Лекция 11. Тақырып: Қонақ үй шаруашылығында жаңа ақпараттық технологияны қолдану



Дата20.02.2022
өлшемі36.58 Kb.
#455568
түріЛекция
лек 11


Лекция 11.
Тақырып: Қонақ үй шаруашылығында жаңа ақпараттық технологияны қолдану



  1. Қонақ үй шаруашылығында ақпараттық технологияның дамуы

  2. Қонақ үйлерде ақпараттық технологияны қолдану жерлері

  3. Қонақ үй шаруашылығын басқаруда ақпараттық технологияны қолдану

Қазіргі таңда жаңа технология көптеген қонақ үй кәсіпорындарының және олардың арасындағы қатынас түрінде іс-жүргізу әдісін өзгертеді. Жаңа өткізу нарығын құрумен ескісін кеңейтуді, өзінің мүмкіндіктерін бүкіл әлемге жайған броньдау және тіркеу компьютер жүйелері арқылы жүргізуге болады.


Ірі қонақ үй кәсіпорындарын басқару оның басқарушыларының жақандық менеджменті қолдануын талап етеді және осы іспен қатар қатаң қаржы бақылауын жүргізулері тиіс. Броньдау жүйелері мен әдістері, қолдану саласы мен технологиялық ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі формаларға ие. Жаңа технологиялардың пайда болуы қонақ үй иелеріне мәселелерін шешу мүмкіндігін береді. Әсіресе, саяхаттаушылардың транспорт және қонақ үй броньдарын жасауға мүмкіндік беретін, компьютер желісіне қосылған үй компьютерінің пайда болуы, кейбр делдалдардың қызметіне қажеттілікті жоққа шығаруы мүмкін.
Жоғары технологиялардың заманауи әлемінде Интернет жақандық компьютер желісіне қосылмай ешқандай қонақ үй жұмыс істей алмайтыны барлығына мәлім болар. Автоматтандырылған жүйелер еңбек өнімділігін және жоғары басқарма қызметкерлерінің білім деңгейін жоғарылатуға бағытталған. Заманауи шарттарда қонақ үйде жаңа технологияларды қолданбастан жоғары деңгейлі қызметтерді қамтамасыз ету мүмкін емес. Жаңа технологиялар көптеген қонақ үй процестерін автоматтандыруды қарастырады, әсіресе, автоматты тіркеу және персоналды қысқарту арқылықызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған жүйелер еңбек өнімділігін және жоғары басқарма қызметкерлерінің білім деңгейін жоғарлатуға бағытталған.
Бірнеше мамандыққа ие болу қарапайым құбылысқа айналуда, ал ол өз кезегінде персоналдың тереңіек фундаментальды дайындығын, бірнеше мамандық білімін алуын қажет етуде.
Интернет іскер серіктестре табуға, қатынастар орнатуға, жарнама мен қызметтерді жылжытуға, сонымен қатар көптеген делдалдарсыз, яғни, қызметтердің өзіндік құнын төмендетіп тікелей клиенттермен байланыс құруға шектеусіз мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар броньдаудың компьютерлік жүйесінің болуы қажет болып табылады. Бұл жүйе қонақтардың қажеттіліктері мен қонақ үй мүмкіншіліктеріне қарай қонақ үйде бөлмені броньдау және тіркеу мүмкіндіктерін береді.
Халықаралық Интернет компьютер желісінің қарқынды дамығаны соншалықты, жыл сайын оның жазылушылар саны мен ақпараттық ресурстар көлемі екі есе өсуде. Мұнда туристік және қонақ үй бизнесі де шетте қалған жоқ. Интернетте қонақ үйлерді, авиа билеттерді, және турдың басқа да құрамдастарын броньдау жүйесі клиенттерді турагенттердің қызметтерінсіз демалыстарын өз бетінше ұйымдастыру мүмкіндігін береді. Бүгінде, Интернет қолданушылардың әскері үйіндегі компьютерлерінің көмегінен көріп, таңдапқана қоймай, сондай-ақ турдың барлық сегменттеріне бронь жасай алады (қонақ үйлер, авиабилеттер, автокөліктер, экскурсиялар).
Жеке жер бетті немесе мамандандырылған серверді құру электронды жарнаманың ең тиімді әдісі. Бұл бетте орналастырылған ақпараттарды Интернетке кірген кез келген адам қолдана алады. Алайда көптеген отельдер Интернетке қосылуға асықпайды. Оның себебі ретінде бірнеше шешілмеген мәселелерді атауда, олар: жеке тұлғалардың резервация жауапкершілігі, желі арқылы төлем жүргізу, рұқсатсыз резервациялардан Интернет желісінде қонақ үй және авиарейстерді броньдау жүйесі барлық жетекші қонақ үй шынжырлары мен авиакомпаниялар бойынша толық ақпарат бар. Клиенттің тапсырысы бойынша іздеу жүйесі және минимум тарифті сегменттерді іздеу үшін құрылған жүйе асты бар.
Талап етілген орналастыру құралдарын іздеуді бірнеше критерийлер бойынша орындауға болады: Орналасу жері, атауы, типі (Қонақ үй, мотель, турбаза және т.б.), қандай қонақ үй шынжырының құрамында екендігі, талап етілетін қызметттер жиынтығы мен құны. Ары қарай тапсырыс құру жүреді. Бір минуттан соң экранда отельдер тізімі шығады. Экранда отель көрінісінің фотосуреті көрінеді, оның бейнелемесі беріледі (орналасқан жері, мейрамханалары, барлары, бөлмелердің жабдықталуы). Бронь жасау үшін клиент жайында мәліметтерді беріп анкетаны толтыру қажет. Сонымен қатар кредит картасының номері жазылады. Интернет арқылы броньдау тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді және броньдау мен бекіту өзі бір тәулікте жүзеге асырады.
Интернет қонақ үйлерді ұсыну формаларының көптігіне қарамастан номерге тапсырыс беру схемасы жалпы болып табылады:
- бір қатар критерийлер бойынша қажет қонақ үйді іздеу (бағасы немесе әуежайға дейінгі халықтың және т.б.);
- таңдалған қонақ үймен жұмыстардың тәртібін толығырақ білу.
- бронь жасау формасын толтыру (қалу мерзімі, клиенттердің аты-жөні және т.б.);
- броньның қабылданғаны жөнінде бекіту;
Нарықтың ең ірі ойыншылары қонақүй шынжырлары, олар бірегей басқару жүйесіне бағытталған, оның әсері тікелей ақпараттық технологияны пайдалануына байланысты. Қонақ үйлердің өзінің шекарасынан тыс жерлерге шығуы және географиялық ауданы ұзақ жерде тұратын клиенттермен байланыс орнату белгілі бір анықталған мағына береді — тұрақты мекендеушілер қонақүйдің қызмет көрсетуін пайдаланбайды. Қонақүйлер қызмет көрсетуін Интернет арқылы сатады — орташа туристерге, ал ғаламдық жүйемен алдын-ала дайындау — туроператор мен турагенттерге.
Серверлерде жасалған броньдар үш тип бойынша ерекшеленеді, олар: қонақ үй немесе қонақ үй шынжырының серверінде бронь жасау; туроператор срверінде бронь жасау; тіркелу орталығының серверінде бронь жасау.
Қонақ үй немесе қонақ үй шынжырларының көпшілігі туроператорлар мен турагенттіктерден емес, жеке тұлғалардан бронь қабылдауға бағытталған. Мұндай серверлерде ұсынылған бағалар базалы тарифтерден төмен болады және агенттік комиссия оған кірмейді.
Тіркелу орталығының серверінде көбірек қонақ үйлер ұсынылады. Тіркелу орталығының маркетингтік саясатына байланысты ол бөлек қонақ үйлерін біріктіре алады. Сонымен қатар қонақ үй бірнеше орталықтармен жұмыс істейді, ал ол дәйекті клиенттер шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Туроператор серверінде ұсынылған қонақ үйлерге, туроператордың тұрақты байланысы бар, клиенттерін орналастыруға кепілдік беретін қалалар мен региондарға отельдер жатады.
Компьютерлер қонақ үйлердің ақпараттық-есептік орталықтарында кенінен қолданады. Оның көмегімен тіркеулерді, келушілерді есепке алу, бөлмелердің бөлінісі, инвентарьды есепке алу және тағамдарды бақылауды басқару жүргізіледі. Қонақ үйлерде негізгі функционалды процестерді автоматтандыруды қамтамасыз ететін, персонал үшін автоматтандырылған жұмыс орындары құрылуы тиіс. Барлық автоматтандырылған жұмыс орындары локальды компьютер желілерінен біріктіріледі. Ол байланыспен қамтамасыз ету үшін уақытты азайтып, бөлімдер арасында қарым-қатынасты ұйымдастырады және бүкіл қонақ үй жұмысын тиімді жағастыруға мүмкіндік береді. Кез-келген қонақ үй өзінің қызмет процесінде бір қатар стандартты операцияларды жүзеге асырады.: жарнама құру, хаттар мен тапсырыстарды жіберу, есепті құру (дайындау), мәліметтерді жинау және анализ жасау.
Қонақ үй қызметі мемлекеттік және жергілікті тәртіптермен, нормалармен және жарлықтармен реттеледі. Бұл жағдайда «Консультант» және «Кодекс» бағдарламалары көмек береді. Бухгалтерлік есептен барлық қаржы операцияларын жүргізу үшін ІС бухгалтерия бағдарламасын қолданған жөн. Сонымен қатар қонақ үйдің басқа да қызметтерін автоматтандырған жөн, мысалы: қойма шаруашылығын – «Инфоқойма» бағдарлама көмегімен; мейрамхана жұмысын автоматтандыру үшін әр түрлі бағдарламалар бар. Кейбір қонақ үйлерде осы қонақ үйлердің ерекшеліктерін ескере отырып дайындаған арнайы жүйелер жұмыс істейді.
Шетелдік тіркелу жүйелерінің техникалық деңгейі отандық жүйелерге қарағанда әлде қайда жоғары. Олар мобильді, көпфункциональды, сенімді, басқарылуы қарапайым, Интернетке интеграцияланған. Мұндай жүйелердің қатарына мыналар жатады: Gabriel, Sabre, Galileo, Amadeus, Fidelia Hotel Bank. Барлық компьютерлік жүйелерде:
- бөлме мен орынға бронь жасауға;
- бөлмелердің толықтығын қадағалауға;
- клиенттерге тіркеуге;
- қонақтардың картотекасын жүргізуге;
- есеп айырысуды жүргізуге
- қаржылық есепті құруға болады.
Осы функциялардың барлығын автоматтандырылған режимде орындау қонақтарға қызмет көрсету сапасын жоғарылатады.
Жоғары класты қонақ үйлер қоғамдық және тұрмыстық орындарды тек электронды кілтпен ашылатын электронды құлып жүйесін орнатуда. Ол индивидуалды коды бар пластикалы магнитке картамен ашылатын есіктер. Қолдануды бақылау орталық пультта жүзеге асырылады. Магниттік картада қызмет көрсету уақыты мен датасы кодталған. Мерзім біткеннен соң немесе бөлме ақысын төлемеген жағдайда персоналдың қатысуынсыз бөлмеге кіру мүмкін емес. Мұндай электронды құлып жүйесі қонақ үйде қызмет көрсетудің жоғары деңгей көрсеткіші болып табылады және персоналмен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Портье қызметі келесі арнайы жабдықтарға ие:
- кез-келген деңгейдегі электронды кілт-карталарды жедел жасауға болатын мини-терминал;
- арнайы технологиямен дайындалатын, әрбір кілт құрылғысына абсолютті нақтылық пен сыйымдылығына кепілдік беретін электронды кілт-карталары;
- электронды кілттер жасалған материалдар статикалық электр тоғын жинамайды, шаң мен су оған жер етпейді, механикалық әрекеттерге тұрақты;
- электронды кілтті кодтау құрылғасы – жаңа электронды кілтке қайта құрылған кодты жазады;
- ақпарат беру құрылғасы – кодтар сәйкес болған жағдайда, кодтау құрылғасы мен есік құлпы арасында интерфейс ретінде қолданылады;
- электронды кілтті мойындау жүйесі – кілттің тұпнұсқалығын тексеру үшін қолданылады.
Электронды кілттер әртүрлі жұмыс режимдерінде қолданыла алады: клиент, кір жуу бөлмесі, қабат қызметтері, мини-бар, инженерлік қызмет, директор, апат, бір рет қолданылатын кілт. Әрбір қонақ тек өзінің бөлмесінің есігіне түсетін кілт алады. Директор мен әкімшілікте қонақ үйдің кез-келген бөлмесін ашуға мүмкіндік беретін, арнайы кодталған кілт болады. Қажет болған жағдайда «апат» кілтінің режимі қолданылады.

Компьютерлік броньдау жүйелері, «Жақандық өткізу жүйесі» атауын алды. Бұл термин халықаралық туризмде белсенді қолдануда. Компьютерлік броньдау жүйесінің өткзудің басқа формаларының алдында өзінің артықшылықтары бар. Олар өте қысқа мерзімдерде бронь жасау телефон, факс және басқада байланыс шығындарын үнемдеу, қатаң қаржылық бақылау жүргізу, статистикалық мәліметтер негізінде өткізу қызметінің анализін жүргізу мүмкіндіктерін береді.
Турагенттіктердің халықаралық броньдау жүйелері бар (Supernational Worldwide Reservation (SWR), Utel Reservation (UR)). Турагенттіктердің бөлініс жүйелері қонақ үйлерде бөлме броньдау мен транспорт билеттеріне резервация жасаудан басқа, әртүрлі туроператорлардың тур пакеттерін ұсынады. Ол өз кезегінде сауданың көбеюіне әсер етеді. Осыған байланысты туристік агенттіктерді заманауи компьютер жабдықтармен және байланыс құралдарымен жабдықтау маңызды болып отыр.
Персональдық компьютерлер есеп шығару жүйесін көрсетеді, оның барлық қорлары бір ғана жұмыс орнын, бір ғана пайдаланушыға дағдыланған. Корпоративтік компьютерлер де есеп шығару жүйесін көрсетеді, бірақ ұйымдағы барлық пайдаланушылар ортасына арналған. Міне осыдан П.К негізгі айырмашылықты табуға болады. Ережеге сай, корпоративтік компьютерлер ПК қарағанда өте күшті және көлемімен өте қажетті ақпараттар қорларын сақтайды.
Суперкомпьютерлер есеп шығару жүйесін мінездеме шекарасында есеп күші мен қорларында көрсетіледі. Олар әскери және космыстық облыстарда, ғылыми зерттеулерді, ғаламдық әлеуметтік-экономикалық процестерді болжамдауда пайдаланады.
Компьютерлік желі — бұл компьютерлік жүйе каналдармен қосылған берілетін мағлұматтар, жүйе арқылы әртүрлі ақпараттық-есептік қызметтерді пайдаланушыларды мағлұматтармен қамтамасыз ету.
Компьютерлік желілер қамту территориясына байланысты бөлінеді:
- жергілікті (LAN—Local Area Network)
- аймақтық (MAN—Metropolitan Area Network)
- ғаламдық (WAN—Wide Area Network)
Қонақ үй бөлмелеріне резервация жасадың компьютерлі жүйелері: ұлттық және корпорациялық болады. Ұлттық компьютер желілер, мысалы, қарапайым Trevelodge Chail ағылшын жүйесі өте тиімді болып табылады. Броньдау орталық компьютер офисіне қосылған тегін көпканалды телефон желісі бойынша жүргізіледі. Өзгерту және бастарту тапсырыстар жылдам және қарапйым түрде жүзеге асады. Корпорациялық бронь жасау желілер, өзіндік дайындалған бағдарламалар бойынша жұмыс істейді және консорциумға қосылу принципі бойынша қонақ үйлерді біріктіреді.

Жергілікті желідегі абоненттер бір-бірінен онша ұзақ емес қашықтықта болады. Бұл жеке ұйымдардың, фирмалардың, банктердің, офистердің, корпорациялардың және т.б желілері. Аймақтық КЖ қалалық, аудандық, облыстық абоненттерді байланыстырады. Ғаламдық желілер бір-бірінен ұзақ қашықтықта орналасқан абоненттерді байланыстырады, әсіресе әртүрлі мемлекеттерді немесе әртүрлі материктерде тұратын клиенттерді.


Телекоммуникация жүйелеріне, әсіресе, оперативтік байланыс жүйелерін, оның ішіне телефон, ұялы телефон, пейджер, телеграф, факсилильдік байланыс технологиясы жатады. Мамандандырылған жабдықтар — құрылғы, сервис аясындағы ұйымдарды басқарудағы бағдарламалық-ақпараттық комплекстер. Мәселен бұндай құрылғыларға POS-терминалдар, асханалық принтерлер, электрондық қамалдар жатады. Ұйымдастырылған техника — техникалық құрал, офистегі тапсырмаларды автоматтандыруға арналған. Ірі фирмалардың офистік жабдықтарына көшірмелі көп шығаратын аппараттар, диктофондар, проектілік жабдықтар, ламинаторлар, құжаттарды жоятын машиналар (шредер) және көптеген басқада заттар кіреді.

Интегралдық офистік өнім — бұл бағдарламалық комплекстің өнімі, мағлұматтарды алмастыру дәрежесінде бір-бірімен жақсы қарым қатынас орнатады. Интегралдық офистік өнімнің мақсаты турфирманың қызметкерлерін күнделікті бірге жұмыс істеу кезінде қолданылатын құралдармен қамтамасыз ету, туристік ұйымның тапсырмаларын комплексті түрде шешу. Интегралдық офистік өнімге, мәселен Microsoft office өнімі қызмет етеді, ол неше түрлі нұсқауларда беріледі, оның ішінде әр түрлі ұсыныстар болады. Өнімнің ең негізгі ұсыныстарына мыналар жатады:


- word – текстік редактор, өте күрделі құжаттарды құруға өте ыңғайлы құрал, құрамында математикалық құралдар, кестелер, суреттер, диаграммалар құруға болады.
- excel – кестелік редактор, күрделі электрондық кестелерді құруға және кең түрде есеп шоттарын қалыптастыруға арналған құрал. Excel-дің электрондық кестелерінде әртүрлі инженерлік, статистикалық, экономикалық, бухгалтерлік, қаржылық есептерді жүргізе аламыз.
- access – мағлұматтар базасын басқару жүйесі.
- power point – призентацияға дайындалу жүйесі, графикалық және текстік материалды дайындауға көмектеседі.
- outlook – ақпараттық персоналдық менеджері, электрондық почтадағы хаттарды өңдейді, кездесу мен жиналыс, байланыс пен тапсырмаларды басқаруды ұйымдастырады.
- рront page – редактор, веб-беттерді дайындауға арналған.
- Photo draw – графикалық редактор, іскерлік графикті қалыптастыруға арналған.
- Publisher – столда тұратын және шығарылатын жүйе.
Базадағы мағлұматтарды басқару жүйесі (БМБЖ) – бұл тілдік және бағдарламалық құралдар құруға, енгізуге және пайдаланушыларға берілген мағлұматтар базасының комплексі. Графикалық редактор — компьютерлік бағдарлама, графикалық суреттер құруға және өңдеуге арналған. Эксперттік жүйе мен шешім қабылдауды қолдайтын жүйе ақпараттық қамтамасыздандыруды экономикалық модельдерде және өнер мәдениетінің принциптерін басқаруда қолданылады. Жоспарды басқару жүйесі пайдаланылатын қорлардың түрлерін жоспарлауға немесе басқаруға арналған (материалдық, техникалық, қаржылық, кадрлық, ақпараттық).
Қонақүйлердің автоматтандырылған комплексі мамандандырылған бағдарламалық комплексті негізге ала отырып, мына жағдайларға мүмкіндік жасай алады:
- Қонақүйдің жағдайы туралы толық, сенімді, актуальді ақпараттарын жинақтайды.
- Оперативтік дәрежеде тиімді басқару (қонақүй және қонақүй бизнесінде өзгерістерге тез бейімделу).
- Тактикалық дәрежеде тиімді басқару (қонақтарға сервистік дәреженің өсуі және персоналдың жұмыстарының сапалы орындалуы).
- Стратегиялық дәрежеде тиімді басқару жинақталған ақпараттарды басқару және сервис облысындағы болашақ бағыттарды анықтау үшін пайдаланылады.
- Клиенттермен бизнес-процесс жұмыстарын толық автоматтандыру— арыз қабылғанданғаннан бастап ең соңғы есептесуге дейін.
- Номерлік фондты тиімді пайдалану
- Кадрлық саясатта өте тиімді бақылау жүргізу (жеке қызметкерлердің іс-әрекетін қадағалау).
Қонақүй комплексін автоматтандыру шешімі бірнеше мамандандырылған жүйенің базасында ұйымдастырылады, ол әртүрлі компаниялардың берген мағлұматтарына орай құрастырылады.
Қонақүйдің автоматтандырылған бағдарламалық комплексі — бұл өте тығыз байланысты бағдарламалық құралдар, қонақүйлер басқаруда барлық функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз етеді.
Әлемдік тәжірбиеге сай, қонақүйді басқаруда пайдаланылатын автоматтандыру комплексінің жүйесіне мына төмендегілер жатады:

  • Қонақүйді басқару жүйесі (PMS—Property Managment System).

  • Ресторандарды басқару жүйесі (Point of Sfles).

  • Шараларды басқару жүйесі (Sales & Catering).

  • Телефон сервисінің жүйесі (Telephone Managment System).

  • Электрондық кілттердің жүйесі (Key System).

  • Электрондық кіші-барлардың жүйесі (Mini-bar System).

  • Интерактивті телевизор жүйесі (Video Services System).

  • Энергия қорларының жүйесі (Energy Managment System).

  • Кредиттік карталарды өңдеу жүйесі (Credit Card Authorization System).

  • Қоймалық есеп және калькуляциялау (Food & Beverage).

  • Қаржы-бухгалтерлік есеп жүйесі (Accouting System).

  • Алдын-ала орын дайындау жүйесінің орталығы (Central Reservation System).

  • Интернетпен алдын-ала орын дайындау жүйесі (Web Reservation System).

  • Кадрларды басқару жүйесі (Human Resorse System).

  • Қауіпсіздік жүйесі (Security System).

Қонақүйді басқару жүйесі – бағдарламалық құрал, номерлік фондты басқару және қонақтармен есептесудің автоматтандырылуға бағытталуы. Қонақүйді автоматтандыру комплексі жүйесінің кәдімгі құрылымы 3.3.3 суретте көрсетілген. Қонақүйді басқару жүйесінің бағыттарына жатады:

  • Номерлік фондтың сипаттамасы және жағдайын бақылау.

  • Тарифтік жоспарларды орналастыруға және қосымша қызмет көрсетуге рәсімдеу.

  • Арыздармен жұмыс істеу, онымен қонақтардың келіп-кетуі жоспарланады. Арыз — бұл тұтынушы-ұйымдардың орналасатын жерін өтінішпен сұрайтын (хат, телекс, телефонаграмма) құжат.

  • Алдын-ала номерлерді дайындау.

  • Бос елді-мекен, жылдам орналастыру, алдын-ала дайындалған номерде тұрақтану.

  • Қонақтарға есепшот енгізу.

  • Қолда жоқ ақшалармен төлеу ұйымдары.

  • Төлемақыны бақылау және кетуді рәсімдеу.

  • Қонақтарға архивті енгізу.

  • Статистиканы рәсімдеу және қонақүйдің жұмысы туралы есепшот дайындау.

  • Консъержаның бағыттары (қонақтарға өте көрікті жерлер мен басқада объектілері туралы ақпарат беру және сақтау.

  • Кассалық операцияларды енгізу (қолма-қол түсетін ақшаларды фискальды есептеу, кассалық есепшотты рәсімдеу).

  • Бөлмедегі заттарға қосымша мүліктермен жабдықтау (кереует, фень, желдеткіш, мұздатқыш).

  • Кірістерді басқару.

Интерфейс – бұл компьютерлік бағдарлама, қонақүйдің автоматтандырылған бағдарламалық комплекс компоненттеріндегі мағлұматтарды алмастыру дәрежесінде қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламаның қажеттілігі, былай түсіндіріледі: Көп жағдайда қонақүйдің автоматтандырылған бағдарламалық комплекс компоненттері мамандандырылған бағдарламалық бағыттарға бейім келеді, ол қонақүйдің әртүрлі қызметтерінде пайдалануға арналған. Бұл жүйелер ішкі архитектуралық, экран түрлерінің дизайны бойынша ажыратылады. Интерфейс ең негізгі мағлұматтарды бір жүйеден екінші жүйеге өткізуді қамтамасыз етеді. Бұл қонақүй жүйесінде ақпараттарды ең аз мөлшерде таратуына мүмкіндік береді.

Сонымен интерфейстің арқасында қонақүйдің автоматтандырылған бағдарламалық комплексінің мамандандырылған компонеттері бірқалыпты ақпараттық кеңістікті құрайды. Интерфейстік бағдарламалар төмендегі жүйемен жасалынады:



  • Бухгалтерлік жүйе (қонақүйді басқару жүйесінен қаржылық мағлұматтарды беру).

  • Телефонның тарифтік жүйесі (пайдаланылған телефонның ақысы қонақтардың есепшотына жазылады).

  • Энергия қорларын басқару жүйесі (бөлмедегі микроауарайын қадағалау).

  • Қонақтардың факстарын басқару жүйесі (факстық хабарларды алу және жіберу қызметтерінің ақысы қонақтардың есепшотына жазылады).

  • Интерактивтік теледидар жүйесі (теледидар пайдаланғаны үшін ақысы қонақтың есепшотына жазылады).

  • Бөлмедегі Интернетті тарификациялау жүйесі.

  • Электронды есіктер кілттерінің жүйесі (кіруді қадағалау) — қонақтарды орналастырғанда, автоматтық карточкалық –кілттерді қалыптастыру.

  • Электрондық кіші барлар.

  • Мейрамханаларды басқару жүйесі.

  • Электрондық сейфтер жүйесі (қонақтардың сейфі, қызмет көрсеткені үшін ақы төленеді).

  • Телефон станциялары.

  • Санаторияларды медициналық қызмет көрсетуді басқару жүйесі.

Қонақүйді автоматтандыру бағдарламалық комплексінің ең қажетті бөлігі. Интернет арқылы бөлмені алдын-ала дайындау модулі болып табылады.
Интернет арқылы алдын-ала орын дайындаудың екі түрі бар: сұраныс және онлайн алдын-ала дайындау. Біріншісінде Интернет арыздармен алдын-ала дайындау қатарындағы электрондық почта, факс, телефон, қосымша рольде берілетін каналда шығады. Арызды менеджер өңдейді, және оны қорытындылауға уақытты қажет етеді (24 сағат). Ресейлік қонақүйлердің көбісі осы нұсқаны ұсынады. Технологиялық жұмыс келесісі болады. Қонақүй сайтында орналасқан орынды алдын-ала дайындау формасына, турист өзінің келіп-кететін уақыты туралы мағлұматтар, байланыс ақпаратын, төлемақының төлеу формасын көрсетіп енгізуі қажет. Кейбір кезде алдын-ала орын дайындауға кепіл ретінде алдын-ала ақша төлеуді талап етеді (мысалы, бір күн тұруға жететін мөлшерде ақша төлеу).
Онлайн алдын-ала орын дайындауды қалыптастыру үшін қонақүй автоматтандырылған комплексті жүйесі болуы қажет, оның ішінде арнайы модуль болады, ол номерлік фондты Желіде көрсетуді қамтамасыз етеді және клиентке веб-сайдта тікелей өзгерістер енгізуіне мүмкіндік жасайды. Мәселен, бұндай модулге epitome webres алдын-ала орын дайындау жүйесін айтуға болады. Осы жүйені қолдану қонақтардың көңілін аулау үшін кететін шығысты қысқартады және алдын-ала бөлмені дайындауға жеңіл болады. Жүйе делдалдарсыз-ақ қонақүй мен клиент арасында тікелей қарым-қатынасты орнатады және шығынның аз болуына мүмкіндік береді. Қонақүйдің сайты — белсенді клиентке қонақүй туралы толық ақпарат беруге өте ыңғайлы тәсіл.
Қазіргі таңда ірі қонақ үй компаниялар турагенттіктер мен компьютер жүйелерін құрушылар броньдаудың суперглобальды компьютер жүйесін құруға атсалысуда. Ал мұндай күрделі жүйесімен жұмыс істеу үшін персонал дайындауға қаржы мүмкіншіліктері жоқ кіші конақ үйлермен турагенттіктер мұндай жүйенің монополияға айналуынан қауіптенуде.
Халықаралық бағытта жұмыс істеуге бағыт алған қонақ үй компаниялары үшін жұмыс стратегиясы, қуатты броньдау жүйелері арқылы қонақ үй бөлмелерінің сатылу-табысын көбейту мүмкіндігін беретін, жақандық компьютер желілеріне қосылу мүмкіншілігі бар және броньдау бойынша электронды құрал жабдықтарды қолдану үшін қонақ үй ішіндегі компьютер жүйелерін біріктіруді қарастырады. Мұндай жүйелер броньдау пунктінде толық ақпарат берулері тиіс және қонақ үй бөлмелерін сату процесін максимум жеңілдетіп, жылдамдатуы тиіс, қазірдің өзінде бір терминал арқылы барлық жақандық компьютер желілерінің базалы мәліметтерін қолдану мүмкіндігін беретін технология құрылған.
Байланыс жүйелерінің компьютер техникасының дамуы және қолданушылар санының көбеюі жаңа күрделі мәселелер туындатуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет