«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен «Мейіргер ісі»
мамандығы студенттеріне арналған тест жинағы
Құрастырған:
Мырзагулова Ж.Б.
Тараз –
Лекция №1
ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру
Қай жылы Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтында педиатрия факультеті құрылды? **1938 жылы
Қазақ социалистік республика одағының Педиатрия институты қашан ашылды? **1932 жылы
Қазақстан республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын көп жылдар бойы басқарған кім? **К.С. Ормантаев
Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: **Т.Н. Никонова
Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: **Н.А. Каюпова
Балаларды диспансеризациялау. Денсаулық топтары.
Дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі мүшелері мен жүйелерінің қызметі қалыпты жағдайдағы балаларды кандай топқа жатқызады? **І топ
ІІІ денсаулық тобына жатады: **Созылмалы аурулары компенсация сатысында, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар
V денсаулық тобына жатады: **Созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар
Созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балаларды кандай топқа жатқызады? **ІV топ
Ағза мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған, компенсация сатысында созылмалы аурулары бар балаларды қай денсаулық тобына жататынын көрсетіңіз: **ІІІ
«Баланың даму тарихы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: **№112/е
«Баланың медициналық картасы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: **№026/е
Бала жасының кезеңдері
Құрсақішілік кезеңінің ұзақтығы: **280 күн
Жаңа туылған кезеңіне тән аурулар: **Омфалит, везикулопустулез
Емшек жасындағы кезеңінің ұзақтығы: **29 күннен бастап 12 айға дейін
Емшек жасындағы кезеңіне тән аурулар: **Гипотрофия, теміртапшылық анемия
Қай кезеңде бала бойының өсуі мен салмақ қосуы қарқынды болады? **Емшек жасындағы кезеңі
Сүт тістері кезеңінің ұзақтығы: **1 жастан 6-7 жасқа дейін
Мектеп жасына дейінгі алдындағы кезеңде балаларда қандай аурулар жиі байқалады? **Желшешек, дизентерия
Тұрмыстық жарақаттар қандай жаста жиі кездеседі? **3 жастан 6-7 жасқа дейін
Жоғары мектеп кезеңінің ұзақтығы: **12 жастан 17-18 жасқа дейін
Ас қорыту аурулары (гастрит, дуоденит), семіздік баланың қай кезеңінде жиі байқалады? **Жоғары мектеп кезеңі
Достарыңызбен бөлісу: |