Балабақша №: МҚКК №9 сәбилер бақшасы
Аты - жөні: Динара Гарифоллақызы Марданова
Лауазымы: Тәрбиеші
Еңбек өтілі: 3 жыл
Тақырыбы: Мөлдір су
Жас шамасына сай топ: 2 сәбилер тобы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта, шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Айналамен таныстыру,сурет салу.
Тақырыбы: Су.
Мақсаты: Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету. Су – тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту. Тәжірибе жасау барысында бақылағыштық дағдыларын жетілдіру. Ұқыптылыққа және жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: су, шыны стакандар, түтікшелер, гуаш бояуы, тастар, туралған лимон, қант, алгоритмді суреттер, бейнелеуге қажетті құралдар.
Сөздік жұмыстар: мөлдір,түссіз, иіссіз, дәмсіз
Сабақтың барысы: балалар топқа кіреді, қонақтармен амандасып, шаттық шеңбіріне тұрады.
Шаттық шеңбері
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонақтарға
Гүлдерді сыйға тартамыз.
Келген қонақтарға алдын ала балалардың көмегімен жасалған гүлдерді сыйлайды.
Тәрбиеші: - Балалар қараңдаршы бізге менің қолымда не бар?
Балалардың жауабы – сиқырлы қорап.
Әрине дұрыс айтасыңдар. Ал оның ішінде не бар екенін сен өздерін ойлап табасыңдар, ал мен сендерге «иә» немесе «жоқ» деп жауап қайтарамын. Шеңбер бойымен отырған балалардан сұрап шығамыз. Содан кейін жасырылған затты тапқан бала аяқтайды.
Ойын «Жақсы - жаман» (ТРИЗ)
Тәрбиеші балалармен судың жақсы жағы және жаман жағы туралы айтады.Яғни мысалы: балалар су несімен жақсы? Балалар өз ойларын білдіреді.
1.Су адамдарға өте қажет, себебі сусыз біз өмір сүре алмаймыз.
2. Өрт болса сумен сөндіреміз.
3. Балықтарға да су қажет, себебі олар суда мекендейді ғой.
4. Бетімізді, киімдерімізді жуамыз.
5. Топтағы гүлдерге су құямыз.
6. Көкөністерді жуамыз
Ал ендеше су несімен жаман? Өз ойларын айтып,дәлелдеуге тырысады.
1. Сусыз ағаштар өспейді.
2. Батып кетуге болады.
3. Жер кеуіп қалады
4. Сулы жер батпақ, құлап қалсақ үстіміз кір болады.
5. Су кір болса, оны біз іше алмаймыз.
6. Гүл сусыз өспейді
Ал балалар осымен ойынымыз аяқталды. Ал ендеше біз барлығымыз таным орталығына барайық.
Балалар тәрбиешімен бірге таным орталығына барып, зерттеу жұмыстарын жасайды.
І тәжірибе «Су – мөлдір»
Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады.Біріне су, ал екіншісіне көк түсті бояу құйылған. Екі ыдысқа да тас салып, қайсысынан көрінетінін және көрінбейтінін бақылайды. Балалар суға бояу қосып,түсін өзгертуге болатынын да тәжірибе жүзінде көреді.
ІІ тәжірибе «Суда дәм жоқ»
Балалар түтікше арқылы судың дәмін көреді. Онда дәм бар ма? Оларға салыстыру үшін суға қант қоссақ, судың дәмі өзгере ме? Балалар тағы дәмін көріп суды тәтті екенін сезеді. Балалар өздерінің ойларымен бөлісіп, судың алғашқы күйі бойынша дәмі жоқ екенін ескереді. Сондықтан балалар есте сақтаңдар егер біз таза суға басқа дәмдеуіштер қоссақ, судың дәмі өзгереді.
ІІІ тәжірибе «Судың иісі жоқ»
Балаларға суды иіскетіп көремін. Судың иісі жоқ екенін сезгенше иіскету керек. Содан кейін суға туралған лимон қосып иіскетеміз, онда балалар қышқыл иісті сезетін болады. Тәжірибе жүзінде судың иісі болмайтынын біледі.
Әуенді музыка ойнайды. Барлық балалар ортаға жиналып, сергіту сәтін жасайды.
Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолды жу
Жуынсан сен әрдайым
Аппақ болар маңдайын
Тазалықтың досы-су дегеніміз осы
Сергіту сәтінен кейін балалар тәрбиешімен бірге шығармашылық орталығында ең алдымен саусақ жаттығуын жасайды, содан кейін бейнелеу өнерінен жаңбыр тамшыларын суреттейді. Жұмыстар қарауын ұйымдастыру
РЕФЛЕКСИЯ кесте бойынша өтеді.
СУ
КӨЗ ТІЛ МҰРЫН
Біз не білдік?
Судың түсі бола ма? Ал дәмі, иісі ше?
Судың пішіні бола ма?
Балалар сабақтан алған білімдерімен, қызығушылықтарымен бөліседі.
Жүректен жүрекке: Тәрбиеші балаларды жылы лебізді сөздермен мадақтап, балаларға шарларды тарту етеді. Балалар келген қонақтарға келгендеріне алғыстарын білдіріп, қоштасады.
Достарыңызбен бөлісу: |