Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Миналық-жарылғыш, жарылмайтын, құрама бөгеттер, танкіге қарсы, танкіге қарсы қорғанатын ошақтық, тактикалық мина жазықтықтары



бет3/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)

Миналық-жарылғыш, жарылмайтын, құрама бөгеттер, танкіге қарсы, танкіге қарсы қорғанатын ошақтық, тактикалық мина жазықтықтары.
Бөгет (заграждение) – қарсыласты шығынға ұшырату, қозғалысын тежеп тұру және қиыншылық келтіру, маневрін тоқтату немесе өз әскерлері үшін тиімді бағытта қозғалуға мәжбүр ету мақсатында оның жүру жолында жасалған жасанды кедергілер (құрылыстар мен қиратулар). Әсер ету сипатына қарай бөгеттер жарылғыш (миналы жарылғыш және ядролық жарылғыш болуы мүмкін), жарылмайтын, аралас жарылғышты болып бөлінеді, қолдану орнына байланысты – жер үсті (су кедергілері де), теңіз және әуе (ұшақтарға қарсы); ауқымы бойынша – оперативтік және тактикалық болып бөлінеді. Бөгеттер жасау атыс жүйесі, ядролық соққылар және авиациялық соққылармен тығыз байланысты
Инженерлік бөгеттердің дайындық деңгейі.
Бөгеттердің дайындық дәрежесі (степень готовности заграждений) – Бірінші және екінші дәрежелі дайындықтағы бөгеттер болып бөлінеді.
Бірінші дәрежелі дайындықта бөгеттер толықтай ұрыс әзірлігіне келтіріледі: мина алқаптарына мина орнатылып, толық жабдықталады, басқарылатын миналар ұрыс жағдайына ауыстырылады; мина алқаптарының қоршаулары алып тасталады. Объектілік және көлікке қарсы миналар орнатылады, бүркемеленеді және олардың жарғыштары ұрыс жағдайына ауыстырылады; аралас бөгеттерде орнатылған миналық-жарылғыш құралдар толығымен жабдықталады. Ал өткелдер мен жолдар миналандырылады.
Екінші дәрежелі дайындықта бөгеттер бірінші дәрежеге шұғыл ауыстырылуға дайындалады: миналар орнатылады және толығымен жабдықталады, бірақ миналы алқаптар қоршаланып, күзетіледі. Басқарылатын миналар қауіпсіз жағдайда болады; объектілер және көлікке қарсы миналар орнатылып, бүркемеленеді, бірақ олардың жарғыштары ұрыс жағдайына ауыстырылмайды; жарылмайтын кедергілер дайындалады, бірақ олардағы жолдар мен өткелдер қиратылмайды және миналандырылмайды немесе екінші дәрежелі дайындықта тұрған объектілік, көлікке қарсы миналармен және фугастармен миналандырылады


Қолданылған әдебиеттер:
1. Инженерное обеспечение.Колибернов М 1984г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. М. П. Брысин, П. М. Калинин. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет