зат мазмұнына тәуелді ойлау бірнеше түрге бөлінеді. Олар –
жеке және
жалпы, шартты және тиянақты шешімді, болымды және теріскей.
Ұғым – бірнеше пікірлер негізінде белгілі қорытынды жасауда
қолданылатын ойлау формасы.
Дедуктив ұғым – ықтимал, жалпыдан жалқыға келтірілген ұғым.
Индуктив ұғым – ықтимал, кейбір құбылыстардың жекеленген
белгілері бойынша барша біртекті заттар жөнінде, яғни жалқыдан
жалпыға өте, берілетін ұғым.
Түсінік – біртекті топ заттары мен құбылыстарының мәнді
қасиеттерін бейнелейтін ойлау формасы.
Ойлау әрекеттері – біртекті мәселелерді белгілі әдістермен шешуге
негізделген
қайта жасаушы (репродуктив) және
ізденістік (өнімді
– продуктив) болып ажыралады. Қалыптан тыс проблемаларды ше-
шуде қолданылатын ойлау әрекеттері өзіндік құрылымға ие болып, ол
кезеңдерге бөлініп, бірізді орындалып барады:
1) Бастапқы кезең – танымды әрекеттің бастауы –
тек өкілінің
туындаған проблемалық жағдайды түсінуі.
2) Екінші кезең – шешілетін мәселе бойынша принциптерді, жалпы
жобаны, шешу әдістерін айқындап, ашып алу. Бұл үшін нақты құбылысты
жалпы өзара байланыстар аймағында көре біліп, оның мүмкін болған
себептерін жоғары ықтималды болжау – гипотезалармен түсіндіру.
3) Үшінші кезең – мәселе шешімі бойынша алға тартылған гипотеза-
ларды тексеру. Бұл тексеріс әрқилы іс-әрекеттер сипат, мазмұнына орай
әртүрлі арнайы әдіс-тәсілдермен іске асырылуы мүмкін.
4) Төртінші, қорыту
кезеңінде мәселе бойынша алынған нәтиже
бастау талаптарымен салыстырылады. Егер соңғы нәтиже мен бастапқы
талап сәйкес келсе, зерттелуші нысанның дұрыс ақпараттық-логикалық
сұлбасының (моделінің) жасалғаны, яғни қойылған проблеманың шешім
тапқаны.
Ойлау іс-әрекеттері бірінен екіншісіне ауысып баратын ой амалдары
түрінде орындалып жатады:
салыстыру – жалпылау, бейнақтылау
Достарыңызбен бөлісу: