Лекция № 3. Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасу мен дамуының негізгі кезендері
Лекция жоспары:
Саясаттанудың объектісі және пәні. Саясат ілімдерінің құрылымы.
Саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі парадигмалар. Саяси ғылымның қызметі.
Саясаттанудың өзге ғылымдармен ара қатынасы. Ежелгі классикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары. Қайта өрлеу және жаңа заманның саяси идеялары. Қазіргі дәуірдің саяси теориялары. Отандық саяси ой тарихы мен идеялары
Лекция мақсаты:
Саясаттанудың объектісі және пәні, саясат ілімдерінің құрылымы, саясаттанулық зерттеу әдістері мен негізгі парадигмалар, саяси ғылымның қызметі, саясаттанудың өзге ғылымдармен ара қатынасы, ежелгі классикалық дәуір мен ортағасырдың саяси ойлары, Қайта өрлеу және жаңа заманның саяси идеялары, қазіргі дәуірдің саяси теориялары, отандық саяси ой тарихы мен идеяларымен таныстыру
Лекция мазмұны:
Кең мағынада қарағанда, саясат – адамдардың, өздері өмір сүріп отырған қоғамға сәйкес, жалпы ережелерді қалыптастыруы, сақтауы және жетілдіруі арқылы атқарылатын қызмет. Саясат (politics) «polis» сөзінен шыққан, тура мағынасында «қала мемлекет» дегенді білдіреді. Сондықтан да саясат конфликт және ынтымақтасу құбылысымен тығыз байланысты. Бір жағынан бәсекелес пікірлердің болуынан, адамдардың қалауы мен қажеттіліктерінің әркелкілігінен және мүдделер қай-шылығынан олардың арасында өздері өмір сүріп отырған қоғамның ережелеріне қатысты келіспеушіліктер туындауы заңдылық. Екінші жағынан, адамдар осы ережелерге ықпал ету үшін немесе сол ережелерді сақтау үшін өзгелер-мен бірге жұмыс істеу қажеттігін мойындайды. Ханна Арендттің саяси билікті «келісілген әрекет» деп суреттеуі осыған байланысты. Сол себепті саясат, негізінен, түрлі бәсекелес мүдделер мен көзқарастарды келі-сімге келтіретін конфликтілерді шешу процесі ретінде сипатталады. Алайда саясатты осы кең мағынада конфликтіні шешуден гөрі, шешу жолдарын іздестіру тұрғысында қарастырған жөн, себебі конфликт атаулы түгел шешілмейді немесе оларды шешу мүмкін болмайды. Саясаттың мағынасын анықтауға қатысты кез келген әрекет негізгі екі мәселені міндетті түрде шешуге тиіс. Біріншіден, күнделікті өмірде «саясат» сөзінің түрлі мағынасы бар, басқаша айтқанда, саясат тым көп мағына жүктелген ұғым. Көп адам экономиканы, географияны, тарих пен биологияны таза академиялық пән деп қарастырса, саясатқа келгенде олардың ойы бір жерден шыға қоймайды. Мысалы, жұрттың көбі саясатты зерттейтін ғалымдар мен студенттер белгілі бір деңгейде біржақты болады деп ойлайды, себебі «осы мәселені бейтарап әрі объективті зерттеу өте қиын» деп санайды. Одан зорғы-сы, саясат әдетте лас нәрсе деп саналып, ол, бір жағынан, жағымсыздықпен, бүлікшілдікпен және зорлық-зомбылықпен, ал, екінші жағынан, алдау, арбау мен манипуляциямен байланыстырылады. Мұндай ұғым түсінік бұрыннан қалыптасқан. Мысалы, сонау 1775 жылы Сэмюэл Джонсон саясатты «әлемде мансапқа жетудің құралы» деп сипаттаса, XIX ғасырдағы америкалық тарихшы Генри Адамс саясат «өшпенділіктің жүйеленген түрі» деген қорытындыға келген. Ал екінші және күрделі жайт тіпті ең беделді деген ғалымдардың саясат не туралы деген мәселеде ортақ пікірге келе алмауы. Саясатқа билік құру, ел басқару туралы ғылым, ұжымдық шешім қабылдау, шектеулі ресурстарды бөлу, алдау және манипуляция тәжірибесі және т.б. түрлі анықтама беріледі. Еңбекте ұсынылған мына анықтаманың артықшылығы басқа бәсекелес анықтамалардың барлығын дерлік қамтуында. Саясат – баршаға ортақ ережелерді қалыптастыру, сақтау және жетілдіру үрдісі. Алайда ұғымның анықтамасын нақтылап, мәніне терең үңілгенде мәселе туындайды: «саясат» ережелерді қалыптастыру, сақтау не жетілдірудің бір әдісіне мәселен, пікірталас арқылы бейбіт жолмен қатысты айтыла ма, әлде осындай іс-әрекеттерді толық қамти ма? Дәл сол сияқты, саясат барлық қоғамдық контекстер мен институттарда жүзеге асырыла ма, әлде белгілі бір салаларына айталық, үкіметке не қоғам өміріне ғана қатысты ма?Осы тұрғыдан алғанда, саясаттың «тым даулы» ұғым екенін, яғни оның қолдануға тұрарлық, лайықты мағыналары көп екенін түсінеміз бұл ұғымдар осы Конфликтпікір мен көзқарастың, қажеттілік пен мүдденің әралуандығын білдіретін қарама-қарсы күштердің арасындағы бәсеке. Ынтымақтастық Бірлесіп жұмыс істеу, ұжымдық іс-әрекет арқылы мақсатқа жету. Екінші жағынан, бұл түрлі көзқарастар бір ғана құбылыстың қарама қайшы яки бұлыңғыр қырларын сипаттайтын анықтамалар болуы да мүмкін. Өзара бәсекелес не балама концепциялардың қай-қайсысымен жұмыс істесек те, саясатты анықтауда ауқымды екі тұғырды ажыратып алғанымыз жөн. Біріншіден, саясат белгілі бір аренамен яки орынмен тығыз байланысты, бұл жағдайда ол орын алған жеріне қарай «саяси» әрекет болып шығады. Екіншіден, саясат процесс немесе механизм ретінде қабылданады, аталған жағдайдағы «саяси» іс-әрекет адамның айрықша белгілері мен сипаттарын көрсетеді, сондықтан кез келген контексте орын алады. Осы ауқымды екі тұғырдың әрқайсысы бойынша саясаттың балама анықтамалары пайда болды, олар саяси талдаудың түрлі мектептерінің қалыптасуына ықпал етті.
Достарыңызбен бөлісу: |