
əрі 30 келі салмақ тастап, өзіңді табуға
болады?
Барлығынан бас тартып, өміріңді қалай 180 градусқа өзгертуге
болатыны туралы айтайын. Өз басымнан өткізген оқиға. Осыдан тура
үш жыл бұрын Мəскеу метросында өмірім түбегейлі өзгерді.
Оны айтпас бұрын ең алдымен өткен өміріме көз жүгіртейік. Мен
Мəскеу Мемлекеттік Университетінің журналистика мамандығын
бітірдім. Мəскеудің көптеген БАҚ-тарында қызмет атқардым. Бетке
ұстар журналистің бірі болдым. Алла Пугачевадан бастап Киана
Ривзға дейін барлық жұлдызбен араластым. Бұның барлығы маған
керемет дүниедей көрінді. Онымен қоса мен өзімнің
телебағдарламамды жүргіздім. Менің соңғы жұмыс орным Ксения
Собчак жүргізген «Топ модель по-русски» телебағдарламасы болды.
Біз Нью-Йоркке, Лондонға жəне Майамиге түсірілімге бардық.
Қысқасы, сырттай бəрі расымен де керемет болып көрінді. Алайда
іштей бір ой маза бермеді: «Бұл мен қалайтын дүние емес». Менің
шынайы өмірім əлі басталмаған секілді көрінетін. Мен артық салмақ
қоса бастадым, ал демалыс күндері барда уақыт өткізетінмін.
Соңғы тамшы
2012 жылдың сəуір айында метрода келе жатқанмын. Жоғары жақтағы
тұтқадан ұстап тұрғанмын. Бір кезде бір əже орнынан тұрып: «Отыр,
қызым. Саған отыру керек. Не дегенмен сəби күтіп жүр екенсіз», –
деді.
Сізге əже тұрып, орын беріп көрді ме?
Мен қатты ұялдым. Мен əжейге не дей аламын? «Кешіріңіз, ішімдегі
сəби емес, соңғы жылдары жеген 133 пицца, 196 бургер жəне 838
сэндвич» дейін бе? Əженің көңілін қалдырғым келмегендіктен жылы
жымиып, ұсынған орнына отырдым. Соңғы бекетке дейін мен жəне
менің майдан құралған «балам» екеуміз отырып бардық.


Осы оқиға маған қатты əсер етіп, өмірімді түбегейлі өзгертті. Мен
бəрін тастадым да, туған жерім Уфа қаласына кетіп қалдым. Бұл жерде
өзімнің сүйікті ісімді таптым, салмақ тастадым, зиянды əдеттерімнен
арылдым. Осылайша, əлемге деген көзқарасымды өзгерттім. Қазір
адамдарға жаңа өмірге қадам жасауға көмектесіп жүрмін.
Бірінші қадамды қалай жасайсыз?
Көптеген адамдар өзгерісті «Қашанғы шыдауға болады?» деген
сұрақтан бастайды. Алайда дұрыс сұрақ мынадай болуы керек:
«Өмірімді өзгерту үшін бүгін мен не істей аламын?»
Психологтарда «күніне бір сағат» деген термин бар. Адам қандай да
бір іске күніне бір сағатын арнаса, ерте ме кеш пе табысқа жетеді. Бұл
толағай табыс болмаса да, айқын өзгеріс əкелетіні хақ. Тіпті талант пен
жағдай болмаған күннің өзінде де осы тəсіл арқылы табысқа жетуге
болады.
Мəселен, «Унесенные ветром» кітабының авторы Маргарет Митчелл
өзінің таңғажайып туындысын ондаған жылдар бойы жазған. Ол ұзақ
уақыт майлық пен қағаз қиындыларына бір сөйлемнен бірнеше
абзацқа дейінгі мəтін жазумен болған. Бұған күніне 20-30 минутын
арнапты. Үздік туынды осылайша дүниеге келген. Авраам Линкольн өз
саласын түнгі кезекшілігінде зерттеген. Ол тауар қоймасын
қарауылдап тұрған кездері құқық саласының қыр-сырын үйреніп
алған.
Мен де өзімді табуға бір сағатымды арнадым: кітап оқыдым,
адамдармен араластым, серуендедім, ойландым. Жарты жылдан кейін
өзіме не ұнайтынын таптым. Маған адамдарға шабыт сыйлаған жəне
кітап оқыған ұнайды екен. Сонда мен «ВКонтакте» желісінде топ
құрып, сол жақта ойларыммен бөлісе бастадым. Мен бұл жақтан ақша
табуды ойламадым. Жай ғана жаным сүйген істі жасай бердім.
Өзіңе ұнайтын іс қана табыс алып келеді. Мен бұны нақты білемін.
Əрқайсымыз сарқылмас ресурс секілдіміз. Ішімізде таланттың қайнар
көзі бар. Сізге туғаннан əртіс болу таланты берілуі мүмкін. Бірақ сіз
кеңседе инвестициялық есептер жасап отырсаңыз, сізге сарқылмас
ресурс болу қиынға соғады.
Тек жанымыз қалаған іспен шұғылданғанда ғана өмір де бізді қолдай
бастайды.


Қорқынышпен қалай күресеміз?
Барлығымызға жайлы орнымыздан шығу, тірлік жасау қорқынышты
болып көрінеді. Бірақ америкалық бизнесмен Джордж Эдейрдің
айтқанындай «Барлық армандарымыз қорқыныштың қарсы бетінде
тұр».
Эдэйрдің философиясы өте қарапайым: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет