Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері заңдылықтары, ұстанымдары және кезендері



бет63/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Оқытудың мәні, мақсаты, міндеттері заңдылықтары, ұстанымдары және кезендері.
Оқыту - қазіргі заманның талаптарын ескере отырып, оқушылар тұлғасын, білім, іскерлік және дағдыларды меңгерте отырып, мақсатты қалыптастыру мен дамыту процесі. Оқыту - қоғамдық құбылыс түріндегі мақсатты бағдарланған жүйелі ұйымдастырылған қоғамдық қатынастар тәжірибесі, қоғамдық сананың даму нәтижесі, еңбек өндірісінің мәдениеті, қоршаған ортаны қорғау мен оны белсенді қайта өзгерту, білімдерді аға ұрпақтың өскелең ұрпаққа үйретіп, оны олардың меңгеруі. Оқыту ұрпақ сабақтастығын, қоғамның толық құндылықты қызмет атқаруын және тұлғаның соған сәйкес дамуына мүмкіндік жасайды. Оның қоғамдағы объективті міндеттерінің мәні осында. Оқыту процесіндегі негізгі мазмұнды игеру тетігі - өзара әрекеттестіктің арнайы формасындағы мақсатты ұйымдастырылған балалар мен ересектердің бірлескен іс-әрекеті, олардың мазмұнды танымдық әңгімелері.
Түрлі деңгейлерде іске асырыла отырып, оқыту процесі циклдік сипатқа ие болды. Оқыту процесінің циклдері дамуының ең негізгі көрсеткіштері, басты екі мақсатқа негізделіп топталған, педагогикалық еңбектердің ең жақын дидактикалық мақсаттары:
-білім беру — бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерулерін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани,денелік және еңбек қабілеттерін жетілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді:
-тәрбиелеу - әрбір оқушының ғылыми көзқарасын, адамгершілігін, белсенді шығармашылығын және әлеуметті кемелденген жоғары адамгершіліктегі ұйлесімді дамыған тұлғасын дамытуды мақсат етеді.
Оқыту педагогика ғылымының категориясы ретінде және оқыту процесі немесе дидактикалық процесс бірдей мағынадағы ұғымдар емес. Процесс оқыту жағдайларының толық педегогикалық құбылыс ретінде педагогикалық іс-әректтің үзіндісі, актісі ретінде ауысып отыруы. Іс-әрекет ретінде оқыту ұғымымен іс-әрекеттердің шеңберін, міндетін білдіретін "қызмет" ұғымы тығыз байланысты. Оқытудың қызметі оқыту процесінің мәнін сипаттайды.
Оқытудың әлеуметтік, педагогикалық психологиялық мәні оның қызметтерінен біршама анық айқындалады. Солардың ішіндегі, бірінші кезектегі біршама мәндісі — оқушыларда білімділерді, дағдыларды және шығармашылық іс-әрекет тәжірибесінің іскерлігін қалыптастыруы (білім беру қызметі). Оқытудың екінші қызметі — оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру (тәрбиелеу қызметі). Ол балалар мен ересектерде объективті түрде қоршаған орта жөнінде ой толғауға мүмкіндік жасайтын білімдерінің толығуына қарай біртіндеп қалыптасады. Алдыңғы екі қызметімен тікелей байланыстағы тұлғасын және оның өз бетінше ойлауын дамыту қызметі атқарылады (дамыту қызметі).
Адамның дамуы - бұл оның денесінің физиологиялық және психологиялық сипаттамаларының олардың ішіндегі ең бірінші ақыл-ойының сапалы дамуын білдіреді. Сонымен қатар, оқытудың профориентациялау қызметінің де мәні зор.
Үздіксіз білім беруде дайындау қызметі, адамды өндіріске және қоғамдық қарым-қатынастарға белсенді араласуға бағыттайды, практикалық әс-әрекетке дайындайды, өзінің политехникалық, кәсіби, жалпы білімі, толық дайындығын үнемі жетілдіріп отыруға бағыттайды. Креактивтілік қызметі тұлғаның жан-жақтылығын үздіксіз дамытуды көздейді. Өзінің мәні жағынан оқыту процесі -түрлі реттегі және деңгейдегі заңдар мен заңдылықтар арнайы айқындалатын заңдылықты түрде дамитын процесс. Заңдылықтар объективті, мәнді қажетті, жалпы, тұрақты және белгілі бір жағдайларда қайталанып отыратын өзара байланыстарды бейнелейді. Феноменнің мәнінің қатаң түрде айқындалған ерекшеліктері — заңдарды құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет