Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар



бет1/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)


Әскери – инженерлік дайындық, аскери топография, басқару және байланыс
Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Сұрақтар:
Әскери-инженерлік дайындықтың мәні және міндеттері. Далалық фортификациялық құрылымдар. Шұңқырлар. Траншеялар. Блиндаждар. Тығылатын орын. Таса. МАВ, танкі взводының тірек пункті. Инженерлік бүркемелі-жасырыну іс-шаралары.
Жауап: Жару жұмыстары (взрывные работы) – жарылғыш заттармен өткізілген жару жұмыстары. Жару жұмыстарн инженерлік әскер бөлімшелері немесе әскер түрінің арнайы дайындалған командалары орындайды. Жартылай копонир (полукопонир) – бір бағытта қапталдық атыс жүргізуге арналған фортификациялық құрылыс қарама –қарсы екі бағытта атыс жүргізуге арналған капонир деп атайды. Бекіністі аудан (укрепленный район) – 1) әр түрлі инженерлік бөгеттермен жабдықталған және арнайы әскерлер немесе жалпы әскер бөлімдерінің (дала әскерлері) көмегімен ұзақ уақыт бойы мықты қорғануға арналған далалық бекіністі құрылыстар жүйесі орналасқан жер(аудан). Екінші дүниежүзілік соғыс алдында көптеген елдер қорғанысты нығайту мақсатында өз мемлекеттері шекаралары бойында бірнеше шептен бекіністі аудан құрды. 2)қорғану үшін құрылған штаттағы әскери құрылым. Ұлы Отан соғысы жылдарында кенес армиясында бекіністі аудандар бірнеше пулеметтік –артиллериялық батольондардан, оларға қызмет ететін және жабдықтаушы бөлімшелерден тұрады(4).
Бүркеме (маскировка-фр.-еленбеймін, көрінбейтін ету)- құрамын, соғыс объектілерін жасыру мақсатымен әскерлердің орналасқан жері, саны, күш-құрамы, қимылы мен мақсаты туралы қарсыласты есебінен жаңылыстыру үшін қолданылатын соғыс қимылдарының бір түрі. Бүркеменің ойдағыдай іске асуы үшін мынадай шаралар жасалады: шындығында бар объектілерді жасырып, жалған объектілер құру, олардың сыртқы белгілері мен неге арналғандығын өзгерту, қарсыластың техникалық барлауына арнаулы кедергілер жасау; жердің табиғи бүркемелік жағдайын пайдалану; әскерлердің орнын, басқару пункттерін, ракеталық объектілерін мезгіл-мезгіл ауыстырып отыру. Әскерлер мен объектілерді техникалық бүркемелеудің негізгі амалдары: бүркеме киім-кешек, бүркеме бояу (байқалмайтын, ұқсамайтын, түрін-түсін өзгерту); бүркеме өсімдіктер (ағаш бұталарын бір орыннан екінші орынға ауыстыру, ағаш бұтақтарын жерге шаншу); безендіргіш, жарық, түтіннен жасалған, пиротехникалық және дыбыстық бүркеме. Техикалық бүркеменің радиотехникалық және радиолокацияға қарсы қолданылатын түрлері де бар. Бүркеменің қолданылуы арқылы өз әскерлерін түтқиыл шабуылдан қорғайды, адам құрамының және соғыс техникасының көп шығынға ұшырамауы қамтамасыз етіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет