Клоун1: Сәлем саған, туған ел! Клоун2



бет1/5
Дата30.04.2024
өлшемі36.53 Kb.
#500218
  1   2   3   4   5
Төрлет жаңа жыл тәрбие сағаты сценарий


Төрлет, Құтты Жаңа жыл!

Мақсаты: Оқушыларға Жаңа жыл туралы ұғым беріп, жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылда барлық бойларында бар өнерлерін ортаға салып үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.

Барысы:
Екі жүргізуші ортаға шығады.
1-жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, ұлағатты ұстаздар!
2- жүргізуші: Бармысыздар замандас бауырлар, шабытты шәкірттер!

1 - жүргізуші: Бүгін бізге жырдан алқа тағайын,


Шат күлкіге толы болсын маңайын.
Көргендер де, көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

2 – жүргізуші Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,


Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын!

1 - жүргізуші: Біздер жаңа жылды тойлаймыз дейміз дейміз, байқаймысың, бұл кеште балалар көрінбейді ғой. Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен? Балалар соның ішінде ме екен?


2 – жүргізуші Мүмкін біздің балалар тосын сый жасайын деп тығылыып қалған шығар? Қане ашып көрейік. Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып тұрмын.
1 - жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Былай келісейік. Екеуміз 1..2..3 дегенде қаптың аузын бірге ашайық.
2 – жүргізуші Жарайды ,мен келістім.
Ендеше бастасақ, бастайық.
(қаптың аузын ашқанда клоундар атып шығады)

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!
Клоун2: Сәлем, сәлем достар!
Ой, ой,ой біздің достарымыз көрінбейді ғой. Олар қайда кеткен? Көп соза бермейік. Достарымызды ертіп келейік қане?!
Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Достарымызды ертіп келіп бүгінгі кешті көңілді өткізейік! Ба ла лаааар, қайдасыздааааар!
Клоун2: Достаааар, Қайдасыздар?
Клоун1: Таптық, таптық! Жаңа жылға арналған кешімізді бастайық!

Қарақшы (Әділжан)
2 – жүргізуші Мында қарақшыларда бар екен. Біздің кешімізге кедергі келтіріп жүрмейсіңдер ме?
Қарақшы; (Мейрамбек) Жоқ, жоқ, достар! Біз сендерге кедергі жасамаймыз. Кешімізді көңілді өткізейік!
Музыка ойнайды (оқушылар шыршаны айналып «Кішкентай шырша» әнін орындайды).
1 - жүргізуші: Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысайық.

2 – жүргізуші Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!


1 - жүргізуші: Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген, саналы ұрпақты сезімі сергек ,арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы, мектеп директоры Б.Ж. Сарсенгалиеваға береміз.


2 – жүргізуші Бүгінгі Жаңа жыл кешіне сәйгүліктерін желдіріп, алтындатқан шанасымен Аяз ата мен сүйкімді Ақша қар келе жатыр деген хабар алып тұрмыз,
Қане барлығымыз бірге шақырайық!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет