Лекция №26
Снарядтардағы гимнастика жаттығуларының сипаттамасы
Жоспар
1. Отырыстар: Жамбасқа отыру, т.с.с.
Гимнастикалық жаттығулар гимнастикалық амалдар деп аталатын, әдеттегідей жаттығулардың мына топтарына бірігеді.
Спорттық жаттығулар
жалпылама дамытушы жаттыгулар
қолданбалы жаттығулар
еркін жаттығулар
көркем гимнастикалық жаттыгулар
акробатикалық жаттығулар
7. секірулер
снарядтарда орындалатын жаттығулар
Гимнастика амалдарын осылайша топтастыру, қандайда бір міндеттерді орындау үшін қажетті жаттығуларды таңдауды жетілдіру.
Гимнастиканың негізгі амалдарын қысқаша түрде сипаттайтын болсақ:
1. саптық жаттығулар-бұл сабақтарды жақсы үйымдастыру үшін жаттығу мезгілінде
шұғылданушыларды рационалды түрде орналастыру үшін пайдаланылатын қызметін
сипаттаудағы күрделі емес қозғаушы әрекеттер.
Бұл жерде өзіндік жеке маңызға не келісілген ырғақты әрекеттердің дағдыларын қалыптастыру кезінде, музыкалық сүйемелдеумен болатын жүгіру мен жүру кезінде қолданылатын жаттығулар.
2.. жалпылама дамытушы жаттығулар гимнастиканың барлық түрінде қолданылады. Бұл жалпылама түрдегі дене тәрбиесінің мақсаты бойынша орындалатын үйлестіруші күрделі емес қозғаушы әрекет жаттығулар. Олар бүлшық еттің әртүрлі топтарындағы дамуын, дене сапасын жақсарту, кәдімгі қозғаушы дағдыларын қалыптастыру. Затсыз және әртүрлі заттармен орындалатын ауырлық түсіретін заттар мен гимнастикалық және тренажерлық жабдықтарды қолдану арқылы орындалатын көптеген жаттығулар бар. Бүл жерде мынаны айта кеткен жөн жалпылама жаттығулар гимнастикалық снарядтарда орындала береді. Күрделі әрі әмбебап болып табылатын снарядтарда орындалатын жаттығулар гимнастика амалдарының өз алдына бір бөлігі болып табылады.
Қолданбалы жаттығулар. Қоршаған ортамен өзара әрекетінің қозғаушы ептіліктермен қалыптастырушы гимнастика амалдары. Гимнастикалық жаттығулардың оны ерекшелейтін өзіндік сипаты форма бойынша қимылдардың қатаң емес регламентациясын сақтау. Тепе-теңдікті сақтау, кедергілерден өту секілді қозғаушы міндетке қол жеткізу үшін жеке шешімге келуге рұқсат белу. Бұл жаттығулар арнайы жабдықтар арқанды, орындықтарды, қабырғада пайдалану арқылы орындалады. Осы сипаттағы көптеген жаттығуларды стандартты және стандартты емес снарядтарда орындауға болады. Бүл жаттығулар гимнастикалықойындар мен эстафеталарды өткізу кедергі жасақтарынан өту кезіндегі негізі болып табылады.
Еркін жаттығу. Спорттық гимнастикадағы гимнастикалық көп сайыстың түрінің бірі. Жалпылама дамытушы сипаттағы амал болып табылады. Оны пайдалану үйлестіруші қабілеттерді дамытуға, төзімділікті күшейтуге бағытталады.
Көркем гимнастикалық жаттығулар. әйелдер контингенті мен жүргізілетін сабақтарда колданылады. Олар міндеті бойынша еркін жаттығуларға жақын. Алайда олардың затсыз бұзылулар тепе-теңдіктер өзгерістер т.с.с. және заттай заттармен сақина, доп, лента тағы сондайлармен орындалатын өздеріне тән элементтер бар әртүрлі қимылдар оқу және спорттық композициясына бірігеді.
Акробаттық жаттығулар. Дене мүшелерін дамытатын батылдық пен тәуекелшілдікке тәрбиелеу өте ықпал жасаушы амал болып табылады.дененің алуан түрлі қимылдары мен жағдайлары соның ішінде бастан жоғары қарай айналып секіру, кеңістіктегі арнайы бағдарды жақсартады.
Секірулер. Жалпылама дамытушы тобына жататын қысқа жиіліктен секірістерге қарағанда оған аяқтың және қолдың екпінімен болатын ұшу кезеңі тән мұндай жаттығулар адамда жылдамдық, күштілік қасиеттерінің қимылдардың дәлдігін, ептілікті ерік қасиеттерін дамытады.
Снарядтарда орындалатын жаттығулар. Снарядтардың құрылысына сай болатын тірек жағдайының өзгешелігі мен ерекше дене қимылы тән. Спорттық гимнастикада
снарядтар ерлер және әйелдер көп сайысының түрлеріне қарай бөлінеді. Соңғы уақытта дәстүрлі гимнастикалық жаттығулар мен қатар жалпылама дамытушы сипаттағы жаттығуларды үй жағдайында орындауға мүмкіндік беретін әртүрлі тренажерлар мен құрылғылар пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |