Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары



бет8/84
Дата02.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470264
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84
Лекция. Өсімдіктер физиологиясы

Витаминдер.
Витаминдер- шағын молекулалы, химиялық негіздері түрліше келетін заттарға жатады. Сонымен бірге бұл заттар өте аз мөлшерде адам және жануарлар организімінде өтетін зат алмасу және түрлі физиологиялық процесс орындалуына өте қажет. Олардың маңыздылығы – ферменттер құрамына кіре отырып, олардың зат алмасу реацияларын реттеушілік қасиетін қамтиды. Адам организіміндегі витаминдердің рөлі осы жағдайға байланысты. Витаминдер жетіспегенде зат алмасу процестері әдеттегідей орындалмайитүрлі аурулар туғызады.
Ферменттердің реакцияға әсер етуі көп жағдайда олардың құрамындағы витаминдер немесе микроэлементтер болуымен байланысты. Витаминдер органикалық зат болғандықтан олар кофактор деп аталады.
Алғаш рет витаминнің бір түрін бөліп алған Поль ша ғалымы Казимир Функ. Бұл зат аминдерге жататындықтан К.Функ оны «витамин» деп аталады («тіршілікке қажет амин»). Қазіргі кезде 13 түрлі витамин белгілі.Олар барлық адамдар, жануарлар, микробтар және көптеген өсімдіктерде кездеседі. Витаминдер екі класқа – суда және майларда ерйтін болып бөлінеді.
Витамин В1 тиамин адамдар қорегінде тапшы болса, бери- бери деген жүйке жүйесінің ауруын туғызатын зат.Тиамин тазартылған түрде 1926ж. алынды оның химиялық құрылысын 30- ыншы жылдары американдық ғалым биохимик Роберт Р. Уильям ашып көрсетті. Одан соң тиамин химиялық өндіріс жолымен алынатын болды. Бұл витамин екі фосфор қышқылының қалдығын қосып алып тиаминпирофосфатқа айналады.
В2 – алғаш рет сүттен бөлініп алынған. 1935 жылы химиялық құрамы, құрылысы анықталып, жасанды түрде өндірілді.
В итамин В6 – пиридоксин, оның екі туындысы – пиридоксаль және пиридоксамин бір-біріне ауысып өзгеріп отырады. Фосфор қышқылының қалдығын қосып алып пиридоксальфосфат бірнеше ферменттердің активті тобын құрайды.
Витамин В12- 1948 жылы екі американ ғалымы Э. Рикес және К. Фолкерс бұл витаминді тазартылған кристалл түрінде бөліп алды. Витамин В12 қауіпті қан ауруларын емдеуге жұмсалады. Оның құрамында кобальт элементі бар, сондықтан түсі қызыл, құрамы күрделі. В12 витамині тек микробтардың бір түрімен түзіледі, өсімдіктермен жануарларда түзілмейді. Адам және мал ішек-қарынында жайланған микробтардың бір түрі арқылы В12 витаминімен қамтылады. Сондықтан малдардың бүйрек, бауырында бұл витаминдер болады.
Витамин С (аскорбин қышқылы) лимон шырынынан 1933жылы бөлініп алынды. Бұл витамин барлық жануарлардың, өсімдіктердің ұлпаларында кездеседі. Мұнда витамин С глюкозадан оңай түзіледі. Микробтар С витаминді қажетсінбейді. Тек адамдар және маймылдар организімінде витамин С түзілмейді.Олар бұл витаминдерді тағамдар арқылы қабылдауға мәжбүр. Витамин С жетіспеушілігі цинга ауруын тудырады, организімде тотығу – тотықсыздану реакцияларына қатасуы мүмкін.
Витамин А қажеттілігі 1915 жылы анықталды. Э. Мак-Коллум бұл витаминдерді балықтың бауырынан бөліп алды. Осы екзде витаминнің екі түрі белгілі: витамин А1ретинол деп аталады; ол теңіз балықтарының бауырынан алынған, екіншісі – витамин А2, тұщысу балықтарының бауырынан алынады.Өсімдіктерде витамин А каротиндер деп аталатын пигменттерден түзіледі. - каротин формуласы.:С40Н56О2 . Каротиндер сары түсті пигментті өсімдіктерде кең тараған, өте көп мөлшерде хлоропласттарда болады., фотосинтез процесіне қатысады. Каротиндердің бір түрі - - каротин молекуласы екі бөлікке гидролиз арқылы бөлінгенде екі витамин А молекуласы пайда болады. Бұл реакция ащы ішіекте болады.
Адам организімінде витамин А-ның жетіспеушілік белгілері: терінің , мұрын, ауыз ұлпаларының құрғақтануы, көдің нашар көруі, өсу- даму процестерінің тежелуі. Витамин А барлық сары түсті жемістерде, көкөністерде көп болады.
Витамин D жетіспегенде балаларда рахит ауруы пайда болады, фосфор – кальций алмасуы бұзылып , сүйектер қалыптасуы нашарлайды.
Витамин D3 адам және жануарлар терісінде 7- дегидрохолестеролдан ультракүлгін күн сәулесі әсерінен пайда болады. Күн сәулесі жеткілікті жағдайда адам организіміне қосымша қорекпен келетін D витамині қажетсіз .Бұл витамин адамның ащы ішегінде жинақталып Ca және Р алмасуын реттеуге қатысады.
Витамин К екі түрлі: К1 және К2витаминдер нафтохиноидтарға жатады. Олар көп мөлшерде жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде кездеседі. Витамин К-ның биохимиялық ролі- дене жарақатталған кезде қан ағынын тоқтатуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   84




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет