Лекция №1. Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық Сұрақтар


Бөгеттердегі өтпелер (проходы в заграждениях)



бет6/33
Дата18.05.2022
өлшемі367.42 Kb.
#456879
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
ВИП лекция -15 каз 22-ДОТ (2)

Бөгеттердегі өтпелер (проходы в заграждениях) – бөгеттерден тазартылған немесе өз әскерлерін (кемелерін, десанттық көліктік құралдарын) түрлі ұрыс қимылдары кезінде міндеттерін орындауға өткізу үшін бөгеттерде арнайы бос қалдыратын жергілікті жер (су кеңістігі) долағы. Өтпелер саны ұрыстық (жорықтық) ретке, бөгеттердің сипаты мен олардан өту әдісіне, қолда бар күш-құралдарға байланысты болады. Мина жарылғыш бөгеттерде өтпелер жару арқылы, механикалық тәсілдермен және қолмен жасалады. Жару жеке механикалық әдістер негізгі әдістер болып табылады, олардың аралас қолданылуы да мүмкін. Жару тәсілі миналы алаңға реактивті қозғалтқыштар немесе тралды танкті сүйреу арқылы жеткізілген, ұзартылған зарядтар көмегімен миналарды жоюдан тұрады. Қарсылас қорғанысының алдыңғы шебінің алдындағы бөгеттерден өтпелер, әдетте, шабуылға атысқа дайындық кезінде жару тәсілімен жасалады. Механикалық әдіс миналарды жоюдан немесе оларды белгіленген өтпе сыртына шығарудан тұрады. Танкіге қарсы миналы алаңдарда өтпелер миналық тралдармен тазартылады, ал жаяу әскерге қарсы мина алаңдарында танктерге және басқа шынжыр табанды машиналарға орнатылған бульдезерлік жабдық көмегімен немесе арнайы құрылғыларды («мысық») қолдану арқылы тазартылады. Тралды танктер ұрыстық ретпен жылжи отырып, мина алаңдарында ізді өтпелер жасайды, содан соң олар ұрыстық және көліктік техниканы өткізу үшін жарғыш заттарды жару жолымен немесе басқа тәсілдермен кеңейтіледі. Өз мина алаңдарында өтпелер алдын ала қолмен жасалады.


Қолданылған әдебиеттер:
1. Инженерное обеспечение.Колибернов М 1984г
2. Проведение занятий по начальной военной подготовке. М. П. Брысин, П. М. Калинин. 1990г
3. Бастапқы әскери дайындық.. А. Тасболатов. К Аманжолов. Алматы. «Алматы» 2007ж
4. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Әскери іс. Алматы. «Мектеп» 2007ж


Лекция №4. ҚазақстанРеспубликасының Қарулы күштерінің инженерлік миналары
Сұрақтар:
Инженерлік миналардың атқаратын қызметі, классификациясы, жалпы құрылысы. ТМ-57, ТМ-62П, ТМ-62Д, ТМК-2, ТМ-72, ТМ-73 – танкіге қарсы миналарының техникалық-тактикалық сипаттмасы (ТТС). ПМД-6М, ПМН, ПМН-2, ПОМЗ-2М, ОЗМ-72, МОН-50 танкіге қарсы миналарының ТТС. Инженерлік миналарды орнату тәртібі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет