Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті
Институты «Математика, физика және информатика» кафедрасы «Математиканы, физиканы және информатиканы оқыту әдістемесі»
Реферат
Пәні:Мұнай және мұнай өнімдерінің негіздері
Тақырыбы: «Мұнайдың химиялық,физикалық және элементтік қасиеттері»
Орындаған:Серікбол Айкерім
Тексерген:Шадин Нұргүл
Алматы 2023
Жоспар:
Кіріспе
Мұнайдың химиялық қасиеттері (құрамы)
Мұнайдың физикалық қасиеттері
Мұнайдың элементтік қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мұнай - көмірсутектер қоспасы болып табылатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың ең маңызды түрі.
Мұнай
Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.
Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері, кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар, дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна шымтезектің қызуына тең.
Достарыңызбен бөлісу: |