Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет9/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

50-бап. Педагог қызметкердің мәртебесі.
1. Білім беру ұйымдарында, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын іске асыратын басқа да ұйымдарда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқытуға және тәрбиелеуге байланысты білім беру қызметімен айналысатын адамдар педагог қызметкерлерге жатады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері азаматтық қызметшілер болып табылады.
2.Мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды.
51-бап. Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауашершілігі.
1. ТиістІ бейіні (профиль) бойьшша арнайы педагопык немесе кэсіптік білімі бар адамдар педагогтық қызметаен айналысуға жіберіледі.
2. Педагог қызметкердің:
1) кәсіби қызметіне арналған жағдаймен қамтамасыз етіле отырып, педагогтік қызметпен айналысуға;
2)ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік жұмыспен айналысуға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
3) жеке педаготтік қызметке;
4) тиісті білім беру деңгейіндегі мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптары сақталған кезде педагогтік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын еркін таңдауға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуға;
6) ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бір рет біліктілігін арттыруға;
7) санатын арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестатталуға;
8) педагоггік кызметгегі табыстары үшін мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар, сыйлықтар мен атаулы стипендиялар түріндегі моральдық жэне материалдық көтермеленуге;
9) өзінің кәсіптік ар-намысы мен қадір-қасиетінің қорғалуына;
10) әскери қызметке шақырылу мерзімінің кейінге қалдырылуына;
11)ғылыми қызметпен айналысу үшін педагогтік стаж сақтала отырып, шығармашылық демалыс алуға;
12) білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрықтары мен өкімдеріне шағымдануға құқыгы бар.
3. Педагог қызметкер:
1) өзінің кәсіптік құзыреті саласында тиісті теориялық жэне пракгакалық білімді жэне оқыту дағдыларын меңгеруге;
2) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге;
3) білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
4) білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық кабілеттерін дамытуға;
5) өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық жэне жалпы ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
6) бес жылда кемінде бір рет аттестаттаудан өтуге;
7) педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
8) оқушылардың, тәрбиеленушілердің жзне олардың ата-аналарының абыройы мен кадір-қасиетін қүрметтеуге міндетті.
Міндеттері мен педагогтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін педагог қызметкер Қазақстан Республикасының зандарында және еңбек шартында көзделтен жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Сонымен,қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын жалпы талаптарға кәсіби кұзіреттілік, бәсекеге қабілеттілік, әлеуметтік белсенділік,шығармашылық қабілеттерінің жоғары деңгейде дамытуды жатқызуга болады.
4. Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс-әрекет - адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс-әрекет - қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс-әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі
Адамдардың іс-әрекеттер: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғъілданатын кәсібіне байланысты іс-әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ,инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет