(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Моральдың түсінігі және мәні
2 . Моральдың функциялары
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Моральдың түсінігі және мәні
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, этиканың зерттеу пәні – мораль. Мораль деп белгілі бір қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдар арасында қалыптасқан адамгершілік құлық нормалары мен принциптерінің жиынтығын айтамыз. Мораль жеке адамның қоғамда өмір сүре алу, басқалар мен үйлесімді қарым- қатынаста бола білу қабілетін танытады. Басқаша тұжырымдайтын болсақ, мораль- ізгілік, адамгершілік ережелерінің жиынтығы екен. Моральдық нормаларды ұстану арқылы әрбір жеке тұлға өзінің адамгершілік, ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.
Мораль принциптері өзінен-өзі аспаннан түсе қалған жоқ. Олар адамдардың бірлесе өмір сүруге дағдылану нәтижесінде, қарым- қатынас жолында туындап отырыған қарама – қайшылықтардан шығу барысында тарихи түрде қалыптасады. Мораль өзінің түп тамыры мен сонау қадым замандарға жалғасып жатыр.
Адамгершілік мәселесі адамзат мәдениетінің, руханиятының қалыптасуы мен етене байланысты дүниелер. Адамгершілік құлық адамның өзінің әлеуметтік қалыптасу тарихымен , мәдениетінің бой көтеру процесімен бірге пайда болған. Ендеше мораль генезисі туралы мәселе адамзат тарихының қапас түнегінде, тіпті сана сәулесі жетер- жетпес қадым заманда жатқандығы бәрімізге түсінікті. Ол туралы хатқа басылып қалдырған мұра тұрмақ, қандайда бір іздің өзін табу қиын болғандықытан, ғылым өзінің болжамшылдығын алға тартады. Ол болжам бойынша, гоминидтер, яғни адам тектес приматтар Жер бетіндегі климаттың күрт өзгеруіне байланысты Табиғат-Ананың алдына қойған “Талабына” өзіндік даму “Жауабын” тапты. Сөйтіп, төрт табанданған приматтар орнын екі аяғымен тік басатын, сондықтан да көру көкжиегі кеңейтілген , әрі екі қолын тамақ тауып, аң аулауға бос қойған, жаңа сападағы гоминиттер басты. Адамзаттың қазіргі адам кейпіне ұқсас күйінде қылыптасуы бірнешеме миллиондаған жылдарға созылды. Бізді біздің ең көне тегімізден алшақтататын ара қашықтықтың орасан зор екендігін көзге елестету үшін мынадай шаманы алуға болады. Адам тірлігінің қалыптасу тарихы кезеңін тұтастай жүз пайыз деп алсақ, соның тек бір пайызы ғана біздің “өз есімізді өзіміз білген” тарихи уақыт болып табылады.
“Инцест” деп жақын туыстар, қандастар арасындағы жыныстық қарым-қатынасты, яғни қыз алысып –қыз берісуді айтады. Жануарлар әлемінде белгілі даму кезеңіне жеткен мезетте мынау әкем, мынау шешем деп бөліп жатпай, тұқым жалғастыруға қызмет ете беретіндігі сияқты , адамзат та тағылық күінде туысқандық туралы түсінік қалыптастырмаған болатын. Бірақ уақыт өте, алғашқы адамдар қауымдастығында- ру, тайпаларда өз ішінен қыз алмай, басқа атадан қыз алу ғұрпы қалыптасты.
“Каннибализм”- адам етін азық ету дегенді білдіреді. Өзі сияқты адамды қорек қылудың адамшылыққа жатпайтындығын түсінген шақтан бастап биологиялық бағдарлаудан мүлдем тысқары шынайы адами қарым- қатынастар мүмкін болды.
Осы тұста тағы бір есте ұстайтын ұғымдардың бірі – “талион”.
Талион адамзаттың ерте даму сатыларында барлық халықтарда болған әмбебап әдет- ғұрып. Талионның мағынасын “қанды кек алу” деп түсіндіруге болады. Оны адамзаттың алғашқы әділеттілік туралы түсінігі десе болғандай
Талионнан “адамгершіліктің алтын заңдылығын” уаждайтын “Өз басыңа тілемегенді басқаға жасаушы болма!” деген халық даналығына дейін бір-ақ қадам жатыр. Ендеше, бұдан біз талион принципінің адамгершілік құлықты қалыптас-тырушы алтын заңдылыққа қисындық ұқсастығының бар екендігін байқаймыз.
Адамгершілік құлқын қалыптастыру барысында ұлы дүниежүзілік діндердің алар орны зор. Жалпы руханият, дін және адамгершіліктің тығыз байланыстығы ешкімде дау тудырмасы сөзсіз.
2 . Моральдың функциялары
Мораль- дін, құқық өнер және т.б. сияқты қоғамдық сананың бір формасы. Басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста бола тұра мораль олардан өзіндік қасиеттермен ерекшеленеді. Мысалы, мораль мен құқық нормаларының шығу ”төркіні” бар. Өйткені олар адамдар қарым-қатынасын реттеуші, керек жағдайда , шектеуші күш болып табылады. Бірақ, сол нормалардың орындалу, орындалмауын қадағалау тұрғысынан мораль мен құқық көп өзгеше. Құқық нормаларының іс жүзіне асуын белгілі бір мемлекеттік құзырлы органдар, заң мекемелері қадағалайды. Жүзеге аспай немесе нормалар ұстанбаған жағдайда әркімге сол органдар тарапынан жазалану қаупі бар. Ал мораль нормалары сыртқы бақылау емес, ішікі бақылау- адамның “ішкі дауысы”- ұятына және қоршаған қауым-көпшіліктің көзқарасына тәуелді.
Көптеген ерекшеліктерімен қатар, мораль басқа қоғамдық сана формаларымен тығыз байланыста дамиды. Әсіресе, діннің адамгершілік құлықты қалыптастырудағы ролі орасан зор.
Дін- адамның адамдығының басты көрсеткіші. Діни сезімдер адамдардың біріне бірі ең жақындайтын кезі. Сондықтан, діни рәсімдер қоғам мүшелерінің бірлігін нығайтады , олардың етене араласуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, жалпы ұлы дүниежүзілік діндердің қай қайсысы болмасын, адам қоғамындағы бейбітшілік, келісім, жарастықты нығайтуға күш салады. Діннің моральды қалыптастырудағы орнының маңыздылығын сол діндердің адамгершілік, ахлақи түрткі бола білгендігінен көреміз.
Дін тарихы- адамгершілік құлықты қалыптастыру тарихы.
№8 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Мораль. Мораль функциялары, оның құрылымы және элементтері.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері
2. Моральдық қызмет
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Моральдық норамлардың түсінігі және белгілері.
№9 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Мораль ізгілік қызметін анықтайтын әлеуметтік факторлар жүйесін құрайтындардың бірі ретінде. Ізгілікті таңдаудың түсінігі. Моральдың кәсіптік –ізгілікті мәні және мақсаты.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Моральдың әлеуметтік сипаты.
2. Мораль және құқық, олардың өзара байланысы және айырмашылықтары.
3. Мораль және саясат.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
№10 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті этикалық негіздері.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Құқық қорғау органдары қызметкерінің қызметіндегі ізгілік негіздері.
2. Адвокат, заңгер кеңесшісі қызметінің ізгілік негіздері.
3. Прокуратура қызметкерінің этикасы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
№11 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдарының жеке мамандықтар қызметінің ізгілікті этикалық негіздері.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары: 1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б қызметінің ізгілік негіздері.
2. Ар- ождан кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер
3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
1. Қаржы полициясы қызметкерінің және т.б қызметінің ізгілік негіздері.
Полиция қызметкері оған заңмен жүктелген міндеттерді өз отандастары мен қоғамды ұрлық, зорлық және т.б. зиян келтіруіші әрекеттерден қорғау арқылы орындауы тиіс. Бұл бап полиция қызметкерін құқықпен байланыстырады. Заңның билігі әрбір демократиялық қоғамның негізінде жатыр. Полиция қызметкерінің мақсаты және жауапкершілікті міндеті- заңды сыйлау және оның талаптарын ұстану.
Әрбір полиция қызметкері өз борышын адал, әділ және қадір қасиетпен орындауға міндетті. Ол сыбайлас жемқорлықтың кез-келген түріне қарсы тұруға және оларды болдырмауға күш салуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың нақты анықтамасы жоқ, алайда әрбір полиция қызметкері оның қай жерден басталатынын біледі. Пара алу мен сыбайлас жемқорлықты болдырмау ерекше маңыздылыққа ие, себебі, полиция сыбайлас жемқорлықты қолдаса, бұл сыбайластық кейіннен қоғамның қалған бөлігіне де таралады.
Жаппай жазалаудың басқа нысандарына қандай жағдайда болмасын тыйым салынған. Полиция қызметкері осы сипаттағы шараларды негізге алған кез- келген бұрықты немесе өкімді орындамауға сыйламауға міндетті.Жазаны анықтау – сот органдарның міндеті , сол себепті де, полиция қызметкері бұл функцияны заңға қайшы жолмен өз мойнына алмауы тиіс.
Полиция қызметкері өз бастығының бұрықтарын орындауға міндетті, алайда , егер ол бұрықтың заңсыз сипатын білсе не түсінісе, оны орындамауы керек. Бұл бап әрбір өкімнің полиция қызметкері орындамауға міндетті жақтарын кеңейтеді. Бұл баптың неқты мағынасы, ең алдымен, полиция қызметкерінің иерархиялық және қатаң бағыныштағы ұйымның мүшесі бола тұра, көптеген жағдайларда өз бастығының өкімдерін бұлжытпай орынвдайтынын ескеріп өткен. Көптеген жағдайларда заңды қорғауға бағытталған бұрықты жедел түрде орындау қажет болады. Алайда, полиция қызметкері бұйрықтың заңсыз екенін сезінсе, оны орындамауы керек.
Полиция қызметкері жеке тұлғаға тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтірумен сипатталатын заң бұзушылықтарға қарсы тұруы тиіс, ол барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып , кешіктіркместен шаралар қолдануға міндетті.
2. Ар- намыс кодексі құқық қорғау саласындағы жұмыскер.
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне және моральдық - этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш- жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
ҚР мемлекеттік қызметшілерінің осы ар- намыс кодексі (Мемлекеттік қызметші-лердің қызмет этикасы ережелері (Бұдан әрі- Кодекс) “Мемлекеттік қызмет туралы” 1999 жылғы 23 шілдедегі ҚР-ның Заңына, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” 1998 жылғы 2 шілдедегі ҚР-ның Заңына және жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларға сәйкес ҚР мемлекеттік қызметшілер мінез- құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Мемлекеттік органдардың басшылары осы Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерге орналастыруды қамтамасыз етеді.
1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде:
1) ҚР Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға , өзінің іс- әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға , мемлекет мүдделерін қорғауға; Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
2) Конституцияны бұлжытпай сақтай және ҚР –ның заңдарына, ҚР Президентінің актілеріне және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға;
3)азаматтардың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс - әрекеттерге жол бермеуге;
-
Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық татулықты нығайтуға жәрдемдесуге;
-
Мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ де сапалы атқаруға , ол үшін өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға;
-
Жоғары кәсіби үшін барлық күш- жігерін жұмсауға, қойылатын міндеттерді шешудің оңтайлы және үнемді әдістерін қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік мүліктерге ұқыппен қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;
-
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға;
-
Мемлекеттік қызмет мүдделеріне залал келтіретін іс- әрекетті болдырмауға ; мемлекеттік қызметшінің жеке мүдделерін қозғайтын мәселелер жөнінде шешімдер қабылдауға қатысы бар адамдардың қызметіне араласпауға;
-
кәсіпкерлік қызметке араласуға және жекелеген шаруашылық субъектілерінің мүдделерін сүйемелдеуге жол бермеуге;
-
қызметтік ақпаратты пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарға пайдалануға жол бермеуге;
-
қызметті жоғары немесе төмен тұрған не өзімен қызмет немесе жұмыс бойынша өзге де тәуелділіктегі адамдармен ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатыспауға;
-
мемлекеттік функцияларды орындаумен байланысты жеке және заңды тұлғалардан сыйлықтар қабылдау немесе қызметтік пайдалану фактілеріне жол бермеуге;
-
заңмен белгіленген жағдайлардан басқа, қазақстандық немесе шетелдік және заңды тұлғалар есебінен мемелекетішілк және шетелдік туристік, емдеу- сауықтыру және өзге де сапаларға шақырулардан бас тартуға;
-
өзінің іске көзқарасымен және жеке мінез-құлқымен ұжымда орнықты және жағымды моральдық- психологиялық жағдай туғызуға ықпал етуге;
-
мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс жасауына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
-
кадрларды жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
-
басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызмет этикасы нормаларын бұзу фактілеріне жол бермеуге және жолын кесуі;
-
өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.
2. Азаматтармен және заңды тұлғалармен қарым- қатынастарда мемлекеттік қызметшілер:
1) азаматтардың мемлекет институттарына сенімін нығайтуға ықпал етуге;
2) қарапайымдылық танытуға, өзінің лауазымдық жағдайын, соның ішінде көлік, сервис және өзге де қызметтерді алу кезінде, баса көрсетпеуге және пайдалан-бауға;
3) өзінің іс- әрекеттермен және шешімдерімен қоғам тарапынан негізді сынға ұшырамауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оған төзімділікпен қарауға, оң сын- ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
4) өтініштерді қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
5) шығу тегіне, әлекметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына, жынысына , нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қарым - қатынасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге де жағдайларға қарамастан адамның және азаматтың ар- намысы мен қадір- қасиетін құрметтеуге;
6) жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормаларды сақтауға, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
7) сыпайы және әдепті болуға тиіс;
3. Өзіне бағынышты қызметкерлері болатын мемлекеттік қызметшілер:
1)бағынышты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіліктерінің көлемін олардың атқаратын лауазымдарына сәйкес дәл айқындауға, бағынышты қызметкерлерге анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге және олардан қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
2) бағынышты қызметкерлеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік фактілеріне, адамдық қадір қасиетіне кемсітуге, жөнсіздікке жол бермеуге;
3) бағынышты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық- этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге тиіс.
4. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында оның басгысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары сөйлейді.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірталасты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпараттарды ашаытын болса;
3) мемлекет лауазымды тұлғаларының атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруге тиіс емес.
6. Мемлекеттік қызметшінің атына коммерциялық ұйымдарды басқаруы және / немесе кәсіпкерлік қызметпен айналысуы, біреудің мүдделерін сүйемелдеуі жөнінде негізсіз көпшілік алдында айыптау болған жағдайда, ол тиісті түрде мұндай айып-тауларды теріске шығаратын ақпаратты жариялауға тиіс.
7. Мемлекеттік құзметшіні сыбайлас жемқорлық жасаған деп көпшілік алдында айыптаған жағдайда, ол бұл айыптауларды теріске шығару, соның ішінде сот арқылы теріске шығару шараларын қабылдауы керек.
8. Мемлекеттік қызметшілердің осы Кодексті сақтауы олардың қызметтік борышы болып табылады.
9.Осы Кодексте көзделген талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік қызметшілер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
10. Мемлекеттік органның ұжымы оның басшысының шешімі бойынша мемле-кеттік қызметшінің осы Кодексті сақтамау фактісін қарап, қараудың нәтижесі бойынша қоғамдық мін таға алады.
3. Заң мамандығы өкілдерінің қызметің құрайтын жеке ізгілік.
Егер жасалған құқықбұзушылық тікелей, орны толтырылмайтын зиян келтіреді деген негіз болмаса, ол бұл құқықбұзушылықтың салдарын болдырмау жәнен қайталанбауы мақсатында болған оқиға туралы өз бастығына хабарлауы тиіс. Егер бұл хабарлама қөараусыз қалдырылса, ол жоғары тұрған инстанцияларға жолдана алады. Бұл бап заңбұзушылықтарға арналған . Декларация құқықбұзушылықтардың екі түрін ғана атап көрсетеді. Бірінші жағдайда тікелей және орны толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай жағдайларда полиция қызметкері құқықбұзу-шылықытар тікелей және орны толтырылмайтын зиян келтірмейтін фактілер. Мұндай міндетті, нәтижесінде соттық сипаттағы бұлтартпау шараларына жол беріледі.
Заңға қайшы өкімді орындаудан бас тартушы полиция қызметкері тәртіптік жазаларға немесе сот алдында жауаптылыққа тартылмауы тиіс. Бұл бап 4 баптан туындайды. Заңғы қайшы бұрықпен Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін жазаға тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап 4 баптан туындайды. Заңғы қайшы бұйрықтан Полициялық декларацияның нақты мәні айқын көрінсе, бұл бұйрықты орындаған полиция қызметкері өз әрекеттері үшін тартылмауы тиіс. Тағы да қайталанып айтылады: бұл бап барлық заңға сәйкес бұйрықтардың орындалу міндеттілігіне бағытталған; сонымен қатар, ол бұйрықты орындамаған полиция қызметкерін өзінің бағынбаушылығының негізін міндеттейді.
Аңдуды, ұстауды, қорғауды немесе көлікпен тасымалдауды жүзеге асырушы полиция қызыметкері сезікті болмаса да, оларға қатысты нәсілдік тегіне, діни немесе саяси көзқарастарына байланысты қамау қаупі немесе қудалау орын алған тұлғалармен одақтаспауы тиіс. Мұндай жағдайда, ол екі көзқарастың арасынан оңтайлы нәтиже шығаруы тиіс. Бір жағынан, ол азаматтардың нәсілдік тегі, діни немесе саяси көзқарастары үшін қудалауға түсуіне шыдамауы тиіс. Ол полиция қызметкері ретінде нақты және айқын әрекеттер жасауы тиіс: мысалы, ол еврейлерді діни көзқарастарына байланысты қамауға көмек беруден бас тартуы тиіс.
№12 Лекция
Лекцияның тақырыбы: Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіптік қарым – қатынас жасау мәдениеті.
(1 сағат)
Лекцияның жоспары:1. Іскерлік қатынастардың табиғаты және мәні.
2.Іскерлік қарым – қатынас жасау этикасының негізгі принциптері.
3. Тұлға аралық қарым – қатынастардың заңдылықтары.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Ғабитов Т.Х., Жатқанбаев Е “Бизнес этикасы” Анкара Иепо 1997
-
Профессиональная этика сатрудников провоохранительных орга-нов М Шитимеч. 1998
-
Ғабитов Т.Х. ”Этика негіздері” А.А. 1997ж
-
Р.М. Рақымбеков, А.Т. Габитова “Заңгер этикасы” электрондық Из.за “Юридическая литература”.
-
А.Т. Құлсариева “Этика” оқу құралы А.А-2003ж
Қазіргі заман айдары - нарықтық экономика жағдайында іскерлік қажетті қасиеттердің біріне айналып отыр. Іскер деп нарық экономикасына әбден бейім, яғни сату- сатып алу, алу- алмасу әрекеттеріне жатық, өз ісін жетік білетін қағілез жанды айтады. Іскерде адам баласы болғандықтан, адамдар қоғамында өмір сүретін болғандықтан оны тек өз бас пайдасын ғана көздеген, ешкіммен санаспайтын жан деп түсіну дұрыс болмаған болар еді. Іскерліктің де өзіне тін этикеті- іс- әрекет ұстанымдары бар.
Іскерліктің маңызды принципіне сенім жатады. Істес болған адамдар арасында сенім болмай іс оңға баспайды. Жалпы сенім адамдардың қарым қатынасын мүмкін ететін фактор. Егер көлік айдаушыға сенбесек ешқашан жолға шықпаған болар едік, егер аспазшыға, сенбесек өмірде ауруханаға қаралмаған болар едік және т.с.с.
Ендеше, адамдық әрекеттенушілік негізінде метафизикалық сенім жатыр.Сенім жоғалған жерде үміт үзіледі, ал, үмітсіз тек шайтан ғана. Адам баласы қандай қиын- қыстау жағдайда болмасын үмітін бір үзбейді. Сол сияқты іскерлер де әлдекімнің айтқан сөзінде, уәдесінде тұрар деген сенімді жоғалтпайды әрі өздері де сенімнен шығуға тырысады.
Бұл тарау өмірлік- тәжірибелік маңызды сұрақтарға арналғандықтан философия-лық - теориялық терең ой тұжырымдарынан гөрі нақты талаптар, ережелерге көп тоқталу қажеті бар екені белгілі. Ендеше, іскерлік аясында болсын, жалпы, қандай да ұжым ортасында қарым- қатынас адамдардың бір- біріне деген көңілінен басталады.
Ашық- жарқын көңіл күйде болу, айналаңа шаттық нұрын себу- тек іскердің емес, жалпы әрбір адамның парызы. Қай ортада жүрсең де мынаны есте ұстаған жөн: ұрыс керіс, айқай- шу шығарып, істі насырға шаптырғаннан гөрі сондай шекті, кері эмоциональды күйді болдырмастай алдын аларлық (превентивті) әрекеттердің ең тиімдісі- қай жағдайда болмасын сабыр сақтап, ұжымда бәріне жағымды ауа райын жасай білу.
Әдеп амандасудан басталады. Амандасу- адамдардың бір- біріне деген құрметін, жылы ықыласын, мейірімін көрсету үлгісі.Сондықтан болар, қазақ тілінде “ сәлеміміз түзу”,”сәлемнен кете қойған жоқпыз” деген сөз түсініктерінің басқамен татулықты, басқаға деген жылы шырайды білдіретіндігі.
Көптің үстіне, жиынға сырттан келген адам бірінші болып сәлем береді. Телефон шалған адам алдымен сәлемдесіп барып қана өз шаруасына көшеді.
“Жылы- жылы сөйлесең, жылан да інінен шығады ” деген қазақ халқының даналығынан туындаған мақал да жағымды, ізетті сөз саптаудың адамдар арасындағы қарым- қатынасты құрастырушы фактор екендігін танытады. Жақсы сөйлеу, сыпайы сөйлеу- әдептіліктің маңызды шарты. Жақсы, орынды сөйлеп, елдің “тілін таба білу” іскер адамға пайдалы. Ал іскер пайда көздейтін адам болғандықтан, пайдалы жарайтын нәрсенің бәрін білгені жөн. Жүздескенде жылы шырай таныту, басқалардың сенімін жоғалтпай, айтқан уәдеде тұра білу, өз бас пайдасын ойлай тұра басқалардың құқын тәрк етпеу сияқты әрекеттер іскер адамға қажетті құлық, өмірлік ұстаным болуы тиіс.
Басшы - бағынушы арасындағы қарым- қатынас ерекшелігі олардың белгілі бір жағдайда (ал жаратушы алдында бәріміз теңбіз ғой) тең еместінгінен туындайды. “Ұлық болсаң кішік бол !” деп халық даналығы бекер айтпаған, қарамағындағылармен неғұрлым сыпайы болсақ соғұрлым шынайы ниетке ие боласың. Басқаны тыңдай білу- үлкен өнегелік. Тіпті өзіңнің айтылғанмен келіспеушілігің бола тұра оппонентіңді (қарсыласыңды) соңына дейін тыңдап шығу тәрбиеліліктің нышандарының бірі. Бағынушының ұжымдағы өз мәртебесіне, өз орнына сай міндеттерден тысқары талап қойылған сәтте басқарушы бұйрықты раймен емес, сұраныс, өтініш білдіре алса, оның көрегендігі әрі ортақ іске пайдалы нәрсе жасағандағы болар еді. Басшының өз қарамағындағыларға көңіл аудара білуі де , яғни жұмыстағы жетістіктеріне , өмірлік қуаныштарына ортақтаса білуі де ұжымдағы жағымды, үйлесімді қарым- қатынастарды қалыптастыруға көп әсерін тигізеді.
Көптеген философиялық – теориялық пәндермен салыстырғанда этиканың категориялары күнделікті тілде кең пайдаланылатын сөздерден тұрады. Этикалық категориялардың барлығы табиғи құбылыстарға еш қатынасы жоқ, тек тікелей адам әлемімен байланысты ұғымдар. Өйткені адамгершілік, аты айтып тұрғандай , тек адамға, яғни жақсылық пен жаманшылықтың арасын ажырата білетін ерік- жігері бар жан иесіне ғана тиесілі.
Достарыңызбен бөлісу: |