Проблемалық жағдаяттар.
Жасанды жасалған жағдаятта бала проблемаға кезігеді де, оны өз деңгейінде шешеді. Мұндай жағдаяттың: тексеру, тәрбиелік, бақылау, бекіту, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ пайдалы, тәрбиеші ойластырмаған, бірақ зиянды немесе кедергі келтіретін деп аталатын түрлері де бар. Тәрбиелік жағдаяттың зерттеу нысаны: оқушылар тұлғасының дамуы; сынып ұжымының қалыптасуы; сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының сынып өміріне қанағаттанушылық сезімі.
Тәрбие үрдісінің тиімділігі. Тәрбие үрдісінің тиімділігі дегеніміз - бұл алға қойылған мақсат пен тәрбие практикасында қол жеткізген нәтижені салыстыратын теңестіру. Тәрбиенің негізгі мәні оның дамытушылық ықпалында, сондықтан бала тұлғасында болып жатқан өзгерістер ғана білім мен тәрбиенің тиімділігін куәландыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: |