Сабақтың тақырыбы: Жарылмайтын инженерлік бөгеттер өту



Дата09.06.2016
өлшемі32.43 Kb.
#124620
түріСабақ
«Бекітемін» ______________

Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Жарылмайтын инженерлік бөгеттер өту

  2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жарылмайтын инженерлік бөгеттерден өту туралы жалпы мағлұмат беру.

  3. Уақыты: 45 мин.

  4. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.

  5. Өткізілетін күні:

  6. Көрнекілік құралдар: Плакаттар ,АӘД кітабы

  7. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.



ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі –10 мин.

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?

  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?

  • Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?

  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?

  • Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?


б) Негізгі бөлім – 25 мин.

Жарылмайтын инженерлік бөгеттерден өту

Жарылмайтын бөгеттерден өту инженерлік бөлімшелер,содай ақ инженерлік техниканы, бульдозерлік жабдықтар мен жарылғыш заттарды қолданып әскер түрлері бөлімшелері орнатқан өтпелер мен өткелдер арқылы жүзеге асырылады.

Елді мекендердегі үйінділербульдозерлер мен жол төсегіш техникалар арқылы тазартылады.Өтпеге жақын жерде құлағалы тұрған және жартылай қираған ғимарат қалмауы керек.Мұндай ғимаратты жару арқылы немесе механикалық тәсілмен бұзу керек.Ірі кесектер мен тұтас құйылған цементтерді 2-5 кг қосымша зарядтарды жару арқылы сындырады.Үйінді биік және терең болғанда , оны тазалап,үстін тегістейді,кіру және шығу қақпалары бар өтпе жасайды.Таулы жолдардағы үйінділерден де осылай өтеді.

Ормандағы кедергілер мен бөгеулерден өту үшін ағаштарды қопарып,тасу жолымен өтпе жасайды.Бөрене сынықтарын,тастар мен топырақты бульдозермен өтпе сыртына тастайды.

Сым бөгеттерде өтпелерді танкілердің көмегі арқылы жару әдісімен немесе қайшы және саперлік құралдарды пайдалана отырып қол күшімен жасалады.

Сым бөгеттерде жару әдісімен өтпе жасау үшін ұзартылған зарядтарды қолданады.Зарядтарды қазықтар түбінде сымның астына не сымға салып жарады.Жару нәтижесінде ені 4-5 м өтпе жасалады.

Сым бөгеттерден, сондай ақ оның үстіне буылған бұта не сабан, тақтайлар, сатылар,шинелдер тастау арқылы да өтеді.

Онша елеусіз және ауыстырмалы сым бөгеттерден өтпелер жасағанда, арқанмен танкілерге , тартқыштарға сүйреткен тарбақтар мен ілгектер байлап, бөгеттерді жан жаққа тасу арқылы жасауға болады.

Электрленген бөгеттерден өтпелер арқылы немесе токсыздандырып барып әдеттегі сым бөгеттерден өту тәсілі қолданылады.

Мина – жарылғыш бөгеттерден өту

Бөлімшелермен шешілетін мейлінше маңызды және күрделі міндеттердің бірі – мина жарылғыш бөгеттерден өту.

Ұрыс жағдайы мен мина жарылғыш бөгеттердің орналасуы орнына байланысты міндеттер мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін: бөгеттердегі өтпелерден өту ; жеке миналанған алаңдарды түсіру ; жолдарды , елді мекендерді және жекелеген нысандардыминадан тұрақты тазарту,жергілікті жерді тұтастай минасыздандыру.

Бұлардың ішінде ең көп тарағаны – бөгеттерден өтпелер жасау.

Миналанған алаңдардағы өткелдер мынадай тәсілдер арқылы жасалуы мүмкін:

1.механикалық тәсілмен – миналарды жарып жою тәсілі немесе коллеялық мина тралдары арқылы өткелдер шегінен алып тастау тәсілі;

2.Жару тәсілімен - реактивті қозғалтқыштар көмегімен немесе тралы бар танкімен сүйреу арқылы ұрыстың миналанған алаңдарына берілетін ұзартылған зарядтар көмегімен оларды қопару жолымен миналарды жою;

3. қолмен жасалатын тәсілмен – мина іздеуішпен және түрткішпен іздеу, оны көмілген жерінен




в) Қорытынды бөлім – 7 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Жарылмайтын бөгеттер дегеніміз не ?

  • Жарылмайтын бөгеттердің түрлерін ата?

  • Жарылмайтын бөгеттер қолданылуына қарай неше топқа бөлінеді?

  • Танкіге қарсы бөгеттер ненің көмегімен орнатылады?

  • Стационарлы бөгеттерге нелер жатады?

  • Тасымалы бөгеттерге нелер жатады?


Бастапқы әскери даярлық пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет