Глоссарий Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз



бет1/4
Дата13.09.2023
өлшемі18.2 Kb.
#477392
  1   2   3   4
Глоссарий


Глоссарий

  1. Өмір тіршілік қауіпсіздігі дегеніміз - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы.

  2. Қауіпсіздік - сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы.

  3. Азаматтық қорғаныс (АҚ) дегеніміз басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан, табиғи және техногенді төтенше жағдайдан қорғау мақсатында өткізетін жалпы мемлекеттік шаралар жиыны.

  4. Шаруашылық объектісі дегеніміз өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс әрекет ететін адамдар ұжымы.

  5. Ұйым дегеніміз бағдарламаны немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы.

  6. Дүлей зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс.

  7. Авария дегеніміз технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен ғимараттардың зақымдануы.

  8. Апат дегеніміз адамның тұтқиылдан пайда болған әрекет, халықтың үлкен тобының тіршілік әрекеттері бұзылуымен, адам денсаулығына қауіп төнуімен және экономикалық, экологиялық шығынмен сипатталатын табиғи зілзала.

  9. Төтенше жағдай дегеніміз адам өміріне, денсаулығына, қоршаған ортағажәне шаруашылық жүргізуші обектілерге нұқсан келтіретін, халықты материалдық шығындарға ұшырататын, апат салдарынан болатын жағдай.

  10. Химиялық зақымдау ошағы— ҚӘУЗ - дің зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң.

  11. Соққы толқыны— негізгі зақымдағыш әсер факторы, жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері.



  12. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет