Лекция 1-тақырып. Қазіргі жағдайда білім берудің басымдық рөлі. Кіріспе Жоспар


И.П. Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістемелік нақты қарастырамыз



бет87/106
Дата09.11.2023
өлшемі0.58 Mb.
#482746
түріЛекция
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106
47292356pedagogika.d.r.ster.zhina.y

И.П. Подласыйдың интерпретациялық оқыту әдістемелік нақты қарастырамыз.
1.Баяндау. Мақсатқа байланысты бірнеше әңгіме түрлері: баяндап айту, әңгімелеп баяндау, әңгімелеп-бекіту. Бірінші жаңа материалды игеру оқушыны дайындау, екінші берілген мазмұнды баяндау, үшінші оқытуды аяқтау бөлімі.
Берілген әдістің сапасы мұғалімнің әңгімелеп беру білігіне, педагогпен қанша сөз айтып және мазмұндап баяндалғанын, оқушыларлың жас ерекшелігіне байланысты, оның жеткілікті денгейде ұғым болуы.
Демек оқушыларға білім беруде олардың қабілетін ескеру керек. Әңгіме әдісі өз ойын жеткізуде логиканы сақтау жаңылмай сөйлеуге, сауатты сөйлеуге үйретеді.
Баяндау кысқа (10 мин), эмоционалды тұрғыда болуы керек. Баяндаудың тиімділігі басқада оқыту әдісі мен -иллюстраииямеи (бастауыш сыныпта), сонымен қатар мұғалімнің таңдап алған фактілері, жағдайлар, адамдар туралы уақыт пен кеңістікке байланысты болуы керек.
2. Әңгіме. Әңгіме мәиі бағытты мақсатта және біліктілікте қойылған сұрақтар арқылы оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіріп жаңа білімді игертілуін, өздігінен ойластырып және қорытындылау жолдарын жандандырады. Әңгіме кезінде оқушының ойы мұғалімнің ойын қайталау болып отырады, нәтижесінде оқушы адымдап жаңа білімді игереді. Әңгіме ойлауды белсендіреді, білімді, білікті игертудің диагностикалық құралы болып, оқушылардың танымдық қабілетін дамытуға бағыттайды, таным процесін оперативті басқаруға жағдай туғызады. Әңгіме сонымен қатар тәрбие міндеттерін де шешеді. Әңгіме баяндамамен, лекциямен, білімді жүйелі қалыптастыратын басқа да әдістер мен қатар қолдану керек. Әңгіме оқушыларға керекті білімі мен дағдысын, жаттығуларды өткізуге, оларды қалыптастыруға мүмкіндік бере алмайтындығын ескеру керек.
Әңгімені классификациялау тәсілдерін анықтауға болады.
Кіріспе өңгіме немесе ұйымдастыру; жаңа білім беру (сократтық, эвристикалықт.б.); синтездеуші немесе бекіту; коррекциялық-бақылау.
Кіріспе әңгіме оқыту жұмысының басында өтіледі, мақсаты-оқушылардың берілетін жұмыстың мәні мен оның өтілуін дұрыс түсіндіргенін анықтау.
Кіріспе әңгіме саяхат, лабораториялық және практикалық сабақ алдында өтіледі. Жаңа матреиалды оқушыға игерту кіріспе әңгіменің мәні ерекше.
Жаңа білім игертуді хабарлау әңіме катехизикалық (сұрақты-жауап, қарсы шықпау, жауаптарды есте сақтау), Сократтық (ыңғайлы, оқушының ыңғайына қарай, қысқа тұжырымды пікір білдіру), эвристикалық (оқушыға талап жүктеп, мұғалімнің берген сұрағына нақты жауап алу). Бүгінгі мектепте эврестикалық әңгіме қолданылады. Жаңалық ашуда, оқушылардың ойлау қабілетін жандандыратын, ол мұғалімнің білікті сұрақ қоя білуі. Сонымен эвристикалық әңгімеде оқушылар өздігінше ойлап, өз танымы бойынша білімді игереді.
Синтездейтін әңгіме оқушылардың білімін жүйелеп және қортындылауда қолданады.
Коррекциялық бақылау-әңгіме диагностикалық мақсатта және оқушының білімін жетілдіріп, нақтылап, дамытуда пайдаланады.
Әңгіме барысында, барлық оқушылар белсендікпен қатысып, сұрақгы зерс алып тыңдау, сұраққа дұрыс жауап іздеу, өзінің достарының жауаптарын талдау, өзінің көз қарасын айта білуін қадағалау. Дұрыс жауаптарды-мадақтау, қатені түзеу, толық емес жауаптарды толықтыру, оқытушылардың жіберген қатесін өздері табу. Оқушылардың бір-біріне сұрақ қоюы.
3.Лекция. Ауызша әдістен айырмашылығы; оқу материалының логикалық мазмұндалуы; ақпарат ағымының көптігімен, берілетін білімнің жүйелік ерекшелігі мен айқындалады.
Мектепте өтілетін лекция: күрделі жүйені, құбылысты, объектіні, құбылыстардың өзара байланысын себеп-салдарды айқындау арқылы жүргізіледі. Лекция жоғарғы сыныптарда өтіледі, өйткені олардың лекциядағы теориялық материалдарды қабылдау және ойлау қабілеттері жеткілікті денгейде қалыптасқан, лекция бір нмесе біріктірілген сабақтарда жүргізіледі. Лекциялық әдіс түсіндіру мен әңгімеден басталып күрделене түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   106




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет