100
2. Әртүрлі қалыңдықты тетіктерді және басқа әдістермен
пісірілмейтін немесе қиын
пісірілетін, әр текті металдарды пісіру. Металдарды металл еместермен (жартылай
өткізгіштермен, шынымен және кейбір басқа материалдармен) ультрадыбыспен пісіру кезінде
елеулі табыстарға қол жеткізілген.
Бұл электрондық және радиотехникалық өнеркәсіпте ультрадыбыстық пісірудің
қолданылуын қамтамасыз етті. Ультрадыбыстың көмегімен
пластмассалардан тетіктерді
пісіреді. Лазермен пісірумен қатар, ультрадыбыспен пісіру биологиялық тканьді қосу үшін
қолданылады, бұл ультрадыбыспен пісіруді пайдаланудың теңдессіз мысалы болып табылады
және сонымен бірге, оның кең мүмкіндіктерін сипаттайды.
3. Термиялық өңделген материалдардан жасалған тетіктерді
пісіру кезінде едәуір
қызудың болмауы жік маңайы аймағында металл беріктігінің елеулі төмендеуіне әкеледі.
4. Қаптаулармен (лактау, анодтау) қорғалған тетіктердің бетін алдын ала тазалаусыз
пісіру.
5. Ультрадыбыспен пісіру электр энергиясының шығындары көзқарасынан алғанда аса
үнемді. Алайда, ультрадыбыспен пісірудің кемшіліктері оның
қолданылу облысын едәуір
тарылтады: пісірілетін тетіктердің қалыңдығы 1.5-2 мм-мен шектелген; пісіру режимдері
параметрлерінің орнықсыздығы және осының салдарынан пісіру
қосылыстар беріктігінің
тұрақсыздығы байқалады, оларды жою және бұзбай бақылау әдістерімен сенімді бақылау тым
қиын болады. (ТПМП жаңадан)
Достарыңызбен бөлісу: