Лекция 2 солтүстік америкадағы тәуелсіздік үшін соғЫС



бет1/33
Дата26.05.2022
өлшемі189.45 Kb.
#458650
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
америка европа лекция


Лекция 1 Англия
Қарастырылатын мәселелер:
1.Ағылшын революциясының басталуы
2.Аграрлы төңкерістің аяқталуы және нәтижелері.

ХVІ – ХVІІІ ғасырлар Еуропа шаруаларының тарихында жаңа кезең болды. Бұнда алғаш рет феодалдық құрылыстың іргетасы шайқалып, капиталистік құрылысқа орын бере бастады. Еуропада бұл кезеңде реформаторлық қозғалыстар, шаруалар соғыстры, буржуазиялық революциялар арқылы ескі феодалдық құрылысқа оның тірегі – королдік абсолютизмге шіркеу үстемдігіне қатты соққылар берілді. Қайшылықтары мол революциядағы аграрлық мәселені бүгінгі күнге дейін тарихшылардың назарында болып, әрі зерттеліп келе жатқан жәй. ХVІІ ғасырда Англия ауыл шаруашылығы басым ел болатын. Аграрлық қатынаста алым жүйесі үстем болды. Бұл жағдай ауыл шаруашылығында аграрлық қатынастың өміршеңдігіне жағдай туғызады.


ХVІІ ғасырдың ортасында Англияда болған буржуазиялық революция орта ғасырлық қаймағы шайқалмай отырған феодалдық абсолюттік құрылысқа елеулі соққы берген «Еуропа көлемінде» тұңғыш революция болды. Өйткені революция жариялаған принциптерінің Англиядағы ғана әлеуметтік –экономикалық даму мүддесін және бағытын көрсетіп қойған жоқ, ол бүкіл Еуропа елдерінің даму бағытына, мүддесіне сай келді. Бұл заңдылықтардың бастылары – феодалдық тәртіппен күрес, буржуазияның жетекшілігі, қозғаушы күш –халық – шаруалармен қаланың төменгі топтары болды. Ағылшын буржуазиялық революциясын дайындаған алғы шарттары өндірістің жаңа капиталисттік жүйесінің пайда болып дамуы еді. Революция қарсаңында Англияда, біріншіден, өнеркәсіпте капиталисттік мануфактура кең құлаш жайда, ауыл шаруашылығыда жерді ірі жалға беру әдеттегі ісі айналып, сауданың, әсіресе сыртқы сауданың көлемі күрт өсті; екіншіден, қоғамдық еңбек бөлінісіндегі прогресс күшейді; үшіншіден, орта ғасырлық өндіріс түрлерін күштеп қирату етек алды.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында Англияда шаруашылық өмірдің дамуы болды. Ең алдымен ол аграрлық сферада басталды. Тюдоршылар реформасы жер концентрациясының қолында «қша дамдары – джентри мен монофактура иелері іскер қожайындар ХVІ ғасырдан бастап бәріне қажетті өніммен айналыса бастайды, яғни қойлардың әр түрлі сорттарын жетілдіріп, оның етін және терісін сату үшін пайдаланды. Сондықтан кедей крестияндықтар, сол уақыттарда көптеген шаруашылықтармғен айналыса бастады. Соның нәтижесінде монуфактура үшін еңбекшілер армиясы құрылды. Көптеген ауылдық жерлерді жалға беру арқасында бір неше фермалар ашылды, бірақ олар феодалдарға бағынбады. Мекемелермен еңбек бөлінісінде көптеген өзгерістер болды: саудада жиналған капиталға бағынышты манафактура дами бастады. Көпестік тектілер саны жағынан өсіп, біріге бастады: кейде көпестер жер сатып алды, ал сонымен қатар дворяндық титулды да алды.
Қала буржуазиялықтарымен жаңа жер иелері, яғни джентрилер, өнім шығарушылармен ауыл шаруашылықтарының бірігуі арқылы өзара байланыс орната алды. Жаңа дворяндықтар дегеніміз – бұл кейде, бір уақытта жер иелері, ауыл шаруашылық қожайындары және коммерсанттар.
Ағылшын монахтары арестократтарға, феодал дворяндарға, ағылшын церковтарына біріге бастады. Буржуазиялықтар еркін саудамен айналысу үшін талап қойды. Бірақ бұл талап дұрыс емес еді, себебі ол сауданың дамуын тоқтатады деп шешті. Абсолютизмның қол астындағы ағылшын шіркеуі, іскер адамдар мен жаңа дворяндардың көңілінен шықпады. Олар пуритандықтар болды, католиктердің ұрпағынан қалған тазаланған шіркеу. Яғни «Пуритан» дегеніміз ағылшын тілінен аударғанда – «таза» деген мағынаны береді. Шындық ілімі және пуритан Ж. Кальвин және шотландық Джон Нокстың идеяларында негізделген Пуритандықтар өздерінің негізгі дінін барлығына сену деді, демек рухани монополияны жоққа шығарды. Бұл рухани монополия қазіргі күнге дейін адам мен құдай арасында болады.
Бұл сенімде барлығы бірдей тең - лордтар да, қарапайым адамдар да. Солай революциялық формада әлеуметтік идеямен, саяси теңдік қалыптасты.
ХVІІ ғасырдан бастап Англияда өеркәсіптің түрлі салаларында тез өсу байқалды. Сыртқы сауда да шұға шығару кең қанат жайғаны сонша оны үлесіне бүкіл ағылшын экспортының бестен төрт бөлігі тиді. Жүн күйінде сыртқа шығарып сату, тиімсіз болғандықтан король үкіметі 1614 жылы өңделмеген жүнді сыртқа шығаруға тиім салған жарлық шығарды. Жүн иіру, шұға тоқу елдің халықт жиі орналасқан оңтүстік – шығыс графиктерінің деревяларында ұйымдастырылды. Мәскеу мем лекетімен сауда жасайтын 1555 жылы құрылған Мәскеу компаниясы, Африкамен сауда жасайтын 1575 жылы құрылған Марокко компиясы Прибалтикамен сауда жасайтын 1579 жылы құрылған Остзей компания, Таяу шығыспен сауда жасайтын Леванттық компания, 1600 жылы құрылған Ост – Идия мен жеке сауда жасайтын Ост – Индия компаниялары құрылды. Компания мүшелерінен басқалардың ол жерлерде сауда жасауға құқы болған жоқ. 1617 жылы ғана Ост – Индия компаниясының 9514 жарна төлеуші мүшелері болды. Жарна мүшелерінің өте жоғары болуына байланысты кірісі аз көпестер мүше бола алмады. ХVІІ ғасыр басында ағылшын сауда компаниялары өзінің іс әрекетінің ауқымын едәуір кеңейтті. Ираннан солтүстік Америкаға дейін, Швециядан Үндістан және Цейлонға (1972 жылдан Шри Ланка) дейін сауда байланысын жасады. Сыртқа дайын бұйым шығарып сатудың тиімділігіне байланысты копес- саудагерлер өндірісті ұйымдастырушыларға айнала бастады. Деревня турғындарынан жүн сатып алып, оны иіртіп, тоқытты. Ол үшін кіші-гірім мануфактуралар ұйымдастырып, оны шикізатпен, адам күшімен қамтамасыз етті.
Англияда капиталисттік қатынастардың дамуы таптық қайшылықтың одан әрі шиеленісуіне әкеп соқтырды. Ел екіге ажыратылды: феодалдық шексіз билікті жақтаушылары және қарсыластары. Елде екі қааушы тап –дворян және буржуазия дүниеге келді. Бірі селода, бірі қалада еңбекшілерді қанауды күшейтті. Дворяндар саяси үстем тап, ал буржуазия әрі саяси жағынан құқықсыз «орташа» сословие болды. Елде жартылай пролетарият – жалдамалы жұмысшы табы пайда болды. Дворяндардың өзі екіге бөлінді. Ескі орта ғасырлық рентамен қанағаттанып отырған бөлігі елдегі король билігін сақтап қалуды жақтап, шексіз билікті қорғады, ал екіншісі жаңа дворяндар - өздерінің шаруашылықтарын капитализмге ыңғайлап жүн, астық сату мен, сыра қайнатып, ірімшік өндірумен айалыса бастағандары – революциялық пиғылда болды. Бұлар кәсіптік бостандықты қалады. Қоршауды тездетуді, король билігін шектеуді қалады. Бұлар әсіресе елдің оңтүстік – шығысындағы графтықтарда көп болды. Англияның буржуазиясының негізін құрағандар: саудагерлер, сатып алушылар, азшылық мөлшердегі - өнеркәсіпшілерден. Көпестер мен қаржы иелері – аристократиялық топтармен тығыз экономикалық байланыста болып отырған ірі буржуазияны құрды. Корольдің жеңілдіктерін яғни монполиялық құқықтарды пайдаланды.
Ағылшын тағыны 1603 жылы Стюарттар әулетінің өкілі І Яков король болып жариялануымен бұл бағыт ашық сипат алды. І Яков король билігінен басқа билік түрін могйындамады. Ал оның баласы І Карл – (1625-1649ж) әкесінен де асып түст. Шешуші қимылдар жасады. Қазынаны толтырудың жолдарын тапты. өз бетінше салықтар салды, атақтар сатты. Бұның бәрі тіпті дворяндардың өқзін ызаландырды. Олар кешегі күнгі кедей адамдардың бүгін өзімен терезесі тең, дәрежесі бірдей болғаннын қаламады, ызаланды. Ал корль оның ызаланғаннын не ғылсын, оған қазынаны толтыру қажет болды. І карл король 1629 жылы парламентті таратып жзіберіп елді 11 жыл бойы үздіксіз биледі. Бұл аралықта король шексіз билікті нығайтуға бағытталған шараларды іске асырып, тұрақты әскер жасады. Епископтық шіркеуді нығайтып, жаңа салықтар ойлап тапты, манаполиялық құқықтар сатты. Кеме салығын жаңғыртып, (1634) түрлі айыптар, терезе т.б. салықтар көбейді. Бұл шаралар бір жағынан король билігін күшейтсе, екінші жағынан оны әлсіретті. Осы саясаттың бәрі келіп жоғарыда айтып кеткен король үкіметіре наразылықты одан әрі күшейтті. Ағылшын қоғамында капитализмның дамуына байланысты дворяндар арасында жіктелу күшейді. Орта және ұсақ дворяндар ешуақытта феодалдық артықшылықтарды жеткілікті пайдалана алмады, сондықтан олар жаңа шаруашылыққа тез тартылды. Бұл дворяндық топ регізінен жер иеленуші болғанымен енді жерді кіріс табу үшін пайдаланып, буржуа – кәсіпкер сияқты әректке көшті. Бұлар буржуазиялаған дворяндар – жаңа дворяндар тобын құрды. Сауда мен айналыса бастады, балаларын соған баулыды. Бұлардың король үкіметіне бұдан әрі тәуелді болғысы келмеді, өте «қымбат туратын» аңғылшын шіркеуін жек көрді, буржуазиямен жақындасты. Тапқа қарсы қылышын көтерді.
Екінші тобы – ескі тәртіпті, яғни корольүкіметін, орта ғасырлық тәртіпті қолдап, елдің бурджуазиялық жолға түсуін қаламады.
Феодализмге қарсы күрестегі ең негізгі оппозиция – шаруалар, ұсақ қолөнершілер, шеберлер, жалдама жұмысшылар, батрактар болы. Бұларда революциялық жігер өте күшті болды. Себебі бұлар жоғарыда талғандай шексіз биліктен негізгі жапа жегушілер. ХVІІ ғасырдың 30-40 жылдарында елдің тұрғындарының басым көпшілігі – орта таптармен «төмендегілер» іріп – шіріп отырған орта ғасырлықтар тіке әбден «тойды». Елде революциялық ахуал айқы көрінді. ХVІІ ғасырдың 40 жылдарының бас кезінде Англияда толық түрінде көрініп отырған болатын.
ХVІІ ғасырда батыс Еуропа тарихында ең дағдарысты күйзеліст кезең болды, қоғамдық өмірдің барлық жағынан және көптеген елді – мекендерде мемлекеттік билік тарапынан қысым көрсете түскен. Экономика құлдырауға ұшырады. ХVІІ ғасырда көптеген Еуропа елдерінде әлеуметтік – саяси қозғалыстардың етек жаяды, себебі қоғамдық – саяси жүйенің әрекет етуі саяси тұрақсыздықты тудырып, халықты терең дағдарысқа ұшыратты. Осындай келеңсіз жағдайлардан кейін, ХVІІ ғасырда ағылшын буржуазиялық революциясы деп тарихта аты қалған жаңа дщәуір басталды. Ағылшын буржуазиялық революциясы, жаңа буржуазиялық қоғам қағидасын ұсына отырып, Англияда ғана емес, Еурогпада да буржуазиялық қоғамдық саяси тәртібін қалыптастырды. Англияда революцияға дейінгі қоғамның саяси – экономикалық қатыастары бір уақытта екі түрлі шаруашылық - өндірістік сипат өріс алған: жаңасы - капиталисттік, ескісі – феодалдық. Басты ролді жүргізу капиталистік өндіріс тәсілінің еншісіне берілді. Англия басқа Еуропа елдеріе қарағанда капиталистік жолмен жылдам дамыды.
Революцияға дейінгі ағылшын мемлекеті қоғамы екі әлуметтік топқа яғни, дворяндық сословияларға бөлінген: антогонисттер – ескі және жаңа дворяндар. Джентри сословиялық жағдайына қарай, болашақ джворяндар, ал шаруашылық сипатына қарай буржуа тобын құрды. Революцияға дейінгі ағылшын дәуірінің сауда және өндірістік тарихы жаңа дворяндар өкілдерінің маңызды мәніне айналды. Бұл ерекшелік ХVІІ ғасырдың 40 жылдарындағы революцияның тархи қалыптасуына, оың сипаты және соңғы нәтижесіне әкелді.
Пресвитериандар үкімет басына келді. Пресвитериандардың әлеуметтік жағынан қандай таптың өкілдері екенін жоғарыда айттық. Олар революциялық қозғалыстың тереңдеуінен қорқып, фекодализмге қарсы күресіп жүрген радикал топтар мен арасын бөле бастады. Осы мақсатта елде пісіп, жетіліп келе жатқан азамат соғысының шығып кетуінен қорыққан пресвитериандар 1642 жылы 1 маусымда парламент І Карл корольге «12 ұсыныс» тапсырды. Бұл құжатта айтылған ұсыныстарды король үкіметі қабылдаса, олардың ойынша, бейбітшілікті орнатып, конституциялық тәртіп, король мен парламент арасында дұрыс қатынас орнатар еді. Король үкіметі алдында үлкен шегініс жасау арқылы болса да, олар азамат соғысынан қашқақтады. Ондағы талаптардың түрі мынадай: иезуиттерге, папистерге қарсы заңды ққайтадан жаңғырту, папист –лордтардың жоғарғы палатаға қатысуына тиым салу, парламенттің келісімінсіз король балаларының неке одағын жасамау, парламент ұсынған «құқық туралы петиция» деген құжаттағы талаптарды орындау т.б. бұл талаптар өте самарқау, сонау ХVII ғ. 20 жылдарына тән талаптар еді. Бұл талаптарды король қабылдамай тастады. Пресвитериандардың таптық мәні азамат соғысы жүріп жатқан 1643 жылы 1 ақпанда корольге тапсырған ұсыныстан тағы да терең көріне түсті. Онда да сол «12 ұсыныстағыдай» армияны таратуды, деликвенттерді (революцияның жаулары) қарусыздандырып, парламенттің соттануына беруді, ағылшын шіркеуінің епископтық құрылысын жоюды талап етті.
Бірінші азамат соғысы аяқталып, парламентте көпшілік болып отырған пресвитериандар үкімет басына келгенннен кейінгі қабылдаған немесе жүзеге асырған реформаларының мазмұнынан олардың қандай таптың мүддесін қорғап отырғаны, король үкіметіне деген көзқарас дәрежесі айқын көрінді. әсіресе революцияның негізгі мәселесі – аграрлық мәселені шешу дәрежесінен айқын сезілді.
Кромвель билігі жеке диктотура сипатын жүзеге асырды. 1653 жылыдың аяғында Кромвель әскери диктотурасын бекіткен «Басқару құралы» деп аталатын конституцияны енгізді. Жаңа конституцияға сәйкес, жоғарғы заң шығару билігі лорд-протектор және парламент қолында болды. Парламент бір палаталы болды. Жоғарғы атқару билігі 13- 21ге дейін мүшесі бар лорд-протектор және Мемлекеттік кеңес қолында болды. Кеңес мүшелерін тағайындау лорд- протекторлардың сайлауымен жүргізілді. Конституцияда Кромвель лорд-протекторлардың жеке диктотурасын бекіте отрып, өмір бақилыққа сайлады. Кейінрек Кромвель парламентті шақыруды қойып, өз қалауы бойынша Мемлекеттік кеңесті тағайындады. 1657 жылы Жоғарғы палата қайта құрылды. Жергілікті қайта басқару билігі, Кромвель армиясының генералы қолында болды. Сонымен «Басқару құралы» монархиялық сипат мазмұнын құрғаны, бұл коституциялық акт буржуазиялық топ мүдделерін сипаттады. «Басқару құралы» жеке дара билік режимін бекіте отырып, монархияға сәйкес өкілеттіліктерді бекітті. Осы уақыттан бастап, Республикадан монархияға қозғалыс басталды.
Сонымен сонау 1215 жылы қабылданған «Великая хартия вольностей», 1628 жылғы «Құқық жөніндегі петиция» т. Б. Құжаттарда айтылып келген талаптар 1689 жылғы осы құжатта қабылданған шешім бойынша орындалатын болды. 1689 жылғы төңкерісті жасаған тори және вигилердің ескі мемлекеттік басқаруды қийратқысы келген жоқ. Мұрагерлік монархия, лордтар палатасы, мемлекеттік шіркеу, орта ғасырлық дерлік сайлау құқығы, парламент үстемдігі бәбі-бәрі сақталды. Олар халық үшін ештеңе істегісі келген жоқ, бұл төңкерісті халықтың қатысуынсыз «қан төкпей» жасап алғандарына қатты қуанды. Ағылшын буржуазиялық тарихшылары бұны «даңқты революция» деп атап мадақтап, оны 1640-1649 жылдардағы «бүлікті», «қанды революцияға» қарсы қояды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет