Пісіру туралы жалпы мәліметтер Пісіру процесінің физикалық мәні



бет1/17
Дата18.05.2022
өлшемі341.5 Kb.
#456890
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Пісіру ісінің нег. оқулық 1


1. Пісіру туралы жалпы мәліметтер
1.1 Пісіру процесінің физикалық мәні
Жалғас аумағына шоғырланған энергия енгізуге байланысты пісіру жалғасы күрделі физикалық және химиялық процестер өтумен қалыптасады. Физикалық процестерге заттың физикалық қасиеттерін өзгертумен қатар, оның элементарлық бөлшектерінің құрылымын және заттың химиялық қасиеттерін өзгертпейтін физикалық процестері жатады.
Химиялық процестер заттың элементарлық бөлшектерінің құрылымын өзгертеді де нәтижесінде жаңа химиялық және физикалық қасиеттермен жаңа зат пайда болады.Балқытып пісіргенде жік және термиялық әсер аумағы металының құрылымын өзгертетін және пісіру деформациялары мен кернеулері пайда болатын негізгі физикалық процестерге қыздыру кезіндегі электрлік, жылулық, механикалық процестерді, негізгі және электрод (қосынды) металының балқуы, олардың араласуы, қалыптасуы және пісіру ваннасының кристалдануы, пісіру Жалғасына жылу енгізуі оның таралуын жатқызады. Материалдың қасиеті оның ішкі құрылымы – атомдардың құрылымымен анықталады.
Қатты қалпында барлық металдар кристалл құрылымды дене болып табылады. Аморфты денелердің (шыны, т.б.) атомдарды ретсіз бейтарап орналасады.
Пісіру бөлшектерін бір бүтінге жалғау үшін, олардың элементарлық бөлшектерін (иондар, атомдар), араларындағы атомаралық байланыстарды әсер ете бастайтындай, өзара жақындату керек. Мұндай жағдайға жергілікті немесе жалпы қыздырумен, немесе илемділік деформациялаумен, немесе екеуінде бірге пайдаланумен жетеді.
Металл бөлшектерін пісіру (атомаралық байланыстар қалыптасады) жағдайына байланысты балқытып пісіру және қысыммен пісіру деп бөледі.
Балқытып пісірудің мәнісі мынада: пісірілетін бөлшектер 1 және 2 (1.1 – сурет) жиектерінің металы шоғырланған жылу көзімен: электр доғасы, газ жалыны, балқытылған қожбен, электрондық сәуле энергиясымен, плазмамен, лазер сәулесі энергиясымен қыздырылып балқытылады. Бұл жағдайлардың барлығында қыздырғаннан пайда болған бір жиектің сұйық өздігінен араласып жалғасады. Сұйық металдың «пісіру ваннасы» деп аталатын ортақ көлемі жасалады. Пісіру ваннасының металы қатайғаннан кейін металы 4 пайда болады. Жік металы тек қана жиектердің 3 және қосымша пісіру ваннасына енгізілген қосынды металл есебінен қалыптасады.



    1. суреті – Балқытып пісірумен бөлшектерді жалғау сұлбасы:

абөлшектер пісіру алдында; б – бөлшектер пісіргеннен кейін; в – бөлшектерді илемдік деформациялаумен пісіру

Пісіру бөлшегінің жиегі мен жік арасындағы металл түйіршіктерінің балқыған бөлігінің аумағы «балқу аумағы» деп аталады. Осы аумақта атомаралық байланыс орын алады. Бұл жағдайда жік металы пісірілетін бөлшек металымен тығыз жанасады да, пісірілетін бөлшек бетіндегі ластықтар қож қалыптастырып, сыртқа қалқып шығады.


Қысыммен пісірудің мәнісі – жалғастырылатын жердегі металды Р күші әсерімен илемдік жасап жалғастыру. Жалғастырылатын беттердегі әртүрлі ластықтар қысылған кезде сыртқа ығыстырылады да, пісіру бөлшектерінің беттері таза, тегіс және атомдық ілінісу қашықтығына толық қимасымен жақындасады. Атомаралық байланыс орнаған аумақ «Жалғасу аумағының ені оншақты микронмен өлшенеді. Егер жалғастыратын орынды қыздырса, бөлшектердің жиектеріне илемділік деформациясымен жасау жеңілдеу. Жергілікті қыздырумен пісіргенде жылу көзі – электр тоғы, газ жалыны, химиялық реакция, механикалық үйкеліс болып табылады, ал жалпы қыздырумен пісіргенде – ұсталық ошақ, қыздыру пеші болады. Балқытып пісіргенде пісіру жалғасының құрылымы мен қасиеті қалыптасуында маңызды роль атқарушы жылу процестері, қысыммен пісіргенде – илемділік деформациясы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет