Түсiндiру – оқу материалын мұғалiмнiң логикалық тұрғыдан дəйектi де сындарлы баяндауы. Оның себебi, түрлi заңдылықтар мен ережелердi түсiндiру белгiлi дəрежеде логикалық жүйелiлiктi қажет етедi.
Түсiндiру əдiсiнiң мақсаты: заттардың елеулi белгi-лерiн ашып көрсету, фактiлер мен құбылыстарды талқы-лау. Сондықтан мұғалiмнiң оқу материалын түсiндiруiнде əрқашанда пайымдау, қорыту, дəлелдеу көп болады.
Түсiндiру əдiсiнiң ең маңызды мəселелерi – оқушылардың алдына жаңа мəселенi айқын, ашық етiп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсiндiру əдiсiнiң табысты болуы мұғалiмнiң нақтылы деректердi қаншама сəттi қолдана бiлгендiгiне де байланысты.
Түсiндiру əрқашанда заттар мен фактiлердiң, құбылыстардың мəнiн ашу, қағидаларды түсiндiру, осы-лардың негiзiнде оқушыларға жаңа бiлiмдi баяндауда оны терең жəне түсiнiктi ұғынуларына мүмкiндiк туғызады. Бiрақ ол оқушылардың жас ерекшелiктерiне, сынып жəне пəн ерекшелiктерiне қарай өзгерiп отырады.
Əңгiме – мұғалiмнiң сабақ барысында оқушылармен араласуының неғұрлым қолайлы тəсiлi болып табылады. Сөйтiп, оқушыларға жаңа бiлiмдi түсiндiрудiң неғұрлым қарапайым жəне түсiнiктi түрi.
Əңгiме барысында мұғалiм құбылыстарды бiрiздiлiкпен көркем суреттей отыра, өз сөзiн əртүрлi көркем шығармалар (картина, фотосурет) мен көрнекi құралдарды қолдану арқылы жалғастырып отырады. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың фактiлер мен құбылыстарды жақсы түсiнiп, ұғынуына көмектеседi.
Бұл əдiстi қолдану барысында мұғалiм мен оқушылар арасында диалог пайда болады.
Əңгiме оқытудың түрлi мiндеттерiн орындауға бағытталады: жаңа бiлiмдi хабарлау, оны бекiту мақсатында қолданылатын əңгiме; өткен материалды жаңамен байланыстыру, өткендi қайталау, оны тексеру жəне бағалау үшiн қолданылатын əңгiме.
Əңгiме əдiсi көбiнесе бастауыш немесе орта буын сыныптарда кеңiнен қолданылады.
Мұғалiмнiң сабақта əңгiме əдiсiн қолдану ұзақтығы, берiлетiн оқу материалының сипатына байланысты болып келедi.
Əңгiмелесу - мұғалiм мен оқушылар арасында жаңа бiлiмдердi хабарлау, пысықтау, қорытындылауды дұрыс ұйымдастырылған сұрақ-жауап тəсiлiнде қолданылады. Сондықтан əңгiмелесу оқытудың аса күрделi əдiсi болып есептелiнедi. Бұл əдiстi нəтижелi пайдалану мұғалiмдер тарапынан өте мұқият дайындықты талап етедi.
Əңгiмелесу барысында мұғалiм оқушылардың жеке басының қабiлетiн, зейiнiн (т. б. психикалық процестерiн), таным ерекшелiктерiн танып бiледi, баяндалып отырған немесе өтiлген оқу материалын олардың қалай ұғынғанын анықтайды.
Əңгiмелесуде баяндау, талдау, қорытынды жасау тəсiлдерi қолданылады. Бұл əдiс, сонымен қатар, сұрақ-жауап тəсiлi арқылы да iске асады. Ол үшiн мұғалiмнiң сұрақтары дəл, жинақы, оқушының ойын оятуға, дамытуға бағытталған болуы тиiс.