№8-ші ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚ
Тақырып: Тромбоз.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тромбоздың анықтамасы.
Тромб түзілу себептері.
Тромб түрлері, олардың морфологиялық белгілері.
Тромбоздың салдары.
Макропрепарттарды сипаттау:
1. Қолқадағы атеросклероз кезіндегі қабырғалық аралас тромб. Қолқа интимасының қалпын, жаралану орнында атеросклероздық табақшалардың және тромбтардың болуын; тромбтың түрі мен түсін, оның консистенциясын сипаттаңыз. Себептері мен нәтижесін жазыңыз.
Микропрепараттарды қарап, суретін салу:
1. Организация белгілері бар тромб (Г-Э бояуы). Тромбтың құрамын, организация белгілерін - жаңадан пайда болған капиллярларды, дәнекер тіннің өсуін, гемосидерин пигментінің шөгуін сипаттаңыз.
Дайындыққа арналған негізгі материал:
Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.
Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.
https://drive.google.com/file/d/1al9f5zWdGGmnUqGfBbGqaDSxTbw81vTQ/view
№8-ші БОӨЖ
Тақырып: Қанкету.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Қанкету – себептері мен даму механизмдері, жіктелуі.
Морфологиялық сипаттамасы, нәтижелері мен асқынулары.
Макропрепараттарды талдау:
Миға қан құйылу. Патологиялық ошақтың орналасуын, өлшемін, пішінін, түсін, айналасындағы басми тінінің жағдайын сипаттаңыз. Себебін, даму механизмін жазыңыз. Нәтижелері мен асқынуларын атаңыз.
Микропрепаратды қарап суретін салу:
1. Басмиға нүктелі қан құйылулар (Г-Э бояуы). Артериолалар қабырғаларының жағдайын, эритроциттердің ұсақ тамырлар айналасында шоғырлануын сипаттаңыз. Себебін, даму механизмін анықтаңыз. Нәтижелерін жазыңыз.
Дайындыққа арналған негізгі материал:
Струков А.И., Серов В.В. Патологиялық анатомия. Аударған М.Т. Айтқұлов. - М: Гэотар-Медиа, 2014.
Зайратьянц О.В. Патологиялық анатомия: атлас. /қазақ тіліне аударған Айтқұлов М.Т.– М.: Гэотар-Медиа, 2014.
Достарыңызбен бөлісу: |