Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


 Қазіргі таңда педагогикалық ортадағы ең «сәнді» термин «құзірет» болып табылады



бет14/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

5. Қазіргі таңда педагогикалық ортадағы ең «сәнді» термин «құзірет» болып табылады. Құзірет дегеніміз (латынша “competentia” - компетенция) - құқы бойынша қандай да бір мекеменің немесе адамның өкілет шеңбері, адамның танымы, тәжірибесі бар сұрақтар шеңбері. Ғылыми әдебиеттерде құзіреттілік дара тұлғаның бойындағы өзара сапалардың ( білім, білік, дағды, іскерлік, әрекет тәсілі.) жиынтығы. «Құзіреттілік » терминіне алғаш анықтама беріп , лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н. Хомский. Оның пайымдауынша, құзіреттілік термині грамматика білімдеріне негізделген. Жалпы алғанда құзіреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс-әрекет, қызмет саласына сай құзіреттерді меңгеруі.
«Құзырлық» сөзі туралы қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде: «құзыр (компетенция) – жалпы алғанда қайсыбір тапсырманы орындауға қабілеттілік немесе бір нәрсені жасау» деп берілген. Латын тілінен аударғанда «құзырлық – өз ісін жетік білу, танымы мол, тәжірибелі» деген мағынаны білдіреді. Белгілі бір саладағы құзырлылықты меңгерген тұлға өз саласына сәйкес білім мен біліктілікпен қаруланған қандай да бір негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді әрекет ете алатын адамды есептеуге болады. Енді осы ұғымдардың мәнін тереңірек талдайтын болсақ онда «құзыр» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білімі, біліктілігі, дағдысы мен іс - әрекеті саласына сай құзырлықтарды меңгеруі. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан - жақты хабардар, білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді шешім шығара алады дегенді білдіреді. Кәсіби құзіреттілік деп педагогтың жеке бас салалары мен оның психологиялық – педагогикалық және теориялық білімнің, кәсіби біліктілігі мен дағдысының, тәжірибесінің бір арна тоғысуы деуге болады Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі.
«Білім туралы» заңда «құзіреттілік – білім беру процесстерін жүзеге асырудың нәтижелері мен шарттарының, білім алушылар контингентінің, білім беру ұйымдары желісінің жай-күйін және өзгерістер серпінін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау» деп көрсетілген.
Педагогикалық құзіреттілік дегеніміз – педагогикалық жүйенің жағдайы мен оның дамуын болжап, үздіксіз қадағалауды қамтамасыз ететін ақпаратты жинау, сақтау, өндеу, жұмыс үрдісінде қолдану. Құзіреттілікті арттырудың, жүргізудің өз ережесі болады.
Құзіреттілікті жүргізуді ұйымдастыруды, үндеуді мұғалім өзі іске асырады. Алынған информацияны жалпылау, талдау және тарату да мұғалімнің жұмысы болып есептелінеді. Себебі оқу-тәрбие үрдісін жүзеге асыратын мұғалім. Педагогикалық құзіреттілік білім беру мекемелерінде білім берудің сапасын басқару үшін нақты, дәл ақпарат алу мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық құзіреттіліктің негізгі идеясы – бұл білім беру үрдісіне қатысушылардың іс - әрекетін бағалауды басқару болып табылады. Білім беру мекемелерінде құзіреттіліктің объектісіне класс /сынып/, мұғалім,оқушы, сол сияқты білім беру процесінің жеке бағыттары алынады. Құзіретті дамыту барысында біз құзірет сөзінің қайдан шыққанын атап айтатын болсақ. Яғни, Құзыр әр түрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі. Ал енді осыған ұқсас Құзырлылықадамның қандай сұрақтар төңірегінде жақсы хабардар болуымен қатар, кенеттен туындаған ситуациялардан абыроймен (бедел) шығу мүмкіндігін айтамыз.
С.И.Ожегов сөздігінде: 
Құзыр: 1. кімнің болмаса да, жақсы хабардар болған сұрақтар төңіре 2. қандай-да біреулердің билігі, құқы;
Құзырлылық: 1.бір сұрақтар төңірегіне жинақтаушы; 2. бір нәрселерді шешу құқы бар.
Кәсіби құзырлылықтың қатарына келесі қабілеттер жатады:
• Бағдарлы құзіреттілік (азаматтық белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, елжандылық);
• Мәдениеттанымдылық құзіреттілік (ұлттық ерекшеліктерді тани білу, өз халқының мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті);
• Оқу - танымдық құзіреттілік (өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, ізденушілік - зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу);
• Коммуникативтік құзіреттілік (адамдармен өзара қарым - қатынас тәсілдерін білу, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуы);
• Ақпараттық - технологиялық құзіреттілік (ақпараттық технологиялармен, техникалық объектілер көмегімен бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, таңдай, талдай білу, өзгерте білуді жүзеге асыра білу қабілеті);
• Әлеуметтік - еңбек құзыреттілігі (әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға талдау жасай білу, шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес ықпал ете білу қабілеті);
• Тұлғалық өзін - өзі дамыту құзіреттілігі (отбасылық еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет