Ә.Кекілбайұлы
Қобалжимын құр аттай құрағытпай
Қобалжимын құр аттай құрағытпай,
Құз басынан құлжадай бір-ақ ытпай.
Бөкендеймін бөксесін бөрі тартқан,
Бүлкілдеймін бүкшеңдеп,тұра зытпай.
Сығалаған сұр мерген сұсты қабақ
Сұр жебенің ұшына үскі қадап.
Сай басынан садағын тартып қалса,
Сап болады жел көңіл,өксік,азап.
Сол сұр мерген сықсиған кәрілік пе,
Үкіміне қоймаған әлі нүкте?!
Қалса болды қызғалдақ қызыл ерін,
Басқасының бәрін ал,бәрін үпте.
Қызыл ерін, керме қас кербездерім,
Кездессеші-ай кезеңнен кез келгенің.
Ебін тауып, емдеп кет көз көргенің,
Бебеулеткен безгектей безгелдегін.
Ебін тауып емдемей көз көргенің,
Бебеулеткен безгектей безгелдегің,
Көрінбеді кермиық кербездерім –
Білдім енді дүние өзгергенін.
Жалт еткендей оқ тиіп жамбасымнан,
Жалт қараймын шыққандай жау қасымнан.
Көзін салмай көшеде өте шықса,
Көлеңдеген күлімкөз дәл қасымнан.
Дәурен қайда шалқыған кең өлкедей,
Оны ойласам, сөз сұрғылт, өлең кедей.
Кермиықтар кешегі ебіл-себіл
Бұлтты күнгі бұлыңғыр көлеңкедей.
Құлазиды-ай, көңіл ит бұйығады-ай,
Базар тарап, бос қалған Хиуадай.
Қыршын жастық қылт етіп ғайып бопты,
Қылғып салған қыз ерні миуадай.
Қобалжимын құр аттай құрағытпай
1.Авторы - Әбіш Кекілбаев.Ақын,жазушы,драматург,
әдебиет сыншысы,аудармашы,публицист,Абай атын
дағы Мемлекеттік сыйлығының,тәуелсіз «Тарлан»
сыйлығының,Президенттің Бейбітшілік және келісім
сыйлығының иегері, Қырғызстан Республикасының
еңбек сіңірген мәдениет қайраткері,Халық жазушысы,
Мемлекет және қоғам қайраткері.
1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы Онды аулында Мырзайыр құдығы
маңында дүниеге келген.
1957-1962 жылдар арлығында ҚазМУ-дің
филология факультетін бітірген. «Алтын шуақ»
(1962ж), «Бір
шөкім бұлт» (1965ж), «Құсқанаты» (1966ж), «Дала
балладалары» (1966ж), «Дәуірмен бетпе-бет» (1972ж),
«Тырау-тырау тырналар» (1974ж), «Ұйқыдағы арудың
оянуы» (1979ж), «Үркер» (1981ж), «Шыңырау»
(1982ж), «Елең-алаң» (1974 ж), «Таңдамалылары» 1,2-
том (1989ж),«Заманмен сұқбат» (1996ж) кітаптары
жарық көрді. Ә.Кекілбайұлы шығармалары болгар,
неміс, чех, поляк, венгер тілдеріне аударылды.
2.Тақырып - өнер туындысының іргетасы. Тақырып
дегеніміз – белгілі дәуірдегі қоғамдық шындықтың
сәулесі, автордың айтар ойының түп қазығы. Бұл
өлеңнің тақырыбы – адам өмірінің қарттық кезеңі
туралы.
3.Жанр түрі - өлең, себебі өлең дегеніміз – белгілі бір
өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен
ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі. Бұл өлең
көңіл күй лирикасымен жазылған, себебі ақынның ішкі
сезімі, құлазуы байқалады.
4.Идеясы – автор өмір шындығын суреттегенде, оны өз
көзқарасы, өз дүниетанымы тұрғысынан бейнелейді.
Бұл өлеңнің идеясы – егделік кезеңге аяқ басқан
жанның өмірді қадірлеп, жастық дәуренді қимауы.
5.Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ой. Бұл өлең
8 шумақтан тұрады.
6.Тармақ - өлеңнің әрбір жолы. Бұл өлеңде тармақ саны
– 32.
7.Бунақ - әр жолдың белгілі бір дауыс ырғағымен
бөлінуі. Өлеңнің әр жолы 3 бунақтан тұрады.
8.Буын – сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың
саны. Өлең 11 буынды.
Кө-рін-бе-ді кер-ми-ық кер-без-де-рім
9.Ұйқас - өлеңнің бітім мазмұнымен тамырлас келіп,
оған ерекше әуен, саз беріп тұратын өлең
тармақтарындағы сөздердің үндестігі. Бұл өлең – қара
өлең ұйқасына құрылған (а, а, б, а)
10. Әдеби – теориялық ұғымдар:
10.1. Ажарлау. Эпитеттер – құр ат, сұр мерген, сұсты
қабақ, сұр жебе, жел көңіл, қызғалдақ ерін, қырмызы
ерін,керме қас кербездерім, кермиық кербездерім,
сықсиған кәрілік, бұлтты күнгі, бұлыңғыр көлеңке, ит
көңіл, қыршын жастық
Теңеулер – құр аттай, құлжадай, бөкендей,
безгектей, кең өлкедей, Хиуадай, миуадай.
Аллитерация – Қобалжимын құр аттай құрағытпай.
Бөкендеймін бөксесін бөрі тартқан.
Басқасының бәрін ал, бәрін үпте.
Кездессеші-ай кезеңнен кез
келгенің.
Бебеулеткен безгектей безгелдегін.
Көрінбеді кермиық кербездерім.
10.2. Троп (құбылту).1. Метафоралар – сұр мерген –
кәрілік, сөз – сұрғылт, өлең – кедей, көңіл – ит.
2. Кейіптеу – Жастық – қылт етіп ғайып бопты.
3. Метонимия – Қалса болды қызғалдақ қызыл
ерін
10.3.Айшықтау (фигура). Инверсия -
Қобалжимын құр аттай құрағытпай.
Бөкендеймін бөксесін бөрі тартқан.
Бүлкілдеймін бүкшеңдеп, тұра зытпай.
Сығалаған сұр мерген сұсты қабақ.
Сап болады жел көңіл, өксік, азап.
Қалса болды қызғалдақ қызыл ерін.
Кездессеші-ай кезеңнен көз көргенің.
Бебеулеткен безгектей безгелдегін.
Көрінбеді кермиық кербездерім,
Білдім енді дүние өзгергенін.
Құлазиды-ай, көңіл ит бұйығады-ай,
Базар тарап, бос қалған Хиуадай.
Қылғып салған қыз ерні миуадай.
11.Түсіндірме сөздік – Құрағытпай – ширақ қозғалмай,
бөксесін – денесін,
үскі – үшкір нәрсе,
үкім – жаза,
үпте – дым қалдырма,
безгек – ауру аты.
12.Өлеңнің тәрбиелік мәні: Ақын жастық шақты
ұмытылмастай мәнді өткізуге шақырып, қарттық
кезеңге бой ұсыну керектігін айтады.
Қоразова Сәнімхан Бектұрғанқызы
Ақтау қаласы Экономикалық лицей
Достарыңызбен бөлісу: |