Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель



бет3/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

2. Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұлжалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымың ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т. Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезеңдер байқалады:
- парадигманың орнығуына дейінгі кезең,
- парадигманың қалыптасуы, орнығуы;
- ғылым сапасындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.
Ал педагогикалық парадигма дегеніміз накты педагогикалық міндеттерді шешудегі үлгі, стандарт, өлшемдер, модель ретінде ұстанатын калыптасқан негізгі ғылыми жетістіктер, әдістер, теориялар, көзқарастар жүйесі. Жаңа парадигмалар келешектегі ғылыми зерттеулердің бағыттарын анықтайды, оларға негіз болады. Мысалы: қазіргі отандық педагогикада мынандай парадигмалардың ауысуы байқалады: «білімді адам» парадигмасының орнына «өмірге бейімделген, белсенді, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, және өзін-өзі адамгершілік, ақыл-ой жағынан дамытуға қабілетті адам» парадигмасының ауысуы айқын көрінеді. Яғни, бұрынғы көзқарастар бойынша адамға білім, білік, дағдылар жүйесін меңгерту жеткілікті деп есептелінген болса, қазір ол жеткіліксіз. Себебі адам тек дайын білімдерді меңгерген болса, бірақ оны шығармашылықпен практикада қолдана алмаса, өзін-өзі жетілдіріп отыруға бейімделмеген болса, онда бұндай адам қоғам талабына жауап бере алмайды.
Сондықтан қазіргі білім беру саласында жаңа педагогикалық парадигма қалыптасуда. Парадигмалардың ауысып отыруы заңды құбылыс. Оны философиялық заңдар да дәлелдейді.
Қазіргі білім беру парадигмасында ерекше талқыланып жатқан бірнеше маңызды бағыттар бар. Олардың ішінде тұлғалық-бағдарлық, іс-әрекеттік, аксиологиялық, құзыреттілік тұрғыда қарау бағыттары аса терең зерттеліп іске асырылуда. Бұл бағыттардағы зерттеулердің барлығы жеке-жеке педагогикалық теорияларға айналуда. Осы теорияларға қысқаша тоқталып өтейік.
1) Білім берудегі тұлғалык-бағдарлык тұрғысынан қарау бағыты жеке тұлғаны ең жоғарғы құндылык ретінде қабылдауды көздейді. Педагогикалық сөздіктерде тәрбие барысындағы тұлғалық-багдарлық тұргыдан қарауды педагогтардьщ баланы жеке тұлға ретінде және тәрбиелік ықпалдың саналы, жауапты субъектісі ретінде қабылдайтын бірізді қатынасын атайды. Педагогикада бұл теория тәрбиенің субъект-субъектілі процесс ретінде анықталуына байланысты XX ғасырдың 80 жылдарынан бастап қалыптаса бастады. Оның әр түрлі философиялық, психологиялық-педагогикалық аспектілерін Б.Г.Ананьев, А.Г.Асмолов, МС.Каган, В.В. Сериков, И.СЯкиманская т.б. көптеген ғалымдар зерттеген.
Бұл теория бойынша педагог әрбір балаға тек объект ретінде емес, керісінше, оны белсенді позицияға қойып оқушы тұлғасын субъект ретінде қабылдауы қажет. Яғни әрбір баланың жеке дара тұлға екені ескеріліп, оның құндылығын басты мәселе ретінде қарастырған абзал. Бұлидеяның басты мақсаты - балаға құрмет көрсете отырып оның өзін-өзі жеке тұлға ретінде сезінуіне жағдай жасау, өзіндік санасын, өзін-өзі іске асыра алу, өз күшіне деген сенімділікті артгыру сияқты мүмкіншіліктерін дамыту.
Әрине,тәрбие үнемі ұжымдық сипатта болатыны белгілі.Сол ұжым ішінде гуманистік қарым-қатынастар арқылы шәкірттер өздерінің тұлға екенін сезініп, басқа тұлғаларды құрметтеуге үйренеді. Дәл осы ұжым ішінде жеке тұлға өзінің мүмкіншіліктерін бағалап сынай алады, қандай қабілеттіліктерін жетілдіру, қай бағытта өздерін дамыту керек екендігін анықтайды.
Тұлғаны тұлға ғана қалыптастыра алатыны анық. Сондықтан болашақ мұғалімдер де бала тұлғасына дұрыс тәрбиелік ықпал беру үшін өз тріғаларьш жан-жақты дамытуға тырысулары керек, өзінің ішкі «Мен»-тұжырымдамасымен жұмыс істеулері маңызды. Егер болашақ ұстаз өзінің жеке «Мендігін» жағымды етіп қалыптастырса, ол балалар тұлғасына да жағымды ықпал бере алады.Ал өзін-өзі төмен бағалайтын мұғалім басқаларға да жағымсыз көзқарас танытады. Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынасты анықтайтын негізгі бағдар - бала тұлғасының ерекшеліктері, әрбір баланың шығармашылык әлеуетін дамыту.
Әр баланың ішкі қабілеттіліктері, мүмкіншіліктері, жас және дербес ерекшеліктері, жеке бір қайталанбас әлем ретінде қабылданады. Тәрбиелеу және оқыту барысында әр баланың тұлғасын дамытуға арналған қолайлы жағдайлар, оқушының өзін-өзі іске асыра алуына көмектесетін әдіс-тәсілдер қолданылуы кажет. Ал әрбір тұлға тек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дами алады. Мысалы, адамды жүзуге үйрету үшін оған сөз жүзінде айтылған кеңестер, нұсқаулар жеткіліксіз, себебі адам өзі суға түсіп, жүзуге қажетті іс-к,имылдарды орындап көрмейінше ол ешқандай табысты нәтижеге жете алмайды. Сондықтан тәрбиеде іс-әрекеттік тұрғыдан қарау деген маңызды бағытқа тоқталған жөн.
2) Білім берудегі іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясын қарастырудан бұрын іс-әрекет ұғымын анықтап алайық. Іс-әрекет—бір мақсатқа бағытталған, тұлғалық және қоғамдық маңызы бар нәтиже беретін белсенділік. Оның кұрылымында мынандай компоненттері бар: мақсат, мотив, әрекет немесе іс-қимыл, құрал, нәтиже, бағалау. Егер осы компоненттердің біреуі орындалмай қалса онда тұлғаның толыққанды іс-әрекеті де бола алмайды.

Іс-әрекет

Мақсат

Мотив

Құрал

Іс-қимылдар, операциялар

Нәтиже

Бақылау

Іс-әрекет құрылымы.


Педагогикалық-психологиялық ғылымдар саласыңда іс-әрекет теориясының дамуына С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин т.с.с. психологтардың зерттеулері негіз болған. Суретте көрсетілген іс-әрекет компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені кұрайды. Бұл жүйедегі компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін алып тастасақ толыкқанды атқарылтан іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір көрсетіліп отырған компонент өзіндік маңызды рөль атқарады.


А.Н.Леонтьевтің пікірінше мақсат кез келген іс-әрекеттің жүйе құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, максатсыз іс әрекет болуы екі талай. Әр адамның алдына қойған жакын және алыс мақсаттары болады. Мотив деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани, материалдык, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктер кіреді.
Іс-қимылдар, операциялар- іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен қүралады. Мысалы, тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жугіру сиякты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына байланысты құралдар таңдалады. Құралдардың өзіндік ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет нәтижесі деген компонент тұлға үшін маңызды компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің барлығы осы нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет