-
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985
-
Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өілдері. – А., 1976
-
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985
-
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркологія. – А.,1987
-
Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988
-
Седеханов К. қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы-А.,1974
-
Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері-А.,., 1979
№ 2 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Фольклордың ерекшеліктері.
Жоспары :
-
Фольклордың тарихы мен теориясы.
-
Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі.
-
Фольклор мен жазба әдебиет.
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: « Ауыз әдебиетін алатын болсақ , оның жұртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашанда болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады». Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал, өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім білмейді.
Таптық қоғамда туған ауыз әдебиеті үлгілерінің қайысысы болса да белгілі бір таптың идеясын, арман-мүддесін әлеуметтік көзқарасын білдіріп отырады. Осы тұрғыдан алғанда, ауыз әдебиетінің халықтың сипаты, ең алдымен, оның халық психологиясын, халықтың арман-мүддесін, тілегін қалай суреттеп көрсеткіндігіне байланысты деп. түсінуіміз керек.
Ауыз әдебиетінің халықтық сипаты деген мәселені біз оның таптық сипаты деп. ұғынамыз. Сондықтан бұл екеуін бір - бірінен бөліп қарауға болмайды. Ертеден келе жатқан ауыз әдебиетінің қандай түрін алсақ та, онда белгілі бір таптың идеясы, көзқарасы жататындығын ап- айқын көруге болады. Еңбекші бұқара тудырған ауыз әдебиетінің халықтық сипаты-халықтың тұрмыс тіршілігі, қоғамдық өмірін, арман-мүддесін, дүние танудағы көзқарасын т.б. суреттеуінен де байқалады. Халықтың адал еңбекті, достық-татулықты, жақсы шат өмірді аңсап арман еткендігі оның ауыз әдебиетінің негізгі тақырыбы, идеялық нысанасы болып келеді және бұл жолда халыққа қызмет еткен қарапайым еңбек адамдары ардақталады, олардың ісі, мінезі сүйкімді түрде жырланады, олардың үстем тап өкілдеріне қарама-қарсы қойып әңгімелейді.
Жазу, сызу өнері болмаған ерте кезде-ақ халық өзінің тұрмыс тіршілігі қоғамдық өмірі шаруашылығы мен кәсібі қуанышы мен күйініші дүниетануға көзқарасы т.б. жайында неше түрлі өлең жыр, ертегі әңгіме, мақал-мәтел , аңыздар ойлап шығарған және оларды ауызекі айту күйінде тудырған. Сондықтан да бұларды халықтың ауызша шығарған кімнің шығармасы, даналық сөзі яғни ауыз әдебиеті деп. атаймыз.
Ауыз әдебиеті фольклор деп. те аталады. Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы ауызша тудырған, көркем шығармасы, халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал, халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті халықтың ерте замандардағы ой-сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Белинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Ф. И. Буслаев, О. Ф. Миллер, А. Н. Афаньасев секілді ғалымдары талдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр-түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. айтады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі :
-
Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992
-
Байтұрсыноа А. Ақ жол – А., 1991
-
Веселовский А. Н. Историческая поэтика. –М.,1940
-
Тайлор Э. Первобытная культура – М., 1989
-
Анисимов А. Духовная жизнь перврбытного общесттва – М., 1978
-
Гусев В. Е. Эстетика фольклора – Л., 1967
-
Пропп В. Я. Фольклор и действительность – М.,1976
-
Әмельянов Л. И. Методолог, вопроы фольклористики – Л., 1978
-
Әуезов М. Әдебиет тарихы – А., 1991
-
Ысмайылов Е. Ақындар – А., 1956
-
Смирнова М. С. Казахская нарадная поэзия – А., 1967
-
Садырбаев С. Фольклор және естетика – А., 1976
Оқулықтар
-
Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // шығармалар 6-т – А., 1964
-
Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А., 1974
-
Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. Хрестом-А.,1977
Қосымша
-
Қазақ әдебиетінің тарихы 1-т 1,2-кітаптар. – А., 196031964
-
Қазақ фольклористикасының тарихы – А., 1988
-
Қазақ фольклорының тарихылығы – А., 1993
Анықтамалар, көрсеткіштер, библиография.
-
Рефолюцияға дейінгі қазақ тілінде шыққан әдеби кітаптар./1807-1917/
-
/Аннотацияланған библиогр. Көрсеткіш/-А., 1978
-
Субханбердина Ү. Қазақтың революциядан бұрынғы мерзімді баспасөзіндегі материалдар. – А., 1979
-
Ақын-жыраулар. Өмірбаяндық анықтамалар. – А., 1979
Фольклор практикасы -
Смирнова Н. С., Нұрмағамбетова О. Ә Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинаушыға өмек. – А., 1960
-
Круглов Ю. Г. Фольклорная практика. – М., 1986
-
Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – А., 1985
-
Тұрсынов Е. Д. Қазақ ауыз әдебиетін жасаушылардың байырғы өілдері. – А., 1976
-
Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. – А., 1985
-
Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркологія. – А.,1987
-
Қазақ фольклористикасының тарихы. – А.,1988
-
Седеханов К. қазақтың Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық поэзиясы-А.,1974
-
Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері-А.,., 1979
№ 3 ЛЕКЦИЯ.
ТАҚЫРЫБЫ : Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.
Жоспары :
-
Қазақ фольклорының жанрлары мен түрлері.
-
Жанрлардың дамуындағы ортақ процестер.
-
Тарихи поэтика.
Дүние жүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тіл де фольклор деп. аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде халық даналығы деген ұғымды білдіреді.
Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл - күйін, тұрмыс – салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша тараған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады :
а) фольклорлық үлгілер ауызша шағарылады, әрі ауызша тарайды;
ә) әрбір шығарманың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады ;
б) дағдылы тіркестер, бір - біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі;
в) көркемөнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипатты сақталынады.
Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсон, ол 1846 жылы Лондонда шығатын “Атенеум” газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған : “халық поэзиясы”, “халық шығармашылығы”, “халық ауыз әдебиеті”, “халықтың сөз өнері”.
Ертедегі фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына таптық сипат алған, оның басты себебі адамдардың ара қатынасындағы әлеуметтік теңсіздіктен әр алуан топтар, нәсілдер, тектер, таптар пайда болған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт – санасына, талғам – талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылыспен қарым – қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен өзі сырласқанда өлең – аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да, тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, шығармашылық бірлік құрған.
Шығарманы ә дегенде белгілі бір ақын, жыршы, жыраулар шығарған, содан соң аталған әдеби мұра бір елден екінші елге басқа біреулердің жаттауымен жетіп отырған. Заманы алыстаған сайын түп нұсқаның алғашқы авторлары ұмыт болып, ол біртіндеп бүкіл халықтық ортақ мұраға айналған. Мысалы : “” “Қозы Көрпеш- Баян сұлудың” отыздан астам варианттары сақталған. Бұл жырдың өмір тарихы сан ғасырмен өлшенеді. Сол орталықтағы оның бірінші жырлаушысының есімі ұмытылған, басты сюжеттік желісі әр алуан өзгерістерге ұшыраған. Сондықтан фольклорлық әдебиеттің нақтылы авторы аталмайды. Ол шығарма қай ұлттың, қай халықтың көркем шығармасы еді деген сұрақ бірінші орында тұрады.
Ауыз әдебиеті үлгілерін кез келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілеті, бейімі бар адамдардың қатысы бар.
Фольклор ағылшын сөзі ол халық шығармасы, халықтың ауызша тудырған көркем шығармасы. Халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Фольклор дүние жүзі халықтарының бәрінде бар. Ал халықтың ауыз әдебиетін зерттейтін ғылымды фольклористика деп. атайды. Ауыз әдебиеті ертеден келе жатқан мұра. Орыс халқының ұлы сыншысы Б. Г. Белинский “Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы” деген еңбегінде ауыз әдебиеті мен жаба әдебиетінің арасындағы айырмашылықтарды айта келіп ауыз әдебиеті ерте замандағы ой – сананың жемісі дейді. Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін. Бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес дейді. Билинский ауыз әдебиетінің ерте кезде халықтың жазу, сызу өнері болмаған заманда туғандығын дәлелдейді. Өткен ғасырдың орта шенінде Батыс Европада, Рессейде ауыз әдебиетін зерттеген Буржуазияшыл ғалымдар “мифтік теория” дегенді ойлап шығарды. XIX ғасырдың 50 – 60 жылдарында орыстың Буслаев, Миллер, А. Н. Афанасев секілді ғалымдары қолдап ауыз әдебиеті дінге, діни ұғымдарға әр түрлі мифтерге байланысты туды және ауыз әдебиетінің алғашқы кейіпкерлері құдайлар болды деп. қарады. Сөйтіп идеалистік көз қарасқа негізделген мифтік теория ауыз әдебиетінің шығу тегін ашып бере алмады. Ауыз әдебиетінің шығуы жайында өткен ғасырдың II жартысында Батыста тағы бір теория пайда болды. Бұл “ауысып алу” теориясы деп. аталды. Оны Рессейде А. Н. Пыпын, В. В. Стасов, А. Н. Веселовский т. б. ғалымдар қолдады. Бұлар орыс халқының ауыз әдебиетінен басқа халықтың ауыз әдебиеті мен мазмұны жағынан салыстыра зерттеді және әр елдің ауыз әдебиетінде ұқсас келетін сюжеттерге айырықша көңіл аударды. Осының нәтижесінде, бір елдің ауыз әдебиетінде кездесетін сюжеттер екінші бір елдің әдебиетінен ұшырай қалса – ақ болғаны, оны олар бір – бірінен ауысып алған деп. есептейді. Мұндай ауысып алулар әр түрлі қарым – қатынас, сауда – саттық жолдарымен жасалған дейді. Мәселен Веселовский орыстың батырлар жырының сюжеті Батыс Европадан алынған десе, Пыпын оны тек Батыс емес, Шығыс елдерінен де келген деп. дәлелдейді. Орыс халқы Шығыс елдері ауыз әдебиетінен көп сюжет алған деген пікірді Стасов та, кейінен Потанин де көрсетеді. Ауыз әдебиетінің тууы, даму жайында “ауысып алу” теориясы ғылыми теріс, дәлелсіз және қате теория еді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Негізгі :
-
Аль-Фараби. Трактаты о музыке и поэзий. – А., 1992
Достарыңызбен бөлісу: |