Лекция № М.ӘУезовтың «абай жолы» роман-эпопеясы. Абайдың ҚОҒамдық-Әлеуметтік көЗҚарастары



бет1/4
Дата29.02.2024
өлшемі85.04 Kb.
#493311
түріЛекция
  1   2   3   4
Лекция № 5. М.Әуезовтың - Абай жолы роман эпопеясы. Әлемге танылған шығармалар


Лекция № 5.


М.ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫ.
АБАЙДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КӨЗҚАРАСТАРЫ


  1. М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының жазылуы,бұқара халық тынысы мен әлем әдебиетіндегі орны.



«Абай жолы» ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі.
(Луи Арагон)


1.М.Әуезов «Абай жолы» эпопеясының жазылуы, бұқара халық тынысы мен әлем әдебиетіндегі орны.
«Эпопея» - грек тіліне аударғанда - жарату, тудыру, жазу деген ұғымға сай келеді. Эпопея екі түрге бөлінеді: бірі – көне тарихи дәуірдің типтік оқиғаларын кең көлемде баяндайтын поэзиялық немесе прозалық шығармалар оларға «Шаһнама», «Манас» т.б. жатса, екінші - кейінгі дәуірдің еншісіндегі тарихи кезеңді жан-жақты суреттейтін роман жанрында кездесетін еңбектер. Оған қазақ әдебиеті тарихында М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын атауға болады. Жазушы өзінің осы еңбегінде қазақ халқының тілі мен ділін, өнері мен мәдениетін, тарихи болмысы мен дүние танымы, әдеп-ғұрпы мен ұлттық дәстүрін барлық қырынан жан-жақты ашып көрсеткен.
М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясын 1942 жылы 1-кітабын, 1947 жылы 2-кітабын, 1952 жылы 3-кітабын, 1956 жылы 4-кітабын жарыққа шығарды. Алғашқы екі кітабы үшін авторға 1949 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. Төрт томдық роман-эпопеясы үшін 1959 жылы кеңес кезіндегі ең жоғарғы сыйлық Лениндік сыйлықпен марапатталады.
Дегенмен де, «Абай жолы» еңбегіне теріс баға бергендер де табылғандығын айта кетуіміз керек. Құнанбайды И.Грозный мен І Петр патшалардың, Абайды коммунистердің көсемі В.И.Лениннің деңгейіне көтеріп жіберген деген пікірлер батыстық пиғылдың жетегінде екендігі өзінен өзі белгілі. Түбінде ту етіп ұстаған тұлғаларының қатарында орыстан басқа ұлт өкілдерінің болуын қаламайтын шовенистік мақсат тұрды.
«Абай жолы» 1-кітабының басында қаладан аулына асығып келе жатқан бала шәкірт пен 4-кітаптың аяғында жарық дүниеден өтіп бара жатқан ұлы ақынның екі арадағы қырық бес жыл Абайдың адам, азамат, ақын ретінде жаңаруымен қоғам қайраткері ретінде де көрінеді. 1-кітапта Абай азамат ретінде қалыптасады. 2-кітаптан бастап Абай өнер адамы – шын мәніндегі азамат ақын болып көрінеді. Абай ақындығының арғы жағы өзінің туған топырағындағы төл халықтық әдебиеті ертегімен өсірген Зере, жырмен аузына түкірген Барлас, Байкөкше, ақын Шөже, медет берген Шығыстың жеті жұлдызы, орыс достарымен қатар классиктері эпопеяда Абайға рухани серік болады. Абайдың өмір жолын, шығармашылық өнерінің өзгешелігін, қыр-сырларын, сол дәуірді, сол ортаны қоғамдық қарым-қатынастарды терең түсініу үшін М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының баға жетпес танымдық мәні бар, ұлт руханиятының көш басына шықты.
Роман-эпопеяның тек қазақ әдебиетінің тарихында ғана орын алмай бүкіл дүние жүзінде бағаланғанын бүгінде көз көрді. Әлемдік деңгейде берілген баға шын мәнінде «ХХ ғасырдың ең үздік шығармаларының бірі» (француз жазушысы Луи Арагон). «Бұл тамаша эпопея бізге тұтас бір әлемді сыйға тартты» (орыс жазушысы Н.Тихонов), «Өзім қалай қазақ болып кеткенімді білмей қалдым» (орыс жазушысы К.А.Федин), «Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық!» деп тамсаныпты бір кемеңгер, «Абайдай шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес» (Ғ.Мүсірепов), «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі – «Манас», бірі – Мұхтар Әуезов» (Қырғыз жазушысы Ш.Айтматов)
Әлемнің 116 тіліне аударылған М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясын 200 томдық «Әлем әдебиеті кітапханасы» сериясында 134-135 том болып тұр. Бір ғана мысал Мәскеу мен Санкт-Петербургтің өзінде «Абай жолы» роман-эпопеясы 17 рет басылып жарық көріпті.
«Абай жолы» қазақ өмірінің айнасы, ол төрт том арқылы бүкіл дүние жүзіне қазақтың кім екенін танытты. Заңғар жазушы әрбір қазақтың бойында ұлттық мақтаныш сезімін оятады, туған жерге, ана тілімізге деген құштарлықты, отансүйгіштік сезімін оятып, елдің ертеңгі күніне сенімімізді арттырады.
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясында өнер адамдарын жаңа қырынан тану бүгінгі күннің талабы болса, кітапта көрсетілгендей Қашқынбай аты – Қамысбай, Шәкәрім аты – Шұбар, Сабырбай аты – Қадырбай, Жанақ аты – Садақ, Дулат аты – Барлас, Түбек аты – Шүмек болып кездесетін протиптерінің есімдері өзгеріп берілген. Өз есімімен елге белгілі тұлғалар ақын Шөже, Біржан сал, Байкөкше Балғынбайұлы сияқты ақын-жыршылардың қазақ әдебиеті тарихындағы орындарын біздің дәріс сабағымызда саралап өтеміз. Олардың да «Абай жолында» көркем бейнелерін суреттелуі шынайы өмірдегі бейнелерімен зерттелді деп айта алмаймыз. Өйткені, автордың дәуірі ұлт әдебиетінің екі бүйірінен қысып тұрған заман еді. Мәселен роман-эпопеяда кездесетін Шұбар бейнесінің өмірдегі сом тұлғасы данышпан ақын Шәкәрім екенін автор жақсы білді, бірақ империяның тезіне салған қазақтың біртуар ұлы Шәкәрімді Шұбар есімімен жұтаң бейнемен суреттеді, оның түпкі себебін дәйекті түрде айқындап түсіндіру біздің міндетіміз. Сонымен қатар Құнанбайдың жаңаша бейнесін яғни елге еткен еңбегін шынайы дерек көздері арқылы жан-жақты қарастыру бүгінгі күннің талабы.
Эпопеядағы типтік бейнелер Құнанбай мен Абай екі дәуірдің кейіпкерлері арасындағы қарама-қайшылықтар қоғамдық кезеңнің орын алмасуы және олардың бірін-бірі жоққа шығарып ескіні жаңа жеңіп отыратын пәлсапалық заңдылыққа М.Әуезовтың сүйенуі шартты. Заңғар жазушының айтуы бойынша «...қазақ даласында күні өтіп бара жатқан, бірақ тамыры әлі де тереңдегі ескіні Құнанбай образына жинақтадым. Ал, оның баласы Абай бойында енді туып келе жатқан жаңа бар. Сондықтан, ақын Абайдың қалыптасуын көрсету арқылы үлкен қоғамдық шындықты – ескі мен жаңаның диалектикалық қарама-қарсылығын, күрес нәтижесінде ескіні жаңа жеңуін ашуға тиіс болдым». Мұның барлығы қазақ халқының ұлы ойшылы Абай айналасына топтап өмір шындығына терең бойлайды. ХІХ ғасырдағы қазақ халқының қоғам өзгерістерін жаңа мен ескінің күресін бүгінгі заманның мүдделерімен үйлестіріп бере білген жазушы. Автор Құнанбайды жөн-жосықсыз қараламай, Абайды асқақтата дәріптемейді қоғамның даму сатысымен ескі мен жаңаның ара жігін ашып жаңаша сипат беруді мақсат тұтқан.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет