Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар



бет81/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

Мұғалімнің сабаққа дайындығы. Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: сабақтарды тақырып бойынша жоспраулау және осы жоспраулауды әрбір сабаққа сәйкессс нақтыландыру, әрбір жеке сабақтың жоспарын терең ойластыру мен құрастыру.
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтын тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Бұл жүйеге, негізгі дидактикалық мақстына байланысты сабақтың әралуан тұрпаты және түрлерімен қоса оқушылардың сыныптан ттыс және оқудан тыс жұмыстарының басқа түрлері де кіреді. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, көбінесе мұғалімнің оқушылар нені білулері керек т.б. деген сияқты мәселелерді қаншалықты терең ойластырғанына байланысты болып келеді. Сондықтан мұғалім тақырыптық жоспарлауды пәннің оқу бағдарламасымен, білім беру стандарттарымен мұқият танысудан, пәнді оқыту кезіндегі және берілген тақырып бойынша дидактикалық міндеттерді шешудегі негізгі тәрбиелік мақсаттарды және оқушыларды дамыту мақсаттарын анықтаудан бастауы қажет.
Бір сабақты жоспарлау – мұғалімнің тиянақты бір сабаққа дайындығы, яғни сабақты жоспарлау, тақырыптық жоспарлауды әрбір жеке асабаққа сәйкес нақтыландыру, сабақтың негізгі мазмұны мен бағыты анықталғаннан кейін сабақтың жоспары мен қысқаша мазмұнын терең ойластыру мен құрастыру. Сабақ жоспары мұғалімнің жұмыс тәжірибесіне, білімдарлығына, педагогикалық шеберлігінің деңгейіне қарамастан, әрбірмұғалім үшін қажет.Сабақтың жоспары, тақырыптық жоспар, бағдарлама мазмұны негізінде, мұғалімнің оқушылрды және олардың дайындық деңгейін білуінің негізінде құрастырылады. Сабақты жоспарлауда және оны өткізу технологияларын дайындауда екі өзара байланысты бөліктер бар: сабақ мақсатын, оның әрбір қадамын терең ойластыру; арнайы дәптерге сабақ жоспарын белгілі бір түрде жазып алу.
Сабақтың мақсаты бағдарлама материалының мазмұны негізінде, мектептің материалдық базынысының және оқушылардың белігіл бір оқу жағдайына сәйкес ұйымдастыруға болатын оқу материалымен жұмысының мазмұны негізінде анықталады. Сабаққа дайындалудың бұл бөлімінде мұғалім болашақ сабақтың өту барысын болжайды, оны ой-санасынан өткізіп, өзінің оқушылармен бірлесіп жасайтын іс-әрекеттерінің өзіндік бір сценариін дайындайды. өзінің және оқушылардың сабақтағы әрекеттерінің негізгі мазмұны мен бағыттылығын анықтағаннан кейін барып мұғалім оқушылар меңгеруге тиісті қажет және жеткілікті материалды таңдайды, сабақта талданатын жаңа түсініктерді енгізудің жүйелілігін анықтайды. Мұғалім оқушылардыңғ белсенділігін арттыратын қызықты материалды таңдайды, оған оқушылардың назарын жалпылама сұрақтар, есептер арқылы аудартады, сабақтың құрылысын алдағы жұмыстың көлеміне қарай алдын-ала анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет