ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
|
3-деңгейлі СМЖ құжаты
|
ПОӘК
|
ПОӘК 042-14-03.01.20.9/03-2012ж
|
ПОӘК «Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» пәнінен оқу әдістемелік кешені
|
Басылым № 3
|
«ӨСІМДІК, БАЛЫҚ ЖӘНЕ АРА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІН ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ САРАПТАУ»
пәнінің 051202 -«Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған
ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Семей 2012
Лекция №1
Пәннің анықтамасы және оның санитарлық малдәрігерлерін дайындаудағы алатын орны
-
Санитарлық малдәргерлерін дайындаудағы пәннің мақсаты. Басқада пәндермен байланысы
-
Пәннің міндеттері және оның зерттеу әдістері
-
Адам тағамы ретінде мал өнімдерінің маңызы
Ауыл шаруашылығының алдында тұрған ең үлкен де, қиын міндеттердің бірі – халықты үнемі және қажетті мөлшерде азық-түлікпен, ал ауыл шаруашылық өндірістерін - ауыл шаруашылық шикізатымен қамтамасыз ету. Ал бұл міндетті орындау тек қана ғылымның алдыңғы жетістіктері мен қоса, өндірісті, еңбек етуді және тиімді түрде ұйымдастыру қажет. Ал осы жұмыстарды жоғарғы деңгейде жүргізген де ғана өнімнің көп алуына және оның сапасының жоғары болуына жағдай жасалады.
Ауыл шаруашылық өнімдердің сапасының жоғарлауына үкімет тарапынан да көмек көрсетілуде. Бұл мәселе бір ғана мекеме шешіп қоятын жағдай емес, ол салааралық мемлекет деңгейінде шешілетін мәселе. Бұл мәселені шешуге ауыл шаруашылығы еңбеккерлері, өнімдерді дайындау, сату және басқа да мекемелер қатынасын олардың арасында өте келісілген. Үйлестірілген жағдай туылып, шикізаттарға, материалдарға, дайын өнімге қойылар талаптар дайындалады, басқа сөзбен стандарттар дайындалады. Сондықтанда стандартизацияның (стандартизациялау) міндеттерінің бірі - стандарт шығару. Бұл дегеніміз – бақылау әдістері мен аспаптарының ғылыми түрде негізделген талаптарымен өте тең, өте дәл (обьективті) түрде өнімнің сапасын оның қасиеттерін және бағасын анықтау. Ал бұл мәселенің әрі қарай дамуы және жетілуі, ғылыми-өндірістік ізденулермен шешіледі, ал стандартизация мен өнім сапасы ол ғылымды, ауыл шаруашылық өнімдерін дайындаудың теориялық және практикалық сұрақтарын тереңірек білгенде ғана дұрыс шешіледі.
Ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын үнемі қадағалап, жетілдіріп және басқарып отыру қажет.
Сонымен, стандарт дегеніміз, ағылшын сөзі “standart” сөзінен шығып “үлгі”, “эталон” дегенді білдіреді. Сондықтанда өнімдер стандарты, не стандартқа сай деп аталады.
Өнімнің сапа көрсеткіштері құқықты органдармен бекітіліп, стандартта жазылған үлгілерге сай болса – стандартты, ал сай келмесе – стандартсыз, не стандартқа сай емес деп көрсетіледі.
Сонымен стандартизация дегеніміз – белгілі бір өнімнің алынуына қонылатын ережелердің жиынтығы. Бұл ережеге өндірушінің, сатып алушының, сатушылырдың тағы басқа өнімге қатыстылардың барлығының талап- тілегін ескеруі қажет, ал есте болатын жағдай стандарт өнімді шығарда, сатарда экономиклық тиімді пайдаланғанды және қауіпсіздікті талаптарын қадағалауды қамтамасыз ету қажет.
Бұл жалпы халықаралық ұйымдардың анықтамасы. Ал оны ауыл шаруашылығына бейімдесек, комитетті және құқық органдарымен бекітілген. Ауыл шаруашылығы өнім сапасына қойылатын талаптармен, оның сапасын анықтайтын әдістердің, ережелердің талаптардың жиынтығы.
Стандарттың обьектісі болып ауыл шаруашылығының бір өнімі, оның сапасын анықтайтын әдістері,өнімді қабылдау сату ережелері және өнімді таңбалау, жәшікке салу, тасымалдау болуы мүмкін.
Стандартизациялаудың нәтижесінде мөлшерлі (нормативті) – техникалық құжат пайда болады.Ал бұның өзі үш құжаттан тұрады: а) бақылау құжаты (БҚ, руководящий документ (РД), б) стандарт, в) инструкция. Стандартизация құжаттарының ішінде маңыздысы және бастысы: стандарт. Стандарттар ғылым мен практикалық тәжірибенің жетістігі нәтижесінде құралады. Ол өндірушілерді де, сатып алушылардың да қанағаттандыруы тиіс. Стандарт міндетті түрде комитет органмен бекітіліп, тек қана мөлшерді, талаптарды жинақтаған нормативін – техникалық құжат емес әп түрлі өлшеулердің, физикалық өлшемдердің (кг,г,лег), лабораториялық цилиндрлер, сүт өлшегіштер (молокомеры), үлгісі де болады.
Стандартизацияның міндетінің бірі – мал шаруашылығындағы технологиясының, процесстердің, операциялардың, әдістердің сапа деңгейін – мөлшерлеу, жұмыс сапа деңгейін мөлшерлеу технологиялық тәртіпті орындауға, жұмысшыларды, өндіруші ұйымдастырушыларға талап деңгейін жоғарлатады.
Қазіргі кездегі стандартизация жалпы мемлекеттік саясаттың негізгі құрамдары ретінде – экономиканың әрі дамуын және халықтың тұрмыстық жағдайын жоғарлатуға негізделген. Сондықтан ҚР Министрлер кабинетінің елдегі стандартизацияның дамуы шешеуі бойынша республикадағы стандартизацияның қайтадан құру процессі жүріп жатыр.
Ол құжатта стандартизацияның негізгі бағыты бекітіліп, стандартизацияның ғылыми – техникалық және материялық базасы жасалуына мүмкіндік туғызады.
Осы шешімді орындау үшін жанжақты – шаралар жасалынып, олар стандартизацияның ұйымдық, методикалық және ғылыми рөлін жоғарлатуға бағытталуы, стандартизацияның таралу масштабы ұлғайтылды.
Стандартты енгізу және оларды мемлекеттік тұрғыдан бақылау үшін обылыстарда мемлекеттік стандартизация, сертификация және метрология комитеттері құрылды.
Стандарт сұрақтарын мемлекетік тұрғыдан бақылау республикада одан әрі дамуда. ҚРМ Кабинетінің «Стандарттарды және өлшеуіш аспаптарды мемлекеттік тұрғыдан бақылау» шешімі министірліктер мен ұйымдардан стандартизацияда, техникалық шарттарды, метрологиялық ережелерді қабылдануы мен орындалуын қадағалап үнемі тексеріп отыруды талап етеді.
Сондықтанда қазіргі уақытта мемлекттік бақылау лабораториясының, стандарттау, сертификациялау және метрологиялық бақылау камитеттері қызметкерлерінің құқығы кеңейіп, жауапкершілігі артты. Сондықтан бұл комитеттің қызметкерлері стандартты, сртификацияны және метрологиялық өлшеулерді бақылайтын мемлекеттік инспекторлар болып есептелетін мекемелердің және адамдарға стандвртқа сәйкес өнім өндірсе, сатса, айып салуға құқығы бар.
1970 жылдан бастап мемлекттік стандартизациялау системасы құрылған болатын. Олар әртүрлі, жан-жақты бір-бірімен байланысты ережелермен бағдарламаларды жинақтап келесі жағдайларды анықтайды.
-
Стандартизацияның негізгі міндеттері мен мақсаты
-
Стандартизацияны жүргізу жұмыстарының методикасы және оны ұйымдастыру
-
Стандартизация жұмыстарының жиыны
-
Стандарттарды дайындау және оны практикаға енгізу тәртібі, оларға өзгертулер енгізу және стандарттардың сақьалуын мемлекеттік тұрғыдан бақылау
-
Стандартизацияның обьектілері, категориялары, стандарттар түрлері
-
Ортақ ережелерді құру, стандартардың құрылысы мен өңделуі.
Стандарттардағы мемлеккеттік стандартизацияның системасының ережелері және оларға ұйымдық және метрологиялық принциптерді мемекеттің барлық ұйымдары мен ведомостволраында орындалуға тиісті.
Лекция № 2-3
Жас көкөністер мен жемістерді сараптау
1. Түйнек және тамыр жемістілер, олардың түрлері
2. Орамжапырақты және пиязжемістілер, асқабақты және томатты жемістер. Астық өнімдері.
3. Жас жемістердің тағамдық құндылығы.
Жалпы көкөністер 2 топқа бөлінеді
-
Вегатативтік
-
Жемісті
Вегатативті топқа тамаққа тамырды, жапырақты, сабақты, түйнекті қолдана береді. Бұл топқа келесілер жатады.
Түйнек жемістілер: топинамбур, баттат, картоп
Тамыр жемістілер: сәбіз, қызылша, редка (шалқан), хрен
Орамжапырақты: ақ качанды, қызыл качанды, түсті, брюсельді колраби
Сарымсақты: домалақ, жасыл сарымсақ, пияз, батун сарымсағы
Салатты шпинатты: салат, шпинат, қымыздық
Дисертті: споржа, артишок, рауағаш
Татымды: экстрагон, вазилик, әк шөп, петрушка
Жемісті топқа келесілер жатады;
Асқабақты: қияр, асқабақ, патисон (бәліш), кәді, қарбыз, қауын
Қызанды: баклажан, бұрыш, қызан
Бұршақ: бұршақ, ас бұршақ, бобы
Астық: қант қызылшасы
Тамыр жемістілер; Химиялық құрамы бойынша басқа жемістілер мен салыстылғанда қызылша тағаммдық құндылығы жоғары. Оның құрамында 5-12% сахароза бар, 1,7% белок, каротин витаминдері, В1, В2, С, РР витаминдері бар. Қызылша сүйек пен тамырдыды қатайтып, жасушаларға оттегіні тасымалдап, теріні жұмсартып, шәш пен тырнақ құрамын жақсартады. Энергиялық өнімділігі 100г өнімде 40ккал.
Сәбіз. Бағал тағамдық өнім. Оның құрамында қант 4-12%, белок 1,3%, минералды заттар: натрий, калий, магний, темір, мыс, йод, фтор, мышяк болады. С1, РР, В1, В2, В6 витамидері бар. Сәбіздің емдік қасиеттері ағзада холестеринді шығарады, жүрек тамыр жүйелеріне жақсы әсер етеді, бауыр, асқазан жұмысын жақсартады.
Түйнек жемістілер:
Картоп. 75% су, адам организіміне керекті заттар белок, май, көмірсу, магний, темір, цинк, С витаминдері, К, РР, Е, Д, В тобының витаминдері кездеседі. Картоп көмірсу көзі болып табылады. Оның құрамында 18,2% крахмал және 1,0 клечптка бар. Энергетикалық құндылығы 100г – 83ккал.
Баттат. Тәтті картоп, Оңт өңірлерде өсіріледі. Тамаққа өскен тамырларын қолданады. Өлшемі бойынша баттат картоптан үлкен, көзі жоқ. Құрамында 7,3% крахмал, 6% қант, 2% белок.
Орамжапрақты жемістер: ақ качанды орамжапрақ ең кең таралған жеміс. 2,3-5,6% қант бар, 1,2-2,5% белок, минералды заттар, С витаминдері, В1, В2, РР, К витаминдері болады. Балауса ақ качанды орамжапрақ балауса, таза, тығыз болып келеді.
Түрлі-түсті орамжапрақтар: Оның құрамында толық бағалы белок, көмірсу, С, РР, В1, В2, В6 витаминдері К тұзы, фосфор, магний, кальций болады.
Сарымсақ жемістілер: домалақ сарымсақ құрамында 2,5% қант, 1,5-2,5% белок, РР, В2, В6 витаминдері мен минералды заттар; натрий, кальций, калий болады. Жасыл сарымсақта көбінесе С витаминдерінің қайнар көзі.
Жемісті топқа:
Қияр. Оның құрамында қант бар; фрутоза 6,8-11%, минералды заттар; магний, калий, темір, кальций, органикалық қышқылдар; алма қышқылы, В1, В2, РР, каротин витаминдері кездеседі. Стандарттың талабына сай қарбыздар балауса, пісіп жетілген, толық зақымдалмаған, түсі ботаникалық сортына байланысты.
Асқабақ. Құрамында 5,37 қант, 1 белок, минералды заттар, В1, В2, РР витаминдері болады. Егер құрамында керотин көп болса, жұмсағының түсі анық байқалады. Асқабақ диеталық және емдік тағам болып табылады. Адам организіміне тез сіңеді. Атеросклероз, бйрек, бауыр, жүрек ауруларына пайдалы болады.
Жас жемістердің тағамдық құндылығы.
-
Дәнді, сүйекті жемістердің түрлері
-
субтропикалық және тропикалық жемістер
-
жидектер және олардың түрлері
-
жаңғақ тәріді жемістер
-
санитарлық бағасы
Дәнді жемістер. Бұл жемістерге алма, алмұрт, айва, шетен, ит мұрын. Жеміс қабықтан және шырыннан тұрады. Ішінде 5 тұқымды камера мен тұқымды ұяшық болады. Жеміс құрамында 9% қант, витаминдер; В1, В2, С, РР, 0,6% минералды заттар, органикалық қышқылдар 2%, эфир майлары мен дубильді заттар болады. Осы заттарға байланысты дәнді жемістердің тағамдық құндылығы жоғары.
Алма – біздің еліміздің Оңт аймақтарында өседі. Алма салмағы 50-175 гр дейін жетеді. Пішіні домалақ, конус, цилиндр тәрізді. Бетінің жағдайына байланысты – тегіс, түсіне, қабығының қалыңдығына, дәміне, тәтті, тәтті қышқыл, қышқыл байланысты.
Алмалар пісіп жетілуіне байланысты: жаз-күз, қыс сорттар.
Жаздық сорттар – шілде, тамыз айлар жинап алады. 15-20 күн сақтамаса тез бұзылады.
Жаздық сорттың кең таралған түрлері; ақ налив, грушовка, папировка, китайка, астраханьдік және қызыл алмалар.
Күздік алмалар; ағаштан тамыз айының аяғында, қыркүйек айының басында жиналып алынады. Бұл сорт алмалары ірі 1,5-3 ай сақталады. Жақсы тасмалданады.
Күздік сорт: антоновка, апорт, осиновая, коричневая-полосатая, титоровка, баравинка, китайка.
Қыстық сортар: қыркүйек, қазан басында жеке алады. Бұл алма 4-8 ай сақталады, тасмалдауға қолайлы.
Кең таралған сорттары; антоновка шафрандық, разомарин, белый, бабушкина, ринет, семиречка.
Алмұрттың салмағы 50-300гр. Пішіні домалақ, конус тәрізді, бөшке тәрізді. Түсіне байланысты: бір түсті боялған сары, сары жасыл. Жұмсақтықтың консистенциясына байланысты ірі дәнді, ұсақ дәнді, нәзік, қатты, үгілгіш, езілген. Дәмі; тәтті, қышқыл тәтті, шарапты тәтті.
Айва – дәнді жемістердің түрі. Еліміздің оңт бөлігінде өсіріледі. Пішіні бойынша алма мен алмұртқа ұқсас. Айваның жемістері өте хош иісті. Қатты, дәні ұсақ, жұмсақты дәмі жағымды болып келеді. Тек қана орта Азиялық айвалар балауса күйінде жеуге жарамды. Айвадан хош иісті тосаптар мен кампоттар дайындайды. Айвада пектинді заттар болуына байланысты желе, мармелад, джем дайындау үшін қолданылады. Дәнді жемістерді сапасына байланысты келесі товарлық сорттарға бөледі. Ерте пісетін алма, алмұрт, айва. Олар 1және 2 сортқа бөледі. Кеш пісетін сорттары болады. Әр бір товарлық сорттың жемістері бүтін, таза, бұзылмаған, бөтен дәмі мен иіссіз, диаметірі мен пісіп жетілу дәрежесі стандарттаудың талабына сай болады. Егер жемістің бетінде дақтар және зиянкестер аздап зақымдалған іздеріболса жіберіледі. Ал бұзылып, көгеріп кеткен жемістер жіберілмейді. Дәнді жемістерді 25-30кг жәшікке салады. Алмұрт 20кг-айва 35кг жәшіктерге салынып 3 күн 40температурада ауаның салыстырмалы ылғалдылығында 85-90% сақталады.
Сүйекті жемістер. Шие, тәтті шие, көк өрік, шабдалы, қара өрік т.б. сүйекті жемістер жатады. Жемісті қабықтан, жұмсақтан, ішінде сүйектен тұрады. Сүйекті жемістің құрамы11% қант, органикалық қышқылдар 1,3%, минералды заттар 0,6%, витаминдер: С, В, В2, РР, пектинді бояғыш, ароматты заттар болады.
Шие - еліміздің көптеген аудандарда өседі. Ол маусым, тамыз айларында піседі. Шиенің жемістері шырынды, қышқыл, тәтті, анық түсті, жұсағы бар, жұмсағы тығыз болып келеді. Шиенің сүйегінен ажыратылатын және ажыратылмайтын түрге бөлінеді. Тәтті шие жылуды сүйетін өсімдік; Молдавия, Украйна, Орт Азия, Кавказ, Крымда өте кең таралған. Тәтті шиенің жемісі шырынды, дәмді, жағымды. Түсі сары, қызғылт, қызыл болады. 1-2 сортқа бөлінеді.
Шабдалы – көбінесе Крым, Кавказ, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінде жиі өседі. Маусым және қазан айларында жинап алынады. Бұл жемістердің дәмі тәтті, хош иісті, жұмсағы шырынды келеді. Жоғарғы, 1-2 сортқа бөлінеді. Әр бір товар бір товарлық сорт жемістің пішіні, түсі, өз типтеріне сай дұрыс пісіп жетілген балауса, таза, бұзылмаған, бүтін болуы керек. Аздап механикалық зақымдалған, зиянкестермен зақымдалған, мыжылған жемістер стандартқа сай жіберілмейді. Ал, көгерген, бұзылған жемістерді сатуға болмайды. Шие, шабдалы 8кг, көкөрік 6кг жәшікке салады. 2 күн 40С температурада 85-90% ылғалдылықта сақталады.
Субтропикалық жемістерге цитрустық жемістер: гранат, інжір, құрма. Олар қара теңіз жағалауында, Кавказ, Крым т.б. өседі.
Тропиктік жеміс – банан, ананас, бұл жемістер Үндістан, Гвинея, Мексика, Куба, Ветнам елдеріндегі өседі.
Цитрус жемісі – мандарин, апельсин, лимон, грейфрут 8%, 2,5% эфир майы, лимон қышқылы 6%, минералды заттар бар, С витамині 50мг/% бар, каротин.
Мандарин - қараша, желтоқсан айларында пісетін ең кең таралған цитрус жемістер. Түсі сарғыш, пішіні тегіс домалақ. Тығыз қабаты жұмсағынан тұрады.
Апельсин – массасы 100-400гр болатын ірі жеміс пішіні домалақ, қабығы қалың, шырынды, жұқа талшық бар. Жұмсағы хош иісті сарғыш түсті жеміс.
Грейпфрут – 500гр болатын ірі сары түсті шырынды нәзік жұмсағы бар, апельсинге ұқсас жеміс. Балауса күйінде дисертке қолданады.
Гранат – Кавказ, Орт Азияда, Крымда өсетін жеміс. Жемісі ірі жидек болып келеді. Жемістің пішіні шар тәрізді. Қабығы қалың, түсі қоңыр-қызы, іші пергамент тәрізді қабықшамен бөлінген. Құрамында 11,2% қант, фруктоза және глюкоза түрінде 2% лимон қышқылы, дубильді бояғыш заттар, витаминдер бар. Сапасы бойынша 2 сорт бөлінеді. Олар балауса, таза. Пішіні бойынша стандарт талабына сай болу керек. Түсі аз көгерген, механикалық зақымдалған гранатты қолдануға болады.
Банан – иілген пішінді жеміс, ұзындығы 20-25см, массасы 150-400гр. Сырты оңай алынатын сары түсті қабығы болады. Бананның жұмсағы нәзік, ароматты, тәтті болып келеді. Құрамында 20% қант, 1-2% крахмал, органикалық қышқылдар, С витамині бар. Банандар 10-15 данадан өседі. Аспаздық мақсатта балауса күйінде дисертке қолданылады. Бананның сапасы оның балаусалығына, пісіп жетілуіне, түсіне, өлшеміне, консистенциясына, дәміне, ароматына байланысты болады.
Ананас – шашка пішінді, массасы 0,5-2кг болады. Ең жоғарғы топырағы бар жеміс. Жемістің жұмсағы нәзік, шірік, өте ароматты, қышқыл тәтті дәмі бар. Құрамында 11-13% қант, лимон қышықылы, С витамині 15-6мг/%. Ананас 160С піседі. Сапасы оның балаусалығына, тазалығына, дұрыс пішініне, қабығының түсіне, пісіп жетілу дәрежесіне, ароматына байланысты.
Лекция №4
Жас көкөністерді мен жемістердің санитариялық сараптауын анықтау.
1. Орташа үлгі алу.
2.Тамыр түйнек көкөністердің жеміс-жидектерді сараптау және санитарлық баға беру.
3.Негізгі аурулары және зиянкестер, олардың этиологиясы және белгілері.
Біртектес өсімдіктер партиясынан зерттеуге тексеру жүргізу үшін орта үлгі алады. Оны тексеріп, әкелінген бүкіл өнімнің сапалық сипаттамасын жасайды. әкелінген өнімдер көп партиялы болса, үлгіні ішіне ара бірнеше бөліктен ғана алады. Егер де өнімдер аз партиялы болса, онда орта үлгіні әр бөліктен, жәшіктен, қаптан, бөшкемен әкелінген болса жақсылап араластырады. Бекітілген нормаға сай зертқаналық зерттеу тағамдық өсімдік өнімдерінің салмағын төмендегідей болу керек:
Тұздалған тұздығы мен бірге алынған, ашытып тұздалған өнімдер. (500гр тұздалған қияр)
Картоп түйнегін орташадан үлкен болса, 2-3 түйнек аламыз.
Балауса көк пияз, петрушка, әк шөп т.б.(50гр)
Кептірілген көкөністер.(50гр)
Балауса жемістер.(200гр)
Кептірілген жемістер.(100гр)
Жидек.(100гр)
Бұршақ немесе үрме бұршақ.(50гр)
Майлы дақылды тұқымдар.(50гр)
Өсімдік майы.(200-250мг немесе см3)
Кептірілген саңрауқұлақтар.(25гр)
Дән және дәнді өнімдер.(500-1000гр)
Крахмал – қант.(200гр)
Грек жаңғағы, фундук.(200-300гр)
Қауын, қарбыз, қызанақ, қияр, орамжапрақ 1-2 дана әр бөліктен
Біртектес партиядағы тағамдық өсімдіктерді тексергенде органолептикалық көрсеткіштеріне әр түрлі болған жағдайда орташа үлгіні әр ыдыстан және бөліктен жеке-жеке алады.
Балауса тамыртүйнекті көкөністер мен жеміс-жидектердің сапалығын негізінен органолептикалық көрсеткіштері бойынша анықтайды. Сыртқы түріне, пішініне, түсіне, тазалығына және аурулар мен кеміргіштермен механикалық зақымдалуына, пісуіне, түсі бойынша боялу, өлшеміне, иісіне, шырыны мен ұрық камерасының жағдайына. Шіріген, көгерген, қызған, солған, пішіні бұзылған аурулар мен және кеміргіштер мен зақымдалған тамырлы түйнекті көкөністерді сатуға рұқсат етпейді. Балауса тамыр өсімдіктерінде бөгде иіс, бензин, улы химикаттар иісі, ерітінділердің дәмі болмауы тиіс, дәрәнің иісі болмауы керек.
Механикалық және кеміргіш зақымдауға тиым салынады. Себебі ауру таралуы мүмкін. Тамыр түйнекті жемістер мен көкөністерді стандарттың талабына сай балауса түрінде сатуға рұқсат етіледі. Түйнектері құрғақ, таза, бұлтықсыз, көктемеген және көкөнезденбеген. Диаметірі сорттарына, түрлеріне байланысты түйнектерін кескен кезде сықырлайды, біркелкі қатты аздап жұмсақтау.
Сараптаудың қорытындысы өсімдіктердің сатуға төмендегідей жағдайда тыйым салынады:
-
Тексерілмеген өсімдік өнімдері немесе сараптаушылардың зерттеуі тексеріп жарамсыз деп тапқан өсімдіктер.
-
Тағамдық өсімдіктердің үй жағдайында дайындалған жартылай фабрикат және дайын аспаздық дәмдер
-
Үй жағдайында аузы бұрап жабылған банкі ішіндегі өсімдіктер өнімдері.
-
Кептірілген пластинкалық сондай-ақ кептірген қозы құйрық.
Картоп – түйнектері құрғақ, таза, бұлтықсыз, көктемеген және көкөнезденбеген, жаздық картоп диаметірі 3см. Күздік 4,5-4см. Түйнектерінкескен кезде сықырлайды, біркелкі қатты аздап жұмсақтау. Пышақпен тілгенде түйнегінің түсі картоптың түсіне қарай ақ, сарғыштау немесе алқызыл болады. Түйнек 2% астам бұлтығы мен көгергені 1% астам топрақпен ластанса, 2% жарақаттанса, 1% қиқы-жиқы пішінді тйнектер болса, сонымен қоса көктеген, үсіген, шіріген картоптарды сатуға рұқсат етіледі. Өткен жылғы картоп түйнегінің 5% аздап тыржыйып солуы әдеттегі жағдай деп есептелінеді. Рак және ракпен зақымдалған картопты сатуға тыйым салумен қатар ауыл шаруашылық өсімдіктерін карантинге қоятын мемлекеттік инспекцияға хабарлайды.
Санитарлық бағасы – түйнектері құрғақ, таза, буылтықсыз, көктемеген, жаздық картоптың диаметрі 3 см болса, күзде 4,5-5 см болады. Түйнектерін кескен кезде сықырлайды, біркелкі қатты немесе аздап жұмсақтау. Пышақпен тілген кезде түйнегінің түсі картоптың сортына қарай сарғыштау немесе алқызыл болады. Қаракүйе түскен немесе бактериялық аурулармен зақымдалған түйнек көлемінің 2% астамында буылтығы мен көгергені, 1% астам топырақпен ластанса, 2 % жарақаттанса, 2 % қиқы-жиқы пішінді түйнектер болса, сондай-ақ көктеген, үсіген, шіріген картопты сатға болмайды.
Өткен жылғы картоп түйнектерінің 5 % аст амы аздап солуы қалыпты жағдай деп есептеледі. Рак және жалған ракпен зақымдалған картопты сатуға тиым салумен қатар ауыл шаруашылығының өсімдіктері карантинге қоятын мемлекеттік инспекцияға хабарлайды.
Сәбіз – сапалы балауса сәбіз таза, құрғақ, түсі біркелкі, сары немесе қызғылт сары, ауру және зиянкестермен зақымданбаған сыртқы пішіні кемтіксіз болады. Қолмен игенде сынады, сол сынған жерінен шып етіп, шық тәрәздес сөл шығады. Иісі өзіңе тән, хош иісті, ащы емес, дәмді нәзік. Су ішінде батады, жуан жерінің диаметірі 2,5см-6см дейін. Сәбізде жоғарыдағы аурулар кездеседі.
Қызылша – сапалы қызылшаның түсі қоңыр қызыл балауса, таза, құрғақ, шытынамаған, тығыз, зақымдалмаған, зиянкестерден таза. Пышықпен тілгенде реңі әр қалай, қара күрең түсті, шырынды, дәмі тәттілеу. Көлемі ең жуан жерінің диаметірі 5-14см. Жаңа қызылша балауса, түйнектері топрақ-шаңнан таза болу керек, тым жұмсарған немесе босаңқы түйнектері солған, сондай-ақ ауру белгілері бар қызылшаны сатуға болмайды. Асханалық қызылшаның көлемі 2-5см дейін, балауса, шаң тозаңнан жуылған болуы тиіс. Саңрауқұлақтан пайда болған қызылшаның аурулары; рак, фузариоз, тас қотыр, өзекті шірік, бактериоздар.
Қияр – балауса, таза, жасыл түсті немесе жасыл көк түсті, өзіңе тән хош иісі бар, соғылмаған және жетілген түрінде сатылады. Қиярда мынандай аурулар кездесуі мүмкін: антракноз, бактериоз.
Қызанақ, бұрыш, баклажан, кәді – балауса, таза, механикалық зақымдалмаған немесе соғылмаған, жетілген. Қызанда төмендегідей аурулар кездеседі; фитофтора, қарашірік, төбе бактериозы, ылғалды шірік.
Орамжапырақ – сапалы, қаудиған, тұтас орамжапрақты, нығыз, таза, балауса, жапрағының түсі ақ, сарғыштау немесе болар болмас жасылдау, иісі жағымды, дәмә өзіңе тән. Ауру: сұр, ақ, қара шірік.
Пияз тектес көкөністер – сапалы, басты пияз бен сарымсақтың баданалары жақсы жетілген, таза, тұтас, құрғақ, көктемеген, зиянкестермен зақымданбаған болуы тиіс. Баданаларды кескенде өзіңе тән өткір иісі болады. Көгереген, зиянкестерден зақымдалған, суық ұрған және қызып кеткен пияз-сарымсақты сатуға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |